Қанттан бас тартудың 10 себебі

     Қант тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем бойынша танымал және көп қолданылатын өнім болып табылады. Ол тағамдық қоспалар ретінде де, сонымен бірге жеке өнім ретінде қолданылады. Біз әдейі тамағымызға бір түйір қант қоспасақ та, оның біраз мөлшері тағамда бәрібір кездеседі.

     Ең алғашқы қоспа осыдан жарты ғасыр бұрын элиталы дәмдеуіш ретінде Еуропада пайда болған, ол тек дәріханаларда өлшеніп сатылатын болған. Алғашында қантты тек қамыстан алатын, кейінннен ол қызылшаның ерекше сортынан өндірілетін болды.

     Өнімнің басты құрамдас бөлігі – сахароза және ол ағзаға түскеннен кейін фруктоза мен глюкозаға ыдырайды. Бұл құрамдас бөліктердің сіңірілуі бірнеше минут ішінде болады және біздің денеміз энергияның үлкен қорын ала алмайды. Қант – бұл нағыз көмірсудың өзі, ол биологиялық құндылықтардан тұрмайды, бірақ энергетикалық әсерге ие. 100 г. тәттілендіргіш қабылдасаңыз, сіздің ағзаңыз 374 калория алады.

    Қантты тұтынудың мөлшері қандай?

     Күнделікті біздің еліміздің тұрғындары орта есеппен 100-ден 150 г. дейін қант тұтынады. Аптасына 1 кг болады. Біздің ағзамыз бұл өнімді қабылдауға аса қажеттілік танытпаса да, оның қоспасы біздің өміріміздің бөлінбес бір бөлшегі болып қалды. Мысалға алатын болсақ, Америка Құрама Штаттарының халқы орташа есеппен шамамен 200 г. қант тұтынады, ал бұл Ресей азаматтарының тұтынатын мөлшерінен 2 есеге кем. Бұл көрсеткіш елдің және өмір сүру аймағынының түріне қарай өзгеріп тұрады. Азия тұрғындары қантты айтарлықтай аз мөлшерде – 70-90 г. қабылдайды, алайда мұның өзі қажетті нормадан жоғары. 

     Күнделікті бүкіл әлем тұтынатын өнімдердің барлығында қант кездесетінін ескере кетуіміз керек. Сондықтан да есептеу кезінде қоспаның өзімен қоса, қолданылатын өнімдерде де оның болатынын ұмытпау қажет. Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымының өкілдері орташа есеппен әр адам тәулігіне 30 г. қанттан аса тұтынбау керек деген тұжырым жасаған.

      Қант — ағзадағы тәтті зиянкес

     Қант тек дәмді қоспа ғана емес, сонымен бірге ауыр жағымсыз жағдайларға әкелетін өнім болып табылады. Мысалы, тәттіні өте қатты жақсы көретін адамдар  зат алмасуының ауытқуынан зардап шегеді және иммундық жүйенің ауытқуы салдарынан жиі ауырады. Сондай-ақ осы санаттағы адамдар жүректің ауыруын және кенеттен өзін нашар сезінетіндіктерін айтып шағымданады.

     Қант біздің ағзамызға ішкі жағынан ғана емес, сыртқы жағынан да жағымсыз әсер береді. Бұл өнім теріні жылдам қартайтады, жұмсақтығынан арылтады, безеулердің шығуына ықпал етеді және бет терісінің түсін өзгертеді.

     Зерттеу нәтижелерінен және өмір бойы қанттың көп мөлшерін пайдаланғаннан болатын, кейін кесірін тигізетін түрлі аурулардан қорыққандықтан кейбір адамдар қанттан мүлде бас тартады. Бұл өнімнен мүлде бас тарту өте қиын, себебі оны тұтыну күнделікті әдетке айналып кеткен және әдеттегі тағам оны қоспасаң басқаша дәмге ие сияқты болып көрінеді.

     Біздің ағзамыз қантты қайта өңдеу үшін  кальций қолданатынын ескеруіміз керек және ол сүйектердің мықтылығы үшін жауап береді. Шақпақ қантты қаншалықты көп жесеңіз, сүйектердегі пайдалы минералдар соншалықты көп кетеді және бұл остеопороз, мешел артриті, басқа да сүйек ауруларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар сүйектердің морт сынғыштығы жоғарылайды, сынудың жоғарғы қаупі болады және осылардың бәріне қосымша тістердің сыртқы эмалі нашарлайды, ал оларды емдеу жағымсыз болуымен қатар, аса қымбат тұратыны белгілі.

     Мысал ретінде қарапайым карамельді алсақ, ол тіске жабысып қалып жағымсыз ауру тудырады, әсіресе тістің түбін ауыртады. Бұл эмальдің белгілі бір зақымдары бар екендігінің алғашқы «қоңыраулары» болып табылады және егер ауру тоқтамаса – іс насырға шабуы мүмкін. Сондай-ақ өнім ауыз қуысындағы қышқылдық деңгейін жоғарылатады, соның нәтижесінде тек тіс эмалін зақымдап қана қоймай, сонымен бірге ауыздан жағымсыз иістің шығуына мүмкіндік тудыратын зиянды бактериялардың пайда болулары мен ары қарай дамуына жайлы атмосфера тудырады. Осы микроағзалар сүйек ұлпаларының қалпына келу әрекеттерін жиілетеді және тістеріміз іріңдеп, ауырып, кей жағдайларда тіпті түсіп қалуы мүмкін. Жалпы сипаттаманы түсіндірдік, енді нақты дәлелдерге көшетін уақыт болды. 

      № 1 себеп. Қант  – семірудің себебі болады

     Біздің ағзамызға түскеннен кейін қант бірнеше құрамдас бөліктерге ериді, олардың ішінде гликоген де бар. Егер бұл заттың мөлшері бауырда қажетті нормасынан артық болса, оның қалдықтары май қоры ретінде жинала береді. Көбінесе ең қиын жерлер – бөксе мен ішке жиналады. Зерттеу нәтижелері бойынша, егер қантты маймен қосып қабылдаса, соңғысы жылдам сіңіріледі екен. Демек, егер сіз қантты көп пайдаланатын болсаңыз, семіру мүмкіндігі жоғары болады, себебі қант құрамында ақуыздың өңделуіне нақты жауап беретін қажетті дәрумендер мен минералдар жоқ.

      № 2 себеп. Қант — жалған аштықтың қоздырғышы

     Біздің миымыз — ол әр бөлігі белгілі бір қызметке жауап беретін, ең күрделі орган. Бұл жерде біздің әрбір қимылымызға жауап беретін аймақтар және аштық сезімін реттеп отыратын  белгілі бір бөліктер болады.  Құрамында қанты көп азық-түліктерді қабылдау кезінде, тәбетке жауапты аймақта орналасқан нейрондардың жұмысы бұзылады, соның салдарынан жаңа тамақ ішсеңіз де, тағы тамақтанғыңыз келіп тұрады. Тағы аштық сезіміңізді басқыңыз келіп, уақытынан бұрын аузыңызға тамақ саласыз. Бұл шамадан тыс тамақтану мен уақыт өте келе семіруге әкеліп тіреледі. 

     Аштық сезімінің пайда болуына глюкоза мөлшерінің кенет түсіп кетуі де әсер етеді, нәтижесінде біздің миымыз қажетті теңгерімнің орнын толтыруды қажет етеді. Қанттың шамадан тыс түсіп кетуі инсулин мен гюкоза көлемінің жоғарылауына соқтырады, осылайша жаңа ғана тойып ішкен тамақтың артынан тағы бірдеңе жегің келеді.

     № 3 себеп. Қант қартаюды жылдамдатады

     Пайдаланылатын қанттың көп мөлшері уақытынан бұрын қартаюға әкеледі. Қоспа тері қабаттарына жиналып, ондағы коллаген мөлшерін төмендетеді. Сонымен қатар ағзаға іш жағынан жағымсыз әсер беретін еркін радикалдар деп аталатын жек химиялық бөлшектерді ұстап қалып отырады.

      № 4 себеп. Қантқа деген тәуелділік

     Қантты тұтыну кезінде адам миында көптеген өзгерістер болады және морфин, кокаин және никотин тұтынатын адамдар тәуелділігіне ұқсас әсермен салыстыруға болатын нейрондық байланыстар пайда болады. Бұл дерек зертханалық жағдайларда егеуқұйрықтарды таңдап жасалған, олардың рационынан қантты алып тастағанда, жағдайы қатты нашарлағанын көрсеткен – осындай жағдай адамда да болады.

      № 5 себеп. Қант дәруменсіздікке әкеліп соқтырады

     Көп жағдайда бұл ас қорыту жүйесінің тұрақтылығына,   «B» тобының дәрумендеріне қатысты, нақтырақ айтсақ біздің ағзамыздың жасанды тәттілегіштерден тұратын өнімдерді қалай өңдейтіні мен сіңіретініне жауап беретін дәрумендерге қатысты. Біз күнделікті өмірде тұтынып жүрген қарапайым қоспаларда «В» дәрумені жоқ, сондай-ақ қанттың кесірінен осы құрамдас бөліктер өмір сүру үшін маңызды органдардан шығарылып тасталынады. Бұл дәруменсіздікке және ағзаның қатты зақымдалуына әкеліп соғады.

     Қантты шамадан тыс пайдалану төменде көрсетілген зардаптарға әкеліп соқтыруы мүмкін:

    үнемі шаршап жүру;

    көздің көруінің нашарлауы;

   тері ауруларының дамуы;

   жүрек жеткіліксіздігі және т.б..

     Егер тәтті шай ішкеннен кейін басыңыздың кішкене болса да айналғанын сезсеңіз – бірнеше күн тәтті жеуді тоқтатыңыз, осылайша денсаулығыңызды, мүмкін тіпті өміріңізді де сақтап қаласыз. Сіз қарапайым тамақ ішкен кезде, ағза «В1» (тиамин) дәруменінің қажетті мөлшерін сіңіреді және ол крахмал мен қанттың ыдырауына жауап береді. Сонымен қатар, осы жағдайға асқорыту жүйесінің қаншалықты жақсы жұмыс жасайтыны және қаншалықты жиі тамақ ішкіңіз келетіні байланысты болады. 

      № 6 себеп. Қант жүрек жұмысын нашарлатады

     Қант жүрек бұлшықеттерінің жұмысқа қабілеттілігіне жағымсыз әсер береді және мұның бірнеше себебі бар. Бірінші себеп – жоғарыда айтылған тиаминнің жетіспеушілігі, ол жүрек бұлшықеттерінің дистрофияға ұшырау себебі немесе қантамырдан тыс сұйықтықтың жиналуына себеп болады, бұл жүректің толық тоқтап қалуына дейін жеткізуі мүмкін. 

     Екінші себеп біраз жанама әсер береді және жүрекке тікелей қанттың өзі әсер етпей, қантты мөлшерден тыс тұтыну нәтижесінде пайда болған май қабаттары әсер етеді. Май қабаты біздің жүрегімізді сыртынан орай қоршап алып, оның дұрыс соғуына кедергі келтіреді. Осы себептен де, артық салмақтан зардап шегетін адамдар, жүрек мәселесіне жиі шағымданады.

      № 7 себеп. Қант — энергетикалық қансорғыш

     Көп басылымдарда аш қарынға қанттың кішкене мөлшерін жеп алсаңыз, уақытша қарынның ашу сезімінен арылуға, сонымен бірге ағзаны өмір сүру үшін қажетті энергиямен қанықтыруға көмектеседі деп кеңес берілген. Осы кеңесті басшылыққа алған көптеген адамдар қантты қаншалықты көп тұтынсақ, соншалықты белсенді боламыз деген ой түюде. Алайда бұл қате тұжырым.

     Қанттың өзі «B1» дәруменінің (тиамин) жетіспеушілігіне әкеледі және осылайша ағза өзіне сіңіретін барлық көмірсуларды өңдей алмай қалады. Осы себептен де тамақ ішіп алғаннан кейін де қатты шаршау белгісі пайда болады, ал кейде тойып түстеніп алғаннан кейін жатып, тіпті ұйықтап алғың келеді.

     Бұл тұжырымды қатеге шығаратын тағы бір дерек – инсулин мен қанттың арасындағы бітеу орта. Бұл заттардың көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты және тәттілендіргіштің көп мөлшерін жеу, қолдың дірілдеуі мен қатты ашушаңдықпен қатар жүретін гипогликемияға дейін жеткізуі мүмкін.

      № 8 себеп. Қант — табиғи ынталандырғыш

     Қанға қант түскен жағдайда адам энергияның құйылуын сезінеді және оның белсенділігі жақсарады. Өнімді сіңіру әрекетінің нәтижесінде жүрек қағысы жақсарып, симпатикалық жүйе жұмысының нәтижесінде белсенділік жұмысы артатын жеңіл қозған күй пайда болады. Бұның барлығы АҚ жоғарылауымен және тыныс алудың жиілеуі мен басқа да белгілер арқылы білінеді.

     Ағзаның мұндай белсенділігі физикалық салмақ болмаса босқа мақсатсыз болады, алынған энергия ешқайда жұмсалмай, іште қалып қойып, бұл ішкі шиеленіске әкелуі мүмкін. Мұның барлығы қарап тұрсақ, ағза үшін үлкен күйзеліс, бұл жағдай қайталана беретін болса, әртүрлі жағымсыз әсерлер туындауы мүмкін.

      № 9 себеп. Қант  кальций жетіспеушілігінің себебі болады

     Қанттың өңделуі үшін сүйек ұлпаларынан кальцийдің бөлініп шығатыны туралы бірнеше рет айттық, алайда одан басқа фосфор көрсеткішінің төмендеуіне дейін жеткізіп, жағдайды одан сайын қиындатады. Біздің денеміздегі пайдалы құрамдас бөліктер дұрыс тепе-теңдікте болуы тиіс. Кальций мен фосфордың тепе-теңдігі бұзылғанда, сүйектердің саулығына арналған құрамдас бөліктерді ағза қабылдамай қояды. Олар қалдық ретінде саналып, зәрмен бірге сыртқа шығып кетеді немесе кез келген жұмсақ ұлпаларда жинала береді. Сіз қосымша қанша дәрумен қабылдасаңыз да, оларды ағза сіңіре алмайды, бұл тірек-қозғалыс аппараттарының күрделі ауруларының және сүйек ұлпаларының басқа да сырқаттарының дамуына дейін жеткізуі мүмкін. 

     Кальций жетіспеушілігі тіс эмалінің саулығын бұзады және остеопороздың дамуына әкеледі. Қабылдап жүрген қант мөлшерін төмендеткен немесе оны мүлде тамақ мәзірінен алып тастаған жағдайда, пайдалы минералды заттардың жетіспеушілігі күн сайын толығып отырады. Адам мөлшерді білмей, өз ағзасына қажетті көлемнен артық тұтынған жағдайда осындай жағдайлар жиі қайталанады. 

    № 10 себеп. Қант иммунитет күшін төмендетеді

     Адам иммунитеті — бұл қарапайым суық тиюден бастап, күрделі жүйелі зақымдануларға дейінгі түрлі аурулардан қорғану. Егер бұл бөгет кішкене болса да әлсіресе, сіздің ағзаңызды тек жаңа аурулар ғана соққылап қоймайды, сонымен бірге қалың ұйқыда жатқан түрлері де атқылай бастайды. Қант диабетімен ауыратын адамдар қандағы қант мөлшерінің шамадан тыс болуының қаншалықты қауіпті екенін өздері біледі, себебі олардың денесі бұл тағамдық қоспаны сіңіре алмайды. Тәттіні көп жеген сайын, қиын жағдайларда сіздің иммунитетіңіз қарапайым салмақтың түскенін де көтере алмай қалады.

     Егер сіз толықтай қанттан бас тартып кете алмасаңыз, иммунитетті көтеретін өнімдерді тұтыныңыз. Олардың кейбірі әдеттеніп қалған тәттілендіргіштің нағыз алмастырғышы бола алады, осылайша «тәтті» тәуелділікпен күресу айтарлықтай оңай болады.

    Мәселеден қалай құтылуға болады?

     Толықтай қанттан бас тарта отырып, жоғарыда аталған мәселелердің бәрінен оңай құтылуға болады деп айтуымызға болады, алайда бұл қате пікір. Түрлі фруктозалар мен жасанды орнын басқыштарды тұтынатын адамдар бар, бірақ аз ғана қолданғанның өзінде, олар үлкен зиян әкелуі мүмкін. Қарапайым адам үшін жай ғана тәттіні тұтынуды қалыпта ұстау дұрыс. Өзіңіз тұтынатын азық-түліктердің құрамын оқыңыз, ол жерде қанттың массаның анықталған бірлігімен тепе-теңдігінің нақты көлемі жазылады. Ағза үшін қауіпті  болып келетін крахмалы және басқа да «ауыр» қоспалары бар тәтті тағамдар (тоқаш, кекстер, торттар) мөлшерін жеуді азайтыңыз. Тіпті тұздалған чипсылардың өзінде тәттілендіргіштің белгілі бір мөлшері болатынын естен шығармаған жөн. Есіңізде болсын – жемістер мен көкөністерде болатын табиғи қант ағза үшін пайдалы, ал шақпақ, дүкендерде сатылатын қант тек зиян тигізеді, сондықтан оны қаншалықты аз тұтынатын болсаңыз, соншалықты бақытты және сау өмір сүресіз.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp