Қант диабеті кезінде ішімдік ішуге бола ма?

Жалпылама айтқанда ішімдік ішу зиян. Бірақ, дәрігерлердің айтуынша шарапты мөлшерімен қолдану денсаулыққа пайдалы. «Пайдалының» мөлшері  1 ас қасық пен 1стаққанның арасы деп әртүрлі қолданылады. Медицина денсаулығы жақсы адамға да алкоголді  қолдану пайдалы немесе зиян деп біржақты шешім шығара  алмайды. Ал, диабеттерге ше? Әлі күнге 1 және 2 түрдегі қант ауруында  ішімдікті қолдану  шешімін табар емес. Сонымен, диабет ауруы кезінде ішімдік ішуге бола ма? Адамға зат алмасу кезінде зияны  жоқ па? Осы және басқа да қолдануға болмайтын тағамдар жөнінде мақаламызда қарастыратын боламыз.

Қандағы қант мөлшерінің жоғары болуы диабетпен ауыратын адамның  өмірін  қиындатып, шектеулер  туғызады. Әркезде ішімдік ішіп, ұзаққа созылған күйзелісті және ашу мен наразылықты ұмытуға болады. Мақалда айтылатындай «Өмір бар жерде, өлім бар». Қант диабетімен ауыратын адам аздап құрғақ шарап, бір стақан сыра немесе аз мөлшерде арақ  ішіп алғанда тұрған ештеңе жоқ. Тамақтан кейін, аз мөлшерде ішсе, одан жағдайы нашарламайды.Бұл адамға қандай алкоголь қолдануға болады?

Қандағы қантқа алкоголь қалай әсер етеді.        

Арақ, шарап, сыраның әсер етуі бірдей емес. Алкогольдік сусындар екі түрлі қарама қайшылық тудырады. Бірінші этанолдың көмірсуға әсер етуінен  қант мөлшері көтеріледі. Аз уақыттан кейін этанол бауыр клеткаларына баратын глюкозаның жұмысын бәсеңдетеді. Қант мөлшерінің төмендеуіне біраз уақыттан кейін әсер етеді. Қант мөлшерінің төмендеуі (гипокликемия ) ішілген этанолға байланысты анықталады. Спирттің мөлшері қан құрамында көп болған сайын, қан құрамындағы қант мөлшері төмендейді. Шарап пен сыраға қарағанда арақ қанның құрамындағы қантты 4 есе төмендетеді.

Алкогольді гипокликемия  кідіріс жасаумен сипатталады. Оның белгілері әдеттегіге қарағанда кешірек білінуі мүмкін (түнде немесе таңға жуық) .Қан кұрамын бақылап,оның төмендегенін ішімдік ішкеннен кейін келесі күні анықтау керек.

Гипокликемияның сипаттары:

Ашығу

Бас ауыру

Терінің бозғылдануы

Артериялық қысымның төмендеуі

Терлеу

Қолдың дірілдеуі

Көздің аларуы

Жүректің жиі соғуы

Гипокликемияның күшеюінен адамның ауруға сезімталдығы төмендеп, қозғалуы қиындай түседі.Алғашқы көмекте тез сіңетін көмірсулар беру керек (конфет, қант, глюкоза құрамы).

1 – түрдегі  қант ауруларына  ішімдік ішуге бола ма ?

Диабет – қант мөлшерін  тұрақтандыра алмайтын созылмалы ауру. 1-типтегі диабетте инсулин мүлде синтезделмейді. Қанның құрамынан қантты азайту үшін гормондық иньекция қабылдау керек (укол немесе таблетка)       

1  – түрдегі диабет тағам құрамындағы көмірсу мөлшерін есептеп отыруды талап етеді (нан бірлігі). Иньекциялы инсулин мөлшерін ХЕ арқылы анықтайды. Ішімдік ішкендегі гипокликемиядағы этанолдың ұзаққа созылуын ескере отырып, инсулин мөлшерін азайту керек немесе мүлде тоқтату керек.

Маңызды: алкогольді жүйелі түрде қолдану инсулиннің тиімді әсер етуін төмендетеді.

2 түрдегі қант диабетінде ішімдік ішуге бола ма?

2 – түрдегі қант диабетінің 1 –түрден айырмашылығы , қант ішінара сіңеді. 2 – түрде көбінесе семіздік пайда болады. Оның емі міндетті түрде диета ұстауды талап етеді.Ауру адам ағзадағы қант мөлшерін тұрақты ұстау үшін, тағам мәзірінен  көмірсуларға шектеу қоюы керек. Жоғары калориялы тағамдарды да шектеу керек. Сондықтан, 2 –түрдегі диабеттердің аз мөлшерде ішімдік ішу мүмкіндігі бар.

Ескерту:  1 г этанолда 7 ккал бар. Бұл дегеніміз  көмірсу калориясының  екі есе жоғарлауы.

Тұрақты түрде ішімдік қабылдау қандағы қант мөлшерін көтереді және этанол бауыр мен ұйқы безінің жұмысын нашарлататынын диабетпен ауыратындар білуі керек. Ішімдікті «жиі»  қолдану салдары  науқастың  жалпы жағдайын нашарлатады

Қант диабетінде арақ ішуге бола ма?

АҚШ тың диабеттер ассоцациясы диабетпен ауыратындардың ішімдік қабылдауына тиым салмайды. Бірақ, мөлшерден тыс болмауы керек. Диабеттер ассоцациясының нұсқаулықтары:

Аш қарынға ішімдік ішпеу.

Қант мөлшерінің төмен кезінде ішпеу.

Жылдам ішпеу.

Ішімдікті белгілі бір мөлшердегі сумен ішу.

Алкогольдік сусынды таңдаған кезде оның құрамындағы этанолға және қант мөлшерінің сіңімділігіне аса мән беру керек. Жалпы диабетпен ауыратындарға аз мөлшерде құрғақ шарап, арақ және жеңіл сыра ішуге рұқсат етілген.

Арақты тамақтан кейін ішу керек.  Ішімдік ішер алдында крахмалды тағам жеген дұрыс (картоп), ол этанолдың қанға тез сіңуін баяулатады және қанттың көтеріліп кетпеуіне әсер етеді, гипокликемияның алдын алады. 

Арақпен бірге тез сіңетін көмірсулар  жеу керек (конфет немесе тілім нан). Күшті сусындарда этанол мөлшерінің көп болу әсері гипокликемияға әкеп соғуы мүмкін.

Диабеттерге шарап ішуге бола ма?

Шарап өте пайдалы алкогольді сусын болып есептеледі. Оның құрамында этанол ғана емес, табиғи дәрумендер, минералдар және ферменттер бар. Шарап тек табиғи, балғын жүзім сығындысынан жасалынған болса ғана пайдалы болады.Тағы да, шараптың құрамында қант мөлшерін түсіретін полифенол  – өсімдік антиоксиданты бар. Диабетпен ауыратындарға  тәтті емес, күшті емес, градусы төмен шараптар ұсынылады. Күшті шарап қант мөлшерін көтереді және оны диабеттерге қолданбаған жөн.

Сыра ішуге бола ма?           

Сыра градусымен және калориясымен ерекшеленеді.Диабеттерге калориялы және көмірсуы бар тағамдарға шек қойылғандықтан, жеңіл сыра ұсынылады. Жеңіл сырада калория аз болады және көмірсулар жеңіл сіңіріледі.

Алкогольге қарсы көрсетілімдер

Диабетке шалдыққан ауруларға алкогольге қарсы  көрсетілімдер олардың диагнозына байланысты. Олар диабетпен бірге жүреді немесе соған себепші болады.

гепатит;

панкреатит;

бауырдың бұзылуы;

бүйрек жұмысының бұзылуы;

холестериннің жоғарлауы немесе нормадан көтерілуі.

Қант мөлшерін түсіретін дәрілер қабылдау кезінде

Гипокликемияда

диабеттік нейропатия – жүйке талшықтарының бұзылуы;

тахикардияда (жылдамдатылған, жүрек соғысының жоғарлауы).

Зардаптары

Диабетпен ауыратындарға ішімдіктің басты қауіптілігі гипокликемия болуы мүмкін. Қауіптілігі ұзақ әсер етуінде. Ішімдік ішкеннен кейін келесі күні қант деңгейі төмен түсіп кетуі мүмкін.

Алкоголь ішудің тағы бір әсері шімдіктен кейінгі тәбеттің көтерілуімен  байланысты. Егер бақылаусыз тамақ жей беретін болса, гипокликемия орнына қант деңгейі жоғарылап кетіуі мүмкін.Осылайша, «арақ қант деңгейін көтере ме?» деген сұраққа  «арақ қант деңгейін көтермейді, арақтан кейінгі көп тамақтану көтереді» деп жауап береміз.

Диабеттерге алкогольдің  тағы да қандай зиян келтіретін  салдарын  білу міндетті?

Ішімдік ішкеннен кейін ағзадағы дәрі дәрмектің күші жеткіліксіз болады. Егер науқастың жағдайына алкоголь себепші болатын болса, онда оны гипокликемиядан алып шығу қиынға соғады.

Білу маңызды!

Алкоголь дәрілік препараттардың сіңірілуіне әсерін тигізеді. Кейбір дәрілермен тіпті үйлеспейді. Мысалы, сульфонил несеппен емделу кезінде ішімдіктен  кейін басына,  желкесіне қан ұюуы, тұншығуы мұмкін.

БДСҰ-ның зерттеуінше әлем бойынша диабетке шалдыққан науқастардың  80% деңгейі орташа немесе төмен жағдайда өмір сүретінін есте сақтау керек. Бұл статистика аурудың себептері туралы ойлануды қажет етеді. 

Қорытынды

Ішімдік  диабеттерге күтпеген  залалын тигізеді. Гипокликемия, қандағы қант мөлшерінің көтерілуі, ішімдіктіктің түріне,мөлшеріне, жеген тағам мөлшеріне байланысты.  Сондықтан, ішімдікті аз мөлшерде ішіп, қант мөлшеріне мән беріп, өзіңізбен бірге инсулин немере глюкоза болғаны жөн. Ең дұрысы  –  спиртті сусындардан  мүлде бас тарту!

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp