Буындар нені жақсы көреді? Өмір сүруді жеңілдететін кеңестер

Буындар кез-келген жаста «өзін көрсете» біледі. Біреулер бақшада немерелеріне таңқурай теріп жүріп, тізедегі ауырсынуды сезінеді. Басқалары 32 жасқа келгенде-ақ  артриттің барлық әсерлерін сезінеді.

Пассивті, кеңседе отыратын өмір салты буындар ауруына ұшыратады деп есептеледі. Кез келген жаттығу құралдарының орнына жыл өткен сайын диванды таңдайтын уақыт келгендей. Дегенмен, йога, бишілер мен фитнес жаттықтырушылары да бұл аурудан сақтандырылмаған. Салмақты дұрыс есептемесеңіз, жаттығу кезінде су ішуді ұмытып кетсеңіз — міне, осы кезде тізе буыны жартылай ғана жұмыс істейді.

50 жаста Эверестке қуанышпен шығу үшін буындарға қалай көңіл бөлуге болады? Егер буындарыңыз ауруға шалдықса, оны қалай емдеуге болады?

Буындар неге ауырады?

Буындар ауруын түрлі факторлар тудырады:

тұқым қуалаушылық;

аз қозғалатын өмір салты;

шамадан тыс физикалық салмақтың түсуі;

теңгерімсіз диета, тойып тамақтану;

жарақат алу.

Көбінесе буындар артрит пен артрозды тудырады. Атауы мен белгілері ұқсас болғандықтан, адамдар осы екі түрлі патологияны шатастырады. Айырмашылығы неде?

Артриттер – бүкіл ағзаға әсер ететін қабыну аурулары (яғни, инфекциялық).

Артроздар – буынның қартаюына, оған қоректік заттардың түсуімен байланысты орын алатын аурулар. Артроз басқа органдар мен жүйелерге әсер етпей, тек буындарға зиянын тигізеді.

Артрит 

Артриттің себебі – бұл вирустық немесе бактериялық шабуыл. Артрит дербес ауру болуы мүмкін (омыртқаның қабынуы, құяң) немесе басқа аурудың (ревматизм, теңге қотыр, туберкулез) асқынуы негізінде болады.

Артрит белгілері:

Қозғалған кезде ауыру тудыратын буын аурулары;

буынның сыртқы көрінісінің өзгеруі (қызаруы, ісінуі);

зардап шеккен буындағы қозғалыстың шектелуі;

бөртпе;

дене қызуының көтерілуі.

Артроз

Артроздар жасы үлкен науқастарды жақсы көреді. Артроздардың себебі – буынның тозуы мен шеміршек тіндерінің зақымдалуы. Шеміршек жұмсарып, талшықты, жұқа және иілгіш болмай қалады. Ал буынның сүйек қабаттарына бездер өсіп шыға бастайды.

Артроздың дамуына төмендегілер әсер етеді:

Буындар шамадан тыс күшті көтере алмайды.

  • Ерте даму ерекшеліктері;

жамбас буынының дисплазиясын диагностикалау (өмірдің алғашқы екі айында анықталады);

  • остеопороз;

сүйектер сынуының жоғары тәуекелімен сипатталатын ауру.

  • Гормоналдық ауытқулар;

гормоналды аурулар барысында, жасөспірім шақта, етеккір кідірісі кезінде байқалады.

  • Бұрын алған жарақаттар немесе буынға жасалған оталар.

Артроздық, жамбас, тізе, табан буындарынан ұстайды. Аурудың сипаты бір болғанына қарамастан, олардың атаулары әртүрлі болып келеді. Омыртқаңыз зақымданса – бұл спондилоартроз, жамбас буыны жарақат алса – коксартроз, тізе буыны зақымдалса–гонартроз.

Артроз белгілері:

тыныштықта да қозғалған кезде де ауырады;

ауыру сезімдері түнгі уақытта басталады;

буындардың сырқырауы;

зақымдалған буындағы қозғалыстың шектелуі;

буынның сыртқы келбетінің өзгеруі.

Тізелеріңізді қорғаңыз!

Шынтақ пен тізе буындары көп зақымдалады. Тізе буынын немесе шынтақ буынын емдеу жасы ұлғайған адамдармен қатар, жастарға да үнемі қажет болады.

Спортшылар басқаларға қарағанда тізелерін көп жарақаттайды. Тегіршіктерінің жарылуы – олардың кәсіби жарақаты. Денені алдын ала жаттықтырып алмай, оқыс қимылдар, күрделі жаттығулар жасау, қатты ауыру сезімдері дайындықтан бас тартуға жеткізеді.

Ең кең таралған мәселе – синовит. Бұл сырқат кезінде буынның қабығы қабынады, ал оның астында сұйықтық жиналады.

Шынтақ буындарының негізгі патологиялары: бурсит  және эпикондилит.

Бурсит кезінде артық сұйықтықты жинақтап буын қоржыны қабынады. Эпикондилит кезінде шынтақ сіңірлерінің микро жарылулары байқалады.  Бұл теннисшілердің, тігіншілердің, гольф ойнаушыларының арасында көп кездесетін кәсіби ауру. Сонымен қатар, эпикондилит псориатикалық немесе құяң артритінің қабыну салдары болуы мүмкін. 

Буындар ауруларының диагностикасы:

  • науқасты тексеру мен сауалдар қою;
  • рентгенді графикалық тексеру.

Буындар нені жақсы көреді?

Осы ережелерді сақтай отырып, буындарды сырқаттан сақтауға болады:

1.Дене салмағын бақылауда ұстаймыз.

Артық салмақтан буындар жылдам қартаяды. Айнадағы сымбатыңыз, таразыдағы сандар – осының бәріне назар аудару қажет. Артық калория жүрекке, қантамырларына, теріге және… намысыңызға да кері әсерін береді.


2.Ыңғайлы аяқ киім аламыз.

Аяқ буындары аяқ киімдерге сезімтал келеді. Сондықтан да биік өкшелер – жағдайға байланысты. Ал күннің көп бөлігін ыңғайлы және табаны  текстураланған аяқ киіммен өткізу керек.


3.Денемізді тік ұстаймыз.

Омыртқа – тірек-қимыл аппаратына тірек болатын қаңқа. Арқаңызды бүгіп бірнеше сағат отырсаңыз, сол мезетте-ақ бұлшықеттеріңіз ауырады, қолдарыңыздың буындары қақсайды. Мүсініңізге мән бермесеңіз – буындар мазалап, сколиоз жақындай бастайды.


4.Белсенді өмір сүреміз.

Жұмыс барысында үстелдің басында тәулік бойы отырасыз ба? Сағат сайын өзіңізге 15-минуттық «жаттығу» ұйымдастырыңыз. Жүгіріп кофеге барып келіңіз, көрші қабаттағы әріптесіңізге барыңыз, сыртқа шығып қайтыңыз. Мүмкіндік бола қалса, келесі аялдамаға дейін жаяу барудан бас тарпаңыз немесе жұмыстан кейін серуендеп қайтыңыз.


5.Дене шынықтырумен айналысамыз.

Жаттығу залы, жүзу, зумба, шығыс билері – барлығы жарайды. Бастысы – бірінші жаттығуларды жаттықтырушымен жасаңыз. Сол кезде өзіңізге ыңғайлы жаттығуды таңдай аласыз. Иық буындары мазалап жүр ме? Оны қорғап, қол мен арқа буындарын нығайтамыз. Бұл бұлшықеттер кейін әлсіреген буындардың қаңқасы ретінде қызмет атқарады.


6.Теңгерімді тамақтанамыз.

Буындарды қорғау үшін, тамақ үлесіңізге мыналарды қосуыңыз керек:

Кальций;

Ол сүйектерді мықты, ал бұлшықеттерді – шыдамды етеді. Кальцийсіз бірде бір бұлшықет (соның ішінде жүрек бұлшықеті де) жұмыс істемейтін болады.

Бұл микроэлемент ірімшікте, күнжітте, ақжелкенде, бадамда, зиреде және күнзеде болады.

Кофе, көк шай, газдалған сусын   – бұл сусындардың барлығын абайлап ішу қажет. Олар кальцийді ағзадан «шайып кетеді».

Калий;

Кез келген буындар секілді, табан буыны да калийді жақсы көреді. Алайда бұл зат ағзада кальцийді сақтайды. Ал кальций туралы біз жаңа ғана айттық – ол қажет!

Калийді бананнан және картоптан табуға болады. .

Омега-3 май қышқылдары.           

Олардың мақсаты – сүйектерді мықты ету.  Аталған микроэлементтер жаңғақтар мен балық құрамында кездеседі.

Д дәрумені;

Бұл дәрумен кальцийдің сіңірілуіне жауап береді. Оның тапшылығы кезінде құрамында кальциі бар азық-түліктерді тонналап жеуіңізге болады, бірақ бұл құнды микроэлемент табиғи жолмен ағзадан сыртқа шығып кетеді.

Д дәрумені ас шаяндарда, кішкентай балықтарда, жұмыртқада болады. Сонымен бірге оны ағза өзі бөліп шығарады. Д дәруменін өндіру үшін күн шығып тұрғанда серуендеп қайту қажет.

Алайда біздің еліміз үшін (әсіресе, сағат 8-ден 18-ге дейін жұмыс істейтіндер, ала кеуімде кетіп, сондай кезде қайтатындар үшін), бұл жеткіліксіз. Дәрігерлер Д дәруменін тәулік бойы қабылдауға кеңес береді.

К дәрумені.

Сүйектерді нығайтады, ірімшік пен жұмыртқада кездеседі.



7.Зиянды әдеттерден бас тартамыз.

Темекі шегетіндер кальцийді нашар сіңіреді. Сонымен қатар, әйелдер мен ер адамдардың жыныс гормондарының өндірілуіне кедергі келтіреді. Бір мезгілде бұлшықеттер, буындар және тестостерон/эстрогендер мәселесімен қақтығысу – міне никотинді жақсы көретіндердің басты артықшылығы.


Буындар профилактикасы және оларды емдеу

Буындарды емдеуді уақытында бастау – өте дұрыс. Ауру барысында буындардың өзгеріске түсуі, адамның күнделікті жұмысын жасай алмауына, тұрмыста өзіне толыққанды қызмет көрсете алмай қалады. Жамбас буындарының патологиясы асқынып кетсе, мүгедектер арбасына таңылуға дейін әкеледі.   

Егер ерте сатысында артрит немесе артроз анықталса, емдеуді консервативті түрде таңдайды (хондропротекторлар қабылдау, СҚҚЗ, кортикостероидтар). Ауру асқынған кезде дәріні буын ішіне енгізеді. Ауыр жағдайларда ота жасайды. 

Буындарды нығайтамыз

Буындардың күнделікті салмақтың түсуімен күресуіне көмектесу үшін, дәрігерлер  Ламифарэн ішуге кеңес береді. Бұл гель түріндегі табиғи препарат. Оны сыртқа жағуға да, ішке қабылдауға да болады. Өсімдікті құрамдас бөліктерінің арқасында асқазанға, ішекке түсіретін жанама әсерлері жоқ.   Препаратты қоңыр теңіз балдырларынан (Ангустат ламинариясы) жасайды. Олар 2003 жылы өндіріле бастады. Осы уақыттың бәрінде бұл сирек кездесетін балдырлар Охот теңізінен алынуда, себебі ол осы су айдынында тіршілік етеді.

16 жыл бойы жасалған зерттеулерде Ламифарэн өзінің нәтижесін бір емес, бірнеше рет дәлелдеді. Гель буын шеміршектерін қалпына келтіреді және отадан бас тартуға көмектеседі.

Ламинарияны ерте заманнан бері буындарды емдеу үшін қолданған. Балдырлармен орау қазіргі кезде де танымал. Гель құрамында осы пайдалы заттардың барлығы бар, тек ыңғайлы формада жасалған. Оны жұмыста да ішуге болады, ал орауға жұмыс кезінде түсіністікпен қарай қою екіталай. Ламифарэн БҚҚ болып табылмайды! Бірақ адамдар оны осы қасиеті үшін жақсы көрмейді. Науқастарға гельді қабылдағаннан кейін  15-20 минут өткеннен соң өздерін жақсы сезінетіндері маңызды. Буындардағы ауыру сезімдері азаяды, ал адамдар өз істерімен айналыса алады. Ненің әсерінен гель осылайша жылдам әсер етеді? Оның құрамында мыналар бар:

кальций;

йод;

мырыш;

темір;

дәрумендер.

Сондықтан да препарат сауықтыру және қалпына келтіру медицинасымен мақұлданған. Ол ағзаға кешенді түрде әсер етеді. Ламифарэн тек буындарға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге қысымды түсіреді, онкологиялық аурулардың дамуына кедергі келтіреді, бауырдың жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді.

Ламифарэнді өмір салтын өзгертумен және терапевтегі жоспарлы тексерулермен қатар қабылдау – сау және қозғалмалы буындар кепілі.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек

Соңғы 3 жыл ішінде қасиетті Рамазан айы солтүстік жартышардағы ең қысқа түндер мен ең ұзақ күндерге сәйкес келуде. Осы жылы ...
«Далее»

Отыру өлімге алып келуі мүмкін: отырып істейтін жұмыс несімен қауіпті?

Отырып істейтін жұмыс — адамдардың көпшілігіне тән өмір ағымының бір түрі. Физикалық емес еңбек созылмалы шаршағыштықтың пайда болуының және денсаулықтың ...
«Далее»

Что такое витамин D и зачем он нужен организму

Список продуктов, где есть витамин D, ограничен. Это, в первую очередь, морские продукты и рыбий жир, а вот в «молочке» ...
«Далее»

Почему болит живот: 10 причин

Боль в животе бывает разной: ноющей, режущей, со спазмами. Дискомфорт не всегда означает нарушение пищеварения. Болезненные ощущения могут сигнализировать о ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp