Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың сырт пішінін тәбетті ашатындай етеді, тамақтың ащы дәмін жасыруға көмектеседі. Сондықтан да әдемі қаптамасына қарап қана қоймай, құрамында зиянды компоненттерді бар-жоғын мұқият оқып біліп, айтарлықтай экологиялық таза және зиянсыз өнімдерді таңдау керек. Бұл улану қауіпін және құрамында химиясы көп тамақтарды ішудің өзге де жағымсыз салдарын мейлінше азайтуға көмектеседі.

Тамақтардағы синтетика қайдан келеді?

Барлық мүмкін бояғыштар, қоюландырғыштар, консерванттар ағзаға жағымсыз әсер етеді, уландырып, қауіпті аурулардың, соның ішінде қатерлі ісіктің даму механизмін іске қосады.

Азыққа түскен үй шаруашылығындағы улы қалдықтар, пластификаторлар, микотоксиндер, химикаттар денсаулыққа келтіретін қауіпі аз емес. Сондай-ақ ветеринарияда қолданылатын препараттар да қауіпті, мысалы, жануарлардың етінде қалып қоятын антибиотиктер мен өсу гормондары. Міне, сондықтан да сатып алушыға оның сатып алатын өнімі туралы нақты әрі шын ақпаратты жеткізу керек.

Қауіпті қоспалар

Тамақта ағзаның қалыпты тіршілік әрекет етуі үшін қажет элементтер бар: ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер мен минералды заттар. Алайда қазіргі кезде азық-түлік өнімдерінің құрамында тауардың сырт пішініне және дәміне әсер ететін, сонымен бірге оның қолданылуын денсаулыққа қауіпті ететін тағамдық қоспалар болуы мүмкін.

Компоненттерді белгілеу жүйесі 1950-ші жылдардың ортасында енгізілді, ол барлық мемлекетте қабылданған. Әр қоспа ыңғайлы болуы үшін Е индексіне алмастырылатын күрделі химиялық атауға ие. Ал енді, таңбалаудың ар жағында не жасырынып жатқанын, қай өнімдерді жеуге болатынын, қайсысын рационнан алып тастаған дұрыс екенін басын ашып көрейік.

E индекстерінің мағынасы

1** бояғыштары

Бояғыштар тауарға өзіне тән емес реңк беруге көмектеседі, сондай-ақ тағамның өңдеу кезінде жоғалтқан түсін қалпына келтіреді. Бұндай мақсаттар үшін табиғи шикізаттар да, мысалы, жеміс-жидектер немесе тамыр жемістері, сонымен бірге синтетикалық қоспалар да қолданылады.

Дәл осы химиялық бояғыштар қанық реңк береді, сондықтан табиғи емес қанық әрі жарқыраған өнімдерді сөрелерде қалдыра салған дұрыс. Оларды көбінесе кондитерлік тағамдарға, газдалған сусындарға, консервіленген көкөністер мен жеміс-жидектерге, йогурттерге қосады. 

E1** зияндыларының сипаттамасын келтірейік:

E-102, E-121, Е-173, Е-174, Е-175, Е-180. Көптеген елдерде қолдануға тыйым салынған, тері ауруларын, аллергиялық реакцияларды тудыруы мүмкін.

E-103, алканин. Тұрақты түрде қолданылуы қатерлі ісік ауруларының пайда болуына алып келеді.

E-104, хинолинді сары. Бірқатар елдерде тыйым салынған, дерматит, демікпемен ауыратын адамдардың тұншығу ұстамасы пайда болады.

 E-107, сары 2G. Күшті аллергиялық реакцияларды тудырады, әсіресе демікпемен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті.

E-110, сары “күннің батуы”. Жүректің айнуын, есекжемнің, тұмаудың пайда болуын, асқазанның тамақты қорыта алмауын, іштің ауруын қоздыруы мүмкін.

E-122, азорубин. Тері мәселелерінің туындауына алып келеді, балаларда гипербелсенділіктің дамуының себебі болуы мүмкін, көптеген елдерде қолдануға тыйым салынады.

E-123, амарант. Бауыр, бүйрек, репродуктивті жүйенің қызметіне кері әсер ететін қауіпті синтетикалық зат. Қатерлі ісік, балаларда жүрек ақауының пайда болуын өршітеді. 

E-124 и E-124, понсо 4R және понсо. Демікпе ұстамаларын тудыратын қауіпті канцерогендер болып саналады. Еуропаның бірқатар елдерінде тыйым салынған.

E-127, эритрозин. Көптеген елдерде өнімдерге қосуға тыйым салынады, өйткені өте көп мөлшерде қалқанша безінің жоғары белсенділігіне алып келеді.

E-128, қызыл 2G. Өте қауіпті химиялық қосылыс. Ресейде тыйым салынған.

E-129, E-131, Е-133, Е-142, Е-152, Е-153. Онкологиялық аурулардың дамуына ықпал етеді, бірқатар елдерде қолданылмайды.

Е-132, индигокармин. Кейбір адамдарда жүрек айну, аллергиялық реакциялар тудырады, Норвегияда тамаққа қосылмайды.

Е-151, E-160. Теріге өте зиянды.

Е-154, қоңыр FK. Күретамырлық қысымға жағымсыз әсер етеді, ішек бұзылыстарын тудыруы мүмкін.

E2** консерванттары

Консерванттар өнімдердің жарамдылық мерзімдерін көбейтуге көмектеседі, дегенмен ағзаға жағымсыз әсер етеді. Көбінесе күкірт немесе сорбин қышқылы, сондай-ақ тұздар қолданылады. Қауіпті консерванттардың сипаттамасын келтірейік:

Е-200, Е-231, Е-232, Е-239. Теріге зиянды қоспалар, аллергиялық бөртпелердің шығуына ықпал етеді.

Е-210, Е-211, Е-212, Е-213, Е-214, Е-215, Е-219, Е-227, Е-230, Е-240, Е-249, Е-252, Е-280-283. Қатерлі ісікті тудыратын бояғыштар. Бірқатар елдерде қолдануға тыйым салынған.

Е-216, Е-217. Ресми түрде Ресейде қолдануға тыйым салынған, өте қауіпті заттар.

E3** антитотықтырғыштар

Өнімдерге сыртқы пішінін сақтап қалуға көмектеседі, майларды бұзылудан, жеміс-жидектер мен көкөністердің қарайып кетуден қорғайды, сондай-ақ сусындарға қосылады. Таңбалануы мынадай антитотықтырғыштар қауіпсіз емес болып саналады:

Е-310-312. Теріге бөртпелердің шығуын өршітуі мүмкін.

Е-330. Қатерлі ісік ауруларының пайда қауіпін арттырады.

Е-338-341, Е-343, Е-350-354, Е-363-366. Асқазанның бұзылуын тудырады. E4** қоюландырғыштары

Қажет консистенциядағы өнімдерді алуға көмектеседі. Мұндай мақсаттар үшін табиғи компоненттер, мысалы, лимон немесе шарап қышқылы, пектин және желатин қолданылады. Е-400-405 синтетикалық қоюландырғыштары денсаулыққа зиян келтіретіндерге жатады.

E5** эмульгаторлары

Тағамдық қоспалар тәттілер дайындағанда және нан пісіргенде қолданылады, қажет етілетіндей созылмалы және тұтқыр өнімді алуға көмектеседі. Табиғи эмульгаторларға жұмыртқа ақуызы мен лецитин жатады, алайда қауіпті синтетикалық заттар да кездеседі: Е-501, Е-503, Е-513, Е-527. Құрамында көрсетілген қоспалар бар өнімдерді сатып алуға болмайды.

E6** дәмді күшейткіштері

Балыққа, етке, көкөністер мен жеміс-жидектерге дәмдік қасиет беру үшін кеңінен қолданылады, сондай-ақ төмен калориялы йогурттар мен балмұздақтарға қосылады. Денсаулыққа зиянды күшейткіштер ішек бұзылуларын, бүріп ауруын, іштің өтуін және жүрек айнуды қоздырады. Құрамында мынадай қоспалары бар тағамдарды сатып алмаған дұрыс: Е-620, Е-626-635.

Қоспалары бар тағамдарды қолданудың салдары

Шамадан тыс химия қосылған тағамдарды жиі ішу асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуына, артық салмақ мәселелерінің (тіпті семіздіктің) туындауына, тез шаршағыштыққа алып келеді. Егер мұндай өнімдерді балаға беретін болса, онда оған ойын жинақтау, білімді меңгеру қиынға соғады. Тағамдық қоспалар қылтамырларда жинала береді, ал ол өз кезегінде аллергиялық реакциялардың, теріде бөртпелердің пайда болуына алып келеді.

Дәмді күшейткіштерді ағза сіңірмейтінін естен шығармаған дұрыс. Сондықтан да бөліп шығаратын ағзалар арқылы шығатын уақытқа дейін жергілікті ісіп қызару процестері пайда болып, қанның көрсеткіштері нашарлайды. Алайда дұрыс тамақтанбаудың ең қауіпті салдары пайда болуының бірден-бір себебі «Е» қоспалары болуы мүмкін онкологиялық аурулар болады.

Тағамдық қоспалар көптеген өнімдерді дайындау үшін қолданылады. Олар тіпті пайдалы көкөністер мен жемістерді де бүлдіреді. Денсаулығыңызды сақтау үшін табиғи түстегі тамақты таңдаңыз, құрамын мұқият оқып шығыңыз. Егер тауарда қауіпті, зиянды компоненттер болса, онда басқа өнімді таңдаңыз.

 

Консультация в WhatsApp