Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып алып, бірден ауызға тастай салатын жаңа піскен жемістерді жеп қуанатын уақыт. Алайда осы жуылмаған жемістер мен көкөністерді жеу қауіпті ауру – ішек инфекциясының дамуына әкеліп соғады. Медициналық статистика деректеріне сүйенсек, жыл мезгілдерінің ыстық кездерінде басқа уақытқа қарағанда ішек инфекцияларының өршуі жоғары болады екен.  

Ауру себептері

Ішек инфекциясы дегеніміз асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын жіті инфекциялық аурулардың бір тобы.

Зақымдалу себептері төмендегілер болуы мүмкін:

«жұлып алып» көкөністерді, жемістер мен жидектерді жеу;

піспеген жемістерді жеу (мысалы, қарбыз немесе қауын);

саңырауқұлақтардан жасалған тағамдарды тұтыну (саңырауқұлақтар сапасыз термиялық өңделген кезде);

«шикі» су ішу (қайнардың, құдықтың табиғи суы және т.б.);

суды аз мөлшерде ішу, бұл асқазан шырынының қорғаныс қызметінің әлсіреуіне әкеледі;

жарамдылық мерзімі аз азық-түліктерді қолдану (жаз кезінде ет, балық, сүт және т.б. азық-түліктер жылдам бұзылады, ал оларды тұтыну ішек инфекциясын дамытады);

суға шомылу кезінде су қоймаларынан, көлдер мен теңіздерден (жиі және абайсызда) су жұтып қою;

патогенді бактерияларды тасымалдаушы болып табылатын жәндіктердің шағуы;

ерекше вирустарға қарсы екпелерді алмау (әсіресе экзотикалық елдерге саяхаттау кезінде маңызды болып табылады);

гигиена талаптарын сақтамау (тамақты кір қолмен жеу).

Ішек инфекциясының даму қаупі көбіне иммунитеті әлсіз адамдарда, балаларда, жасы келген адамдарда, сонымен қатар асқорыту жүйесінің созылмалы патологияларынан зардап шегетін кісілерде кездеседі.

Бала ағзасы үшін ішек инфекциясының қаупі

Ішек инфекциясының дамуы бала ағзасына айтарлықтай қауіп төндіреді. Уақытылы және мамандандырылған емдеу алмаса, зақымдалу нәтижесінде балада сусыздану пайда болуы мүмкін, оның басты қаупі жүрек-қантамыр жүйелері жұмысының ауытқуы болып табылады.

Ішек инфекциясының белгілері

Ағзаның улануы біртіндеп басталады. Ішек инфекциясыың ерте дамуының белгілері әлсіздік, тәбеттің жоғалуы, іш аймағының аздап ауыруы, ұйқыға тарту, енжарлық, көңіл-күйдің өзгеруі арқылы білінеді.

Ішек инфекциясының айқын белгілері төмендегілер болып табылады:

сұйық дәрет (көбіне шырыш пен қанның араласуымен бірге жүреді);

жиі құсу;

лоқсу;

іштің қатты бүріп ауыруы;

дене температурасының жоғарылауы;

дірілдеу.

Ағза улануының айқын белгілерінің пайда болуы кезінде шұғыл жедел жәрдем бригадасын шақыруға тура келеді. Егер науқастың дене қызуы күрт жоғарыласа, бірден медицина қызметкерлерін шақыру қажет. Сонымен қатар, шұғыл жедел жәрдем шақыруға мынадай факторлар себеп болады:

науқас үздіксіз қатты құсқанда;

нәжісінде қанның араласуы болғанда.

Балалардағы ішек инфекциясын өз бетімен емдеу жағымсыз салдарларға әкеліп соқтыруы мүмкін екенін ата-аналары үнемі есте сақтаулары қажет.

Ауруды емдеу

Ішек инфекциясы кезінде адам ағзасы патогенді бактериялардан өз бетімен «құтылуға» тырысады. Іштің өтуі мен диарея секілді белгілер ауру қоздырғыштарына қарсы ағзаның қорғану реакциясының қатарына жатады.

Алайда сұйықтықты көп жоғалту сусыздануға әкелуі мүмкін, сол себепті уланып қалғанда емдеуді бірден бастаған жөн.

Ішек инфекциясын емдеу сатылары:

  1. Сусыздану профилактикасы. Жоғалтқан ылғалдың орнын толтыру үшін, науқас жиі су ішуі керек. Егер суды көп мөлшерде ішсеңіз, құсасыз, сол себепті аз-аздан, бірақ жиі сұйықтық ішу қажет. Сусызданудың алғашқы белгілері терінің құрғақтығы мен еріннің шырышты қабатының құрғауы, тері қабатының бозғылдануы, ауыздың құрғауы. Осы белгілер біліне салынысымен, міндетті түрде дәрігер шақырыңыз.
  2. Ауру қоздырғыштарын жою. Емдеуді науқас өткізген қан сараптамаларының нәтижесін алғаннан кейін дәрігер тағайындайды. Инфекция қоздырғышы анықталмайынша, энтеросорбент (Полисорб) немесе әсер ету аясы кең препараттар (Энтерофурил, Фуразолидон) ішуге кеңес беріледі.
  3. Асқорыту жүйелерін қалпына келтіру. Осы мақсатта бактериялық препараттар беріледі (Линекс, Аципол).

Құсу мен  диареяны басу үшін сәйкес заттар беріледі (Мотилиум, Смекта).

Профилактика

Төмендегі ережелерді сақтау ішек инфекциясының дамуына жол бермейді:

тамақ ішер алдында қолды жуу;

көкөністер мен жемістерді жақсылап жуу;

қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішу;

ақуызды кремдері бар тоқ басарларды, жартылай фабрикат еттерді тұтынуды қысқарту.

 

Консультация в WhatsApp