Селен (лат.Selenium), Se

     Селен адам денсаулығы үшін маңыздылығы өткен жүзжылдықтың ортасында белгілі болған химиялық элемент. Мұқият зерттеулердің нәтижесінде оқымыстылар бұл заттың табиғатынан улы болғанына қарамастан, кейбір қатерлі аурулардың біратарымен тиімді күреседі деген қорытындыға келген.

     «Ламифарэн» тағамдық өнімінің  құрамына кіретін бұл элемент, өте аз мөлшерде қажет болса да ағза үшін алатын орны ерекше. Заттың көп мөлшері бүйректе, көкбауырда, жүрек бұлшықеттерінде кездеседі. Көптеген аурулардың алдын алатын осы элемент жайлы толығырақ айтып өтейік. 

      Адам ағзасы үшін маңыздылығы

     Селеннің әсер ету аймағы өте кең:

 онкологиялық сырқаттардың даму қаупін төмендете алады;

 жасушалардың ДНҚ ауытқуын қорғау үшін жауапты;

 жасушалардың тұрақты өсуін бақылайды, сонымен қатар олардың қалпына келу әрекетіне қатысады;

 ішкі секреция бездерінің гормондарын өндіреді;

 эндокринді жүйенің тұрақты қызметіне жауап береді;

 ішкі секреция бездерінің қалыпты қызмет етуіне мүмкіндік тудырады;

 ағзаның қорғаныс қызметтерін нығайту үшін қажет;

 иммунитеттің инфекциялық ауруларға қарсы күресін жоғарылатуда өте тиімді;

 қабынуға қарсы әсерге ие;

 дәрумендердің жақсы сіңірілуіне көмектеседі;

 бірқатар патологиялардан жүрек пен қантамырларды қорғайды;

 көздің жақсы көруі үшін қажет;

 ерлер мен әйелдердің репродуктивті мүмкіндігіне жақсы әсер етеді;

 белсіздіктің алдын алу үшін қажет;

 сексуалды белсенділікті жоғарылатуға көмектеседі;

 көптеген қатерлі аурулардан ана мен баланы қорғау үшін жүктілік кезінде қабылдауға кеңес беріледі;

 ағзаны ерте қартаюдан сақтайды;

 ағзада улы металдар мен уытты заттарды шығарады. Сонымен қатар дәрілік заттардың уыттылығын төмендету үшін қажет;

 шашқа, теріге және тырнақ қабатына жағымды әсер етеді.

      Тәулігіне селеннің қанша мөлшері қажет?

     Тәуліктік мөлшер 25-90 мкг арасында ауытқып тұрады. Адам үшін оның тапшылығы да, сондай-ақ шамадан тыс артық болуы да қауіпті екенін естен шығармау керек.

      Селен басқа микроэлементтермен қалай өзара байланысады?

     Заттың жақсы сіңірілуі үшін Е дәрумені мен  йодтың тиімді мөлшері қажет. Сонымен қатар қант  керісінше әсер етеді – оны көп пайдалану селеннің сіңірілу әрекетін төмендетеді. Кейбір дәрілік заттар да (мысалы, парацетомол) бұл элементтің сіңірілуіне кедергі болуы мүмкін.

      Қандай өнімдерде болады?

     Бұл заттың жақсы мөлшері теңіз балдырларында, теңіз өнімдерінде (сегіз аяқ, кальмар, майшабақ) болады. Алайда көп мөлшері балдырларда кездеседі.

     Сонымен бірге теңіз тұзында, субөнімдерде, шпикте, асбұршақтарда, тұтас дәнді нандарда, кебекте, қарақұмықта, жүгеріде де біраз мөлшері болады. Көкөністер арасынан қызанақ пен сарымсақты ерекше атап өтуге болады. Селеннің көп мөлшері саңырауқұлақтарда, жаңғақтарда, тауық жұмыртқасында, зәйтүнде бар. Өңделген тамақ өнімдері бұл бағалы заттың көп бөлігінен айрылады – мұны емдік диета жоспарлағанда есте сақтау маңызды. 

      Селен тапшылығы несімен қауіпті?

     Селен тапшылығы  денсаулық үшін ауыр мәселе тудыруы мүмкін. Тапшылық орын алғанда мынадай белгілер білінеді:

жылдам шаршау;

күйзеліс жағдайы;

жыныстық белсенділіктің төмендеуі;

ұйқысыздық;

тері аурулары;

жүректің ауыруы;

қантамырлар аурулары;

онкологиялық сырқаттар;

көздің көруінің нашарлауы;

жүктілік кезіндегі қиындықтар.

       Бұл заттың тапшылығының орнын тиімді толтырудың тәсілі теңгерімді тамақтану мен селенге бай «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау болып табылады.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp