D дәрумені дегеніміз не және ол ағзаға не үшін қажет?

D дәрумені бар өнімдердің тізімі шектеулі. Бұл, бірінші кезекте теңіз өнімдері мен балық майы, ал «сүтте» немесе етте іс жүзінде жоқ. D дәрумені ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті майда еритін компоненттерінің қосылысы болып табылады. Терінің жасушалары ультракүлгіннің әсерімен бұл микроэлементті өз бетінше өндіре алады. Бірақ тамақтан алынған сияқты мұндай D дәрумені де белсенді емес. Пайдалы қасиеттерін іске қосу үшін бауыр мен бүйректің белгілі бір реакциялары қажет. Ағзалардың күйі мен қызмет етуі маңызды рөл атқарады.

D дәрумені әсер етеді:

ішектің кальцийді сіңіруіне көмектеседі;

қандағы фосфат пен кальцийдің деңгейін қалпына келтіреді, яғни сүйектің және дәнекер тіндердің беріктігін арттырады;

онкологияның, әртүрлі вирустар мен инфекциялардың дамуына бөгет болады; 

жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, иммунитетті нығайтады;  

репродуктивті (ұрпақ жаңғырту) ағзаларының жұмысын реттейді және алмасу процесстеріне қатысады;  

сүйектің өсуі мен тығыздығын жақсартады (балалардағы рахит ауруы дәл осы D жетіспеушілігіне байланысты).

Кейбір ғалымдар D дәруменінің жетіспеушілігі аналық жыныс безі, асқазан-ішек жолы, қуық, жатыр, қуықалды безі, бүйрек және сүт безі қатерлі ісігі пайда болу себептерінің бірі деп есептейді. Әрине, бұл тақырыпқа қатысты зерттеу жұмыстары әлі ұзақ уақыт зерттеледі және D дәруменінің адамның денсаулығына әсері туралы нақты қорытынды жасауға әлі ерте.

Бір нәрсені ғана нақты айтуға болады — бұл микроэлемент іс жүзінде ағзаның әр процесіне қатысады.

D дәрумені кімге және неліктен қажет?

Біздің еліміздің картада орналасқан жері мен климаттық жағдайына байланысты күз, қыс мезгілінде күн сәулесінің түсу бұрышы жеткіліксіз болғандықтан, D дәруменінің өндіруіне мүмкіндік туғызбайды. Сондай-ақ жаз және көктем мезгілдерінде жылы күншуақты күндер көп болмайды.  

Міне, сондықтан да D дәрумені жетіспеушілігінен зардап шегіп жүргендердің саны жыл сайын артып келеді. Жалғыз қайнаркөз ретінде құрамында қажет етілетін концентрациясы жоқ тағамдар болып табылады.

Демек, алдын алу мақсатында D дәрумені әрқайсымызға қажет. Эпидемиологияның деректеріне сүйенетін болсақ, бұл микроэлементтің жетіспеушілігі егде жастағы адамдардың 90%-ында (қауіп-қатер аймағында тек әйелдер ғана емес, ер адамдарда бар) байқалады.

D дәрумені жетіспеушілігімен байланысты аурулар жастардың арасында да кездеседі.

Өзіңдегі D дәруменінің деңгейін қалай білуге болады және ол жетіспеген кезде не істеу керек?

Дұрысы келесі қауіп-қатер факторлары болған кезде D дәруменінің мөлшерін анықтауға қан талдауын тапсыру:

терінің топырақ түстес болуы;

артық салмақ;

аяқтың немесе қолдың жиі сынуы және шығуы;  

жүктілік;

бауыр және бүйрек аурулары, әсіресе созылмалы түрі;  

асқазан-ішек жолдарында туындаған мәселелер.  

D дәрумені жетіспеушілігі үнемі анық байқала бермейді – адам ұзақ уақыт бойы ағзасында ауыр өзгерістерді байқамауы мүмкін, алайда егер бұлшықеттің әлсізденуін, сүйекте ауырсынуды және аяқ астынан тепе-теңдікті жоғалтса – ерекше назар аударуды қажет ететін қауіп дабылы. D дәруменінің мөлшерін білу үшін міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Құрамында D дәрумені бар дәрі-дәрмектер

«Вигантол» және «Аквадетрим» – құрамында D дәрумен бар май мен судың негізіндегі ерітінді. Бүгінде бұлар ресми тіркеуден өткен жалғыз емдік дәрі-дәрмектер. Оларды сұйықтықпен (аздаған мөлшерде) араластырып қабылдайды D дәрумені таблетка немесе капсула түрінде де бар – биологиялық белсенді қоспалар. Бұл нұсқалардың арасында тиімділігі бойынша ешқандай айырмашылық жоқ. Нақты қайсысын таңдау керек екенін өз қалауыңызға қарай шешесіз.

D дәруменін қабылдаудың сызбасы

Жоғарыда айтылып өткендей, D дәрумені бар тамшы түрінде дәріні сумен араластырып ішеді. Балаларды емдеген кезде ерітіндіні ботқаға немесе сүт қоспасына қосуға болады. Таблетканы тамақпен бірге қабылдаған дұрыс, бірақ нақты осы уақытты сақтау міндетті емес.  

Алдын алу үшін көбінесе D дәруменін тәулігіне 1-2 тамшыдан белгілейді. Егде жастағы адамдар мен жүкті әйелдерге күніне 2 тамшыдан 3 тамшыға дейін қабылдау керек (1000-1500 МЕ).

Семіру немесе артық салмақ қабылдау мөлшерін арттыруға себеп болуы мүмкін – 10-20 тамшы (6000-10000 МЕ). Сондай-ақ бұл санатқа ас қорытудың бұзылуы, қант диабеті және созылмалы түрдегі аурулары бар адамдар жатады.

Егер зерттеу ағзада D дәруменінің жетпейтінін көрсетсе, емдеу мен нақты сызбаны дәрігер белгілейді. Әдеттегідей, бұл алғашқы екі айда көп мөлшердегі D дәрумені. Сонан соң қайтардан қан талдауын жасатып, көрсеткіштерді қарайды. Қалыпты мөлшерде болса, тек қана алдын алу үшін қабылдайтын мөлшерді қалдырады.

D дәруменін немен үйлестіру керек?

D дәрумені тікелей кальцийдің алмасуымен байланысты. Бұл микроэлементтің пайдалы қасиеттерін белсенді ету үшін оның қолдану үйлесімді болуы керек. Кейді D дәрумені мен кальцийді бір уақытта, қабылдаған дұрыс – сіңімділігі бұзылғанда немесе кальцийді нашар сіңіргенде (егде жастағы адамдарды жиі байқалады).

Бүгінде үлкен сұранысқа ие омега-3 майлы қышқылымен де жақсы үйлеседі. Құрамында әсер ететін екі заты да бар кешендер қолданыста: D дәрумені және омега-3.

Құрамында D дәрумені бар өнімдер

Бірінші орында әртүрлі теңіз өнімдері. Олар D дәрумені мен әртүрлі микроэлементтерге бай. Бірақ, бағасы қымбат болғандықтан, теңіз балықтарын күнделікті қолдануға барлығының бірдей мүмкіндігі келе бермейді. Балықтың өзі де «жабайы» болуы керек – жасанды әдіспен өсірілгендердің құрамында D дәрумені өте аз, ал кейбір сұрыптарында мүлдем болмайды.

D дәруменінің шамадан тыс көп болуы несімен қауіпті?

D гипервитаминозының белгілеріне мыналарды жатқызуға болады:

тәбеттің нашарлауы немесе мүлдем болмауы; 

ұйқысыздық;

буындардың ауруы;

 құсу;

жүрек және бүйректің дұрыс жұмыс істемеуі.

D гипервитаминозы — адамдардың басым көршілігінің бетпе-бет келетін мәселесі. Және де бұл таңғаларлық жайт емес, өйткені D дәруменінің танымалдығы қарқынды түрде өсуде. Көбісі дәрігерге қаралуға қатты мән бермейді. Олар бұл микроэлементтің жетіспеушілігін өз бетінше толтыруды жөн санап, жоғары мөлшерде қабылдайды.

D дәруменін ұзақ уақыт бойы, әсіресе көп мөлшерде қабылдау келеңсіз жағдайға душар етуі мүмкін екенін естен шығармау керек. Мысалы, кальцийдің деңгейін арттыру, ағзада тұздардың жиналуына алып келуі мүмкін. Ең бірінші соққы бүйрекке тиеді, яғни несеп-тас ауруы пайда болуы мүмкін.

Егер зәр бұлыңғыр болса, демек қандағы D дәруменінің рұқсат етілген концентрациясы шамадан асып кеткен. Емдік дәрінің қабылдайтын мөлшерін азайту немесе қабылдауды мүлдем тоқтату керек. Көңіл-күй айтарлықтай нашарлаған кезде тез арада медициналық көмекке жүгіну керек.

Денсаулығыңызды сақтаңыз, кез келген дәрі-дәрмекті тек қана арнайы маман кеңес бергеннен кейін қабылдаңыз!

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp