Созылмалы энтероколит

Созылмалы энтероколит: жалпы мәліметтер

Созылмалы энтероколит деп ішекте болып жатқан қабыну әрекеттерін айтады. Ол бұрындары болған соматикалық және инфекциялық аурулардың салдарынан, жайсыз жағдайлар әсерлерінен ағзада уыттардың жиналып қалуынан орын алады. Энтероколит іштің айналысында оқыс ауыру сезімдерінің пайда болуы арқылы білінеді. Сауатты диагноз қою үшін мамандар рентген зерттеулерін, биопсия арқылы эндоскопия, бактериялардың болу, болмауын тексеру үшін нәжіс сараптамасын жасауға кеңес береді. Өз уақытында диагноз анықталып, тиімді дәрілік заттар қабылданса, науқастың жағдайы жақсы жаққа өзгереді.  

Аурудың сипаты

Созылмалы энтероколит кезінде адам ағзасындағы тоқ ішек пен тік ішектің шырышты қабығының зақымдалуы байқалады. Бұл әрекеттер асқазан-ішек жолдарының негізгі қызметтерін бұзу қаупін төндіреді. Көптеген науқастар мамандандырылған мекемеге хабарласуға асықпай жүре береді, сондықтан нақты статистика жоқ. Ішектің қабыну әрекеттерін гастроэнтерологиялық бөлімге келетін науқастардың 80-85% -нан байқауға болады. Энтероколит кез-келген жаста басталады, ер адамдар мен нәзік жандылар да бұл сырқатқа шалдыға береді. Дәрігер ішектің зақымдану ерекшелігін саралай алмаған кезде бұл созылмалы энтероколит деп аталады. Зерттеулер көбіне ішектегі макроскопиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік бермейді. Мәселе тек биопсия кезінде айқын болады.

Алғышарттары

Көбінесе созылмалы энтероколит ішектің жұқпалы аурулары аясында дамиды. Сондай-ақ, аурудың даму себебі: дисбактериоз, гельминтоздардың әртүрлі формалары және протозойдты инвазия, аурудың аллергиялық түрлері болып табылады. Науқас ағзасына  иондаушы сәулелер, уыттар, температураның төмендеуі мен механикалық факторлар әсер етсе, оның жағдайы нашарлайды. Алкогольдік сусындарды пайдалану да айтарлықтай қауіп төндіреді. Зақымдайтын факторлар ұзақ уақыт әсер еткен жағдайда ауру созылмалы түрге айналуы мүмкін, бірақ аса қатты шиеленіспейді. Дұрыс және теңгерімсіз тамақтанбау, уақытында және сауатты ем қабылдамау, науқастың жағдайын нашарлатады.

Энтероколит иммунитеттің жеткілікті күйі мен адамның ішек микрофлорасы арасындағы тепе-теңдікпен сипатталады. Шырышты қабат құрылымының өзгеруі, метаболикалық реакциялардың бұзылуы және жасушалардың табиғи қалпына келуі орын алады. Бұл сөзсіз негізгі функциялардың бұзылуына әкеледі. Ағзаға қажетті заттар мен суды жеткізуге жауапты тасымалдау арналары өз қызметін жояды.

Ағзада  ыдырау және шіру әрекеттері белсенді бола бастайды, бұл көбіне газдардың, уыттар мен қышқылдардың айтарлықтай мөлшерінің бөлінуіне әкеледі. Олар сонымен қатар ішек шырышты қабатының сыртын бұзады және жүйкеге жағымсыз әсер етеді.

Бұл құбылыстар ішектің патологиялық қабынуына әкеледі және оның шырышты қабығының жойылып кетуіне себеп болады.

Белгілері

Ішек аймағында қатты ауырсыну белгілерін сезіне бастаған немесе нәжістің жиі бұзылуы байқалатын болса, созылмалы энтероколит туралы ойлану керек. Әрбір науқаста ауырсыну әртүрлі формада болады. Ауыру белгісі кіндікте немесе оның төменгі жағында не іштің шетіне қарай анық байқалады. Көбіне тамақ ішкеннен кейін ауыру белгілері алғашқы сағаттарда қатты білінеді. Газдар қайтқаннан кейін, ауырсыну бірте-бірте жойылады.

Егер бір немесе бірнеше лимфа түйіндері зақымдалса, онда ауырсыну қайтпайды. Қосымша салмақ пен температура әсерінен, жағымсыз әсерлер анық көрінеді.

Кейде науқастар әрдайым ішегі толып тұрғандай сезімде болады. Диарея, әдетте, майлы тағамдарды, сүт өнімдерін және жоғары талшықты өнімдері көп тамақтарды тұтынғанда пайда болады.

іштің кебуі;

лоқсу сезімі;

іштің құрылдауы;

және тәбеттің жойылуы үнемі болып тұрады.

Ағзадағы қоректік заттардың сіңірілу процестері бұзылғандықтан, адам салмағын тез жоғалтады. Сонымен қатар, жұмысқа деген қабілеттіліктің төмендеуі байқалады. Мәселеге дұрыс қарамаған жағдайда, трофикалық бұзылыстар басымдық танытады, су-электролит теңгерімі өзгереді. Тері шырышты қабаттар сияқты өте құрғақ болады. Науқас шаштың тез түсуін байқайды, ол үнемі ашуланып жүреді және ұйқының бұзылуынан зардап шегеді.

Емдеу

Ағзаны тез қалпына келтіру үшін кешенді емдеу алу керек. Ол диеталық терапияны, микрофлораны қалыпқа келтіруді, ішек моторикасын түзетуді, бактерияға қарсы терапияны қамтиды. Диета — газдың көп өндірілуін тудыратын, азық-түлік түрлерін қабылдауды шектеуден тұрады.

Сауатты емдеуді уақтылы тағайындаған жағдайда науқас жағымды жағдайда болады. Аурулардың алдын алу жеке гигиенаны сақтауды, ішек инфекцияларын уақтылы емдеуді қамтиды.

Емдеу мен профилактиканың тиімді өнімдері

Созылмалы энтероколит пен оның алдын алудың ең жақсы тәсілдерінің бірі – бірегей өнім «Ламифарэн». Қоңыр балдырлар негізінде жасалынған өнім құрамы толықтай табиғи. Синтетикалық қоспалардың болмауы «Ламифарэннің» сіңімділігін 98 пайызға дейін қамтамасыз етеді.

«Ламифарэн» құрамы адамның қан құрамына соншалықты жақын. Бұл өнімнің ағзаға тез сіңуін қамтамасыз етеді. Алғашқы оң өзгерістер тағамдық гельді тұтынғаннан кейін 15-20 минуттан соң-ақ байқалады. «Ламифарэнді» үнемі қолдану тұрақты әсерге қол жеткізуге және ішектің әртүрлі  зақымдарына жол бермейді.

Синтетикалық өнімдерге қарағанда, «Ламифарэн» адам ағзасына мүлдем зиянсыз. Оның жанама әсерлері жоқ және кез келген жастағы науқастар үшін тиімді. Өнімді жүкті әйелдер мен балаларға да тағайындайды, себебі ол тек қана пайда әкеледі. Өнімнің негізгі құрамдас бөлігі болып табылатын қоңыр балдырлар, өздерінің емдеу қасиеттерінің арқасында ерте замандардан-ақ танымал болды. Ғалымдар мұны өз зерттеулеріне пайдаланды және жақсы нәтижелерге қол жеткізді. «Ламифарэннің» қауіпсіздігі мен тиімділігі көптеген ғылыми зерттеулер арқылы дәлелденді.

 

 

Консультация в WhatsApp