Марганец (лат. Manganum), Mn

Марганецті швед ғалымы К. Шееле темір кенінен аш0ан болатын. Бұл микроэлемент алуан түрлі жерде қолданылады: адамдар оны медициналық мақсаттарда, өнеркәсіптік салада, сондай-ақ күнделікті өмірде жиі пайдаланады.

Егер қарасаңыз, айналамызда марганецпен қоршалғанбыз, өйткені ол барлық өсімдіктерде, ағзаларда, соның ішінде адам ағзасында да бар. Әрине, оның мөлшері өте аз және мыңдаған бөлшек үлесті құрайды.   Бұл ретте тіпті заттың осындай кіші мөлшері де ағзаның даму және  қызмет ету мәселелерінде маңызды рөл атқарады. Оны «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамдас бөлігі ретінде мұқият қарастырайық.

Күніне қанша марганец қажет?

Ересек ағзаға тек 4-10 мг зат қажет.

Марганец қандай өнімдерде кездеседі?

Марганец ағзаға тамақпен бірге енеді, күн сайын төмендегі өнімдердің кем дегенде біреуін тұтыну керек:

теңіз балдырлары және өзге де су өсімдіктері;

дәнді дақылдар (қарақұмық ботқасы, күріш, бидай);

бұршақ дақылдары;

жасыл өсімдіктер;

көкөністер;

жидектер;

жемістер;

саңырауқұлақтар;

сиыр бауыры.

Теңіз балдырларына назар аудару керек, өйткені оны қолданған кезде сіз ағзаны марганецтің қажетті мөлшерімен ғана емес, сонымен қатар дәрумендердің толық жиынтығымен қанықтырасыз.

   

Бұл микроэлемент қандай функцияларды орындайды?

қандағы глюкоза мөлшерін реттейді;

аскорбин қышқылының өндірісін ынталандырады;

қант диабетіне қарсы алдын алу шарасы ретінде болып табылады;

бас миының қызметін тұрақтандырады;

жүйке жүйесінде жүретін процестердің тұрақтылығын бақылайды;

ұйқы безінің жұмысын үйлестіруге қатысады;

холестерин синтезіне қатысады;

дәнекер тіндердің және сүйек массасының дамуына жауап береді;

липидті метаболизмге әсер етеді;

бауырдағы майдың тым қарқынды түзілуін болдырмайды;

жасушалық бөлінуге қатысады;

холестерин әрекетінің белсенділігін төмендетеді және түйіншектердің түзілуіне кедергі келтіреді.

 

Марганецтің жетіспеушілігі несімен қауіпті?

Микроэлементтің жетіспеушілігі тамақтану рационында онымен байытылған өнімдердің жеткіліксіз болуына байланысты. Сондай-ақ, марганецтің тапшылығы нашар экологияның, стресстің, жоғары жүктемелердің әсерінен дамуы мүмкін. Марганецтің жетіспеушілігі жиі байқалады және ең қолайсыз салдарға әкелуі мүмкін. Оларға мыналар жатады:

Жылдам шаршағандық;

әлсіздік сезімінің трақты болуы;

бас айналу;

ми қызметінің нашарлауы;

жүректің айнуы, құсу;

жадының нашар  болуы;

құрысулар, бұлшықеттердің түйілуі;

буындардың ауырсынуы;

созылуларға ұшырау;

артрит;

тыныс алудың бұзылуы;

көру қабілетінің төмендеуі;

климакс кезіндегі остеопороз;

бұзылған тері пигментациясы;

витилиго;

семіздік;

холестерин мөлшерінің жоғарылауы;

шаш пен тырнақтың баяу өсуі;

бедеулік қаупінің жоғарылауы;

ерте қартаю;

ағзаның қорғаныс функцияларын төмендеуі;

аллергиялық реакциялар;

онкологиялық аурулардың даму қаупінің артуы;

балалардың патологиямен дамуы;

патологиясы бар баланың тууы.

 

Марганецтің жетіспеушілігін қалай алдын алуға болады?

Бұл жағдайда мәселені шешудің жолы асқазан арқылы өтеді. Алайда, күнделікті мәзірді осы микроэлементтері бар өнімдермен толықтыру жеткіліксіз. Сіз өзіңізді қайта сақтандырып, «Ламифарэн» тағамдық гелін қабылдауға жүгінуіңіз керек. Бұл өнім марганецке ғана емес, сонымен қатар құнды қоректік заттар мен микроэлементтерге бай.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp