Төмен қан қысымы

  Қалыпты артериалды қан қысымының созылмалы ауытқуы, өзін сезінуімен көрініс табады. Гипотонияның белгілері (артериалды гипотензия, төмен қан қысымы) көпшілігіне таныс, олар ересек адамдармен қоса, балаларда да туындауы мүмкін.

nizkoye davleniye

  Гипотония — жасқа байланысты қалыптыдағы артериалды қан қысымы минимум 10%-ға төмен болатын ауру. Дәрігерлік тәжірибеде қан қысымы қалыптыдан  110/70 және 100/60 мм с.б.  (ерлер мен әйелдер үшін сәйкесінше) төмен болуы ауытқу ретінде саналады. Әрбір адамның ағзасының өзіндік ерекшеліктері бар екенін есте сақтау маңызды, сондықтан нақты сандарға қарап қана айту дұрыс емес – дәрігер өзінің науқасын тек толық зерттегеннен кейін ғана диагноз қоя алады.

 Төмен қан қысымы: себептері


  Тәжірибе бұл мәселенің ерлерге қарағанда, әйелдерде жиі кездесетінін көрсетеді. Гипотензия патологиялық (біріншілік және екіншілік), және де физиологияық болуы мүмкін (соңғы жағдайда төмен қан қысымы тұқым қуалаушылықпен немесе қоршаған ортаға деген табиғи бейімділікпен түсіндіріледі).

  Егер қан қысымы қандайда-бір аурудың салдары болмаса, бұндай жағдайда біріншілік гипотония деп айтуға болады. Осы жағдайдағы мәселенің себебі болуы мүмкін:

  • психологиялық жарақаттар;
  • жүйкелік бұзылыстар;
  • ауыр жұмыстан кейін болатын созымалы шаршағыштық және ұйқы қанбау;
  • бас сүйекмилық жарақаттар;
  • тамырлардың тонусының төмендеп, олардың кеңейуі;
  • тұқымқуалаушылық.

  Екіншілік гипотонияны тірек-қимыл аппаратының, жүрек және қан тамырларының, тыныс алу ағзаларының, ас қорыту жүйесінің аурулары шақырады. Кей жағдайда, төмен артериалды қан қысымы инфекционды аурумен ауырғаннан, жарақаттардың, ісіктік процесстердің, авитаминоздың, уланудың немесе ауыр аллергиялық реакциялардың зардабы болып саналады.

 Төмен қан қысымы: аурудың белгілері


  Дәрігерлер гипотонияның жедел және созылмалы түрін ажыратады. Бірінші жағдайда қан қысымы бірден төмендеп кетеді, ал белгілері айқын көрінеді. Созылмалы жағдайда белгілердің ағымы байқалмайды, яғни ағза осындай жағдайға дағдыланып қалады. Төмен қан қысымы мен төмен пульс әдетте, суықтаған кезде және жеткіліксіз тамақтанған кезде көрініс табады – медикаментозды емдеуді қажет етпейді. Төмен қан қысымындағы жоғарғы пульс – патологиялық жағдайды көрсететін қауіпті симптом  (ағзаның улануы, тыныс алудың жеткіліксіздігі және т.б.). Шұғыл түрде дәрігерге қаралуды қажет етеді.

 Аурудың негізгі белгілері:


  • эмоцианалды тұрақсыздық(апатиядан ашушаңдыққа дейін);
  • естен тану, бас айналу, тез шаршағыштық, жүректегі ауыру сезімі;
  • ауа райы жағдайларына тәуелділік(метеосезімталдық);
  • бас аурулары;
  • пульстың жиілеуі;
  • ерлердегі белсіздік мәселесі мен әйелдердегі циклдың бұзылысы;
  • ұйқы бұзылысы;
  • есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
  • жоғары тершеңдік;
  • астың қорытылуы мен жылу реттелудің бұзылысы;
  • төмен температура;
  • жарыққа және дыбысқа жоғары сезімталдық.

 Қан қысымы өте төмен болған жағдайда кардиогенді шок дамиды.

 Төмен қан қысымы: емі


 Аурудың созылмалы ағымында, яғни науқасты ауру белгілері мазаламайтын болса, ал қан қысымы қатты түспеген жағдайда (максимум на 20%), емдеуді қажет етпеуі мүмкін. Төмен қан қысымының белгілі-бір жақсы жақтары бар, ол атеросклероздың дамуын тежейді, кей жағдайларда өмір сүру ұзақтығын арттырады. Дәрігер науқастың жағдайына сүйене отырып (толық қарап тексеруді өткізуі қажет), шешім қабылдайды. Өте төмен қан қысымы мен айқын көрінетін белгілер- бұл кардиологқа қаралып, емделуді міндетті ететін себеп болып табылады. Дәрігер қажетті анализдерді тағайындайды және алынған мәліметтерге сүйеніп, науқасқа өмір сапасын жақсартатын сызбаны ұсынады. Дұрыс емес емдеу гипертонияның дамуына алып келетінін ( бұған қан қысымын жоғарылататын дәрілерді ұзақ уақыт қабылдау ықпал етеді) есте сақтау маңызды болып табылады.lamifarene

Гипотонияны емдеудің классикалық сызбасы ,құрамында ағзаның тонусын арттыратын кофеин болатын дәрілерді қабылдаумен сипатталады. Нейрометаболикалық стимуляторларды (Фенибут, Ноотропил) және мидың қызметін ынталандыратын нейромедиаторларды (Глицин) қабылдайды. Дәрігер қан тамырларын қалпына келтіретін және қан ағымын жылдамдататын препараттарды (Стугерон, Энцефабол) тағайындайды.

  Физиотерапиялық процедуралар, спорт, дұрыс күн тәртібі, зиянды әдеттерден бас тарту, жақсы дем алу, су процедуралары өзіндік рөл атқарады.

Гипотония кезіндегі емдәмге, гипертониктер бас тартуы керек өнімдерді қосады –науқастарға ащы дәмдеуіштерге, тұзға, кофеге, қою шәйға  қарсы көрсетілімдері бар.  Тамақтануда толыққанды химиялық құрамы болуы қажет. Басты рөлді минералдар мен дәрумендер (калий, кальций, фолий қышқылы) атқарады.

 Гипотонияны емдеуді немесе емдемеуді дәрігер шешеді (кардиолог, невропатолог). Төмен қан қысымы ағзада дамыған кандай да бір аурудың салдары болуы әбден мүмкін, сондықтан бұл мәселені бейжай қалдыруға болмайды.

Бұл ауруда күніне 2 рет Ламифарэн қабылдайды. Алғашқы 3 күнде 1 шәй қасықтан әй қасықтан 30-40 минут арақашықтықта ішу керек.