Баспа ауруы

Баспа – бұл таңдай бездерінің және басқа лимфалық жұтқыншақ түзілістерінің өткір қабынуымен бірге жүретін инфекциялық патология. Бұл аурудан 30 жасқа дейінгі адамдардың 60%-ы, ал бала кезінен 15%-ы зардап шегеді. Осындай диагноздағы асқынуларды болдырмау үшін көмекей безін емдеу өте маңызды.

Баспаның пайда болу себептері


Баспа ересек адамдарда түрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Олардың ішінде:

  • суық тию;
  • қоршаған ортаның қатты құрғақтығы;
  • иммунитеттің төмендеуі;
  • бұрын ауырған аурулар салдары (ЖРВИ немесе тұмау).

Ауру науқас адамнан дені сау адамға мынадай жолдар арқылы беріледі:

  1. Тағамдық немесе ауа-тамшылы жолдар арқылы.
  2. Эндогенді инфекция кезінде. Инфекция мұрын қуысы арқылы кіріп, көмекей безіне шоғырланады.
  3. Тіндер мен органдардағы инфекциямен зақымдалған қан арқылы гематогенді жолмен.
  4. Жасанды тәсілмен. Мұрын қуысы мен жұтқыншаққа ота жасалған кезде (жарақат алу баспасы деп те аталады) жиі байқалады.

Аурудың не себептен орын алғанына қарамастан, мәселе туындаса, дереу емдеу қажет.

Баспаның түрлері мен формалары


Баспаның үш түрі болады:

  • бастапқы — жұтқыншақ тіндеріндегі патологиялық өзгерістермен қоса, стрептококк аясында орын алады, әдетте, көмекей бездерінде және оларға жақын лимфа түйіндерінде;
  • қайталама, лейкоздардың, дифтерияның, қызамықтың дамуына байланысты болады, ол кезде көмекей безінің зақымдалуы да байқалады;
  • өзіндік, зең инфекцияларының, спирохетаның және басқа да патогенді микроағзалардың түсуінен орын алады.

Клиникасына байланысты, аурудың мынадай да түрлері болады:

  • үңгіршікті патология;
  • қабынба немесе фолликулярлық ауру;
  • ұшықты немесе талшықты;
  • ірің жайылмалы, жара немесе некроздық түрі.

Қабынба

Бұл мәселе кезінде:

  • көмекейдегі шырышты қабаттардың сырты зақымдалады;
  • біршама улану белгілері байқалады;
  • дене температурасының төменгі деңгейі (37-38 °);
  • тамақта таңдайдың қызаруы байқалады.

Үңгіршікті

Өте кеңінен таралған түрі. Ол көмекейге қоздырғыш түскеннен пайда болады. Орын алу себептері төмендегідей:

  • тамақтың қатты ауыруы;
  • көмекейдің ісіп кетуі;
  • қалтырау;
  • бастың ауыруы;
  • жүректің айнуы және құсу;
  • жергілікті лимфа түйіндерінің үлкеюі;
  • ақ-сары түсті қабыршақтардың пайда болуы.

Фолликулярлық

Бұл түрдегі баспа қысқа мерзімде дамитын көмекей безінің өткір қабынуымен қатар жүреді. Кейде іріңді түрі пайда болады. Бұндай кезде үңгіршікті баспадағы сияқты жалпы белгілер болады.

Негізгі айырмашылығы — көмекейдегі шырышты қабаттарда іріңді фолликулалар дамиды. Егер іріңді зақым болса, дереу емдеу керек. Бұл ағзаны жалпы улайтын қауіпті құбылыс.

Ұшықты

Аурудың іріңді түрінен кем емес тағы бір қауіптісі – ауыз қуысының ішінде Коксаки вирусының болуына байланысты ұшықты деген түрі бар. Бұл түрдің клиникалық көріністері келесі белгілер болып табылады:

 

  •  сілекейді жұтыну кезінде ауыру сезімі пайда болады;
  • сілекейдің бөлінуі жоғарылайды;
  • лимфа түйіндері айтарлықтай үлкейеді;
  • көмекей қабатының ұйыма күлдіреген жерлермен зақымдалғаны айқын байқалады, олар кейін жараның пайда болуына дейін әкеледі.

Талшықты

Аурудың бұл түрі үңгіршікті немесе фолликулярлық патологиядан кейінгі асқынулардың нәтижесі болып табылады. Бұның белгілері бұрын аталған аталған ауру түрлеріне ұқсас.

Ірің жайылмалы түрі

Аурудың бұл түрі ауыз бен көмекейдің шырышты қабаттарының қабыну реакциясымен, тамақтың ауыруымен, қызыну арқылы білінеді.

Некрозды

Аурудың ең ауыр түрі — некрозды, себебі ол жергілікті және жалпы көріністермен бірге жүреді. Улану өскен сайын мұндай ауру естің жоғалуына, қалтырауға, жиі құсу жағдайларына әкелуі мүмкін.

Жаралы-қабыршақты түрі

Патологияның бұл түріне көмекейде жараның пайда болуы, ауыздан жағымсыз иістің шығуы, сілекейдің көп бөлінуі, тамақ ауруы жатады.

Зеңді

Баспаның бұл түрі көмекейді, бүкіл ауыз қуысына айқын ақ қабыршақтардың қаптап кетуімен сипатталады. Аурудың мұндай түрін қалай емдеу керектігін түсіну үшін, ауыз қуысының шырышты қабаттарынан сұйықтықты бактериялық жинау арқылы оның түрін анықтау қажет.

Диагностика


Баспаның алдын алу шаралары клиникада дер кезінде емделуге және аурудың дұрыс диагнозына байланысты. Алғашқы қабылдау кезінде дәрігер баспа белгілерін анықтайды, көмекейдегі шырышты қабықшаларды қарап тексеріс жасайды, лимфа түйіндерін қолмен ұстап көреді.

Науқаста аурудың қай түрі орын алғанын анықтау үшін дәрігер тамақтың шырышты қабаты мен тамағынан жұғынды алып, бактериялық тексеруден өткізеді. Сонымен қатар зақымдану деңгейін анықтау үшін қан сараптамасы қажет. Кейде науқас үшін жеткілікті емдеу әдісін таңдау мақсатында МРТ тағайындалады.

Емдеу


Бұдан әрі терапиялық іс-әрекеттер қоздырғышты және тамақ ауруының формасын дұрыс анықтауға байланысты. Кейбір науқастар үйінде емделуге бола ма деп сұрайды. Баспаның жеңіл түрін өздігінен емдеуге әрине болады. Оның күрделі және ауыр формалары стационарлық жағдайларды талап етеді.

Сауықтыруды ұйымдастыру жағдайына қарамастан жалпы талаптар мынадай болады:

  • жиі су ішу;
  • бөлмені жиі желдетіп тұру;
  • қолды жиі жуу.

Дәрі-дәрмекпен емдеу патологияның этиологиясына байланысты. Егер іріңді сипаттағы мәселе анықталса, бактерияға қарсы дәрілер ұсынылады, олар:

  • Флемоклав;
  • Кларитромицин;
  • Цефтриаксон Аугментин;
  • Азитромицин;
  • Панцеф;
  • Цефорал.

Вирусты түрі орын алғанда вирусқа қарсы препараттар тағайындалады:

  • Кагоцел;
  • Виферон;
  • Ингавирин;
  • Арбидол.

Зеңді түрдегі баспа кезінде зеңге қарсы дәрілер керек болады:

  • Нистатин;
  • Флюкостат.

Сонымен қатар терапия кешеніне микрофлораны қалпына келтіретін дәрілер тағайындайды:

  • Линекс;
  • Аципол;
  • Бифиформ.

Сыртқа қолданылатын шаралар:

Ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін сыртқы шараларды да пайдалану маңызды. Баспа кезіндегі емдеуде өсімдіктердің қайнатпаларымен немесе препараттармен ауызды шаю керек, оларға мыналар кіреді:

  • сулы тұзды ерітінділер;
  • фурацилин;
  • хлоргексидин;
  • ара желімі;
  • сода.

Сонымен қатар мұндай жағдайда әртүрлі аэрозольдар мен дәрілік заттар пайдалы болуы мүмкін:

  • Ингалипт;
  • Люголь;
  • Йокс;
  • Стопангин.

Науқас адамға көмек ретінде соратын дәрілер де шығарылған:

  • Стрепсилс;
  • Доктор Мом;
  • Фалиминт;
  • Септолете.

Ламифарэн өнімі арқылы жасалатын терапия


Жоғарыда аталған емдеу әдістерінің кемшіліктері  – осы препараттардың асқазан микрофлорасына зиянды  болып табылуы. Сондай-ақ, мұндай препараттар адамды патогендік микроағзалардан толықтай құтқара алмайды. Мұндай жағдайда Ламифарэнді қолдану тиімді және қауіпсіз болады. Бұл Ламинария ангустаты қоңыр теңіз балдырынан жасалған табиғи емдік және профилактикалық өнім. Бұндай теңіз өсімдіктерінің ерекшелігі – оның құрамында төмендегі заттардың болуы:

Құрамының өте бай болғандығы өнімнің тиімділігін көрсетеді. Ламифарэн жалпы және жергілікті иммунитетті нығайтады, бұл тамақ ауруларының қоздырғыштарына қарсы әсер етеді.

Ламинарин және фукоидан полисахаридтері осындай әрекеттерде көрсетілген өнім қызметінің белсенділігін қамтамасыз ететін фагоцитозды ынталандырады:

  • микробқа қарсы;
  • вирусқа қарсы;
  • зеңдерге қарсы.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулығы

Ламифарэн өнімін иммунитет төмендеп кеткен кезде күніне үш рет 50 г  пайдалану ұсынылады. Мұндай курстың ұзақтығы – 3 ай. Егер сіз өнімді профилактикалық мақсатта қолдансаңыз, бір реттік мөлшерін азайтып, қабылдау көлемін ұлғайтуға болады.

Гельді аш қарынға, сосын тамақтанудан жарты сағат бұрын пайдалануға болады. Өнім ерекше иіс пен дәмге ие. Балдырларға негізделгендіктен бұл иіс пен дәм өнімге тән болуы шарт. Осының салдарынан барлық адамдар гельді оңай тұтына алмайды – өндіруші мұндай жағдайларда оны жеміс шырындарымен (ананас, цитрустар) араластыруға кеңес береді.

Өнімнің 1 шай қасығын бір стақан сумен араластырып аузыңызды  шаюға болады немесе күніне екі рет гельді қабынған жерлеріңізге жағыңыз. Ламифарэннің ешқандай кері әсері жоқ, оның жанама әсерлері де анықталмаған. Бұл оны барлық жастағы адамдардың пайдалануына болатынын көрсетеді.

Асқынулар


Емделмеген баспаның кесірінен ауыр мәселелер туындауы мүмкін екенін түсіну маңызды. Сарапшылар патологиядан кейінгі асқынуларды келесі топтарға бөледі:

  • жергілікті;
  • ортақ.

Біріншісі аса қауіпті болып саналмайды, ал екіншісі кейбір органдардың және жүйелердің ауруларын тудыруға қабілетті. Ауру бүйрек пен жүрекке, буындар мен құлаққа және иммундық жүйеге теріс әсер етеді.

Консультация в WhatsApp