Натрий (Natrium), Na

     Ағза үшін маңызы зор химиялық элементтердің ішінен натрийден асқаны жоқ шығар. Микроэлемент пайдалы қызметтер қатарын орындау үшін Ламифарэн тағамдық өнімінің  құрамына кіреді, оның ішінде су және тұз метаболизмін қамтамасыз етеді және жүйке жүйесінің қызметін қалыпты қылады.

      Натрийдің ағзадағы қызметі

     Аталған элемент сіздің денсаулығыңызға теңдессіз пайда әкеледі:

өзіндік зат немесе қосылыс ретінде органдар мен ұлпаларға әсер етеді;

басқа да микроэлементтермен өзара әрекеттесе отырып, қан тамырларынан ылғалды шығару мүмкіндігіне ие;

жасушалық қоректендіруді қамтамасыз ету үшін жауапты;

жүйке реакцияларының уақыттылығын және бұлшықет топтарының жиырылу тұрақтылығын ұстап тұрады;

қантамырларының кеңеюіне мүмкіндік тудырады.

     Микроэлементті ағза өндірмейді, ол тек сырттан ғана түседі. Натрий терлеген кезде сыртқа шығады, сол себепті оның ағзадағы мөлшерін қатаң бақылап отыру қажет (әсіресе спортшылар). 

      Тағамдық өнімдерде кездесуі

     Құрамында аталған микроэлемент кездесетін өнімдердің ішіндегі чемпионы – ас тұзы. Тағамдық өнімдердің ішінен құрамында натрийдің ең қажетті мөлшері бар  теңіз балдырын айтуға болады.

     Сонымен қатар теңіз тұзы, тұздық, сорпа (сиыр етінен), соя натрийге бай. Бұл өнімдерді шамадан тыс қабылдаудың қажеті жоқ, себебі тұздың ағзада ылғал жинайтын қасиеті бар екенін ұмытпау керек.

      Натрий мөлшерінің деңгейі неге байланысты?

     Заттың дұрыс шоғырлануына бүйректер жауап береді. Егер бүйрек жұмысында белгілі бір ақаулар байқалмаса, натрий тапшылығы немесе оның шамадан тыс болуы мүмкін емес. Көбіне ыстық ауа райында ағза натрийді қажет етеді, себебі осы айларда денеден қатты тер бөлінеді.

      Натрий денсаулыққа қалай әсер етеді?

     Ағзаға жақсы жағынан әсер ететін натрийдің көптеген қызметтері анықталған:

ұйқы безіндегі ферменттік әрекеттерді белсенді етеді;

асқорыту ферменттері мен асқазан сөлінің бөлінуіне қатысады;

ұлпалардағы алмасу әрекеттерінің барлық түрлеріне әсер етеді;

 қышқылды-сілтілік теңгерімді жақсартады;

жүйке-бұлшықет жүйесінің қызметін басқарады;

қантамырларын кеңейтеді;

қан осмосын қалыпта ұстайды.

      Тәулігіне натрийдің қанша мөлшері қажет?

     Ең тиімді мөлшері тәулігіне 1 грамды құрайды. Егер адам спортпен айналысатын немесе белсенді өмір салтын ұстанатын болса, аталған көрсеткішті 3 грамға дейін көтеру қажет. Балалар мен жасөспірімдерге микроэлементтің 0,3 грамын қабылдауға кеңес беріледі.

      Натрий тапшылығы несімен қауіпті?

     Мынадай жағдайларда натрий тапшылығы орын алады:

жоғары температурада (ыстықта);

физикалық салмақ түскеннен қатты терлеген кезде.

     Аталған элемент тапшылығы кезінде бас айналады, тәбет жоғалады, аз уақыт естен тану,  тез шаршау, бұлшықеттердің әлсіздігі,  шөлдеу, тартылу, терінің тітіркенуі, асқазан аурулары, құсу орын алады. 

      Натрий тапшылығынан қалай қорғануға болады?

      Бұл үшін түрлі дәрумендер мен дәрілік заттар қабылдаудың қажеті жоқ – аталған мәселені «Ламифарэн» тағамдық өнімі шеше алады. Қабылдауды гельдің кішкене мөлшерін ішіп (шай қасық) бастауға болады, ары қарай ақырындап мөлшерін көбейтесіз. Сонымен қатар, тамақ үлесін теңіз балдырларымен, теңіз өнімдерімен және көкөністермен байыту қажет.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Ламифарэн в рационе питания кормящей мамы

Главными исследованиями перинатальной медицины сегодня считаются те, которые направлены на сохранение здоровья женщины и жизни новорожденного. И последние эксперименты показывают, ...
«Далее»

Молоко: польза и вред для организма

Материнское молоко- первый продукт, который мы пробуем. И здесь есть все, что нужно младенцу. А что касается других видов…Археологи считают, ...
«Далее»

Топ-8 полезных свойств Ламинария Ангустата

Бурые водоросли Ламинария относятся к съедобным растениям, обладающим большим количеством витаминов и минеральных веществ. После переработки их используют в качестве ...
«Далее»

Топ лучших источников калия: чем восполнить потребности организма

Калий – биологически значимый для нашего организма элемент. Для нормальной жизнедеятельности в организме нужно около 150 г этого вещества. Чтобы ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp