Хром (лат. Cromium), Cr

    Хром — адам ағзасында болып жатқан көптеген әрекеттерге қатысы бар химиялық элемент. «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын хромның пайдасы туралы толығырақ айтып өтейік.

      Хром ағзада қалай жұмыс істейді?

     Аталған элемент қант диабеті кезінде маңызды рөл атқарады. Хромның басты мақсаты  қандағы қант теңгерімін дұрыс сақтап тұру. Бұл көмірсулы метаболизм жиілігінің жоғарылауына және жасушалардағы глюкоза таралуының жеңілдеуінің арқасында қол жетімді болады.

     Хром инсулинге қатысты жасушалық рецепторларға қоздырғыштық әсер береді, осының нәтижесінде қоздырғыш жасушалармен белсенді түрде өзара әрекетке түсе бастайды. Осылайша, ағза инсулиннің аз мөлшерін қажет ететін болады.

     Осындай қасиетінің арқасында хром қант диабетінен (әсіресе сырқаттың ІІ түрінен) зардап шегетін науқастар үшін ең маңызды микроэлементтердің бірі болып табылады. Тіпті адам бұл аурумен ауырмай,  бірақ зат алмасуында ауытқулар болса, ол қант диабетімен ауыратындардың қауіп тобына жатады.

     Хромның ағзаға тигізетін жағымды әсерін ағзаның инсулинмен әлсіз байланысында туындайтын аурулар кезінде байқауға болады. Мұндай ауруларға семіру,  гастрит, қанда қанттың азаюы, жаралар,  Крон,  Миньер аурулары, бас сақинасы, эпилептикалық белгілер, инсульт, қысымның жоғары болуы, ұмытшақ ауруларыhttps://lamifaren.kz/dieta-pri-yazve-zheludkaн жатқызуға болады.

     Хром сонымен қатар нуклеин түзілуіне белсенді қатысады, ДНҚ және РНҚ құрылымдарының тұтастығына әсер етеді. Тұқым қуалаушылық сипатындағы маңызды ақпараттарды осылар сақтайды. Егер ағзада йод тапшылығы болса, хром оның орнын басушы ретінде қызмет атқара алады. Бұл қалыпты метаболизмге жауап беретін қалқанша безінің саулығы үшін қажет.

      Хром тағы несімен пайдалы?

     Аталған химиялық микроэлементтің жүрек және қантамыр ауруларын төмендететіні де белгілі. Хром липидтік метаболизмге қатысты болғандықтан, оның қызметінің бірі қантамырларын бітеп тастайтын холестеринді ыдырату болып табылады.  Осылайша, ағзада хромның мөлшері дұрыс болса, ол қан айналымының бұзылуынан қорғайды. «Пайдалы» холестерин бұл кезде төмендемейді, пайдалы қызметтер қатарын орындай отырып, керісінше жоғарылайды.

     Остеопорозды емдеу кезінде жиі қолданылатынын есепке алатын болсақ, хром сүйек ұлпасына көп пайда әкеледі. С дәруменімен өзара байланысқа түсе отырып, ол көз ішілік қысымды сенімді түрде реттеп отырады – бұл элементті суқараңғылыққа қарсы терапияның тікелей қатысушы деп бекер айтпайтыны сондықтан.

      Хром тапшлығының зардаптары

     Бұл микроэлемент тапшылығы кезінде глюкоза әлсіз сіңіріледі, осының салдарынан қандағы қант мөлшері азайып кетеді. Осы кезде қандағы холестерин мен қант мөлшері кейде артып кетуі мүмкін. Соның нәтижесінде адам тәттілерді қатты жегісі келеді. Көмірсуларды шамадан тыс тұтыну ағзадан хромды ақырындап шығара береді. Осылайша, ағза тығырыққа тіреледі. Белгілі болғандай, осының нәтижесінде семіру, қант диабеті, атеросклероз секілді қауіпті аурулар пайда болуы мүмкін.

     Хром тапшылығынан төмендегідей белгілер де байқалуы ықтимал:

ұйқысыздық;

бас сақинасы;

өсудің бәсеңдеуі;

көздің көруінің бұзылуы;

кей кездері аяқтардың сезбей қалуы;

жүйке-бұлшықет жүйесі қызметінің ауытқуы;

ер адамдардың репродуктивтік мүмкіндіктерінің төмендеуі;

тез шаршау;

жайсыздық.

   Мұндай жағымсыз әсерлерден арылуға «Ламифарэн» өнімін үнемі пайдалау көмектеседі, оның құрамында дәрумендер мен минералдардық заттар көп кездеседі.