Ангустата Ламинариясы: табиғат сыйға тартқан дәрумендік бомба

     Ангустата Ламинариясы қоңыр балдырлар тобына жататын ғажайып су өсімдігі. Көне заманнан бері адамдар алу жолы оңай болғандықтан, өсімдіктерді тағам ретінде қолданған. Балдырлардың пайдалы қасиеттерінің көптігі соншалық, оларды ғалымдар қазіргі күнге дейін зерттеп келеді.

Ламинария құрамының ерекшелігі неде?

     Ангустата Ламинариясы өте бай биологиялық белсенді элементтері арқылы ерекшелене алады:

көмірсулар (60% дейін);

ақуыздар (12%);

жасұнық – (10%);

майлар (3%);

минералды тұздар (4%);

су (11%).

     Ламинарияның белсенді компоненттері туралы шексіз айта беруге болады. Балдырдың құрамында пайдалы микроэлементтер кестесінің тең жартысы кездеседі. Балдырдың құрамына А, B1, B2, B 12, С, D, E дәрумендері кіреді. Өсімдіктің бірегейлігін дәлелдеу үшін ақбас қырыққабатымен салыстыру жеткілікті. Сонда Ламинарияның құрамындағы фосфорды 2 есе, магнийді – 10, темірді – 15, натрийді шамамен 40 есе көбейтуге тура келеді.

      Ангустата Ламинариясының пайдалы құрамы

     Зерттеу жұмыстары балдырды жиі тағамға қосып пайдалану адам ағзасына оң әсер беретінін бірнеше мәрте дәледеген болатын, оның ішінде зат алмасуды реттеп, жалпы тонустың көтерілуіне әкеледі. Жапондық зерттеушілер Ангустата Ламинариясы шаш түйінін қатайтатын және шашқа жылтырлық беретін қасиетке ие екендігін зерттеген.

     Сонымен қатар, өсімдіктің қатерлі ісікті алдын алатын қасиеті бар екендігі дәлелденген. Балдыр сығындысы қатерлі өскіндердің өсуіне жол бермейді. Балдырдың биологиялық белсенді заттардың ішінде иммунитетке ынталандырушы әсер беретін полисахаридті кешені бар. Өнімді үнемі қабылдаса, артериалды қысым мен қандағы қант мөлшері реттеледі. Әсіресе Ламинария Ангустатаны жасы қырықтан асқан, иммунитеті төмен, жиі тұмаумен ауыратын жандарға қолданған дұрыс.

     Балдырды кішкентай балаларға да қолдануға кеңес беріледі, өйткені өсіп келе жатқан ағзаға кешенді дәрумендер мен йод аса қажет. Баланың миын қоректендіріп, қажетті қолдау көрсетіп отыру керек. Оның үстіне Ангустата Ламинариясы – балаларды денсаулыққа пайдалы тағамға үйретуде таптырмас жол болып табылады.

      Қорытындылай келе, Ламинарияның микроэлементтерге бай теңдестірілген дәрумендік кешен екенін айтсақ болады. Пайдалы қасиеттері барлық ағза жүйелеріне (жүрек-қантамыр, асқорыту, эндокриндік және т.б.) бағытталған. Әр нәрсенің өз мөлшері мен шектеуі болады, сондықтан Ламифарэн орталығының мамандары Сіздерге Ламифарэн гелі арқылы ауруларды емдеу жолдары туралы кеңес беруге дайын.

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp