Иммунитет – біздің ағзамыздың антивирусы

Иммунитеттің әлсіреуі

Жіті және созылмалы инфекциялық аурулар — статистика бойынша салдарлары көңіл толтырмайтын сырқаттарға жатады.  Ересектер мен балалар арасында мұндай аурулардың кең таралуын иммунитеттің әлсіреуімен және ағзада қоректік заттардың жетіспеушілігімен байланыстыруға болады. Иммунитет — ауруларға қарсы тұратын жалғыз кедергі. Ағзаның қорғаныс қызметтерінің әлсіреуі – Қазақстан ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлем күресіп жатқан мәселе.

Иммунитеттің әлсіреуі кезінде, тіпті қазіргі заманғы антибиотиктер мен күшті дәрілік заттар да қауқарсыз. Дәрілердің қашанда тиімді клиникалық әсер беруі мүмкін емес, ал кей кездері олар тіпті жағдайды одан ары ушықтыруы ықтимал.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың ағзасын аурулардан қорғайтын басты кедергі-  иммунитетті қалай қамтамасыз етуге болады? Бұл мақалада «Ламифарэн» тағамдық өнімінің иммуномодулятор ретіндегі қасиеттерін қарастырамыз.

Зерттеулер және олардың қорытындылары

Тереңдетілген зерттеулер қатары мен клиникалық сынақтар қатарынан кейін «Ламифарэн» тағамдық өнімі иммуномодуляциялаушы зат деген ресми мәртебесіне ие болды. Гельдің эритроциттерге байланысты көкбауырда жиналған қарсы дене жасушаларының саны бойынша бағаланатын гуморальды тимусқа тәуелділік реакциясының белсендірілуіне ықпал еткендігі анықталды.

Ламинария қоңыр балдырларының негізінде дайындалған өнім – перитонеальді макрофагтардың жұтылу қабілеттілігінің стимуляторы болып табылады, ол гельді ең аз мөлшерде пайдаланғанда да байқалады. «Ламифарэн» сонымен қатар перитонельды макрофаг бактерияларының белсенділігін ынталандырады.

Зерттеулер көрсеткендей, осы өнімді қалыпты пайдалану кезінде цитотоксикалық жасушалық белсенділік басталады — бұл түрлі аурулардан ағзаны табиғи түрде қорғайды.  Осы жағдай эмпирикалық жолмен расталған өнімнің бірегей қасиетін кеңінен зерттеуге жол ашты.

Аталған өнімнің қаншалықты әсері бар?

Зерттеулердің әрқайсысының нәтижелерін қорытындыласақ, «Ламифарэн» тағамдық өнімі ең қауіпсіз және тиімді иммуностимуляторлардың бірі болып табылады деп айтуға болады. Зерттеулердің көпшілігі жануарларға жасалғанмен, олардың нәтижесін адамға қатысты «өлшеу» қиын емес еді.

Қорғаныс функциялары және олардың біртіндеп әлсіреуі қазіргі заманғы медицинадағы ең маңызды мәселелердің бірі екені еш құпия емес. Осыған байланысты, өнімнің бірегей қасиеттерін ашу, ғылыми ортаға айтарлықтай үлес әкелді. Тағамдық өнімді жаппай тұтыну және оның балалардың тамақтану үлесіне қосу әр елдегі аурудың статистикасына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Пайдалы қасиеттері

Өнімнің иммунотропты табиғатының негізгі функциясы адаптивті иммундық процестерді белсенді ету болып табылады.

Гель гуморальды иммундық жауаптың стимуляторы болып табылады, ол көкбауырдағы қарсы денелердің шоғыры арқылы тіркеледі. Өнімнің құрамдас бөліктерінің бұл қасиеті басқа қасиеттермен байланысты – гуморальды реакцияны белсенді ету процесінде өте маңызды болып табылатын қабынуға қарсы цитокиндердің пайда болуына себеп болады деп саналады.

Өнім құрамындағы  С дәрумені ағза өз бетімен өндіре алмайтын зат болып табылады. Аскорбин қышқылының тиімді шоғырының арқасында, өнімді қолдану ағзаны С дәруменсіздігінен тиімді қорғау болып табылады,  С дәруменінің тапшылығы – әлсіреген иммунитеттің ең басты алғышарттары.

С дәруменінен басқа, гель құрамында мықты иммунитетке жауап беретін аса маңызды құрамдас бөліктер бар, олар: B1, B2, B2 тобының дәрумендері, никотин қышқылы, лецитин.

Иммунитетке қатысты қалпына келтіретін қасиеті бар ламинаран және фукоидан – полисахаридтерін ерекше атап өту керек. Бұл заттар күшті вирусқа қарсы әсерге ие және иммуномодуляциялық әсері бар. Фукоидан – бұл қауіпті жұқпалы аурулармен (гепатит, герпес және т.б.) күресуге бағытталған ағза үшін өмірлік маңызы бар b-лимфоциттердің айқын стимуляторы.

«Ламифарэн» тамақ өнімдерінің құрамдас бөліктері аллергиялық реакциялардың жеңілдетілуіне ықпал етеді.

Антибиотиктер ішіп дұрыс ем қабылдамау әсерінен болатын жағдайларды жою үшін өнімді қабылдауға кеңес беріледі.

Ағза дәрумендер мен қоректік заттар арқылы толыққанды күш алу  үшін адамға өнімнің аз ғана мөлшері қажет. Гельдің стандартты мөлшері әр бағалы дәрумен арқылы ағзадағы тәуліктік қажеттіліктің орнын толтырып отырады.

Қай кезде иммунитет аса қатты қорғауды қажет етеді?

Әлбетте, денсаулық – әрбіріміз үшін қымбат. Алайда иммунитетінің жағдайы туралы жақсылап ойланатын адамдар санатын атап өту керек:

40 жастағы және одан асқан азаматтар;

алкоголь тұтынатындар;

темекі шегетіндер;

жүкті және емшек сүтімен қоректендіретін әйелдер;

балалар мен жасөспірімдер;

диета ұстайтын адамдар;

жиі күйзеліске ұшырайтындар.

«Ламифарэн» тағамдық өнімінің бірегейлігі — оның жанама әсерлерінің жоқтығы және тікелей қарсы көрсетілімдерінің болмауы. Тамаша құрамының арқасында гель жүктілік кезінде де немесе асқорыту мәселелері кезінде де еш зиян келтіре алмайды. Пайдалануға болмайтын жалғыз қарсы көрсетілім – өнімнің құрамдас бөліктеріне жеке төзбеушілік.

Сондай-ақ қолайсыз климаты бар және қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін азаматтарға (шахталарда, химиялық зауыттарда, мұнай өндіру ұңғымаларында жұмыс істейтін) өнімді пайдалану тиімділігін атап өту керек. «Ламифарэнді» қабылдау ағзадағы ауыр металдарды, уларды және уыттарды жоюға көмектеседі, сондай-ақ барлық ағза жүйелерінің жұмысын қалыпқа келтіреді. Өнімнің тиімді әсері оны қауіпсіз және бір мезгілде тиімді иммуномодулятор ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

«Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау қатаң тәртіпке бағынбайды. Гельді кез келген жастағы адамдарға ұсынуға болады. Ғылым өкілдерінің пікірінше, мұндай өнім денсаулық жағдайына қарамастан кез келген адамның үйінде болуы керек, себебі гель түрлі ауруларға қарсы тиімді профилактика болып табылады. Күнделікті тамақтану үлесіне «Ламифарэнді» қосыңыз, осылайша иммунитетіңіз сізге алғысын білдіреді!

 

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Ламифарэн в рационе питания кормящей мамы

Главными исследованиями перинатальной медицины сегодня считаются те, которые направлены на сохранение здоровья женщины и жизни новорожденного. И последние эксперименты показывают, ...
«Далее»

Молоко: польза и вред для организма

Материнское молоко- первый продукт, который мы пробуем. И здесь есть все, что нужно младенцу. А что касается других видов…Археологи считают, ...
«Далее»

Топ-8 полезных свойств Ламинария Ангустата

Бурые водоросли Ламинария относятся к съедобным растениям, обладающим большим количеством витаминов и минеральных веществ. После переработки их используют в качестве ...
«Далее»

Топ лучших источников калия: чем восполнить потребности организма

Калий – биологически значимый для нашего организма элемент. Для нормальной жизнедеятельности в организме нужно около 150 г этого вещества. Чтобы ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp