Холестерин деңгейін қалыпқа келтіреді

Холестерин деңгейінің жоғарылығы

Қандағы холестерин деңгейінің жоғары болуы қазіргі заманғы адамдардың көбін алаңдатады. Біз холестерин деңгейі жоғары тағамдарды тұтынғандықтан ағзадағы холестерин шамадан тыс артады деп ойлаймыз. Шын мәнінде, адам ағзасының өзі заттың өте көп бөлігін өндіреді. Тамақтану кезінде бізге холестериннің тек 30% ғана келеді.

Қалыпты көрсеткіштер   

Холестерин көрсеткіші жеке анықталады және 3-тен 6 ммольға дейін түрленіп тұрады. Нәзік жандыларға қарағанда ер адамдардың көрсеткіші біраз жоғары болады.

Холестерин зат алмасу процестерінде маңызды рөл атқарады және ағза жасушалары үшін құрылыс материалы болып табылады. Адам үшін қандағы холестерин мөлшерінің көп болғаны емес,  липидтер тығыздығының төмен және өте төмен болуы қауіпті. Олар қан тамырларының қабырғаларына жиналып, түйіндер тудырады.

Көптеген жылдар бойы американдық ғалымдар мынадай зерттеулер жасаған. Төмен холестеринді диетаға көшу бауырдың өз холестеринін өндіруін арттыруға әкелуі мүмкін. Қатаң диетаны сақтау тек қандағы холестериннің ең көп деңгейі анықталған науқастарға ұсынылады. Қалғандарына мәселені шешудің басқа жолын іздеуге тура келеді.

Холестерин деңгейінің жоғары болуының себептері

Холестерин деңгейінің жоғары болуы адам ағзасында белгілі бір мәселелердің бар екенін білдіреді. Бұл жерде жүрек-қантамыр патологияларының даму себебі болатын созылмалы сырқат туралы сөз қозғалып отыр.  Холестерин деңгейінің жоғарылауы ішкі органдардың қалыпты жұмысы өте қатты ауытқығаннан болады.

Холестерин деңгейінің жоғарылауына тұқымқуалаушылық бейімділігі бар адамдар, жоғарғы қауіп тобына жатады. Бұл тұқым қуалаушылық диплеталипопротеинемияға, гиперлипидемияға, полигендік және отбасылық гиперхолестеринемияға қатысты. Көбінесе холестерин деңгейлері мынадай аурулар: қант диабеті, гипотиреоз, ұйқы безінің соматикалық патологиясы, бауырдың бұзылуы, гипертония, бүйректің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқу жағдайында орын алады. «Зиянды» холестерин деңгейінің жоғарылау қаупі жүкті әйелдерге, алкогольге және темекі шегуге тәуелді емделушілерде болады. Шамадан тыс салмақтың өсуі де қауіпті болуы мүмкін.

Аурудың елеулі белгілері 50 жастан кейін байқалады. Ерлерде аурудың алғашқы белгілері 35 жасында да сезілуі мүмкін. Әйел адамдарда олар менструациялық кідіріс кезінде және АІЖ ауруларың ауытқуынан болады.

Көптеген сарапшылар, холестериннің жоғарылау себептері шамадан тыс жиі тамақтану, теңгерімсіз тамақ, зиянды тамақ өнімдерін пайдалану, аз қозғалу және отырып істейтін жұмыс салдарынан болады деп санайды. Зиянды әдеттердің болуы адам ағзасына  теріс әсер етеді.

Біздің денемізде барлық ішкі жүйелер тығыз қарым-қатынаста болады, сондықтан онкологиялық, атеросклерозды дамытуға ықпал ететін тәуекел факторларының барлығы жүрек инфарктінің қаупін арттырады. Қандағы «зиянды» холестерин деңгейін уақтылы төмендетіп отыру ағзаға теріс әсер ететін жағымсыз әрекеттерді барынша азайтуға, өз денсаулығыңыз бен өміріңізді сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Холестериннің жоғары болуының қаупі

Холестерин деңгейінің шамадан тыс болуы тамырда қанның ұюын тудырады. Қажетсіз қалдықтар қан тамырларының қабырғаларын бітейді, холестеринді түйіндер қалыптастырады. Қан ұйықтарының қаншалықты тұтастығын сақтайтынын сенімді түрде анықтау мүмкін емес. Ол кез-келген уақытта жарылып немесе бітеліп қалып, төменде көрсетілген жағдайлар орын алуы мүмкін:

оқыс өлім;

инфаркт;

инсульт;

өкпе қантамырының эмболиясы.

Холестерин деңгейінің төмендігі

Холестерин деңгейінің шамадан тыс болуы ғана емес, холестериннің жетіспеушілігі де қауіпті. Бұл зат жасуша мембраналарының, қан тамырлары қабырғаларының және оларды қалпына келтірудің негізгі материалы ретінде қолданылады. Тамырлы қабырғалардың зақымдалуы инфаркт пен инсульттің орын алу себебі болып табылады.

Холестерин жетіспеушілігі қан аздықтың пайда болу қаупін арттырады және жүйке жүйесінің соматикалық патологиясының дамуына қауіп төндіреді. Холестерин деңгейіндегі күрт құлдырауы зат алмасу процестеріне кері әсер етеді. 40 жасқа толған адамдар, алкогольдік ішімдіктер мен темекі шегуге әуес, артық салмақтан немесе зиянды әдеттерден зардап шегетіндер өз денсаулықтарына аса назар аударулары керек.

Холестерин деңгейін қалыпқа келтіру

       Холестерин деңгейін қалыпқа келтіру үшін дәрілік заттар ішу міндетті емес. Мүлде қауіпсіз және тиімді өнім бар. Көптеген белгілі ауруларды емдеуде өзін көрсете білген Ламифарэн өнімі туралы айтып отырмыз.

       Ламифарэн ағзаны кешенді сауықтыру үшін 2003 жылы жасап шығарылған. Көп жылдық зерттеулер мен тестілеу оның адам ағзасы үшін мүлде қауіпсіз екенін және көптеген ауруларды емдеуде тиімді екенін көрсетті.

       Өнім құрамында микроэлементтер мен дәрумендерге бай табиғи қоңыр балдырлар бар. Өнімнің ерекшелігі адам қанының құрамымен өте ұқсас болып келетін табиғи құрамында болып отыр. Бұл оны пайдалануда ешқандай кері әсерлердің жоқтығымен қатар, Ламифарэнді ішкеннен кейін оның құрамдас бөліктерінің жылдам сіңірілетінін де білдіреді.  

       Бұл бірегей өнім ББҚ-ға жатпайды және оны кез келген жастағы науқастардың ішуіне болады. Ламифарэн қандағы қалыпты холестерин деңгейінің ауытқуымен жақсы күреседі, көрсеткіштерді тұрақтандырып, науқастың жалпы жағдайының жақсаруына әсер етеді. Холестерин деңгейін қалпына келтіруімен қатар, бұл инновациялық өнім адам ағзасынан уыттар мен қоқыстардың шығуын да қамтамасыз етеді. Ламифарэнді қабылдағаннан кейін аз уақыт ішінде өзіңіздің сергек жүргеніңізді және жағдайыңыздың жақсарғанын байқайсыз. Бұндай әсерді басқа ешбір синтетикалық өнім бере алмайды.

       Осы табиғи өнімді қабылдау иммунитетті нығайтуға және 7-8 жылды құрайтын ұзақ уақыт ішінде  өз тиімділігін сақтауға көмектеседі.

 

Біздің мамандардың мақалалары

20 советов по борьбе с аллергией

Врачи подробно объясняют пациентам, что представляет собой поллиноз, как проходит его лечение, в какую сумму обойдется прием аллерголога, как себя ...
«Далее»

Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек

Соңғы 3 жыл ішінде қасиетті Рамазан айы солтүстік жартышардағы ең қысқа түндер мен ең ұзақ күндерге сәйкес келуде. Осы жылы ...
«Далее»

Отыру өлімге алып келуі мүмкін: отырып істейтін жұмыс несімен қауіпті?

Отырып істейтін жұмыс — адамдардың көпшілігіне тән өмір ағымының бір түрі. Физикалық емес еңбек созылмалы шаршағыштықтың пайда болуының және денсаулықтың ...
«Далее»

Что такое витамин D и зачем он нужен организму

Список продуктов, где есть витамин D, ограничен. Это, в первую очередь, морские продукты и рыбий жир, а вот в «молочке» ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp