Созылмалы гастрит

Созылмалы гастрит – асқазанның шырышты қабығының қабынуымен сипатталады. Ауру көбінесе бактериялық, химиялық, термиялық және механикалық патологиялардың әсерінен пайда болады.

Созылмалы гастрит түрінің даму нәтижесінде асқорыту процесі бұзылып, тәбет төмендейді. Науқастар жүрек айнуы, кекіру, күйдіру, тамақтанғаннан кейін асқазан аймағындағы қақсап ауырсыну белгілерін сезінеді. Созылмалы гастрит жалпы әл-ауқаттың нашарлауына, үнемі енжарлық және қатты шаршау сезімдерімен ұласады. Тиісті ем қабылдамаған жағдайда ауру асқынып кетуі мүмкін (асқазан жарасы немесе асқазан қатерлі ісігі).

Шамадан тыс мөлшерде дәрі-дәрмектер қабылдамай-ақ созылмалы гастритті қалай емдеуге болады? Мәселені шешуге арналған табиғат ұсынған қандай жолдар бар? Бұны одан әрі талқылайтын боламыз.

Созылмалы гастриттің даму себептері

Ауру асқазанның шырышты қабығының әлсіздігінен дамиды. Қышқылдықтың азаюынан ас қорыту шырындары оны зақымдайды және күйдіреді, бұл гастриттің жылдам дамуына әкеліп соғады.

Ауру бұрын асқазан-ішек инфекциясы диагнозымен ауырған науқастарда орын алады.

Хеликобактер пилори бактериясын жұқтыру (адамнан адамға немесе тамақ не су арқылы берілуі мүмкін).

Созылмалы гастриттің белгілері

Ең көп танылған белгілері төмендегідей:

асқазандағы ауырлық;

тамақтанудан кейінгі эпигастрия қысымы;

құсу;

лоқсу;

күйдіру;

аурудың тұрақтылығы;

кекіру;

ауыз қуысындағы өт дәмі;

тәбеттің болмауы;

тексеру кезінде науқастың асқазан проекциясының алдыңғы ішкі қуысы ауыруы мүмкін.

Бастапқыда асқазан секрециясы анда-санда ғана әлсіреп, кейін қалыпты жұмыс істей беруі мүмкін. Созылмалы гастрит үдеген кезде ас қорыту шырынының қышқылдық деңгейі сияқты секреция да төмендей бастайды.

Аурудың белгілері оның түріне байланысты өзгеруі мүмкін. Осылайша, созылмалы гастриттің қышқылдылығы мол түрінде шырыштар үстіртін ғана қабынады да, бездерге әсер етпейді. Аурудың бұл қарастырылып отырған түрі ең алдымен жастарға (35 жасқа дейін) әсер етеді. Қышқылдылығы мол созылмалы гастрит кезінде ауру белгілері көбінесе айқын болады және асқазан жарасының белгілеріне ұқсайды. Науқастар тамақтанғаннан кейін асқазандағы ауырсынуды, ауыз қуысындағы қыжыл, қышқыл дәмін байқайды. Асқорыту шырыны түн мезгілінде белсенді түрде бөлінеді.

Егер аутоиммунды созылмалы гастрит болса, оның белгілері жоғарыда айтылғандарға қарағанда ерекшеленеді:

қатты әлсіздік байқалады;

тахикардия болуы мүмкін;

құлақ шуылдайды;

бас айналады;

тәбет төмендейді;

дене салмағы күрт төмендейді;

ішек жолдарының жұмысы бұзылады;

тіл қабынады;

көз қарауытады;

аяқ-қол ұйып қалады.

Неліктен ауруға немқұрайлы қарамау керек?

Созылмалы гастрит — уақытында емделмеген ауру. Емдеуден бас тарту асқазаннан қан кетуіне, асқазан жарасына әкелуі мүмкін. Қатты қиын жағдайларда, қатерлі ісіктің дамуынан қашып құтыла алмайсыз, әсіресе бұл асқазан қабығы жұқа науқастар үшін қауіпті.

Маманнан кеңес алу өте маңызды, бірақ бір нәрсені өз бетіңізше жасауыңызға болады. «Ламифарэн» тағамдық гелін қолдану науқастың әл-ауқатын айтарлықтай жақсартады және өз денсаулығына қамқорлық жасайтындардың бәріне тиімді профилактикаға айналады.

Емдеу

Созылмалы гастритпен ауыратын адамдар үшін «Ламифарэн» тағамдық гелінің пайдасы қандай? Бұл өнімнің негізі – құрамында натрий альгинаты және ағзаға арналған бағалы заттары көп Ламинария қоңыр балдырлары болып табылады. Олардың көпшілігінің бактерияға қарсы айқын әсері бар және патогенді микрофлораның салдарынан туындаған дисбактериоздың ортасын қалыпқа келтіруге ықпал етеді.

Хеликобактер пилори, стафилококк және стрептококкпен қатар, толыққанды дәрумендік кешенге қарсы тұра алмайды. Созылмалы гастрит түрінде «Ламифарэн» анальгетикалық, ауруды басатын, қабынуға қарсы зат ретінде әрекет етеді. Гельді қолдану асқазан-ішек жолдарының қозғалтқыш қызметін реттеуге, ішек теңгерімін жақсартуға мүмкіндік береді. Өзінің қабынуға қарсы күшті әсері мен қалпына келтіру қасиеттеріне қарай, «Ламифарэн»қабылданған антибиотиктердің мөлшерін едәуір азайтуға мүмкіндік береді.

Неге «Ламифарэн»?

Созылмалы гастрит әрқашан асқазанның шырышты қабығының қатты қабынуымен және зақымдануымен сипатталады. Ауыр белгілеріне байланысты дəрігерлер дәрі-дәрмектердің едəуір көп мөлшерін тағайындайды. Дәрілер мен микстуралардың көптігі, асқазан жарасына, эрозиялық гастрит немесе қатерлі ісіктің пайда болуына әкелуі әбден мүмкін.

Мәселе мынада, дәрі-дәрмек қабылдау – бұл мәселенің шешімі емес. Дәрілердің  әсері аурудың белгілерін жояды, бірақ оның басты себебін анықтамайды. Нәтижесінде, ауру аз уақытқа қойып, кейін қайта оралады.

«Ламифарэн» тағамдық гелі — ешқандай орнын басатын ұқсас өнімдері жоқ гель болып табылады. Құрал емдеуді талап ететін органдарға ғана емес, сатылай әсер ете отырып, бүкіл адам ағзасына жағымды әсер етеді. Гельді емдік-профилактикалық тамақтану теңгерімімен ұштастырып отыру керек: осылайша сіз, қышқылдықты азайтып, қабыну процесін басып, қоректік заттармен байытып, ағзаның қорғаныс функцияларын арттыра аласыз.

Гельдің құрамы

Альгинат асқазанның шырышты қабығының қабынуын жеңілдетуге, ағзаны тазартуға көмектеседі. Фукоидан – созылмалы гастрит асқынуларының, соның ішінде асқазан ойық жарасының ең жақсы алдын алушы. Егер жара сонда да анықталса, фукоидан оның дамуына кедергі келтіре алады және біртіндеп оның көлемін азайтады. «Ламифарэнді» тұрақты негізде пайдалану созылмалы гастритті келесі кезеңге көшіруден сенімді қорғау болып табылады.

«Ламифарэн» құрамдас бөліктерінің арасында сіз синтетикалық заттар, хош иістендіргіштер, жасанды түске бояғыштар мен қоспалар таба алмайсыз. Өнім табиғи және қауіпсіз болғандықтан, оны 4 айдан асқан балаларға, әйелдерге жүктілік кезеңінде және емшек сүтімен емізетін уақытта қолдануға болады.

 

 

 

 

Консультация в WhatsApp