Ересектердегі диареяны емдеу

Үлкен дәреттің үнемі сұйық болып өтуі терапевтік зерттеу үшін үлкен аргумент болуы мүмкін. Яғни, аталған мәселе адам ағзасындағы ауыр сырқаттардың орын алуымен сипатталады. Егер адамда үнемі диарея болатын болса (оның пайда болуына байланысты емес), онда қосымша тексеруден өту керек. Кез келген жағдайда, мұндай ауру пайда болса, емдеу шараларына өте қатты мән берілуі тиіс.

Диарея дегеніміз

Диарея (немесе іштің өтуі) ішек жұмыстарының бұзылуы деп түсіндіріледі. Нәтижесінде ішті босату не басқа да белгілер байқалады.

Мұндай жағдайда нәжіс су секілді немесе жартылай сұйық күйімен ерекшеленеді. Ересектерде диарея жайдан жай пайда болмайды, ол асқазан-ішек жолдарында туындаған мәселелерді білдіреді. Ауру белгілерін уақытында жоймаса, ол жағымсыз салдарлардың туындауына әкеледі.

Ересектердің ұзақ уақыт бойы іштерінің өту себептері

Дәрігерлер ересек адамда диарея тудыратын бірнеше себептерді ажыратып көрсетеді: 

  Қатты күйзеліс, қорқыныш сезімі (ұзақ уақыт бойы) таңертеңгілік уақытта, сонымен қатар маңызды шара алдында іштің өтуіне әкеліп соғады;

  Жүйке жүйесімен қатысты диарея;

  Асқорыту ферменттері мөлшерінің жеткіліксіздігі, сонымен бірге тамақтану өнімдерінен пайдалы элементтерді қажетті мөлшерде сіңірмеу;

  Вирустар мен бактериялар тарапынан пайда болған патологиялық жағдайлар;

  Ішектің қансырауы;

  Дәрілік заттармен немесе сапасыз тағамдарды тұтыну арқылы улану;

  Ұзақ уақыт бойы антибиотиктер қабылдау;

  Асқазан-ішек жолдары жұмысының бұзылуы;

  Онкологиялық қатерлі ісіктердің жаңадан дамуы.

Дисбактериоз

Дисбактериоз ішекте зиянды бактериялардың немесе зеңдердің (кандида түрі) пайда болу жағдайында туындайтын ауру болып табылады. Бұл кезде пайдалы микроағзалардың шоғырлауны айтарлықтай төмендейді. Асқорытуда да ауытқулар пайда болады. Дұрыс терапия жасалмаған жағдайда, ішекте қабыну орын алып, ауру асқына бастайды.  

Дисбактериоз ұзақ уақыт болса, дәрумендердің, сонымен қатар пайдалы элементтердің сіңірілуі бұзылуы мүмкін, бұл салмақты жоғалтуға және қан аздыққа дейін жеткізеді.

Дисбактериоздың пайда болғанын білдіретін белгі ол метеоризм, іш айналысының қатты ауыруы, іштің өтуі немесе іштің қатуы.

Дисбактериоз дамуының себептері ретінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

  Ұзақ уақыт антибиотиктер қабылдау;

  Ішек инфекциялары;

  Асқорыту жүйелері органдары жұмысының бұзылуы;

  Тамақтанудағы орын алған мәселелер;

  Иммунитеттің төмендеуі.

Улану

Кей кездері диарея ағзада пайда болған улы заттарға реакция беруі мүмкін. Кейбір тағам өнімдерінде канцорогендер, улы заттар болады. Негізінде, бұл сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түліктерге, немесе химикаттармен өңделген өнімдерге (жемістер, көкөністер, жидектер) қатысты. Тамаққа сақтау мерзімі өтіп кеткен азық-түліктер қосылса, тамақ ішкеннен кейін іш өтеді.

Уланған кезде адамда іштің өтуінен басқа, асқазанның түйілуі, іштің асты жағының ауыру сезімдері болады. Сонымен бірге уланғанда адам құсады, қатты лоқсиды, бас сақинасы үдейді, дене қызуы 37 градус болады және т.б.

Улану түріне қарай диареяның тағы бір түрі «саяхаттаушылар диареясы» болып табылады. Бұл көбіне шекарадан асып демалатындарда және әдеттегі тағамды экзотикалық тамақтарға ауыстыратын адамдарда жиі кездеседі. Ересек адамдарда медициналық препараттарды қабылдау және тамақтану үлесін әдеттегі түріне ауыстыру арқылы емделеді.

Іштің бұзылуы

Көбіне диарея инфекциялық агенттер тудыратын асқорыту жүйелерінің органдарында орын алатын қабынулардан да болады. Осындай ауру пайда болған жағдайда асқазан мен ішектің сыртқы шырышты қабаттарында қабыну болады, бұл асқазан-ішек жолдарының бұзылуына әкеледі.

Ішектің бұзылуының нәтижесінде тек іш өтіп (ересек адамдарда су тәрізді) немесе дене қызуы көтеріліп қана қоймайды, сонымен бірге жағымсыз кекіру, ауызда қышқыл дәм, қыжыл пайда болады. Мұндай белгілер асқазан жарасының, өт жолының қабынуы немесе тоқ ішектің қабынуын білдіреді. 

Диарея түрлері

Тәжірибеде диареяның бірнеше түрін ажыратып көрсетеді.

Вирусты диарея

Вирусты диареяның пайда болу себебі вирустық штамдардың әсері болып табылады, олар аурудың классикалық белгілерін көрсетеді. Ол «кір қолдар ауруы» деп аталады.

Вирусты диареяның дамуын болдырмас үшін алдын алу шаралары ретінде тамақ дайындау алдында қолды мұқият жуу, гигиена ережелерінің негізін сақтау керек. Диареяның алғашқы белгілері: температура, іштің өтуі және іш аймағының ауыруы болып табылады.

Вирусты диареяның дамуы кезінде ауырған адамды отбасының басқа мүшелерінен оқшаулау керек, әйтпесе жақын адам ауруды жұқтырып, оны ары қарай таратуы мүмкін. Сырқат адамға жеке асхана жабдықтары мен ыдыстар дайындап қойған дұрыс.

Бактериялық диарея

Бактериялық диарея да тамақ дайындау кезінде гигиена ережелерін сақтамау кесірінен туындайды.  

Бактериялық диарея болмас үшін, тамақ өнімдерін дұрыс өңдеу керек (етті, тауықты және жұмыртқаны аяғына дейін пісіру; міндетті түрде қолды жуу; азық-түліктерді тоңазытқыш камераларында сақтау). 

Медикаменттердің әсері

Іштің өтуінің басты себептерінің бірі медикаменттердің әсерінен де болады. Антибиотиктер қабылдағаннан кейін диареяның орын алуы көп кездеседі. Аталған ауру ішек қабырғаларының бұзылуымен, ол жерде судың көп мөлшерінің жиналуымен, сонымен қатар көп уақыт бойы медикаменттерді қабылдау салдарынан ішек қабырғаларында рецепторлар қызметінің бұзылуымен сипатталады.

Диареяның белгілері

Диареяның басты белгілерін үлкен екі топқа бөлуге болады:

Аурудың абсолютті белгілері. Бұған төмендегілер жатады:

 Іштің қатты өтуі және құсу, бұл кезде жалпы жағдай нашарламайды;

 Ішті босату сезімі күніне 4 реттен асады;

 Анус аймағында тітіркену пайда болады;

 Бұлшықеттің әлсіреуі және күшінің кемуі орын алады;

 Шырышты қабаттардың құрғауы, бөлінетін несеп мөлшерінің аздығы және т.б болады.

Шартты белгілері. Аталған белгілер ағзаның инфекциялық асқынуының дамуын, сусыздануды, электролиттердің мөлшерінің азаюын білдіреді. Бұған төмендегілерді жатқызылады:

Қатты лоқсу мен құсу;

Дене қызуының қатты көтерілуі;

Іштің құрылдауы және іштің өтуі;

Бастың ауыруы, әлсіздік пен селқостық.

Іштің өтуі және температура

Температураның жоғары болуы диареяның пайда болуының қосымша белгілерінің бірі болып табылады. Бактериялық немесе вирустық аурулар салдарынан дамыйды.

Температураның жоғарылауы ағзаға зиянды микроағзалардың түсуінен оған ағзаның жауап беруімен байланысты, ол «иммундық жауап» деп аталады.

Ішек – ең мықты иммундық орган болғандықтан, температураның пайда болуы ішек бұзылған кезде ерекше болып саналмайды. Орташа есеппен, диарея кезінде адам денесінің температурасы шамамен 37,2 градустан 39 градусқа дейін жетеді. Сол себепті аурудың екі түрі болады: температураның жоғарылауымен болатын іштің өтуі және температура көтерілмей іштің өтуі. Кез келген жағдайда мұның себебін дұрыс анықтап алу қажет.

Жүрек айнуы мен құсу

Жүректің айнуы мен құсу диареяның ең жиі кездесетін белгілерінің бірі. Ағза уланған кезде құсудың пайда болуына жауап беретін мидың бөлігі бұған қатты сезімтал бола бастайды. Нәтижесінде жүректің айнуы мен құсу сезімдері пайда болады. сонымен бірге соңғы белгі ағзаның улы заттардан айығу тәсілінің бірі ретінде жүруі мүмкін. Мұндай кезде матақтан кейін диарея болады.

Іштің қатты ауыруы

Іштің қатты ауыруы ішек моторикасының күшеюінің нәтижесі болып табылады. Негізінен, түйілу түрінде пайда болады, одан ары үдей бастайды (іш құрылдайды, температура көтеріледі, іш өтеді). Іштің ауыруы үдей бастағанда диареяның келесі түрі ішті босату сезімдерінің пайда болуы, ол іштің өтуімен бірге жүреді. Бұл белгі диареяның барлық түрінде болады. Сонымен қатар іш құрылдай береді.

Сонымен бірге етеккір кезінде де диарея пайда болуы мүмкін, ол іштің қатты ауыруымен бірге жүреді, бірақ ол патологиялық болып есептелмейді және оны емдеудің еш қажеті жоқ.

Ересек адамдағы нәжістің түсі

Диарея кезінде нәжістің түсі ағзадағы қосымша мәселелердің бар немесе жоқ екенін білдіреді. Көбікті және іштің астыңғы жағының ауырыумен бірге жүретін шырышты сұйық нәжіс, ересек адамдардағы асқынған диарея белгілерінің бірі болып табылады.

Сары түсті нәжіс

Нәжістің сары түсті болуы басқа түстердің ішіндегі ең жақсысы болып табылады. Мұндай түс  ішектің күшті жиырылуымен сипатталады. Нәжістің жылдам қозғалысы кезінде соңғылары толық қалыптасып бітпейді. Нәтижесінде классикалық түс түрінде пайда болады, алайда сұйық түрінде болады (ересектерде «су секілді»).

Нәжістің жасыл түсті болуы

Нәжістің жасыл түстес болуы аурудың бактериялық немесе вирустық формаларының даму белгілерін білдіреді. Ересек адамдағы жасыл түсті сұйық нәжіс ауруға түрлі  вирустардың қосылу белгілері болып табылады. Жасыл түс нәжіс лейкоциттің көп шоғырлануымен, стафилококтың белсенді таралуымен түсіндіріледі. Ағза иммунитеті әлсірегенде осындай жағдайлар болады.

Тәжірибеде ересек адамдар нәжісінің жасыл түсінің біркелкі болмайтын кездері кездеседі. Оған жасыл түсті дақтар немесе қою жасыл шырыш жатады. Іштің жасыл түсті нәжіспен өтуі іштің қатты ауыруымен, жүрек айнуы және құсумен бірге жүруі мүмкін.

Нәжістің қара түсті болуы

Нәжістің қара түсті болуы асқазан-ішек жолдарындағы ауыр мәселелерді сипаттауы, не табиғи құбылыс болуы мүмкін.

Нәжістің түсі шайыр секілді қара, сонымен қатар іш шырышты сұйықтықпен өтуде, осындай жағдай орын алса, ол асқазандағы қан кету белгісі болып табылады. Іштің ауыруымен және іштің өтуімен қоса жүреді. Ол кезде нәжісті қара түске айналдыратын эритроциттік гемоглобин бұзылуы мүмкін. Мұндай жағдайда дереу дәрігерге көріну қажет.

Егер қан дақтары кездессе, бұл қабыну әрекетінің орын алғанын білдіреді және дәрігердің тексеруін қажет етеді. Етеккір кезінде болған іш өтуінде де қанның белгілері болуы мүмкін.

Сонымен қатар нәжістің мұндай түске боялуы қызылша, қаражидек жегеннен, кейбір медикаменттік заттарды және т.б. қолданған кезде болуы мүмкін. Демек, мұндай жағдайда қан белгілері қауіпті болып саналмайды.

Үй жағдайында емдеу

Егер адамда жіті диарея байқалмай, тек оның белгілері болса, онда емдеуді үй жағдайында жасауға болады (халықтық емді пайдалана отырып).

Егер мынадай белгілер байқалатын болса, онда диарея кезінде жедел жәрдем дәрігеріне жүгіну міндетті болып табылады:

 Нәжісте қан дақтары байқалса;

 Дене температурасы ең жоғарғы шекке дейін көтерілсе (39 градустан жоғары);

 Қара түс болса (науқас нәжісті аталған түске бояйтын дәрілер немесе өнімдер қабылдамаған жағдайда);

 Құсса;

 Сусызданған жағдайда және т.б.

Үй жағдайында диареядан құтылу тәсілдерінің ең жақсыларының бірі медикаменттер қабылдамау, сонымен қатар белгілі бір анықталған диета ұстау.

Ең алдымен, асқазан неге жауап қайтарып тұрғанын анықтап алу керек, осылайша тамақ үлесінен осы өнімдерді алып тастау қажет. Мысалы, асқазан қорыта алмайтын тамақты ішу (сапасы өте төмен, сақтау мерзімі өтіп кеткен және т.б.).

Мұндай өнімдерді тұтынуды тоқтату, тек диареяның белгілерін төмендететінін, іштің түйілуін жоятынын айтып өту керек.

Іш өтуінің алдын алу үшін тамақ үлесіне пайдалы өнімдерді (табиғи жармалар негізіндегі ботқалар, ет пен құстың майсыз пісірілген түрлері, қайнатылған картоп, пісірілген алма және қою шай) қосу қажет.

Егер тамақ өнімдерінен бас тарту көмегімен диареядан құтылу мүмкін болмаса, диареяға қарсы дәрілік заттарды ішу қажет болады. Негізінен олардың әсер етуі өте тез, дәрігердің рецепті қажет болмайды.

Диареяға қарсы дәрілермен емдеу үшін мынадай препараттар керек болады:

  • Әсері нәжісті тығыздауға бағытталған дәрілер;
  • Ішек жиырылуын бәсңдеткіш дәрілер;
  • Пробиотиктер (пайдалы бактериялар).

Мұндай дәрілерді қабылдау, қолдануға арналған нұсқаулықтағы шарттарын орындай отырып жасалуы тиіс.

Егер диарея асқынып кетсе, оған көмекті арнайы маман ғана бере алады.

Іш өтуінің профилактикасы

Іштің өтуін болдырмас үшін профилактика шаралары ретінде төмендегілерді атап көрсетеміз:

 Жеке гигиена ережелерін сақтау (қолды жуу немесе оларды антисептикалық заттармен өңдеу);

 Жеудің алдында көкөністер мен жемістерді жуу;

 Тек бөтелкедегі суды ішу (қайнаған сумен алмастыруға болады);

 Демалыс кезінде «барлығын бірдей» жеуге тәуекел етпеу;

 Тамаққа сақтау мерзімі өткен өнімдерді қоспау және т.б.

Диарея орын алған жағдайда тамақтанудың анықталған түрін ұстану қажет:

 Тамақ үлесінен зиянды және майлы өнімдерді алып тастау;

 Нан өнімдері мен тәттілерді көп жемеу;

 Таза суды 2 литрден кем пайдаланбау;

Ламифарэнмен емдеу

Тәжірибеде іштің өтуін емдеуге арналған бірнеше жолдардың болуына байланысты, жылдам әсер ететін препараттарды пайдалану көбіне тиімді болып табылады.

Кеңінен әсер ететін өнімдердің бірі Ламифарэн. Емдеу-профилактикалық өнімінің құрамына ангустат ламинариясы қоңыр теңіз балдырлары мен альгин қышқылы кіреді. Олар:

 Асқазан қышқылын қалыпқа келтіруге;

 Жақсы сіңіретін әсерге;

 Асқазан флорасын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Ламифарэн төменде көрсетілген жағдайлардан құтылуға көмектеседі:

 Іш өтуінің салдарын жылдам жоюға (сұйық нәжіс, іштің кебу және т.б.);

 Асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының салдарын жоюға;

 Оған тәуелді болып қалмайсыз және жанама әсерлері жоқ (өсімдік тектес препарат болып табылмайтындықтан);

 Қосымша препараттар қабылдаудың (пробиотиктер) қажеті жоқ. Ламифарэн өз бетімен ішек флорасын қалыпқа келтіре алады;

 Панкреатит кезінде диареяны емдеу

 Препарат құрамына кіретін альгин қышқылының көмегімен нәжіс арқылы улы заттар сыртқа шығарылады.

Консультация в WhatsApp