Сізде қант диабеті бар екенін қалай білуге болады?

Қант диабеті инсулин гормонын өндірудегі ауытқуларға байланысты дамиды. Ауру созылмалы, тұрақты емдеуді және диеталық терапияны ұстануды талап етеді, әйтпесе ол тұрақты түрде дами бастайды. Әрбір адам қант диабетімен ауыруы мүмкін, олар патологияның пайда болу себептерін және ауру тудыратын факторларға байланысты.

 

Диабеттің пайда болу механизмі

Адам ағзасындағы ең маңызды гормондардың бірі ұйқы безінде пайда болады. Қант диабеті инсулин өндірілуі аз болғанда немесе ағза тіндері оған аз сезімтал болған кезде орын алады. Бірінші жағдайда толық гормондар тапшылығы туралы айтылып тұр, сондықтан қант диабеті инсулинге тәуелді (бірінші) түріне жатқызылады. Егер тіннің гормонға деген сезімталдығы бұзылса, инсулиннен тәуелсіз 2 түрдегі диабет пайда болады.

Аурудың бірінші түрі көбінесе өте жас адамдарда және көбіне балаларда кездеседі. 2 түрдегі қант диабеті егде жастағы ауру деп есептеледі, бірақ әсер ету жағдайына қарай патология әлдеқайда ерте пайда болуы мүмкін.

Қант диабеті бірден көмірсулар алмасуын бұзады, бірақ бұл майлар мен ақуыздар алмасуының патологиялық өзгеруіне әкеледі. Аурудың арқасында медицинада гипергликемия терминімен белгілі болған қан глюкозасының тұрақты өсуі байқалады. Қалыпты мөлшерден тыс қант деңгейінің жоғары болуы  қантамырлардың күйіне және ішкі органдар жұмысына теріс әсер етеді, ауру асқынып кетсе өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.

Аурудың негізгі себептері

1-ші түрдегі диабеттің басталуына әкелетін инсулинді шығаратын жасушалардың өлімі негізінен төмендегі себептерден орын алады:

  • Вирустық инфекциядан кейін – гепатит, қызылша, шықшыт безінің қабынуы (паротит);
  • Бірқатар уыттардың әсерінен – тамақ өнімдеріндегі пестицидтер, дәрілік заттардың құрамдас бөліктері.

1 түрдегі қант диабеті негізінен Базедов ауруы, тиреотоксикоз секілді басқа да аутоиммундық патологиялардың кесірінен пайда болады.

Инсулиннен тәуелсіз қант диабетінің себептері әлдеқайда көп, олардың бастылары:

  • Тұқымқуалаушылық. Қаны бір туыстарыңыздың ішінде диабетпен ауыратындар болса, қант диабетіне шалдығу қаупі 6 пайызды құрайды.
  • Дұрыс тағамданбау. Көмірсулы асты көп тұтыну асқазан безіне түсетін салмақты арттырады, бұл инсулин секрециясының ұлғаюына алып келеді. Нәтижесінде, белгілі бір уақыт ішінде гормондар қоры азайып, ағза қалыпты глюкозаның бөлінуін тоқтатады. Егер тағамда көмірсулар көп болып, жасұнық мүлде болмаса, патологияның даму ықтималдығы жоғарылайды.
  • Семіздік. Денедегі, әсіресе іштегі майлы тіндердің қабынуы инсулинге сезімталдықты төмендетеді.
  • Күйзеліс әсері. Ұзаққа созылған күйзеліс кезінде ағзадағы глюкокортикостероидтер ішкі органдардың дұрыс жұмыс істемеу ықтималдығын арттырады.
  • Жүректің және қан тамырларының созылмалы аурулары – атеросклероз, жүректің ишемиялық ауруы, гипертензия.

Аурудың дамуына экологиялық тұрғыдан қолайсыз аймақтарда өмір сүру, гиподинамия және созылмалы шаршау белгілері де үлес қосуда.  Егер денеге ауруды тудыратын бірнеше фактор бірден әсер етсе, диабет қатты дамыйды.

Қант диабетінің белгілері

1 түрдегі қант диабеті жылдам дамиды. 2 түрдегі қант диабеті белгілерінің біртіндеп жоғарылауымен сипатталады – инсулин өндіретін жасушалар жұмысының патологиялық белгілерге дейінгі бастапқы өзгерістеріне бірнеше жыл кетуі мүмкін.

Қант диабетінің белгілері оның түріне байланысты, алайда аурудың жалпы белгілері де болады. Аурудың дамуын  бірнеше белгілеріне қарап білуге болады:

  • Күшті, өзін ұстай алмайтын шөл – полидипсия;
  • шамадан тыс зәр шығару;
  • тәбеттің жоғарылауы;
  • күндізгі уақыттағы шаршау, әлсіздік;
  • тітіркену мен қышудың пайда болуына әкелетін шырышты қабықтың және терінің тұрақты құрғауы;
  • кішкене жаралардың ұзақ уақыт жазылмауы, денеде іріңдердің пайда болуы;
  • аяқ-қолдардың тартылуы;
  • көру қабілетінің бұзылуы.

Инсулинге тәуелді диабеттің дамуы кезінде шамадан тыс және тұрақты шөлдеу, шаршау, кейде жүрек айнуы мен құсу пайда болады және бірнеше күн ішінде күрт артады. Аурудың бұл түрінде адам тәбетінің жоғары болғанына қарамастан тез салмақ жоғалтады. Көбінесе 1 түрдегі диабет гипергликемиялық (қант мөлшерінің күрт ұлғаюы) немесе гипогликемиялық (қанттің түсуі) құлдыраудың дамуымен белгіленеді.

Инсулинге тәуелді қант диабетімен ауыратын балалар түні бойы зәрін ұстай алмауы мүмкін. Әсіресе егер балада ұзақ уақыт бойы мұндай мәселелер болмаса, бұл белгіге аса назар аудару қажет.

Екінші типтегі қант диабеті кезінде, шөлдеу, ұйқышылдық басым болады, тіндердің қалыпқа келуі баяулайды, көру нашарлайды және аяқтар ұйып, тартылуы байқалады. Көптеген адамдарда инсулинге тәуелді емес қант диабеті артық салмақ арқылы болжанады.

Ер адамдарда бұл ауру жыныстық мүше басының қабынуымен, әйелдерде, қынаптың және сарпайдың қабынуымен бірге жүруі мүмкін. Көптеген науқастарда беттегі майда түктердің өсуі қарқын алуы және бір мезгілде шаштың түсуі байқалады, денеде сарғыш түсті түктердің шығуы мүмкін.

Қант диабетінің қарқын алуы кезінде иммундық жүйе толықтай жұмыс істемейді, сүйек тінінің күйі бұзылады, бұл жиі сүйектің шығып кетуіне, сынықтарға, аяқтардың деформациясына әкеледі.

Мүмкін болатын асқынулар

Ауру асқынуымен қауіпті, егер дәрігердің ұсынымдары сақталмаса және емделуден бас тартса, емдік тамақтану бұзылса, емдеудің жетіспеушілігі салдарларынан дамиды.

ҚД асқынуы Салдарлары
Диабеттік ангиопатия (қантамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің күшеюі, олардың сынуының жоғары болуы). Коронарлық ауру, атеросклероздың артуы, анда-санда ұстайтын ақсаңдау.
Диабеттік полиневропатия – периферия жүйкелерінің сыртқы қабатының зақымдалуы. Аяқ-қолдың тоңғақтығы мен ісінуі, «түршігулерді» сезіну, жалған сезімдер, бұлшықеттің әлсіреуі.
Диабеттік ретинопатия – қантамырлар құрылымының және көздің торлы қабығының бұзылуы. Көру қабілетінің төмендеуі, торлы қабықтың бөлінуі, бұл су қараңғылыққа әкеліп соқтырады.
Диабеттік нефропатия – бүйрек бұлшықеттерінің өткізгіштігі мен иілгіштігінің бұзылуы. Бүйрек жеткіліксіздігі. Бұндай асқыну ауру басталғаннан кейін 15-20 жылдан соң науқастардың шамамен 40 %-ында кездеседі.
Диабеттік табан. Аяқ қантамырларындағы қан айналымының өзгеруі салдарынан орын алады. Жаралардың ұзақ уақыт жазылмауы, бұлшықет тіндерінің және табандағы майда сүйектердің бұзылуы.

Кома түріндегі асқынулар:

    Гипергликемиялық. Бұл қандағы глюкозаның күрт ұлғаюының салдарынан болады. Гипергликемия кезінде әлсіздік жоғарылауы, тәбеттің болмауы, бастағы ауырсыну сезімдері, іштегі жайсыз жағдайлар, қатты ұйқышылдық, шулы тыныс алу және ауыздан ацетонның иісі сезіледі. Уақытылы көмек болмаған кезде, диабеттік кома науқастың қайтыс болуына әкелуі мүмкін.

  • Гипогликемия ағзадағы глюкозаның күрт құлдырауы кезінде пайда болады, ол инсулиннің мөлшері дұрыс есептелмегенде орын алады. Гипогликемия қатты ашығу, дене мен аяқ-қолдардың дірілдеуі, үстіртін тыныс алу, терінің ылғалдылығының жоғарылауы, талу белгілері арқылы білінеді.

Диагностика

Егер тексеріс кезінде төмендегі жағдайлар анықталса, диагноз қойылады:

  • аш қарынға алынған қан сараптамасы 6,1 ммоль/л асса;
  • глюкозотолеранттық тест жасау кезінде қант мөлшері 11,1 ммоль/л жоғары болса;
  • қанда глюкозалы гемоглабиннің мөлшері артса;
  • несепте қант немесе ацетон болса.

Қандағы қант мөлшерлемесі 3,3-тен 5,5 ммоль / л-ға дейін болса, бұл қалыпты болып саналады. Егер бұл көрсеткіш 5,5-тен 6 ммоль / л-ға дейін болса, алдын-ала қант диабеті орнатылады. Диабетті алдын-ала анықтау кезінде ауруды қоздыратын факторлардың әсерін барынша азайту және тамақтану әдеттерін қайта қарау қажет, бұл көбіне қант диабетін дамытуды тоқтатуға көмектеседі.

Емдеу ұстанымдары

1 түрдегі қант диабетінің емі инсулин екпесін тұрақты алу болып табылады . Препарат түрі, гормон бірліктерінің саны, қолдану жиілігі әр науқасқа жеке таңдалады.

Қант диабетінің екінші түрінде науқастарға қантты төмендететін препараттар тағайындалады. Ауруды дәрімен емдеу нәтиже бермесе немесе ауыр асқынулар пайда болған жағдайда инсулин тағайындайды. Ішкі органдар жұмысындағы анықталған өзгерістерге байланысты емдеу басқа дәрілік заттармен толықтырылады.

Бірақ тек дәрілерді қолдану жеткіліксіз. Диабеттің дамуын тоқтату үшін науқастар белгілі бір тағамдарды тұтынулары керек. Ол жеңіл сіңімді көмірсулардың тұтынылуын шектеуге негізделген. Инсулинге тәуелді ауру түрінде науқастар тым майлы тағамдарды тұтынуды да шектеулері керек. Эндокринологтар диабетпен ауыратындардың 9-шы емдік диетаны алуға кеңес береді.

Аурудың екінші түріндегі қант диабетімен ауыратындар қант жеуден бас тартуы керек және тұтынылған тағамдардың калориясын төмендетулері қажет. Тамақтану міндетті түрде жиі-жиі және дәрумендерге бай болуы тиіс, тамақ мәзіріне қант алмастырғыштары қосу ұсынылады. Емдік тамақтанудың барлық қағидаларын қатаң ұстану инсулин мен қантты төмендететін дәрілердің мөлшерін төмендетуі мүмкін, зат алмасудың барлық түрлерін қалыпқа келтіреді және осылайша өмірге қауіпті асқынулардың дамуына жол бермейді.

Эндокринологтар диета терапиясына қосымша арнайы табиғи кешендерді пайдалануға кеңес береді, олардың бірі – Ламифарэн.

Ламифарэн – сипаты мен құрамы

Ламифарэн емдік-профилактикалық қасиеттерге ие толықтай табиғи өнім болып табылады. Оның негізінде қоңыр балдырлар жатыр, ал химиялық құрамы макро және микроэлементтерден, түрлі топтағы дәрумендерден, полисахаридтерден, йодтан тұрады. Өнімнің құрамы туралы  мына жерден оқыңыз

Ламифарэн 98 пайызға дейін сіңіріледі, жанама әсерлер тудырмайды, барлық дәрілермен бір уақытта қолданыла береді. Өнімге өткізген клиникалық зерттеулер кең таралған созылмалы ауруларды айтарлықтай жеңілдететінін, пайдаланып жүрген дәрілік заттардың мөлшерін төмендетуге көмектесетінін, жалпы денсаулықты жақсартатынын, иммунитетті күшейтетінін дәлелдеп берді. 

 Ламифарэнді екі түрдегі қант диабетінен зардап шегетіндер үшін аурудың кез келген сатысында қолдануға болады. Егер емдік-профилактикалық гель түріндегі өнімді аурудың ерте сатысында немесе қант диабетіне дейінгі кезеңде ішсе, онда глюкозаны төмендететін препараттарды көп қабылдаудың  және өмір бойы инсулинді салудың қажет болмауы мүмкін.

Диабет кезіндегі Ламифарэннің пайдасы

Ламифарэннің диабетпен ауыратындарға беретін оң әсері бірнеше кезеңмен жүреді:

  • Бірінші кезеңде қоңыр балдырлар сорбент ретінде әрекет етеді, яғни жинақталған қоқыстарды, уыттарды және тұзды ағзадан ақырын шығарып тастайды. Сонымен қатар, бауыр тіндері де тазаланып, микроэлементтер бүйрек және бауырдың жұмысын жақсартады;
  • Екінші кезеңде Ламифарэн асқазан-ішек жолдарының жұмысын қалыпқа келтіруге бағытталған. Қоңыр балдырлар зат алмасу әрекеттерін жақсартады, тағамды жақсы сіңіруге көмектеседі, пайдалы микрофлораның жұмысын ынталандырады;
  • Үшінші кезеңде қан тамырларының икемділігі жақсарады, олардың ішкі қабырғалары атеросклероздық түйіндерден тазартылады;
  • Бұдан әрі Ламифарэн сүйек және шеміршек тінінің құрылымын қалпына келтіреді, ол остеопороз, артрит, әдеттегі сүйектің шығып кетуіне кедергі жасайды.

Ламифарэннің қант диабеті үшін қолдануы:

  • Ол көмірсулардың ыдырауы мен алмасуын қалыпқа келтіреді, өйткені балдырларда қанттың сіңірілуін жақсартатын фукоидан бар;
  • мыс пен мырыш инсулин өндірісін белсенді етеді;
  • талшықтар мен полисахаридтер ішек қабырғалары арқылы глюкозаның сіңірілуін тежейді, ал қант деңгейі сәйкесінше төмендейді;
  • Ванадий мен хром иммундық жүйені жақсартатын лимфоциттердің теңгерімін қалыпқа келтіреді.

Ламифарэнді қолдану артық салмақты азайтады, ағзадағы йодтың құрамын қалыпқа келтіреді, дәрі-дәрмектердің мөлшерін едәуір азайтады. Гель тек ішкі қолданысқа ғана арналмаған, оның жергілікті пайдаланылуы трофикалық жараларды жедел емдеуге әкеледі.

Қант диабеті – созылмалы ауру, ол толығымен жазылып кетпейді. Ламифарэн – қазіргі уақытта дәлелденген тиімділігі бар емдік-профилактикалық өнімдердің бірі. Егер гельді аурудың ерте сатыда енгізсе және үнемі не курс бойынша қолданса, қант диабетінің ауыр асқынуынан аулақ болу мүмкіндігі болады.

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Лечение диареи у взрослых

Постоянно жидкий стул может быть достаточно серьезным аргументов в пользу терапевтического обследования. Ведь нередки случаи, что данная проблема вызвана наличием ...
«Далее»

Диета при диарее

Диарея, или расстройство кишечника, это первое заболевание человека. Древнейшие люди не сразу ознакомились с гигиеной рук и принципами здорового питания, ...
«Далее»

Алкоголь при диабете

Известное высказывание говорит, что пить вредно. Однако медики часто утверждают, что употребление вина в небольших количествах полезно для здоровья. Доза ...
«Далее»

Шаршаудан құтылуға арналған 6 кеңес

Шаршау - бұл қалаған дәмді нәрсеңізді жеп, төсекке жатып, ұйықтау жағдайы. Сізде жұмысқа бару үшін не күш, не мотивация жоқ, ...
«Далее»
Loading...