Таллий (лат. Thallium), Tl

Таллий — периодтық жүйенің 3 тобына қатысты химиялық элемент. Атауы оның сыртқы көрінісіне байланысты берілген: оның жасыл түсті спектрлік сызықтары бар және жанғанда зүбаржат түстес болады. Грек тілінен аударғанда thallos «жасыл бұтақ» дегенді білдіреді. Бұл химиялық элемент 19 ғасырдың 60-жылдары ашылған. Аталған металды Англиядан шыққан зерттеуші, әрі химик Уильям Крукс тапқан.

      Элементтің сипатталуы

     Металдар тобына жатады. Сұр қосылған жарқын күміс түстес болып келеді. Талий металдардың белсенді спектрімен бірге балқи алады. 

      Ағзаға қалай әсер етеді?

     Металл өсімдіктерден, сонымен бірге жануарлар ағзасынан табылған.  Элементтің ең көп мөлшері медузаларда, теңіз жұлдыздарында, сегізаяқтарда және кейбір балықтарда болады.

     Өсімдік тектес әлемнің көптеген түрлері өмір сүру барысында осы металды өздеріне жинақтай алады. Мысалы,  теңіз қоңыр балдыры мен кейбір тамырлы жемістер металдың шоғырымен бірге оны өз бойларына жинай алады. Онсыз да сансыз бағалы микроэлементтерге бай теңіз балдырын талий тапшылығы кезінде пайдалануға кеңес беріледі.

      Элементтің қасиеттері

     Таллий — өте улы металл, бұл негізгі катиондардың иондық теңгерімінің бұзылуына байланысты. Талий иондары құрамында күкірт болатын лигандалармен жиі мықты байланыс орнатады. Осының нәтижесінде тиотоптарды құрайтын ферменттердің белсенділігі жойылады.

     Жоғары улылығына және ағзада шамадан тыс көбейіп кетсе, қауіп төндіретіне қарамастан, бұл металл барлық жүйелердің тұрақты қызмет етуі үшін қажет.

      Таллий қалай сіңіріледі?

      Тәулігіне адамға талийдің біраз мөлшері ғана қажет (шамамен 1,5 мкг). Ережеге сәйкес, ағзаны талиймен толықтай қамтамасыз ету үшін, теңгерімді тамақтану қажет, кей кездері тамақ үлесіне «Ламифарэн» тағамдық өнімін қосқан дұрыс.

     Таллий жақсы сорғыштық, сонымен қатар жасуша ішілік шоғырландырғыш қасиетімен белгілі. Бүйректе, бауырда, бұлшықет тіндерінде, эндокринді жүйе органдарында, ішкі секреция бездерінде біраз мөлшерде кездеседі. Зәр шығару арқылы ағзадан сыртқа шығады.