Диарея кезіндегі диета

Диарея, немесе ішектің бұзылуы, бұл адамның ең алғашқы ауруларының бірі. Ежелгі адамдар қол гигиенасымен және дұрыс тамақтану ұстанымдарымен бірден таныс болмады және де Орта ғасырларда бұл салада ешбір зерттеулер болған жоқ.

Заманауи санитарлық-гигиеналық үдеріс, әрине, бұл салада революция жасады. Алайда, өз өмірінде кез келген адам ішек бұзылуымен бір рет болса да кездеседі.

Бұл патологиялық жағдайды анықтау кезіндегі диагностикалық өлшемдер екі түрге бөлінеді:

  1. Дәретке бару жиілігі. Дәретке барып ішекті босату тәулігіне 4-5 реттен онға дейін жетеді.
  2. Дәрет сипатының өзгеруі.
    1. Сұйық нәжіс. Алайда патологиялық қосылыстарсыз болады.
    2. Патологиялық қосылыстармен болады, бұларға қан және/немесе шырыш жатады.

Мұндай нәжістердің мөлшері қатты диагностикалық маңызға ие емес.

Диарея неден пайда болуы мүмкін

Көбіне диарея асқорыту жолдарына патогенді микроағзалардың түсу салдарынан болады. Бұндай кезде, диареяны «кір қолдар ауруы» деп атайды.

Қатты ауыр жағдайларда диарея– эпидемиялық қаупі бар жіті ішек инфекциясы. Диареяны тырысқақ, жұқпалы іш ауруы, іш сүзегі және басқалары тудырады.

Тырысқақ – аса ерекше түр болып табылады. Әдетте, кез келген ауру қандай да бір органда қабынудың болуымен және осы орган қызметінің бұзылуымен сипатталады. Тырысқақ кезінде, ешбір қабыну болмайды және орган  – ішек мұндай жағдайда–өте керемет қызмет атқарады! Тырысқақ кезінде не болады?

Тырысқақ вибрионы, кір өнімдер арқылы ішке өтіп кетіп, тік ішекке қарай өтеді. Ол жасуша ішіне енбейді. Микроағзалар ішек қылшықтарына жай ғана жабысып алады да, тырысқақ уын бөледі. Ол өз кезегінде, аденилатциклаза ферменттерін белсенді етіп, ішек секрециясын жібереді. Көңіл аударыңыз – бұл әрекеттердің барлығы қалыпты физиологиялық жағдай және сау кезде қалыпты жұмыс істей береді. Тырысқақ кезінде өте қатты қарқындылық алып, науқас литрлеп сұйықтықты жоғалта бастайды, олар ағзадан іштің өтуі мен құсу арқылы шығып кетеді. Нәтижесінде, ағза сусызданып, гиповолемиялық шок (қантамырларындағы қанның жоғалуы) орын алып, адам өліп кетеді. Тырысқақ сонымен бірге, өте қатерлі инфекциялық аурулар қатарына жатады және Аллаға шүкір, өркениетті елдерде мүлде кездеспейді.  

Диареяның инфекция салдарынан болмайтын түрлері де бар. Көп адамдарға, «аю ауруы» деген тіркес таныс та шығар. Бұл кезде ішті босатуға жиі бару сезімдері қатты жүйкенің бұзылуымен байланысты болады. Әрине, қазір аюды тірідей кездестіру қиын, бірақ «аю» сіздің ішіңізде отыруы мүмкін. Егер адам созылмалы күйзеліске түсіп кетсе, абыржудың жоғарғы деңгейіне жетсе, тіпті депрессиялық ауытқулар болмаса да, ол адамда «бұзылған ішек белгісі» дамуы ықтимал, бұл диареяны тудырады. «Жүйке» ауруы.

Соңында, созылмалы аутоиммунды аурулар тудыратын диарея жайлы, атап айтқанда, Крон ауруы және тоқ ішектің қабынуы секілді аурулар туралы айтып өтейік. Бұл ауыр сырқаттарды емдеу гастроэнтерология мен ревмотологияның тоғысында жатыр.  

Диарея кезіндегі диетаның басты ұстанымдары

Іш өту кезіндегі басты ереже – бұл асқазан-ішек жолының шырышты қабатына өте жеңіл түрде әсер ету. Аурудың алғашқы күндері тамақтануды мүлде тоқтату керек. Егер диарея құсумен бірге жүретін болса, онда тамақтан бас тартқан дұрыс. Диарея кезіндегі диеата жеңіл сіңірілетін болуы керек, себебі ол метеоризм тудырмауы қажет (газдың түзілуі). Өт айдайтын өнімдер тұтынуға кеңес берілмейді.

Ең басты ережелер мынадай:

  1. Тамақ ыстық емес, жылы болуы тиіс.
  2. Ащы, майлы, тұзды тамақтарға тиым салынады.
  3. Қуырылмаған, буға пісірілген тамақтар тұтынған дұрыс.
  4. Ересектердің және балалардың тамақтануы– 200 грамнан көп емес кішкене мөлшермен жиі және бөліп-бөліп ішу қажет.
  5. Жиі су ішу– міндетті болып табылады.

Диарея кезінде не жеуге болады?

Мәзір –құнары аз тағамдардан тұруы тиіс. Майсыз қайнатылған күріш – бізге ең қажеттісі. Басқа да май қосылмаған ботқалармен мәзірді түрлендіруге болады, буға пісірілген омлет, езбе түріндегі алмалар жеуге болады.  Кептірілген нанды да қолдануға болады. Емдік зат ретінде бананды іш өтуі кезінде жеуге болмайды. Бірақ барлық дәмді тамақтардан бас тартқандықтан, көңіл күйді көтеру мақсатында банан, пісірілген алма мен алмұрт жеуге рұқсат етіледі! Іш өткенде сонымен қатар пісірілген жұмыртқа, йогурт, ірімшік, ащы емес сорпалар ішуге болады.  

Іш өткенде не ішуге болады?

Ең алдымен тиым салынған сусындарды тізіп шығайық: кофе мен бал диарея кезінде қажет емес, сүт және сүт өнімдерін, дүкеннен алған шырындарды, әсіресе жүзім шырынын ішуге болмайды. Іш өткен кезде кофе, алкоголь секілді, өздігінен ағзаны сусыздандыра алады.  

Не ішуге болады?

Біріншіден, ағзаның жоғалтқан сұйықтығының орнын толтыру керек. Екіншіден, тұздардың да орнын толтыру қажет болады. Үшіншіден, тұтқырлық әсер керек. Осы талаптардан асқазан мен ішек бұзылуы кезінде кеңес берілетін сусындар тізімін қалыптастыру қажет:

  1. Регидрон тұз ерітінділері дәріханаларда сатылады. Немесе жай тұз қосылған су (ас тұзынан шай қасықтың төрттен бір бөлігін алып, бір стақан жылы қайнаған суға араластыру.
  2. Газы шығарылған минералды су. Минералды судың нөмірі жоғары болған сайын, яғни, тұз құрамы көп болған сайын – жақсы болады.
  3. Құрғақ жемістерден немесе қаражидек, мойыл жидектерінен дайындалған компот. Не үй жағдайында жоғарыда аталған жемістерден жасалған кисель іш өтуі кезінде жақсы көмектеседі. Айтқандай, қазір дүкендерде мұздатылған жаңа піскен жемістер қолжетімді болып тұр, бұл ішекке пайдалы, сонымен қатар ауырып жатқан адамның көңіл күйін көтереді.
  4. Іш өтуіне қарсы қою қара шай. Диарея кезінде қара немесе көк шаю ішу – науқастың таңдауына қарай болады.

Белсендірілген көмір – асқорыту жолдарында пайда болған уыттарды байланыстыруға арналған іш өтуді емдеудің бірден бір жолы. Диарея кезінде белсендірілген көмірді қалай ішу керек? 5-6 таблетканы шайнап, артынан бір стақан су ішіп жіберу керек.

Диарея кезінде қандай азық-түліктерді тұтынуды шектеу керек

Ет, балық, құс. Егер оларды қатты жегіңіз келіп бара жатса – үй жағдайында буға пісіріп, өте аз мөлшермен жеген дұрыс.

Диарея кезінде не жеуге болмайды

Диарея кезінде шырышты қабаттарды тітіркендіретін немесе ашитын тағамдарды жеуге болмайды. Егер нақты айтатын болсақ: дүкеннен алынған шырындар мен жаңа піскен жемістерді жеуге тиым салынады. Қырыққабат немесе шомыр секілді құрамында жасұнық кездесетін көкөністер де болмайды. Тамаққа ірімшік, айран қосуға, сүт ішуге тиым салынған. Жартылай фабрикаттар – тұшпара мен котлет те жеуге болмайды. Жаңа піскен нан, тағы осындай пісірілген өнімдерді тұтыну қажет емес. Ең соңында, диарея кезіндегі диатеда бұршақ тұқымдастарды пайдалануға болмайды.

Диареяның асқынуы

Асқыну су мен тұзды жоғалтумен тікелей байланысты – яғни сусыздану мен тұздындану байқалады. Мысалы, тырысқақ кезінде, сусыздану науқастың өліміне әкеліп соғады.

Кей кездері тік ішектің шығып кету жағдайлары болады, ол көбіне жасы келген науқас адамдарда орын алады.

Іш өтуіне қарсы дәстүрлі өнімдер

Іш өтуі кезіндегі қара шай

Іш өтуі кезінде шай қалай көмектеседі

Бұл өте танымал өнім. Бастысы бағасы жағынан да, жылдамдығы жағынан да қолжетімді: ол әр үйде кездеседі. Қою қара шайдың тиімділігінің құпиясы – танин. Бұл қара шайдың құрамдас бөліктерінің бірі. Іш өтуі кезінде таниннің арқасында қара шай қабынған ішектің шырышты қабатына тұтқырлық әсерді қамтамасыз етеді. Іш өткен кезде қара шайды қантсыз ішеді.

Шөп қайнатпалары

Іш өткен кезде тек қою қара шай ғана емес, диареяға қарсы зат ретінде итмұрынның тамыры мен жидектері де көмектесе алады. Ас қасық өнімді баяу оттың астында 15 минуттай бұқтырады, содан кейін тағы бір жарым сағат орап қойып, тұндырады. Жылы күйінде ішеміз – жоғарыда аталған ережелерді еске саламыз.

Іш өткеннен және астан улануға қарсы ерекше арнайы шөптер жинағы бар, оның ішіне шайқурай, емен қабығы, түймедақ және жусан бар. Әр ингредиенттің 1 ас қасығын кәстрөлге салып, араластырамыз және жарты литр қайнақ су қосамыз. Бір сағат тұндырғаннан кейін әр үш сағат сайын жарты стақаннан (жылы күйінде) ішуге болады.

Іш өткен кездегі анар қабыршақтары

Ішек бұзылған кезде бұл да танымал, оған ғылыми түсінік бар. Біріншіден, анар қабыршақтарының қайнатпасы полифенолдан тұрады, олар антиоксидант ретінде ішектегі бұзылған микропты пейзажды қалыпқа келтіре алады. Екіншіден, анар қабыршақтары илік заттектерден тұрады, ал бұл жағдайдағы тұтқырлық әсер –ол өте қажет. Сондықтан да іш өткенде анар қолданылады, бірақ алдын ала оны дайындап қою керек. Анар қабыршақтарынан ақ жерлерін кесіп алу керек; қабыршақтарын кептіріп, ұнтақтап, қағаз пакетте сақтау керек. Қажет кезде кептірілген қабыршақ ұнтақтарына бір стақан қайнақ су құйылады. Шамамен 20 минут тұндырғаннан кейін–жарты сатақаннан күніне 2-3 рет ішу керек.

Іш өткен кездегі күріш қайнатпасы

Іш өткен кездегі күріш тиімділігі жағынан ғылыми түсініктемеге ие.

  1. Күріш қайнатпасының құрамындағы бүркеуіш заттар ішек қабырғаларын тұз қышқылының (асқазан сөлінде кездеседі) әсерінен қорғауға көмектеседі, қабыну мен тітіркенуді жояды.
  2. Күріш қайнатпасының құрамындағы краахмал мөлшерінің көп болуы – дұрыс нәжістің қалыптасуының басталуын жылдамдататын керемет тұтқыр зат.
  3. Крахмал–ауру ағзаның өмірлік күшін қалыпқа келтіруге өте қажет көмірсулардың негізі. Тәттілер жеуге тыйым салынғандықтан – крахмал бұл жағдайдағы ең жалғыз энергия көзі болып табылады. Қалай дайындау керек? Жарты литр қайнаған суға 2 шай қасық тазартылған күрішті салып жиырма минуттай қайнатасыз. Суытылған 2 қабат дәке арқылы сүзілген қайнатпаны мына кесте арқылы қолдану қажет: әр екі сағат сайын жарты стақанның жартысын ішесіз.

Іш өткенге қарсы бұршақты қара бұрыш

Қарсы көрсетілімдері бар, айтарлықтай қатаң шара, сондықтан бұл тәсіл туралы да жаза кетейік.

Оның идеясы мынадай: 10 бұршақтан тұратын қара бұрышты жұту арқылы, асқазандағы тұз қышқылының өндірілуіне ықпал етеді. Қышқыл асқорыту ферменттерінің түзілуіне әсер етеді. Тұз қышқылы мен ферменттерден құралған бұл сұмдық қоспа қорытылып, қандай болса да іш өтудің инфекциялық себептерін жояды.

Бұл тәсіл барлық адамға бірдей жарамайды. Іш өткенге қарсы бұршақты қара бұрышты 10 жасқа дейінгі балаларға, кез келген созылмалы аурулармен, жүрек пен асқорыту органдарының ауруларынан бастап, қаны аз және қант диабетінен зардап шегетін ауруларға дейін пайдалануға болмайды. Геморрой кезінде де жасауға тиым салынады.  

Ламифарэнмен емдеу

Диареяны Ламифарэн өнімі арқылы емдеу көптеген дәстүрлі өнімдердің ішінен біраз ерекшеленеді. Тиімділігі жағынан да, ғылыми тұрғыдан да.

Барлығы Жапаноиядан басталған. Окинава аралының тұрғындары онкологиялық аурулармен ауырудан өте төмен деңгейде тұрады екен, бұл сенсациялық ашылу болды. Сөйтсек, Окинава аралының дәстүрі бойынша тұрғындары ламинария негізіндегі қоңыр балдырларды шикідей жейді екен, ал елдің басқа аймақтарында ламинарияны пісіріп жейтін көрінеді. Ламинарияны құрамдас бөліктеріне ажыратқан кезде оның құрамында альгин қышқылы мен оның тұздарының, балдырларда фукоидан және ламинаран бар екені анықталған.

Диарея кезінде Ламифарэн қалай көмектеседі? Құрамының негізін талдап көрейік.

Альгин қышқылы және оның тұздары–оларды ары қарай альгинаттар деп атаймыз–кұріш пен крахмалдан асып түсетін бүркеуіш затқа ие екені анықталды. Алайда бұл жерде бұл бүркеуіш зат басқаларымен түйіндестіріліп жатыр екен:

  1. Тұз қышқылын бейтараптандыру. Дәстүрлі емде асқазан қышқылдығын жеке бақылау қажет болатын еді, ол кезде антацидтер (Маалокс, Алмагель) қабылдайтынбыз. Ал бұл жерде альгинаттар жоғары қышқылдықты өздері бейтараптандырады.
  2. Жоғарғы сіңіргіштік қасиеті уыттарды байланыстыруға көмектеседі. Нәтижесінде –ағзаның уыттануы жылдам төмендейді, абсорбенттер (белсендірілген көмір) қажет болмайды.
  3. Альгинаттардың ішектегі микробты пейзажға тигізетін әсері өте ерекше болып табылады. Қарапайым диарея кезінде сапрофитті (қалыпты) флора шаршап, патогенді микрофлора жанданады. Кей кездері, дәрігердің тағайындауымен, науқас бактерияға қарсы препарраттар қабылдауы қажет болады. Олар патогендерді өлтіреді. Сонымен бірге, сапрофиттерді де қабылдау керек. Осыдан кейін науқас дисбактериозды емдейді. Осылайша микробты флораны қалыпқа түсіру үшін линекс және басқа да бифиформалар қабылдайды.

Міне, осылайша Ламифарэн құрамындағы альгинаттарды қабылдау арқылы микробты пейзаж өз бетімен өте жылдам, көп қаржы жұмсамай-ақ қалпына келеді!

Ламифарэннің келесі маңызды әсерге ие құрамдас бөліктері–фукоидан және ламинарин. Бұл полисахаридтер иммунитетті түзеткіш болып табылады, сол себепті фагоциттерді өндіруді тездетеді. Оның көмегімен фагоцит жасушалар тоқ ішек пен тік ішектің саңылауларына шығады да, патогенді факторларды жояды. Бұршақты қара бұрышты жеу тәсілімен салыстырып көріңізші. Айырмашылықты сезіп тұрсыз ба? Бұл жерде емдеу толықтай физиологиялық түрде болады, ол балаларға да, созылмалы аурулары бар науқастарға да қол жетімді болып тұр.

Диарея туралы мәселеге қайта оралайық, осы өніммен емделген науқас өзіне не алады?

  1. Асқынбаған диарея болса, іш өтуден өте жылдам құтылады; сұйық нәжіс, метеоризм және іштің ауыруы бірінші тәуліктен кейін жойылады.
  2. Егер науқас бұған дейін асқазан-ішек жолдарының қандай да бір патологияларымен – жара аурулары, тоқ ішектің қабынуы, өт жолының қабынуымен ауырса, ламинарияның емдік қасиеттері емдеудің алғашқы күнінен кейін-ақ осы созылмалы ауруларды жоюға әрекет ете бастайды.
  3. Препарат толықтай өсімдік шикізатының негізінде жасалғандықтан, Ламифарэн өте оңай сіңіріледі және ешқандай жанама әсерлері жоқ.
  4. Диареядан кейін сауықтыру кезеңінде міндетті түрде ішек моторикасын қалыпқа келтіру мен ішек флорасын дұрыстау қажет. Біздің жағдайда ешқандай пробиотиктер ішудің қажеті жоқ, себебі Ламифарэн микробты пейзажды өзі бетімен қалыпқа келтіреді.
  5. Альгинаттар ішекте қорытылмайды, олар нәжіспен бірге сыртқа шығады. Сонымен бірге альгинаттар барлық уыттарды өздеріне жабыстырып алып, ішектің толық тазалануына кепілдік береді.

Қорытынды

Іш өткенге қарсы халықтық емнің көптігіне қарамастан, диареяны емдеуде әр адамның өзінің жеке таңдауы болады. Ламифарэнмен енді іш өту мен температурада не істеу керектігін барлығы біледі.

Дәрумендер жетіспеген кезде адам өзін қалай сезінеді?

Дәрумен жетіспеушілігі кезінде адам әртүрлі сезімдерді сезінуі мүмкін. Әрине, ең басты белгі  – бұл көңілсіздік, әлсіздік.

Адам ештеңе істегісі келмейді, ойлау белсенділігі төмендейді. Сонымен бірге көздің асты жиі қараяды немесе қара дақтар пайда бола бастайды. Сондай-ақ көз еш себепсіз жасаурай береді. Ауыз қуысы қурайды, ерін кеуіп, жарылады, ауыз айналасында іріңді безеулер пайда болады.

Қызыл иек, әсіресе тісті тазалаған кезде қанауы мүмкін. Тамаққа тәбеті төмендейді, ал кейде керісінше, артады, бірақ талғам жейді. Адам тәтті, ащы, тұзды тағамдар жегісі келеді.

Дәрумен жетіспеушілігінің тағы бір белгісі – аяқтың ісінуі, саусақтардың дірілдеуі.

 

Консультация в WhatsApp