Бор (Borum), В – химиялық элемент

Бор — бейметалдарға жататын химиялық элемент. Қара-сұр немесе қоңыр түстес ұнтақтан тұрады, бірақ қоспаларсыз ол түссіз болып келеді. Зерттеушілердің пікірінше, қоршаған ортамызда бордың алуан түрі кездеседі, алайда көп жағдайларда ол бор қышқылының тұздары түрінде болады. Бор – біздің денсаулығымыз үшін өте маңызды минерал.

      Бордың пайдасы қандай?

     Бұл микроэлемент өсімдіктер, жануарлар немесе адам болса да барлық тірі ағзалар үшін өмірлік маңызды болып табылады. Егер өсімдіктер бор жетіспеушілігін сезінсе, оның өсуі мен гүлдеуі айтарлықтай баяулайды. Егер бор жетіспеушілігі топырақта болса, өсімдік тез арада өліп қалады.  

     Бордың жануарларға тигізетін әсері туралы өте аз белгілі, бірақ адамға қатысты деректері жеткілікті. Бор шоғырының көп мөлшері сүйек ұлпаларында болады және оның қалыптасу қызметіне жауапты екені белгілі. Бордың шоғырлануына сүйектің мықтылығы байланысты болады.   Сонымен қатар химиялық элемент ағзаны остеопороздан қорғайды.  

     Аталған зат буындар үшін аса маңызды болып табылады. Бор жетіспеушілігі орын алса, артрит, артроз секілді аурулардан қашып құтыла алмаймыз. Бұл тек болжам ғана емес, бұл нақты дерек: топырақ бор жетіспеушілігінен зардап шеккен аймақтарда осы сырқат түрімен ауыратын науқастар пайызы ең жоғары болып отыр.

     Сонымен қатар бор сүйектердің мықтылығы мен саулығына жауап беретін гормондарды тұрақтандыру қызметіне де атсалысады. Сол себептен де, климакс кезінде нәзік жандыларға бор мен басқа да пайдалы заттарға қаныққан теңіз балдырларын тамаққа қосып тұтынуға кеңес беріледі. Бордың тағы бір күшті қызметі –  D дәруменінің түрленуі, белсенді болуы және қызметі, сүйектерге өте қажет болатын   кальцийдің жақсы сіңірілуі.

     Бор ферменттеу әрекетіне белсенді түрде қатысады, олардың қарқындылығын күшейтіп отырады немесе бәсеңдетеді. Микроэлемент нуклеинді метаболизм қалпын ұстап тұруға көмектеседі. Бордың қатысуы арқылы нуклеин қышқылдары ары қарай түзілетін байланыстар секреттеледі. Ақуыздық синтез – жасушалардың қалпына келуін қамтамасыз ететін маңызды әрекет.  

      Ағза үшін бор несімен пайдалы?
Егер ағзада бордың мөлшері жеткілікті көлемде болса, бүйректерде тас жиналуы ең төменгі деңгейге дейін төмендейді.
Бор тасымалдауды және фосфорлы-магнийлік метаболизмді бақылайды.
Орталық жүйке жүйесінде болып жатқан көптеген реакцияларға белсенді түрде қатысады.
Бұлшықеттер мен ұлпалардың мықты болып қалыптасуына әсер етеді.
Қалқанша безінің қызметін қалыпта ұстайды.
Қолда бар клиникалық зерттеулер нәтижелерінің кейбір деректері бойынша, бор тиреотоксикоздан зардап шегетін науқастар жағдайының айтарлықтай жақсаруына мүмкіндік тудырады.
Балалар мен жасөспірімдердің өсу әрекетін жылдамдатады.
      Бор жетіспеушілігінің зардаптары қандай?

     Аталған микроэлемент жетіспеушілігінің зардаптары айтарлықтай қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін:

остеопороз (алдын алу мақсатында теңіз балдыраларын, дақылдар, теңіз өнімдерін тұтынып тұру қажет);
сүйек ұлпасының баяу өсуі;
ағзаның қорғаныс қызметтері мен ми белсенділігінің бәсеңдеуі;
қан құрамының өзгеруі (қан аздықтың пайда болу мүмкіндігі);
май және ақуыз метаболизмінің бұзылуы;
ревматизм;
гормондық бұзылу;
шашыраңқы минералдық алмасу;
өсудің бәсеңдеуі.

     «Ламифарэн» тағамдық өнімін үнемі қабылдап тұру – табиғи құрамдағы пайдалы микроэлементтердің қажетті көлемімен ағзаны қанықтырып отыруға берілетін кепілдік. Өнімді ең аз мөлшерде пайдалануды бастай отырып, сіз ағзаңызды толыққанды дәрумендік және минералдық кешенмен байытып отыруға үйретесіз.

 

Публикации наших специалистов

20 советов по борьбе с аллергией

Врачи подробно объясняют пациентам, что представляет собой поллиноз, как проходит его лечение, в какую сумму обойдется прием аллерголога, как себя ...
«Далее»

Как правильно питаться во время Оразы

На протяжении последних 3 лет священный месяц Рамадан совпадает с самыми короткими ночами и самых длинными днями в северном полушарии ...
«Далее»

Сидение убивает: чем опасна сидячая работа?

Сидячая работа — это один из видов ритма жизни, свойственный многим людям. Не физический труд является основной причиной ухудшения здоровья ...
«Далее»

Что такое витамин D и зачем он нужен организму

Список продуктов, где есть витамин D, ограничен. Это, в первую очередь, морские продукты и рыбий жир, а вот в «молочке» ...
«Далее»
Загрузка...

Консультация в WhatsApp