Шашыраңқы склерозды емдеп жазуға бола ма?

Кез келген жаста пайда болатын ауыр және болжап білуге болмайтын ауруларға шашыраңқы склерозды жатқызады. Ауру жастарды да зақымдайды, дер кезінде емдік шаралар жүргізілмесе, еңбекке жарамсыздыққа және одан ары қарай мүгедек болып қалуға алып келеді.

Шашыраңқы склероз дегеніміз не?

Склероз жұлын және бас ми бөлімдерін қозғайтын созылмалы аутоиммунды ауруларға жатады. Шашыраңқы склероз 20-40 жас аралығындағы емделушілердің арасында кеңінен таралған, балалар мен егде жастағы адамдарда да кездесуі мүмкін.  

Аурудың ерекшеліктеріне неврологиялық белгілердің қалыптасуымен жүйке жүйелерінің бірнеше бөлімдерін бір мезгілде зақымдау жатады. Ауру асқыну мен ремиссияның қайта-қайта тарауымен сипатталады, көбінесе әйел адамдарда жиі кездеседі. Ер адамдарда үш есе кем кездеседі, бірақ өте ауыр түрде болады.

Склероз негізінде жүйке қабықшаларының бұзылуы жатады. Қалыптасқан ошақтар түйіншектер деген атауға ие. Олардың көлемі бірнеше миллиметрден 1-2 сантиметрге дейін өзгеріп отырады. Патология ішкі ағзалар жұмысының бұзылуына алып келетін екінші қайтара аурулардың қосылуымен қауіпті:

шығу тектері инфекциялық – пневмония, уросепсис;

буылтықтық бұзылулар – тамақты жұту, шайнау процесі кезінде, жүрек және тамырларының, тыныс алудың әрекетсіздігінен туындайтын мәселелер;

жалған буылтықтық – ымдау, сөйлеу мүшелерінің жұмысы, интеллектің бұзылуы, бірақ тыныс алу және жүрек-қан тамырлары бөлімдері зақымдалмайды.

Екінші мәрте зақымдалған склероздың соңғы кезеңі өліммен аяқталатын жағдайдың бірден-бір басты себебі болады.

Классификациясы

Склерозды түрге бөлу ауру ағымы мен сипатының ерекшеліктері бойынша жүзеге асырылады. Аурудың негізгі түрлері ұсынылған:

  1. Ремитирующим – шаршағыштық склероздың кең таралған түріне жатады, науқастардың 75%-ында кездеседі. Толқын тәрізді ағыммен, клиникалық белгілердің әрдайым өзгергіштігімен сипатталады. Асқыну белгілері бірнеше айға немесе жылға созылатын ремиссиямен ауысады.
  2. Бірінші үдемелі – науқастарда денсаулығының ақырындап нашарлағаны білінеді. Асқыну сирек орын алады немесе мүлдем болмайды. Жұлында жүйке жүйесі зақымдалады, ал бас мида сирек орын алады. Емделушілердің ой-өрісінде өзгеріс, ауытқу болмайды, бірақ склероздың өзге түрлеріне қарағанда, еңбекке жарамсыздық біршама тезірек орын алады. Жынысына қарамастан, кез келген орта жастағы адамдарда белгіленеді, науқастардың 10%-да кездеседі.
  3. Екінші-үдемелі – аурудың қайтару кезеңіндегі емделушілердің жартысы 10-15 жылдан кейін шаршағыштық склероздың осы фазаға ауысуына тап болады. Жасырын ағымының уақыт азаяды, ауру ақырын дами бастайды, асқынулар сирек кездеседі. Ауру созылмалы бола бастайды, 10 жылдан кейін үдемелі түрге өзгереді.
  4. Үдемелі-қайталамалы – науқастардың 5%-да тіркеледі. Патологияның сатылай дамуы қысқа ремиссиялардың орнын басатын асқынулардың тарауына алып келеді. 

Склероз қалыптан тыс түрде де кездесуі мүмкін:

ерте дебютті – 16 жасқа дейінгі балаларда туындайды;

кеш басталуы – 45 жастан асқан кісілерде кездеседі;

қатерлі – қысқа мерзім бойы неврологиялық бұзылыстардың үдей түсуімен – 2-ден 3 жылға дейін;  

қатерсіз – ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамдылық пен белсенділіктің сақталуымен.

Жұмсақ немесе қатерсіз түрі шарттыларға жатады: оның әсері біраз кезеңге сақталады, содан соң склероз тез өршіп, аз уақытқа күшті неврологиялық бұзылуларды тудырады. Жүргізілген клиникалық зерттеулер аурудың дамуының осы түрі басталғаннан кейін 20 жылдан соң белсенділігі жоғары дегенерациялық процесстермен тез алмасатынын, патологияның классикалық түріне қарағанда жағдайдың нашарлауы тез өтетінін дәлелдеді.

Қауіп-қатер тобында кімдер болады?

Аурудың даму көзі әлі соңына дейін нақты зерттелмеген. Мамандар склероздың қалыптасуы бірнеше факторлардың әсер етуінен орын алады деп болжам жасайды. Аурудың пайда болуының басты себептеріне иммундық жүйе жұмысының бұзылуын жатқызады. Шашыраңқы склероздың пайда болуын өршітеді:

диетаның дұрыс таңдалмауы;

күйзеліс тудыратын жағдайлар;

вирустық және бактериялық патологиялардың жиі пайда болуы;

тұқымқуалаушылық – иммунитеттің өздігінен реттелу процессінің бұзылуына генетикалық бейімділік;

бас, арқа айналасының зақымдалуы және хирургиялық оталардың жасалуы;

уытты заттар, нашар экология.

Қауіп-қатер тобы өзіне мынадай науқастарды қамтиды:

ақуыз бен малдың майын өте көп мөлшерде қолданатындар;

денесінің салмағы шамадан тыс артық болуы және әртүрлі дәрежедегі семіздік; 

ішке қабылдайтын контрацептивтерді қабылдайтындар – жергілікті гинекологқа қаралмай, онымен кеңеспей;   

жартылай фабрикаттар мен құрамында ас тұзы өте көп мөлшердегі өнімдерді ұнататындар;  

қанында глюкозаның деңгейі жоғарылар.

Дәрігерлер дәрумен жетіспеушілігі мен Д дәруменінің жеткіліксіз мөлшерде келіп түсуі шаршағыштық склероздың пайда болуының себебі болуы мүмкін екеніне болжам жасайды. 

Белгілері

Шашыраңқы склероздың бастапқы сатысының тіпті зақымдану ошақтары бас ми бөлімдерінде болғанның кезде де айқын өзіне тән клиникалық белгілері болмайды немесе денсаулықтың күрт нашарлауымен және айқын симптоматикасымен қарыштап дамиды.

Патологияның біртіндеп күшеюі аурудың тұрақты белгілерінің пайда болуына алып келеді. Кең таралған белгілер ұсынылған:

  1. Бұзылыстармен – негізгі бұлшықет қызметінің сақталуымен, бірқалыпты бұлшықет әлсіздігінің пайда болуымен, тез шаршағыштықпен, соңғы кезеңдерінде жарақаттанулар. Науқастарда гипотония, дистония, аяқтың зақымдануы.
  2. Мишықтың зақымдануы – үйлесімділіктің бұзылуы қайта-қайта бастың айналуымен, аяқ-қолдардың аздап дірілдеуінен, жүрістің өзгеруінен, жазудың нашарлауынан байқалады. Үдеу барысында науқастың денсаулығы нашарлайды, маңызды өзгерістер туындайды: ерікті бұлшықет қозғалыстары, көздің жылдам қозғалуы жоғалады, сөйлегені түсініксіз бола бастайды, қолдың майда моторикасының әрекетсіздігі, сөздер мен сөз тіркестерін бөліп-бөліп айтуы. Науқас өз бетінше тамақ жей алмай қалады.
  3. Бас сүйек-ми жүйкелерінің әрекетсіздігі – зақымдану ошағының (мидың ішінде және сыртында) орналасқан жеріне байланысты белгілері орталық немесе шеткі түрінде болады. Склероздың жиі көрініс табуына беттің, қылилықтың пайда болатын үш тармақты, көру немесе көз қозғалтқыш жүйкелерінің зақымдалуын, көз бұлшықеттерінің жансыздануын және т.б. жатқызады. 
  4. Сезімталдықтың төмендеуі – науқастарда бетінің, жағының, еріннің, аяқ-қолдың жансыздануы байқалады. Бұлшықеттердің ауырсынуы қозғалыстың бұзылуына алып келеді.
  5. Қысқыштардың бұзылуы – емделушілер кіші және үлкен дәретке жиі немесе сирек  шыққысы келетініне шағымданады. Шашыраңқы склероздың соңғы кезеңдерінде шыжың – несептің тоқтамауы кездеседі.
  6. Зияткерлік өзгерістер – емделушілер есте сақтау қабілеті, зейіні нашарлайды, ақпаратты қабылдау мүмкіндігі азаяды. Науқастарда бір әрекеттен екінші әрекетке көшуде қиындықтар туындайды. Психоэмоционалды мәселелер депрессиялық жағдаймен, негізсіз қобалжу, енжарлық, күйгелектікпен көрініс табады. Кейбір жағдайларда ақыл-есінің кемдігі байқалады. 

Әйел адамдарда белгілері қосымша етеккір циклінде білінеді. Жыныстық құмартудың азаюы, жыныстық әрекеттің бұзылуы орын алуы да мүмкін. Ер адамдарда белгілері белсіздіктің дамуымен толықтырылады. 

Диагностика

Шашыраңқы склерозды анықтау сыртартқының талдауын жасаудан басталады. Алынған мәлімдеуді бағалап болғаннан кейін дәрігер жолдама жазып береді:

  • МРТ-ға – жұлын мен бас миды зерттеу ауруды 90% дәлдікпен анықтайды, зақымдалу ошақтарының орналасқан жерін, олардың көлемін табуға көмектеседі;
  • ми жұлын сұйықтығын алуға – талдау иммунды глобулиннің үлкейтілген мөлшерін, лимфоциттің көбеюін, иммуноглобулина, лимфоцитоз, олигоклональды қарсы денелердің бар немесе жоғын көрсетеді.

Патологияның соңғы кезеңдерінде жүйке ұштары шеттеріне, қабылдағыш аппаратқа қоздырғыштардың әрекетіне зерттеу жүргізіледі. Алынған нәтижелер жүйке жүйесінің, оның орталық және шеткі бөлімінің зақымдалу деңгейін бағалау үшін қажет.

Шашыраңқы склерозды емдеу

Терапия әр емделушіге жеке белгіленеді. Әдісті таңдау аурудың күрделілігі мен кезеңіне байланысты болады. Емдеу жүргізілетін болады:

  • плазмаферезбен;
  • цитостатиктермен;
  • иммунобасқыштармен;
  • иммуномодуляторлармен;
  • бета-интерферондармен.

Белгілерді басу үшін антиоксиданттар, аминқышқылдары, ноотроптар, миорелаксанттар, полидәруменді кешендер, энтеросорбенттер:

  • орталықтандырылған шала салдану кезінде бұлшықет тонусының төмендеуіне Мидокалм, Сирдалуд, Толперизон, Тизалуд, Баклосан қабылдау арқылы қол жеткізуге болады;
  • несеп шығарудың бұзылуын Прозеринмен, Галантаминмен, Амиридинмен, Арминмен, Оксазилмен тоқтатуға болады;
  • невротикалық симптоматика мен дірілді азайту – Феназепаммен, Сибазонмен, Фезанефпен, Фензитатпен;
  • депрессиялық жағдайды басу – Пароксетинмен, Флуоксетинмен, Адепресспен, Плизилмен;
  • дірілдеген синдромды жою – Антелепсинмен, Финлепсинмен, Карбамазепинмен, Тегретолмен.

Емделушілерге Ноотропилді, Церебролизинді, Глицинді, глутамин қышқылын, В тобындағы дәрумендерді курспен қабылдап емделуге кеңес береді. Олардың әсерімен жүйке жүйесі қалыпты жұмыс істей бастайды.  

Шашыраңқы склероз кезінде Ламифарэннің әсер етуі

Емделушілерде шашыраңқы склероз кезінде Ангустат Ламинариясы қоңыр теңіз балдырларынан жасалатын Ламифарен емдік-профилактикалық өнімін пайдалануға бола ма деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, оның құрамында адам ағзасының қалыпты тіршілік етуіне қажетті дәрумендердің, минералды заттардың, полисахаридтердің мөлшері өте көп.

Эксперимент ретінде ұсынылған мөлшерде қабылдау мыналарға көмектесетіні дәлелденген:  

жаңадан пайда болатын өскіндердің өсуін баяулатуға;

холестериннің, радионуклидтердің артықтарын, ауыр металлдардың тұздарын шығаруға;

қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге;  

улы заттарды шығаруға – энтеросорбент сияқты әсер етеді.

Шашыраңқы склероз кезінде Ламифареннің ағзаға әсер етуі бойынша мамандандырылған клиникаларда зерттеулер жүргізілмеді. Ламифареннің мамандары емделушілер емдік-профилактикалық өнімді қабылдағаннан кейін сөйлеуі қалыпқа келгенін, көздің көруі жақсарғанын, жүйке жасушаларының зақымдалған жерлері қалпына келгенін айтады.

Адамның жүйке жүйесі үнемі В тобындағы дәрумендерді қажет етеді – олар неврологиялық бұзылыстарды емдеу үшін қолданылады. Ламифареннің құрамында Д, А, Е, В дәрумендерінің болуы оның жұлын мен бас мидағы жүйкелердің зақымдалған жерлеріне жақсы әсер ететінін, алмасу процесстерін жылдамдататынын және иммунитеттің жұмысын қалпына келтіретінін білдіреді.

Емдік-профилактикалық өнім шашыраңқы склерозды алдын алуда және оның асқынып кетуін ескертуде жақсы көмектеседі. Оның құрамындағы дәрумендік-минералды кешен қан аздықтың, дәрумен жетіспеушілігінің дамуын ескертеді. Ағзаның тұрақсыз жұмыс істеуі көбінесе пайдалы элементтердің жетіспеуімен байланысты. Ламифарэн дәрумен жетіспеушілігін алдын алуға көмектеседі.

Қорытынды

Шашыраңқы склероздың алғашқы белгісі – бұл созылмалы шаршағыштық. Мамандар олармен дәрумендердің көмегімен күресуге, ұйқыны қандыруға және күйгелектікті азайтуға кеңес береді. Көңіл-күйде өзгерістер болмаған кезде дәрігерден кеңес алу және диагностикалық тексеруден өту керек. Емханаға міндетті түрде бару керек екенін білдіретін аурудың екінші белгілері мыналар:

аяқ пен қолдың бұлшықеттерінің қатты әлсізденуі;  

еріксіз дірілдеуі;

тәлтіректеу, дұрыс жүре алмау, жүрген кезде шалынып қалу, кездейсоқ құлап қалу;   

аяқтың немесе қолдың сезімталдығының жоғалуы немесе шаншуы;  

көз көргіштігінің нашарлауы;

тепе-теңдіктің, қимыл-қозғалыс үйлесімінің бұзылуы, бастың айналуы;

сөйлеудің бұзылуы, психологиялық бұзылыстар.  

Аталмыш белгілер тікелей жүйке жүйесі функционалдығында мәселелер туындағанынан хабар береді. Патология дамуының бастапқы кезеңдерінде оның анықтау қиын, дәрігерлердің көпшілігі бақылау тактикасынан бастайды және поли дәрумендерді қабылдауды ұсынады. Жасанды дәрумендердің орнына толықтай табиғи өнім, құрамында синтетикалық компоненттері жоқ Ламифарен дәруменін қабылдауға болады.

Шашыраңқы склерозды толықтай емдеу мүмкін емес, дәрі-дәрмектердің көмегімен және емделушінің үйреншікті өмір сүру салтын өзгерту арқылы аурудың клиникалық көрініс табуын азайтуға болады. Терапияны дұрыс қабылдау және табиғи емдік-профилактикалық өнімдерді пайдалану ремиссияның мерзімін арттыруға, мида, ішкі жүйелер мен мүшелерде қосалқы аурулардың дамуына жол бермеуге көмектеседі.

Консультация в WhatsApp