Титан (лат. Titanium), Ti

Титан деген атпен белгілі химиялық элемент табиғатта кеңінен таралған. Бұл металдың түсі күміс тектес және өте қатты болады. Титан бірнеше минералдардың басты элементі болып табылады, ол дүниежүзі бойынша өндіріледі.

     Оның қасиеттерінің көбі бұрыннан белгілі – титан түрлі салаларда және тіршілік аясында сәтті қолданылады. Бұл мақалада «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамдас бөліктерінің біреуінің биологиялық рөлі туралы айтамыз.

      Тағамдық өнімдерде кездесуі

     Металл теңіз суында, өсімдіктерде, жануарлар ағзасында, өсімдік тектес өнімдерде кездеседі. Өсімдіктер титанды топырақтан сіңіреді, ал жануарлар ағзасына қоректенетін өсімдіктері арқылы енеді.

     Адам ағзасына металдың 18-20 мг жеткілікті, оның көп бөлігі тағам мен су арқылы түседі. Бұл химиялық элемент тауық жұмыртқасында, сүт өнімдерінде, етте, өсімдіктерде, тамыр жемістерінде, дәндерде көп кездеседі. Жалпы титан тағамдық өнімдердің бәрінде бірдей кездеседі деп айтуға болмайды.

     Бұл заттың ең көп шоғыры теңіз балдырларында табылған — ол су өсімдіктерінің ішіндегі ең пайдалысы. Балдырларда болатын титан көлемі етте кездесетін мөлшерден бір есе көп екенін айтып мақтануға болады. Өзінің тамақ үлесіне теңіз балдырын қоса отырып, адам тек титан тапшылығын ғана емес, кез келген бағалы микроэлемент жетіспеушілігінің орнын толтыра алады.

      Денсаулық үшін қаншалықты маңызды?

     Оқымыстылардың пікірінше, титанның биологиялық қызметі әлі толық зерттелмеген. Алайда, жілік майының қалыптасуына металдың қатысатыны белгілі. Сонымен бірге титан гемоглабиннің түзілуіне қатысады және ағзаның қорғаныс қызметін нығайтады.

     Металл бас миында, есту және көру орталықтарында болады. Ол белгілі бір мөлшерде ана сүтінде кездеседі. Оның шоғыры ағзада болып жатқан метаболизмдік әрекеттермен тікелей байланысты. Алмасу әрекеттерінің белсенділігінің арқасында титан қан құрамының жақсаруына және холестерин мөлшерінің азаюына әсер етеді.

     Су мен тағам арқылы келетін бұл металдың тәуліктік мөлшері шамамен 0,80 мг құрайды. Аталған химиялық элементтің АІЖ әлсіз сіңірілетінін (шамамен 2,5%) айта кету керек. Адам үшін титан улы емес және уыттылығы аз. Бұл заттың өлімге әкеліп соқтырады деген шекті мөлшері медицинада белгіленбеген.

      «Ламифарэн» тағамдық өнімін үнемі қабылдау ағзаны дәрумендер мен пайдалы заттардың қажетті мөлшерімен қанықтырып отырады. Өнімді қабылдағаннан кейін, гель құрамындағы титан бас миына, есту және көру орталықтарына тегіс жайылады.

Публикации наших специалистов

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Профилактика кишечных инфекций летом

Лето — это прекрасное время года. Его обожают и взрослые, и дети. Только летом можно наслаждаться свежайшими ягодами, которые можно ...
«Далее»

Все о цистите: симптомы, причины, возможные осложнения и лечение

Цистит – воспаление слизистой мочевого пузыря. Патология находится в общей зоне нескольких областей клинической медицины: урологии и гинекологии. Мочевой пузырь ...
«Далее»
Загрузка...

Консультация в WhatsApp