Күзгі және қысқы маусымда иммунитетті қалай нығайтуға болады?

Иммундық жүйе ағзаны инфекциялардан және басқа зиянды қоздырғыштардан қорғайды. Ол арнайы жасушалардан, тіндерден және мүшелерден тұрады, олар бірігіп жұмыс жасап, сіздің ағзаңызды  қорғайды.

Күзгі және қысқы маусымда иммунитетті нығайтуға көмектесетін көптеген қоспалар мен өнімдер бар. Іс жүзінде иммундық жүйені нығайту әлдеқайда қиын. Иммундық жүйеге инфекциямен немесе аурумен күресу үшін қажетті заттарды алуы үшін пайдалы күнделікті әрекеттерді жасау керек.

Иммунитет қалай жұмыс жасайды?

Иммундық жүйе маңызды рөл атқарады. Ол денені зиянды заттардан, микробтардан және ауруды тудыруы мүмкін жасушалардың өзгеруінен қорғайды. Ол органдардан, жасушалардан және ақуыздардан тұрады.

Иммундық жүйе ақаусыз жұмыс істеген кезде адам оны аңғармайды. Бірақ, егер ол дұрыс жұмыс істемесе, сіз ауырып қаласыз. Дене бұрын кездестірмеген микробтарға тап болғанда, олар аурудың дамуына себеп болады. Кейбір микробтар патологияны алғашқы байланыс кезінде ғана тудырады. Оларға, мысалы, балалардың аурулары болып табылатын жел шешек жатады.

Ағзаның иммундық жүйесінің міндеттері:

  1. Бактериялар, вирустар, паразиттер немесе саңырауқұлақтар сияқты қоздырғыштармен (патогендермен) күресу, оларды денеден шығару.
  2. Қоршаған ортадағы зиянды заттарды тану және бейтараптандыру.
  3. Қатерлі ісік жасушалары секілді ағзадағы патологиялық өзгерістермен күресу.

Иммундық жүйе организмдегі заттарды өзіңдік деп танымаған жағдайда белсендіріледі. Оларды антигендер деп атайды.

Иммундық жүйеге келесі органдар кіреді:

  • көкбауыр;
  • тонзиллалар (миндалины);
  • жілік майы;
  • лимфа түйіндері.

Бұл органдар лимфоциттерді өндіреді және шығарады. Бұл лейкоциттер В-жасушалары мен Т-жасушалары деп жіктеледі, олар антигендер деп аталатын басқыншылармен күреседі. В-жасушалары сіздің ағзаңыз анықтайтын ауруларға тән антиденелерді шығарады. Т-жасушалары бөтен немесе қалыптан тыс жасушаларды бұзады.

Иммундық жүйенің бұзылуы дененің антигендерге қарсы тұра алмауына әкеледі.

Әлсіз иммундық жүйенің белгілері мен симптомдары

Қысқы/күзгі маусымда инфекцияға сезімталдық әлсіреген иммундық жүйенің негізгі симптомы болып табылады. Иммундық жүйесі әлсіреген адам басқа адамдарға қарағанда инфекцияны жиі жұқтырады және ауыруы күрделі әрі емделуі қиынырақ болады.

Иммундық жүйесі әлсіз адамдар жиі ауыратын инфекцияларға мыналар жатады:

  • пневмония;
  • менингит;
  • бронхит;
  • тері инфекциясы;
  • аутоиммундық өзгерістер;
  • ішкі ағзалардың қабынуы;
  • қанның бұзылуы немесе ауытқулары, мысалы анемия ;
  • ас қорыту проблемалары, соның ішінде тәбеттің жоғалуы, диарея және іштің құрысуы;
  • нәрестелер мен балалардың өсуі мен дамуындағы кешеуілдер.

Иммундық жүйесі әлсіз адамдар сау болу мүмкіндігін сақтауға және ағзада патогендік бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін бірнеше қадамдар жасай алады.

 

Иммунитетті сақтаудың әдістері

Дұрыс тамақтану

Әртүрлі инфекциямен күресудің кілті – ақ қан клеткаларының өндірісін арттыратын С дәрумені көп тағамдар болып табылады, оларға грейпфрут, апельсин, мандарин, тәтті қызыл бұрыш, брокколи, құлпынай, қырыққабат және киви жатады.

Бета-каротин А дәруменіне, қабынуға қарсы витаминге айналады, бұл антиденелердің вирус сияқты токсиндерге жауап беруіне көмектеседі. Бета-каротиннің қайнар көзі: сәбіз, шпинат, қырыққабат, өрік, тәтті картоп, асқабақ және қауын. А дәрумені-бұл майда еритін витамин, сондықтан пайдалы майлары бар тағамдарды жеу оның сіңуіне көмектеседі.

Е дәрумені иммундық жүйенің жұмысын реттеуде және қолдауда маңызды рөл атқарады. Е дәруменіне бай тағамдарға жаңғақтар, тұқымдар, авокадо және шпинат кіреді.

D дәрумені ағзаның иммундық реакциясын реттеуге көмектеседі. D дәрумені лососьте, консервіленген тунецте, жұмыртқаның сарысы және йогуртта кездеседі.

Мамандар ағзаның қорғаныш қасиеттерін арттыру үшін тағамдық қоспаларды қабылдауды ұсынады, өйткені қандай да бір себептермен барлық қажетті дәрумендер, сондай-ақ микро-макро элементтер ағзаға тамақпен бірге келмейді. «Ламифарэн» емдік-профилактикалық өнімі – иммунитетті нығайтып, ағзаға антигендермен күресуге мүмкіндік береді.

 

Физикалық белсенділік және шынығу

Сау иммундық жүйені қолдау үшін физикалық белсенділік өте маңызды. Физикалық жаттығулар және шынығу антиденелер мен ақ қан клеткаларының өзгеруіне әкеледі. Олар тезірек айналады, сондықтан олар ауруларды ертерек анықтайды. Физикалық жаттығулар стресс гормондарының өндірісін баяулатады. Стресс гормондарының төмендеуі аурулардан қорғайды.

 

Суды жеткілікті мөлшерде пайдалану

Су оттегінің денеңіздің жасушаларына өтуіне көмектеседі, бұл жүйелердің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, ол организмнен токсиндерді шығаруға көмектеседі. Токсиндердің жиналуы мен олардың иммундық жүйеге теріс әсерін болдырмау үшін көп мөлшерде су ішу керек.

 

Қалыпты ұйқы

Ұйқы иммундық жүйеге айтарлықтай қолдау көрсетеді. Жеткілікті сағаттағы жақсы ұйқы теңдестірілген иммундық қорғанысты қамтамасыз етеді, оған мықты туа біткен және бейімделгіш иммунитет, вакциналарға тиімді жауап беру және аллергиялық реакциялар ауыртпашылығының азаюы жатады. Керісінше, иммундық жүйенің сау жұмысына ұйқының ауыр проблемалары, соның ішінде ұйқысыздық, апноэ және циркадиялық ырғақтың бұзылуы кедергі келтіреді.

 

Стресті азайту

Стресс кезеңінде, егер ол созылмалы, жиі және ұзаққа созылған болса, дене стресстік реакцияны бастайды. Бұл реакция өз кезегінде иммундық жүйені басады, патогендерді жұқтыру ықтималдығын арттырады. Әр адамда стресс әртүрлі болады. Оның денсаулыққа тигізетін әсерін ескере отырып, онымен қалай күресу керектігін білу керек. Стрессті азайтуға көмектесетін терең тыныс алу, медитация немесе жаттығу секілді әрекеттерді білген жөн.

 

Иммундық жүйе және жас ерекшелігі

Адамның жасы ұлғайған сайын иммундық жауап беру қабілеті (иммундық жад) төмендейді. Бүкіл әлемде 65 жастан асқан адамдардың өлімінің негізгі себептеріне тыныс жолдарының инфекциясы, суық тию, тұмау, COVID -19 вирусы және пневмония жатады. Егде жастағы адамдардың маусымдық вакцинацияцы олардың инфекцияларға деген иммундық жауабының төмендеуін көрсетті. Сау балалармен (2 жастан асқан)  салыстырғанда 65 жастан асқан адамдар үшін вакцинацияның тиімділілігі төмен. Бірақ тиімділіктің төмендеуіне қарамастан, егде жастағы адамдар арасындағы тұмауға қарсы вакцинация, оны жүргізбеген жағдаймен салыстырғанда, ауру мен өлім-жітімді едәуір төмендетеді.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp