Гастрит пен асқазанның ойық жарасы кезіндегі емдәм

Ойық жаралық ауруларды тиімді емдеу үшін және рецидивті болдырмау үшін дұрыс тамақтануды сақтау қажет.

Оның мәні келесілермен негізделеді:

 теңдестірілген тамақтану және калориясын қадағалау;

 тамақтанудың бөлшектігі;

 тамақтану режимі.

 Теңдестірілген тамақтану

Теңдестірілген тамақтану, яғни тағам рационына теңдей қатынастағы нәруыздар, майлар, көмірсулар, сондай-ақ қажетті микроэлементтер, макроэлементтер, майда және суда еритін дәрумендер кіреді. Тамақтың калориясы жас ерекшелігіне және физикалық жүктемеге байланысты таңдалынады. Майлардың, нәруыздардың және көмірсулардың ара-қатынасы 1:1:4 пропорциясында жағымдырақ болады. Рационның көп бөлігін қарапайым және күрделі қант және көкеністердің, жемістердің, астық тұқымдастардың, дәнді-дақылдардың өсімдіктік жасұнығы түріндегі көмірсулар алады.

Қоректенудегі және ас қорыту процессіндегі жасұнықтың рөлін бағалау қиын – ол тегінен асқазан-ішек жолының қабырғаларынан тұрып қалған тамақ қалдықтарын жинайтын «сыпыртқы» қызметін атқарады, нәжіс массасының тоқ ішектен өтуін жылдамдатады, ішек флорасы үшін пайдалы субстрат болып табылады. Бұдан бөлек, өсімдік жасұнығы сілтілі ортаға ие және асқазанның шырышты қабығының бездерінен бөлінетін сөлдің қышқылдығын бейтараптайды,әсіресе, оның қышқылдығы қалыптыдан жоғары болғанда пайдалы.

Ойық жара кезінде, асқазанның зақымдалған қабырғасын жарақаттап алмау үшін термиялық өңдеуден өткен жасұнықты пайдалану қажет.

Асқазанның ойық жарасы кезінде жануарлар ақуызын буланған, қайнатылған, майдаланған түрде, бөліктік порциямен қабылдайды. Жұмыртқаның қайнатылған ақуызын, шектеусіз, саруызынан басқасын  жей беруге болады. Кез-келген өнімнің құрамында болатын сүт ақуыздарын, ойық жарасы бар адамдар үшін дәрі ретінде санауға болады.

Ойық жара кезінде жануар майына қарағанда, химиялық бейтарапталған және ағзада оңай сіңірілетіндігіне байланысты өсімдік майы пайдалырақ болып табылады.

Жас және белсенді адам үшін тағамның калориясы, енжар, пассивті тұлғаға қарағанда жоғары болуы керек. Ересек адам үшін орташа энергетикалық шығын 3000 ккал-ды құрайды.

  Тамақтанудың бөлшектігі

Бөлшектік тамақтану, асқазанның жараланған қабырғасын артық созып алмау үшін қажет.Тағам түйірінің кіші көлемі өзінің өңделуіне асқазан сөлінің аз мөлшерін қажет етеді, яғни ол эрозивті беткейін химиялық тітіркендіріп, кедергісіз асқазан- ішек жолының келесі бөліміне өтеді.

Ас қорыту сөлдері тұрақты түрде, ынталандырусыз-ақ бөлініп тұрады. Асқазан қабырғасының қабынуының өзіндік әсерінің алдын алу үшін, бейтарапталған, жеңіл тағамның аздаған бөлігі әрбір үш сағат сайын түсіп тұруы қажет. Дәл осы себептен де, бөлшектік тамақтануды емдеу қатарына жатқызады.

  Асқазанның ойық жаралы аурулары кезіндегі ішу режимі мен балансы

Асқазанның ойық жарасы кезінде сұйықтықты ішу реттілігін, толықтай тізім себебіне байланысты емдік процедураға жатқызуға болады. Ағзадағы судың жеткіліксіздігі сусыздануға, тек қанның ғана емес, сондай-ақ барлық сұйық ортаның қоюлануы мен тұтқырлануына әкеліп, жасушадан бөлінетін өнімнің жеткізілуін қиындатады және оның жылдам регенерациясын тежейді. Ішу режимінің төмендігі кезінде асқазан сөлінің қышқылдығы, оның тұтқырлығы мен жоғары концентрациясы әсерінен артады,ол асқазанда тағам түйірінің болмауынан эрозивті беткейінің қосымша тітіркенуіне әкеледі. Суды, қайнатпаны, сұйық тамақты бөлшектік ішу, сұйық ортаның физиологиялық тепе-теңдігіне әкелуге көмектеседі.

   Гастрит пен асқазанның ойық жарасы кезінде не жеуге болмайды ?

АІЖ-ның кез-келген қабынбалы ауруларын, соның ішінде асқазанның ойық жарасын емдеу емдік өнімдерді ішуден бөлек, тамақтану тәртібін сақтауды қажет ететін созылмалы процесс. Бұл емдеуде дұрыс тамақтанудың өзі дәрінің рөлін атқаруы мүмкін. Бастысы ас қорыту процессінің мәнін түсіну және сол аурудың патологиясы туралы ақпарат алу болып табылады.

Асқазанның ойық жаралы ауруы деген не?

   Асқазанның ойық жарасы  бұл асқазан қабырғасының шырышты қабығының және кейде, одан тереңірек тіндердегі жаралардың ауырлық деңгейіне байланысты жергілікті зақымдануы. Жергілікті дефект гастродуоденалды рефлюкс нәтижесінде асқазанға түсетін, ферменттердің, асқазан сөліндегі немесе өттегі тұз қышқылының әсерінен қалыптасады. Сол аймақтың қоректенуі бұзылады және қайта қалпына келуі баяулайды, ремиссия сатысы – асқыну сатысымен қабаттасады. Беткей қабатының зақымдалуын эрозия деп атайды, оның ойық жарадан айырмашылығы- тыртықсыз жазылады. Ойық жара жазылғаннан кейін асқазанның беткейінде тыртықтық өзгерістер қалдырады.

Ойық жаралық аурулардың ағым процессі туралы ақпарат алғаннан кейін, емдеу кезінде, терең ремиссия сатысында да кейбір өнімдерді мәзірден алып тастау керектігі түсінікті болады.

   Асқазанның ойық жарасы кезінде не қабылдамау керек?

Сусындар:

— кез-келген күшті және әлсіз алкогольдік аперитивтер ;

— газдалған, концентрацияланған, хош иістендірілген, консервирленген шырындар, сулар, коктейльдер;

— қарқынды қайнатылған шәй, кофе, шоколад;

— жаңа сығылған көкеніс және жеміс сусындары

— сүт өнімдері, қаймақ, айран, майлы айран, йогурт, ұйыған сүт, басқа да қышқыл сүт сусындары.

Барлық айтылған ішу өнімдері асқазанның шырышты қабығының қосымша тітіркенуін шақырады және зақымдалған аймақтың жазылуының алдын алады.

Біріншілік ас және суық сорпалар:

— кез-келген еттен және балықтан дайындалған біріншілік сорпа түрлері;

— көк сорпа, қышқыл ши, суық қызылша сорпасы, саңырауқұлақтар сорпалары.

Бұл тағамдар қышқылдық ортаға ие және жазылуының алдын алады.

Ет тағамдары:

— майлы етті, тауықты, балықты, майды және консервирленген ет және балық өнімдерін, тұздалған етті, шұжықты, паштеттерді, дірілдектерді т.б. рационнан алып тастау керек.

Ет өнімдері асқазанда бірнеше сағаттар бойы қорытылады, айтылған деликатестер асқазанда ұзақ мерзімге, консерванттармен, қосымша асқазан сөлінің бөлінуін шақырып, қышқылдық ортаның жалпы артуына әкелетін  тағамдық жентек қалдырады.

Басқа да нәруыздық өнімдер:

— тұздалған, балқытылған, тығыз түрдегі ірімшіктер;

— қуырылған, қайнатылған қатты жұмыртқалар;

— тұздалған және консервирленген түрдегі балық уылдырығы.

Консервілер: кез-келген еттің, көкеністердің, жемістердің консервілері.

Дәмдеуіштер: соустар, кетчуп, майонез, қыша, сірке суы, бұрыш, барлығы, дәм сезу рецепторының қосымша тітіркенуіне әкеледі.

Дәнді-дақылдар, асқазанның қабырғасын жарақаттайтын жасұнықтың қатты түріне ие: арпа, жүгері, термиялық өңдеуден өтпеген кебектер, жабайы күріш, бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары.

Көкеністер, шикі түрінде құрамында жасұнық болатын болса, ол АІЖ-ның қатты тітіркенуін және іштің кебуін шақырады. Ащы және дәмді көкеністер асқазанның әлсіз эрозивті қабырғасын күйдіріп, іштегі қатты ауыру сезімін шақыруы мүмкін. Бұндай көкеністерге жатады: шаршыгүлдер тұқымдасына жататын өсімдіктердің барлық түрі, қызанақтар, қиярлар, пияз тұқымдас өсімдіктер, жасыл қымыздық дақылдары.

Жидек және жеміс дақылдары жаңа піскен түрінің құрамында зақымдалған асқазанға жағымсыз әсер ететін өзіндік қышқылдары болады. Оны әлсіз компот және тұнба түрінде қабылдауға болады.

 Жаңғақтар қатты жасұныққа ие және қабынған беткейінің ауыратын аймақтарын өте қатты жарақаттайды.

Ашытылған және дәмделген өнімдер құрамындағы саңырауқұлақтар артығымен ашуды және газ түзілуін шақырады, оларды асқазаннан алып тастау қажет.

    Гастрит пен асқазанның ойық жарасы кезінде не жеуге болады?

 Сорпалар:

— еттен және балықтан екіншілік сорпа түрінде, тауық етін, бұзау етін қолданған жөн, шошқа етінен бас тартқан дұрыс;

—  сүтті дақылды сорпалар;

—  көкеністердің жұқартылып-майдаланған сорпалары.

Екіншілік ет тағамдары: майлы емес ұнтақталған, буланған немесе қайнатылған бұзаудың, құстың еттері, тефтели, котлет, фрикаделька, суфле түріндегі қоян еті. Буда немесе пеште дайындалған балық котлеті мен суфлесі.

Сүт өнімдері термиялық өңдеуден өткен, майлы емес.

Омлет түрінде дайындалған жұмыртқа, шала пісірілген, жылу өңдеуден өткен ақуыздық суфле түрінде.

Дақылдық тағамдар өсімдік майы, кейде аз мөлшерде сары май қосылған сұйық ботқа, кисель түрінде.

Жемістер мен көкеністер  термиялық өңдеуден өткеннен кейін, қатты қабығы алынып тасталған, майдаланған тағам түрінде.

Сусындар: кисельдер, қайнатпалар,әлсіз компоттар, су қосылып, сұйытылған шәй түрінде.

Нан тек жаңа піскен түрінде емес, тығыз, кептірілген нан түрінде, сорпаға немесе шәйға батырып.

Өсімдіктекті майлар, кейде тұздалған емес сары май.

  Гастрит пен асқазанның ойық жарасы кезіндегі 3 емдік өнімдер

Тамақ, энергия көзінен бөлек, асқазан мен ішек ауруларында дәрілік қызмет атқаруы мүмкін. Емдік тағамдық өнімдерге сүт, ақ орамжапырақ және табиғи араның балы жатады.

  Сүттің емдік қасиеттері

Сүт адам туылғаннан бастап қабылдайтын ең алғашқы өнімі. Оның құрамында ағзаға қажетті барлық қоректік және минералды заттар, сондай-ақ көп мөлшерде дәрумендер мен ферменттер болады.

Асқазанның ойық жаралы аурулары кезінде, сүтті ортада өте тез көбейетін патогенді микроорганизмдерді енгізіп алмау үшін, қайнатылған немесе пастерленген сүтті қабылдаған жөн.

Сүттің өзі тағамдық өнім ретінде, әлсіз қышқылдық ортаға ие және аурудың жедел сатысының өзінде де ешбір зиян келтірмей, асқазан сөлінің өндірілуін өте әлсіз ынталандырады. Осындай қасиетінің арқасында асқазанның ойық жаралы ауруларының кез-келген сатысындағы емдәмге сүтті қосады.

Сүт — бұл құрамында жануар нәруызының үш түрі болатын, нәруыздық өнім. Жалпы нәруыздық мөлшерінің пайыздық ара-қатынасы кезінде, оның құрамы келесідей түрде болады:

— казеин — шамамен 82%;

— лактоальбумин — шамамен 12%;

— лактоглобулин — 6%.

Нәруыздар коллоид түрінде болады, оңай сіңіріледі, науқасты қыжыл мен аштық сезімінен арылта отырып,асқазанның қабырғасын қаптап, қышқылдардың және асқазан сөлінің ферменттерінің зақымдауынан қорғайды. Сүттің құрамында иммунитетті қалпына келтіретін және патогенді процесстердің белсенділігін басатын линолен қышқылы болады.  

Сүттің құрамында АІЖ-ның шырышты қабығының регенерация процессінің катализаторы болып табылатын, A, B, E, K, D дәрумендер кешені болады.

Сондай-ақ ол жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиетке ие, яғни, көпшілік жағдайда бұл ауру адамның созылмалы, стресстік жағдайымен дамитындықтан, асқазанның ойық жарасы бар адамдарға қажет болып табылады.

Асқазанның ойық жарасы кезінде майлы емес сүттің аздаған мөлшерін түнде жылы күйінде ішеді. Одан да пайдалырағы ешкінің сүті, тек оны 1:1 ыстық сумен араластырады.

   Балдың емдік қасиеті

Бал  — бұл табиғи микроэлементтердің, ферменттердің, минералдардың және қоректік компоненттердің қоры. Ол жоғары жоғары энергетикалық құндылыққа ие, сондай-ақ бактерицидтік қасиеті да айқын.

Балдың биохимиялық пайыздық құрамы өзгеріп тұрады, бірақ тобының құрамдас бөліктерінің атауы тұрақты болады.

Балдың компоненттері:

— бөлінуге энергия шығынын қажет етпейтін қарапайым қанттар. Олар ауыз қуысында сіңірле бастайды (глюкоза и фруктоза);

— аралардың нәруыздық және нәруыздық емес азоттық заттары және күрделі көмірсуларды ерітетін, ферменттер түріндегі өсімдік тозаңдары;

— органикалық емес және өсімдік қышқылдары;

— макро және микроэлементтердің 40-тан астам түрінің айнымалы ара-қатынасы, калийдің, мыстың, фосфордың, кальцийдің аздаған мөлшері.

Балды құрайтын барлық компоненттер, ағзаның өміршеңдік процессін тұрақтандыруға қатысуға, жасушаның және тіндердің метаболикалық процессін қалпына келтіруге қабілетті болып табылады. Дәрумендік құрамы В тобының кең спектрімен, A, C, E, H, K дәрумендерімен сипатталады, яғни балды қабылдау кезінде, жүйке жүйесіне және тіннің регенерация процессіне жағымды тыныштандырғыш әсер етеді.  

Ашқарынға балдың аздаған мөлшерінің сіңірілуі, ағзаны глюкозамен және фруктозамен қанықтырады, балдың бактерицидтік заты АІЖ залалсыздандырады, шырышты қабық жасушаларының зат алмасу процессінің қайта қалпына келуі тарапынан, оның қабырғаларын нығайтады.

Ұйқтар алдында бір шәй қасық бал ішу, жүйке жүйесін тыныштандырады, тегіс бұлшық еттердің тырысуын төмендетеді, ағзаның жақсы демалуына және қалпына келуіне мүмкіндік береді.

 Керемет әсер ететін орамжапырақ шырыны

Ертеден бері дөңгелек қауданды орамжапырақтың жаңа сығылған шырынының емдік қасиеті белгілі болған. Оның құрамында денсаулыққа жағымды әсер ететін, микроэлементтердің толық спектрі болады: калий, магний, натрий, темір, кальций, фосфор, кремний, сера, фтор, хлор, йод. Соңғы аталған төрт микроэлементтер патогенді микрофлора және хеликобактер пилори бактериясына жағымсыз жағдай жасай отырып, асқазан-ішек жолының зақымдалған қабырғаларын залалсыздандырады. Бұдан бөлек, орамжапырақ шырынында, адам ағзасындағы шырышты қабықтың эрозивті беткейінің жазылу қасиетіне ие U  дәрумені болады.

Орамжапырақ ас қорыту жолының қабырғаларын күшті тазартатуға қабілетті, қатты жасұнықтан тұрады, бірақ, асқазанның ойық жаралы зақымдануы кезінде, әсіресе, асқыну шыңында, ас қорыту мүшесінің ауыратын аймағын механикалық зақымдауға мүмкіндігі бар болғандықтан, орамжапырақтың жасұнығын балғын күйінде жеуге қарсы көрсетілімі бар. Асқазанның ойық жаралы аурулары кезінде орамжапырақты қайнатылған, бұқтырылған, буланған күйінде жеген қауіпсіздеу болып табылады, нәзігірек және құрамыныдағы микро және макроэлементтері ұқсас түсті орамжапырақтар, кольраби, брокколи.

Асқазанның төмен секрециялы ойық жарасын емдеу үшін, тамақ ішуден жарты сағат бұрын, 30 минут ауада тұрған, 100 гр. сығылған шырынды ішеді. Емдік сусынды күніне 300 гр. ішу керек.

  Ішуге, жеуге болады ма…?      

Бұл бөлімде, науқастардың жиі қоятын сұрақтарының жауабы түрінде, әртүрлі өнім тағамдарын қабылдау жолдарының жазылуы формасында баяндайды.

Айранды, майлы айранды, йогуртты ішуге болады ма ?

Айран, ашыған қышқыл сүт өнімі болғандықтан, аурудың жедел сатысында және алғашқы аптасында ішуге қарсы көрсетілімі бар, яғни ол, асқазанның қабыну процессін ауырлатады. Осы мерзімдегі жағдайға байланысты, балғын, қышқыл емес, жылы айранды ішуге болады. 

Йогурт — қышқыл сүт өнімі, құрамындағы бифидобактериялар, асқазан-ішек жолының микрофлора тепе-теңдігін реттейді, «Хеликобактер пилори» патогенді штаммына қарсы шығарып тастайды, ойық жаралық аурулардың пайда болуының алдын алады. Балғын бифидобактерияға қол жеткізу үшін, йогуртты үй жағдайында жасауға болады, ол яғни кез-келген уақытта өнімнің қолжетімдігін қамтамасыз етеді. 

 Майлы айран  — ерітілген сүттің лактобактериялары мен бифидобактерияларының ұюы негізінде жасалған, дәстүрлі қышқыл сүт өнімі. Асқазанның ойық жарасы бар адамдар үшін, ағзада жеңіл сіңірілетіндіктен, майдың пайыздық қатынасы төмен сусынды ұсынады.

Қызанақ пен қиярды жеуге болады ма?

Бұл көкеністердің қатты қабығы болады, ал шырыны көп мөлшердегі, әртүрлі органикалық қышқылдар мен минералдық заттарға ие. Асқазанның ойық жаралы ауруларының жоғарылауы кезінде, барлық аталған кешендер асқазанның қабынған аймақтарын тітіркендіреді, бірақ, сауығу сатысында арнайы өңдеуден кейін, қиярлар мен қызанақтар тағам рационында аз мөлшерде өте пайдалы болып табылады. Өңдеу келесідей жүргізіледі: көкеністерді жақсылап сумен жуып, қатты қабығын аршып, өткізгіштен өткізіп немесе блендерде майдалап, негізгі тағамға салат түрінде қосып береді. Жеңіл термиялық өңдеуден кейін қызанақ пен қиярдың жасұнығы жұмсағырақ болып, асқазанның қабырғасын азырақ тітіркендіреді.

Банандарды жеуге болады ма?

   Банан — құрамы дәрумендер мен минералдарға бай, жоғары калориялы, жеңіл сіңірілетін, құнды тағамдық өнім. Калий, кальций, магний, темір, натрий, фтор, фосфордан бөлек, оның құрамында жасұнық, пектин, бета-каротин, фруктоза болады. В1, В2, В6, С, РР дәрумендері де кіреді. Аталған компоненттерден бөлек, бананның құрамында алмастырылмайтын аминқышқылдары: яғни, зақымдалған тіндердің құрылымын белсенді түрде қайта қалпына келтіруге қабілетті триптофан, метионин, норэпинефрин болады. Серотонин вегетативті жүйке жүйесін тыныштандырады, асқазанның тегіс бұлшық етінің тырысуын босаңсытады, оған демалып, қалпына келуіне мүмкіндік береді. 

Жоғары калориялы, төмен қышқылдықты, асқазаннан тез шығарылады, зақымдалған шырышты қабықтың жазылуына әсер етіп, оны қаптап тұратын пектиннің болуына байланысты, бұл өнімді ауру ағымының жедел сатысында да біріншілік диеталық өнім ретінде енгізеді.

Тағамға ірімшікті, сүзбені қабылдауға болады ма?

   Сүзбе мен ірімшік құрамында сарысудан босаған, казеин белогы болатын сүт өнімі. Минералдық және дәрумендік құрамы, дәл қышқыл сүт өнімінің құрамымен бірдей, сондықтан, асқазанның ойық жаралы ауруларында олардың пайдасын бағалау қиынырақ. Термиялық өңдеуден кейінгі, майлы емес сұрыптағы, үй жағдайда дайындалғанын жеуді ұсынады.

Жұмыртқаны жеуге болады ма?

Жұмыртқаны жеуге болады және қажет. Бұл өте құнды тағамдық өнім.

— жұмыртқа альбумин және глобулин нәруыздарынан тұрады;

— A, B, D, E дәрумендері көп;

— микро және макроэлементтер: кальций, калий, темір, фосфор, күкірт, магний, фтор және т.б.;

— қаныққан және көпқаныққан май қышқылдары.

Бұл диеталық өнім, тек асқазанның ойық жарасы кезінде термиялық өңдеуден кейін ғана жеуге болады

Қарбыздарды жеуге болады ма?

 Қарбыздың құрамында көп жасұнық, қант және жеміс қышқылдары болады. Жедел сатысында оны жеген зиян, ал сауығу кезінде, негізгі рационнан кейін десерт түрінде жеу пайдалы болып табылады.

Күнбағыстың пістесін жеуге болады ма?

 Пістелердің құрамы, асқазанның эрозиямен жабылған қабырғаларын зақымдап, ол аймақты артыратын, қатты жасұнықтан тұрады. АІЖ-ның кез-келген ойық жаралы процессінде пістелерді қабылдауға тыйым салынады.

Сарымсақ жеуге болады ма?

Сарымсақ шикі түрінде күшті тітіркендіргіш әсерге ие, ауыру процессінің ағымы жоғарылағанда және оңалту кезеңінде, пияз тектес көкеністерді тағамға қолданудың қарсы көрсетілімдері бар. Сауығу кезеңінде ұзақ термиялық өңдеуден кейін, аз ғана дозада жеуге рұқсат етіледі.

Кофе ішуге болады ма?  

Кофенің құрамында орталық жүйке талшықтарын қоздырып және ойық жаралы аурулардың ағымы кезінде жағымсыз әсер ететін, асқазан сөлінің секрециясын сергітетін, кофеин болады. Кофеден бас тартқан дұрысырақ.

Соданы ішуге болады ма?

Сода – бұл сілті, ішкен кезде асқазан сөлінің қышқылдығын бейтараптап, асқазанның құрамындағы тұз қышқылының жоғарылауы нәтижесінде шақырылған қыжылды тоқтатады. Эпизодтық жағдайларда осылай жасауға болады, бірақ қышқылдықтың тұрақты артуы кезінде содамен емдей алмайды, ол ауыру процессін қиындатуы мүмкін.

 

Темекі шегуге болады ма?

Темекі шегу асқазанның қышқылдығының артуына ықпал етеді, темекі түтінінің құрамында түтін және смоламен қосымша никотин уы болады, ол темекі тұтанған кезде қалыптасып, нәтижесінде ауыр зардаптарға әкелетін, концерогенді заттар ағзаға түседі.

Арақ, коньяк қабылдауға болады ма?

Асқазанның ойық жаралы ауруларында спирттік және әлсіз алкогольдік сусындарды ішугетыйым салынады. Алкогольдік сусындар АІЖ-ның қабырғаларын күйдіріп, тітіркендіреді, ауыру процессін оперативті емді қажет ететіндей жағдайға дейін қиындатып, сирек жағдайда өліммен аяқталады. 

  Гастрит пен асқазанның ойық жарасы кезіндегі бір апталық мәзір

Ойық жаралы аурулардың асқынуы, тамақтану кезінде рецидив басталып, аурудың ағымының ерекшелігіне байланысты жазылған емдәмді ұстауын қадағалау өте маңызды болып табылады. Емдәмді, уақыты бойынша созылған емдік процедура түрінде қарастыруға болады.

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp