Несеп-жыныс жүйесі

Несеп-жыныс жүйесі

Несеп шығару жүйесі құрамына бүйрек, несеп тамыр, қуық және несеп шығару каналы кіреді. Бұл органдардың дұрыс жұмыс істеуі адам денсаулығы үшін маңызды екені рас. Несеп жолдары мен репродуктивті органдар арасында тығыз байланыс орнаған,  Сондықтан кез келген ауруды алғашқы белгілері біліне салысымен емдеу керек. Несеп-жыныс жүйесін емдеу, себептерінің нақты диагностикасы мен аурудың дамуына қарай нақты болуы қажет.

Несеп-жыныс органдарына инфекция түсуі зең ауруының, бактериялардың, паразиттер мен вирустардың әсерінен болуы мүмкін. Сырқаттың көп бөлігі жыныс жолдары арқылы беріледі, ол қосымша күдік тудырады.

Пайда болу ерекшелігі

Сырқат әйелдер мен еркектерде түрлі жолдар арқылы білінеді. Ер адамдар несеп шығару жолдарының төменгі бөліктерінің зақымдалуынан жиі зардап шегеді. Бұндай ерекшелік несеп шығару каналының ұзындығымен байланысты. Ауытқудың алғашқы белгілері несеп шығару кезіндегі бұрап ауыру болып табылады. Ер адамдар шат арасында ауыру сезімдерін байқайды, жиі дәрет сындырғысы келеді, алайда қуығын босата алмайды. Бұл белгілер байқалса, тез арада маманға каралу керек.

Қазіргі ер адамдар көп соқтығысатын сырқаттар ішіндегі кең таралғаны простатит пен уретриттер түрлері. Ер адамдар үшін несеп-жыныс органдарының инфекциялары тән емес, венерологиялық аурулардан басқа, бұл мәселелер ара-тұра туындап тұрады.

Әйел адамдардың ағзасына келетін болсақ, оларға табиғи жолмен берілген несеп жолдарының инфекциялық аурулары тән. Оған себеп несеп каналының құрылу ерекшелігінде болады.

Ол өте ұзын және айтарлықтай кең болып келеді. Қоздырғыш еш қиындықсыз куыққа өтіп, белсенді түрде бүйрекке қарай жылжиды. Көптеген әйелдерде сырқат созылмалы формада болады, асқыну аз кездеседі.

Жиі кездесетін аурулар арасында цистит, уретрит, пиелонефрит болады. Аурулар сыртқа көп уақыт білінбей жүруі мүмкін. Ондай аурулардың пайда болғанын несеп сынамасының микрофлорасынан немесе стерильдеуге несеп жинағанда байқайды. Әйел адамдарда несеп-жыныс жүйесін емдеу қажеттілігін болдырмас үшін, жылы киініп жүру керек.

Белгілері

Аурудың қандай түрі болса да, олардың белгілері болады. Уретриттің орын алғаны туралы дәретке жиі бару және несеп шығарудың ауыру сезімімен ұласатынына қарап айтуға болады. Несеп сынамасына карап маман лейкоциттер жиынтығының көбейгенін және несепке қан араласу – несеп шығару каналы мен қуықтың қабынғанын білдіретінін айтады.

Уретрит пен циститтің даму себебі интимдік гигиена ережелерін сақтамау және жыныстық катынасқа түсетін әріптесін жиі ауыстыру болуы мүмкін. Кей кездері бактериялар несеп-жыныстық органдарға ағзада ертеректе болған қабыну салдарынан түседі.

Цистит қуықтың шырышты қабатының қозуынан пайда болады. Ауру дамуының дұрыс болжамдары ретінде мамандар несептің бір бөлігінің тұрып қалуы және оның тежелуі, қуықта жаңа мөлшердің пайда болуы, ағзаның жиі суықтауы, гормондық жылжулар, алкоголь ішу, тәттілер мен кептірілген өнімдерді пайдалану сияқты белгілерді айтады. Интимдік гигиенаны сақтамау аса қауіпті жағдай.

Циститтің асқынған түрінде несеп түсі бұлдыр болады, сондай-ақ науқас әр 10-15 минут сайын несеп шығаруға барғысы келеді. Әр барған кезінде қатты ауыру сезімі болады. Көптеген әйелдерде асқынған циститтің дамуы ағзаға ішек таяқшалары түсіп кеткен жағдайда орын алады.

Сырқаттың қабынған түрі несеп шығару жүйесінің басқа да көптеген ауруларына зардабын тигізеді. Ол несеп-тас ауруының, несеп шығару каналы патологияларының, қуық алды безі аденомасының себепшісі болуы мүмкін. 

Пиелонефрит бүйрек астауындағы қабыну әрекеттері кезінде байқалады, бұл жерде бүйрек бөліп шығарған несептің шоғырлануы басталады. Мұндай инфекцияны ең қауіптілердің қатарына жатқызады. Науқастардың көбінде сырқаттың ерекше белгілері білінбейді, сол себепті адам бұл аурумен ауыратынын білмей жүре береді. Пиелонефриттің көптеген түрлері бар. Ол өздігінен орын алған немесе алдында ауырған сырқаттың зардабы болуы мүмкін.

Ер азаматтар үшін инфекцияға шалдығудың кең таралған түрі простатит болып саналады, кейін созылмалы түріне де айналуы мүмкін. Мұндай жағдай ер адамдардың репродуктивті қызметі үшін аса қауіпті, сондықтан оған дұрыс көңіл бөлу қажет. Еркектердің несеп-жыныстық жүйесін емдеу кешенді түрде жүргізілуі керек және емдеу кестесіндегі маңызды орынды иммунды ынталандырушы дәрі-дәрмектер алады, себебі қабынудың дамуы және оның асқынған түріне айналуы науқастың иммундық жағдайының нашарлауымен жиі байланысты.

Несеп-жыныс жүйесін тиімді түрде емдеу

Несеп-жыныс жүйесінің ауруларымен күресуге арналған көптеген дәрі-дәрмектер бар. Науқас үшін айтарлықтай қауіпсіз болатыны – үнемі сырқаттың алдын алып, оның дамуына жол бермеу. Бұл ағза үшін жағымсыз әсерлерді төмендетеді. Несеп-жыныс жүйесін емдеу дәрі-дәрмектері көбіне инфекциямен күреседі.  

Несеп-жыныс жүйесі органдары ауруларының бастапқы сатыларынан емдеу және алдын алуға арналған күшті зат “Ламифарэн” болып табылады. Өнім құрамында бірегей емдік қасиеттерге ие қоңыр балдырлар сығындысы жатыр. Өнімнің толықтай табиғи құрамы “Ламифарэнді” кез келген жаста және түрлі ауруларды емдеу кезінде қолдануға мүмкіндік береді. Құрамындағы адам ағзасына қвжетті микроэлементтер мен дәрумендердің жиынтығының арқасында, өнімді қабылдаған бірінші күннен-ақ өзіңізді жақсы сезіне бастайсыз.

“Ламифарэннің” биоқолжетімділігі 98%-ға дейін жетеді, мұны тіпті қазіргі заманауи дәрі-дәрмектер арасында да рекордтық көрсеткіш деп айтуға болады. Өнім құрамы “Ламифарэнмен” денсаулығыңызға қатысты барлық мәселелеріңізді шеше алатындай және аурудың қайта дамуын болдырмайтындай етіп дайындалған.

Несеп-жыныс жүйесінің жағдайы аса көңіл бөлуге тұрарлық мәселе. Өзіңізге сыйлық жасап, тура бүгін “Ламифарэн” сатып алыңыз!

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp