Ламифарэннің көмегімен йод жетіспеушілігінің орны толады

Йод жетіспеушілігінің қаупі

Йод адам денесінде болып жатқан зат алмасудың көп бөлігіне тікелей қатысатын көптеген маңызды микроэлементтердің қатарына жатады. Йод жетіспеушілігі ішкі органдар жұмысының аса қатты ауытқуымен қатерлі. Мұндай жағдай елеусіз қалмауы керек, себебі мұның салдары өте ауыр болады.

 

Йод жетіспеушілігінің салдарлары

Адам денесіне йод жетіспеуі мынадай ауыр жағдайлардың туындауына әкеледі:

 үнемі шаршап жүру;

 ісік;

 етеккір циклдың ауытқуы;

 иммунитеттің төмендеуі;

 темір жетіспеушілігінен болатын қан аздық;

 дене салмағының шамадан тыс артуы;

интеллектуалдық мүмкіндіктердің төмендеуі.

Үнемі шаршап жүрудің алғашқы белгілері енжарлық, ұйқышылдық және әлсіздік болып табылады. Бұл сезімдер адамда ұзақ уақыт сақталады және күнделікті міндеттердің орындалуына және дұрыс өмір сүруге кедергі келтіреді. Йод тапшылығы науқас ағзасын жеткіліксіз энергияның орнын толтыру үшін қажетті, қалқанша безінің жеткілікті гормондар шығаруына жол бермейді. Шаршау сезімінің қайтпауының себебі жиі бұлшықет әлсіздігі болады. Мұндай белгілердің пайда болуы науқасты алаңдатуы тиіс.

йод

Ісіну – йод жетіспеушілігінің белгілеріне жатады және айқын көрінеді. Ең алдымен, аяқ пен қол осындай құбылыстардан зардап шегеді. Сондай-ақ, ісік белгілері науқастың көзінің астындағы үлкен, анық қара шеңберлердің болуы арқылы байқалуы мүмкін. Кейбір адамдар несеп шығаратын заттарды қабылдау арқылы бұл мәселені шешуге тырысады, бірақ бұл  қалаған нәтижеңізді бермейді, бірақ науқасқа одан да көп зиянын тигізуі мүмкін. Несеп шығаратын дәрілерді қолдану науқастың денесінен су-тұзды көрсеткіштерінің теңгерімін сақтау үшін қажетті маңызды микроэлементтерді  сыртқа шығарып жібереді.

Әйел адамдар үшін йод тапшылығы басқа жанама әсерімен – етеккір циклінің бұзылуы немесе мүлдем болмауымен қауіпті. Бұл гормоналды деңгейде байқалатын тұрақсыздыққа байланысты. Ұзақ уақыт ағзада йодтың жетіспеушілігі бедеуліктің басталуына дейін немесе мезгілсіз етеккір кідірісінің басталуына дейінгі ауыр салдарларға ұшыратады. Жүктілік кезінде йод жетіспеушілігі тек анаға ғана емес, сонымен қатар балаға да қауіпті. Баланың дамуында болатын кедергілердің, туа біткен ауытқулардың даму ықтималдығын едәуір арттырады.

Егер сіз суық тию ауруларына жиі шалдығатын болсаңыз, мұның себебі ағзадағы йодтың жетіспеушілігі болуы мүмкін. Йод тапшылығы иммунитетті төмендетеді, өйткені бұл микроэлемент науқас ағзасының қажетті қарсыласу деңгейін ұстап тұруға айтарлықтай әсер етеді. Элемент тапшылығы науқастың инфекциялардың барлық түрлерін жұқтыруға бейім болатынын білдіреді.

Адамның қанындағы темірдің жетіспеушілігі де йод тапшылығынан туындауы мүмкін. Қан аздықтың бастапқы сатыларында ол білінбейді, бұл оның негізгі қаупі болып табылады. Белгілер  гипотиреоздың соңғы сатыларында ғана байқалады, алайда, бұл кезеңде аурудың салдарын жою оңайға түспейді.

Артық салмақ пайда болса, өз денсаулығыңыздың жай-күйі туралы ойлануыңыз тиіс. Қалқанша безі йодты қатты қажет етеді, өйткені оны  триодиотеронин және тироксин гормондарын шығару үшін пайдаланады. Сондай-ақ, бұл құрамдас бөлік қалыпты зат алмасу үшін қажет. Йод тапшылығына байланысты болатын ісік жағдайды тек нашарлатады.

Йод тапшылығы көңіл аударуға, есте сақтау және науқастың ақыл-ойына бірден әсер етеді.

Йод тапшылығының себептері

Selen

Адам ағзасындағы йодтың жетіспеушілігі бірнеше себептен дамуы мүмкін. Көбінесе бұл дұрыс тамақтанбау салдарынан пайда болады. Адам йодты тек су мен тағамнан ғана ала алады. Йодты сіңіру үшін селен қажет, ол қосалқы зат ретінде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, йод тапшылығы жүктілік кезінде, туа біткен патологияларда, науқастың зиянды нәрселерге тәуелділігінен, радиацияның әсер етуінен, гормоналды препараттарды бақылаусыз қабылдағаннан болуы мүмкін.

Ұзақ уақыт бойы йод жетіспеушілігі білінбей жүре беруі ықтимал. Патология жеткілікті дамыған кезде белгілер анық байқала бастайды. Гипофиз гормондарына  қан талдауын жасаған кезде ауруды диагностикалауға болады. Бұл көрсеткіш қалқанша безі жұмысының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, науқасқа қалқанша безінің күйін бақылау үшін УДЗ тағайындайды.

Тиімді емдеу

2003 жылы йод тапшылығын емдеуде керемет революция болды. Сол кезде  теңіз балдырларының негізінде жасалған жаңа Ламифарэн өнімі шығарылды. Шын мәнінде табиғи өнім БҚҚ жатпайды және жынысы мен жас ерекшелігіне қарамай, барлық науқастарға бірдей  тағайындалады. Ғасырлар бойы қоңыр балдырлар тиімді дәрілік зат ретінде қолданылған. Оның құрамында адам ағзасына қажетті маңызды микроэлементтердің бәрі бар.

Көптеген жылдар бойғы зерттеулер басқа дәрілік препараттарға қарағанда Ламифареннің көптеген артықшылықтарын анықтады. Өнімнің мүлде қауіпсіз және жоғары тиімділікті қамтамасыз ететінін анықтау үшін бірнеше рет сынақ жасалды. Өнім науқастың ағзасына кешенді түрде әсер етеді, оның барлық ішкі мүшелерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Құрамы толықтай табиғи болғандықтан, Ламифарэнді ішкеннен кейін 15-20 минуттан соң ол әрекет ете бастайды. Сіз өзіңіздің ағзаңыздағы жағымды өзгерістерді бірден байқап, жалпы жағдайыңызды жақсартасыз. Бұл бірегей өнім уыттарды сыртқа шығарып, қанды тазартуға көмектеседі. Ламифарэнді ұзақ мерзім пайдалансаңыз, ол барлық ішкі жүйелердің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге мүмкіндік береді және науқастың иммунитетін айтарлықтай нығайтады. Бұл әсер бірнеше жыл бойы сақталуы мүмкін.

Әртүрлі аурулардың дамуынан өзіңізді қорғау үшін және жағдайыңыздың жақсы болуын қамтамасыз ету үшін, өнім курсын үнемі қайталап тұру жеткілікті. Қарсы және жанама әсерлері болмағандықтан  Ламифарэнді жүкті кезде және бала емізіп жүргенде де қабылдауға болады. Тіпті кішкентай балалардың өзі Ламифарэнді ішсе болады, себебі дәрумендік-минералды кешенді пайдалану қашанда пайда әкеледі.

Ламифарэн толықтай табиғи затқа жатады. Оның құрамында адам ағзасына титтей де болса зиян келтіретін кез келген химиялық қоспалар жоқ. Жанама әсері мен қарсы көрсетілімдердің болмауына да аса көңіл аудару керек. Ішкі органдардың жұмысының қалпына келуі жасушалық деңгейде, ешқандай жағымсыз салдарсыз жүреді. Жағымсыз әрекеттермен күресумен қатар, Ламифарэн адам ағзасынан уыттар мен қалдықтарды жою міндетін керемет атқарады. Қазіргі нарықта өнімге балама табу мүмкін емес.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Повышенное артериальное давление и его угроза для здоровья

Кровообращение в организме выполняет три основные функции: обеспечение питания тканей, их дыхания и удаления углекислого газа, - поэтому жизнь человека ...
«Далее»

Очищение организма от шлаков

Для здоровья человека важно периодически проводить чистку своей внутренней системы. Плохая загрязненная экология, бешеный ритм жизни, постоянные стрессы, неправильный рацион ...
«Далее»

Лечение диареи у взрослых

Постоянно жидкий стул может быть достаточно серьезным аргументов в пользу терапевтического обследования. Ведь нередки случаи, что данная проблема вызвана наличием ...
«Далее»

Диета при диарее

Диарея, или расстройство кишечника, это первое заболевание человека. Древнейшие люди не сразу ознакомились с гигиеной рук и принципами здорового питания, ...
«Далее»
Loading...