Кобальт (лат. Cobaltum), Со

     Кобальт ғаламшарда аса көп таралмаған. Керісінше, оны сирек кездесетін металдарға жатқызу керек, жер қыртысында ол аз мөлшерде болады. Сонымен қатар, ол отыздан астам минералдардың компоненттерінің арасында кездеседі.

Кобальттың пайдалы қасиеттерін және оның адам ағзасына әсері бірнеше жылдар бойы мұқият зерттелді. Бұл металл «Ламифарэн» компоненттерінің бірі бола отырып, оның көптеген жасырын қасиеттері бар.

     Кобальт қалай әрекет етеді?

Бұл микроэлемент ағза үшін өте маңызды, өйткені оның физиологиялық формасы – В12 дәруменінің өзі болып табылады. Кобальттың адам ағзасындағы мөлшері шамамен 2,2 мг құрайды. мұндай шамалы көрсеткіш дененің барлық маңызды жүйелерінде біркелкі таралып, оның үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді.

Функционалдығы жағынан кобальттың маңызы өте зор. Ол келесі бағыттар бойынша әрекет етеді:

қантүзілім процесіне қатысады (оған мыс пен темір де қатысады);

В12 дәруменнің компоненттері қатарында бола отырып, ОЖЖ қызметін реттейді, жадыны жақсартады;

метаболикалық реакцияларды, сондай-ақ аминқышқылдарды белсендіреді;

кобаламин ретінде РНҚ және ДНҚ синтездейді;

зақымдалған сүйек тінінің құрылысына және нығаюына қатысады;

ұйқы безінде ферменттеу реакциясын белсендіреді;

гормон – инсулинді өндіруді ынталандырады;

қандағы холестерин деңгейін тиімді төмендетеді;

лейкоциттерді өндіру және ауру тудыратын микроағзалармен күресу процесіне қатысады;

ағзаның қорғаныс функцияларын күшейтеді.

 

     Сонымен қатар, кобальт ағзаны бірқатар аурулардан қорғауп қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулардан кейін тез қалпына келтіруге ықпал етеді. Ең алдымен, кобальт қант диабеті, анемия, қан қатерлі ісігі бар науқастарға көрсетіледі.

Кобальттың аса маңызды функциялары оның В12 дәрумені компоненттерінің қатарында болған кезде көрінеді, өйткені ол кобаламиннің негізгі буыны ретінде қызмет етеді.

      Кобальттың жетіспеушілігі және оның салдары

Кобальттың жетіспеушілігінен, ең алдымен, тәжірибесі бар темекі шегушілер, вегетарианшылар және егде жастағы азаматтар зардап шегеді. Сонымен бірге топырақта кобальт жеткілікті мөлшерде болмайтын елді мекендердің тұрғындары  да зардап шегеді. Нәтижесінде, бұл топырақтан өсірілген өнімдерде кобальт мөлшері за болады.

Кобальттың жетіспеушілігі көбінесе ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларының салдары болып табылады, бұл элементтің толық сіңуіне мүмкіндік бермейді. Бір қызығы, бұл аурулар әлі де кобальттың жетіспеушілігінен туындаған.

 Макроэлемент жетіспеушілігінің белгілері келесідей:

тұрақты әлсіздік, тез шаршағандық;

жадының нашар болуы;

депрессиялық күйлер;

тітіркенгіштік;

демікпе;

жүрек ырғағының бұзылуы;

қан айналымы жүйесінің патологиясы;

бауыр патологиясы;

асқазан шырышты қабығының тітіркенуі;

нәжістің бұзылуы;

операциядан және аурудан кейін ұзақ жүретін оңалту кезеңі;

бала ағзасының тежеліп өсуі.

 

     Кобальт – әр адамның ағзасы үшін өте маңызды, денсаулық үшін құнды макроэлемент деп қорытынды жасауға болады. Қандай жас санаты туралы әңгіме болса да, оның құндылығы орасан зор,  өйткені кобальт тапшылығы ересектер үшін де, балалар үшін де қауіпті. Өзіңізді және жақындарыңызды жоғарыда сипатталған жағымсыз салдардан қорғау үшін тамақтану рационын және өмір салтын қайта қарастыру керек. Көптеген аурулар дәрумендердің жетіспеушілігінен туындайды, сондықтан бір ғана тамақ өнімі бұл жағдайды шеше алады.

Біздің мамандардың мақалалары

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»

Гормонды жағдайды дәрі-дәрмектердің көмегінсіз қалпына келтірудің 10 тәсілі

Гормонды ауытқулар ауыр салдардың орын алуына алып келеді. Алдымен ұйқысыздық, күйгелектік сияқты белгілер байқалады, содан соң артық салмақ пайда болады ...
«Далее»

Азық-түлік өнімдеріндегі химия: сатып аларда неге назар аудару керек?

Дүкен сөрелерінде тұрған азық-түлік өнімдерінің көбісінің құрамында денсаулыққа зиянды әрі қауіпті заттар бар. Тағамдық қоспалар өнімді өте дәмді, ал тауардың ...
«Далее»

Консультация в WhatsApp