Тұздан бас тартудың 10 себебі

     Адам ағзасы үшін тұздың зияны және оны тұтыну мөлшері

     Әртүрлі дәмдеуіштер түріндегі тағамдық қоспалар адам өміріне кеңінен тамыр жайғаны соншалықты, олардың болмайтыны туралы ойлаудың өзі қорқынышты секілді. Қарапайым кесек тұз (ас тұзы) жай жұмыртқа қуырғаннан бастап, тамақ талғампаздарына арналған, дайындалуы қиын, бағасы да қымбат тұратын тамақтарды әзірлеу кезінде де қолданылады. Тұздың тигізетін зияны туралы бас қатыратындар аз, себебі – оны тұтыну күнделікті әдетке айналған. Сонымен, тұздың адам ағзасы үшін қаншалықты бағалы және аталған өнімнен бас тартуға тұрарлық он себепті қарастырып өтейік.

Тұздан бас тартудың 10 себебі

      Тұз: адамға әкелетін пайдасы мен зияны

     Тікелей себептерін қарастырмас бұрын, тұз дегеніміз не және осы өнім адам ағзасына қандай әсер беретіні туралы айтып өтейік. NaCl адам ағзасындағы сұйықтықты реттеу әрекетіне жауап беретін қарапайым өнім, ал сұйықтықты толықтай денеден шығару мүмкін емес. Бұл құрамдас бөлік плазмасы бар қан туралы айтпағанның өзінде, әрбір жасушада кездеседі, шығару жүйесі (несеп, жас, тер) арқылы сыртқа шығарылады. Тұздың жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға дейін жеткізуі мүмкін, әсіресе бұл құбылыс бала ағзасы үшін өте қауіпті.

     Алайда қарапайым жолмен түзілетін өнім болып табылатын NaCl және дүкен сөрелерінде сатылатын өнімді ажырата білген абзал. Соңғысы түрлі өңдеулерден өтеді және шамадан тыс тұтынған жағдайда адам ағзасы үшін қауіп тудыруы мүмкін. Ас тұзынан мүлде бас тарту  ешқандай жағымсыз әсерлер тудырмайды, кей жағдайларда керісінше жағымды әсер беруі мүмкін. Бірақ бұл өнімнен не үшін бас тарту керек? Басты себептерін қарастырайық.

      №1 себеп. Дәм сезу рецепторларын жою

     Бірінші кезекте тұзды шамадан тыс тұтыну дәм сезу рецепторларына әсер етеді. Тамаққа дәм беру үшін адам сол тамаққа үнемі дәмдеуіш қосуы керек болады, мысалы, қайнатып жатқан кезде макарондар бір-біріне жабысып қалып, жеуге жарамсыз болып қалуы мүмкін. Адамның аузында миллиондаған дәм сезу рецепторлары болады, оларға тұз кері әсерін тигізеді, біз қаншалықты көп тамақ жеген сайын, олардың сезімталдығы соншалықты жойыла бастайды. Бұндай қасиеттерді қайтаруға болады, ол үшін толықтай  NaCl бас тарту қажет болады. Өзіңізге дәм мөлшерін таңдай отырып және әр тамақты дайындау кезінде қосымша тұз салмай, қатаң рецептерді сақтап, бұл мәселені шешуге болады. 

      №2 себеп. Әдеттену

     Тұзды шамадан тыс пайдалану сонымен қатар оған әдеттенуге әкеледі. Бұл өнімді біз бала кезімізден бастап тұтына бастаймыз, ал ағза болса өзіне келіп түсетін мөлшерге үйрене бастайды. Әрине, тұз қаншалықты көп болса, соншалықты оған әдеттеніп үлгересіз. Дәмдеуіштерден толықтай бас тарту мұндай жағдайларда тамаққа тәбеттің тартпауына дейін жеткізіп, жағымсыз әсер береді, ал бүкіл жеген тамағыңыз нақты бір адам үшін дәмі жоқ бірдеңе болып көрінеді. Кейбір зерттеулердің мәліметтері бойынша тұздан бірден бас тартқан адамдарда құсу, бастың айналуы, дене қызуының көтерілуі және көптеген басқа да белгілер пайда болғаны дәлелденген. Тамаққа қаншалықты NaCl қосатыныңызды және оның мөлшерін қатаң қадағалап отырыңыз. 

      №3 себеп. Шығару жүйесіне түсетін ауыр салмақ

     Ағза тұз өнімдерін тердің, жастың және несептің көмегімен шығарады, оның мөлшері көп болған жағдайда бүйрекке ауыр күш түседі, соның салдарынан бүйректер толық істен шығуы мүмкін. NaCl қарапайым сұйықтықтарда ерімейді, себебі олардың құрамында да тұздан тұратын қышқылдар бар. Нәтижесінде, түскен салмақты көтере алмай, ол жерде тастар жинала бастайды, бұл дегеніміз тек хирургиялық жолмен ғана алынатын әрекет болғандықтан, абай болуды қажет етеді. Тастар әлі толықтай бекімеген кезде, несеп тас ауруларының бастапқы деңгейлері ерекшелік болып табылады.

      №4 себеп. Жүрек-қантамыр жүйесінің жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы

     ЖҚҚ толығымен қарастырған кезде тұздың зияны кеңінен түсіндірілген. Қарап тұрсақ, жай ғана дәмдеуіш сияқты көрінуі мүмкін, бірақ ол қантамырлар қабырғаларына кері әсер етіп, өзіндік түйілулерге дейін жеткізеді. Осындай әсерлердің нәтижесінде гипертониялық аурулар дамиды, қысым көтеріледі, сұйықтықтың көп жиналуы салдарынан тромбылар пайда болады.  Сондай-ақ тура осы тұз инсульттің себебі болуы мүмкін, ал бұл түзелмейтін зардаптарға әкелуі мүмкін. Кейбір зерттеулер нәтижелері бойынша тромбылардың пайда болуына ағзадағы NaCl жетіспеушілігі де әкелуі мүмкін, сондықтан шектен шықпай бұл құрамдас бөліктің теңгерімін дұрыс ұстау маңызды болып табылады.

      №5 себеп. Семіру

     Семіру мәселесі бүкіл әлем бойынша алдыңғы орындарды алады. Әсіресе бұл сырқат батыс елдерінде байқалады, бұның себебі әрине тұз. Бұл элемент ағздағы сұйықтықты тежейтіндіктен, оның қалдықтары май ұлпаларында жиналып, бұл артық салмақтың пайда болуына әкеледі. Тұз ақырындап денеден шығарылатындықтан, май қосымша қор болып табылады және бұл жерден NaCl соңғы кезекте шығарылады. Егер тәулігіне шығару жүйесі өнімнің 2 г. шығаратынын ескеретін болсақ,  арықтау әрекеті бірнеше жылды құрауы мүмкін және бұл тек тұссыз емдәмді сақтау кезінде ғана мүмкін болады. 

     №6 себеп. Буындар мәселесі

     Тұз мөлшерінің жоғары болуы біздің денеміздің әрбір жасушасын жанап өтеді және тірек-қимыл аппараттары ерекшелік болып табылмайды.  Буындар, әсіресе қозғалысқа жауап беретін түрлері тұздың жағымсыз әсеріне жиі ұшырайды. Әр сүйектің арасында амортизатордың және үйкеліс күшін төмендететін қалып секілді арнайы шеміршек болады. Тұз ағзадағы сұйықтықтың теңгерімін бұзатындықтан, шеміршектер үйкеле бастайды, ал бос қалған жерлерде тас қалдықтары жинала бастайды. Тұз жиналуы айтарлықтай күшті ауру белгілерін тудырады, сонымен қатар адамды физикалық тұрғыдан шектей бастайды. Сонымен бірге осы жағдайлардың салдарынан созылмалы аурулар басталуы мүмкін, ал бұл сырқаттарды емдеу тек қымбат тұрып қана қоймайды, сондай-ақ өте ауыр болады, себебі көптеген жағдайларда тозған қалыптардың орнына арнайы импланттар қойылатыны белгілі. Мұның барлығы хирургиялық жолмен жасалады, демек қалпыңызға қайта келу үшін біраз уақыт қажет болады және тұздың жиналып қалуы тірек-қимыл аппараттарының түрлі бөліктерінде болу мүмкіндігі жоғары.  

      №7 себеп. Су теңгерімінің бұзылуы

     Мақала барысында тұзды шамадан тыс тұтыну кезінде су теңгерімінің бұзылатындығы бірнеше рет қайталанды және бұл адам ағзасының ерекшеліктеріне тікелей байланысты.   NaCl осының бөлінбес бір бөлшегі болып табылатындықтан, бұл құрамдас бөлік біздің денеміздің дұрыс жұмыс жасауы үшін қажет, соның ішінде – сұйықтықтың айналып тұруы үшін керек.  Тұз өте көп болып кеткенде, шығару жүйесі түскен күшті көтере алмай, ағзада сұйықтық жинала бастайды. Егер NaCl өзі май қабаттарына қарай кетіп қалса, онда жасуша аралық су ісіктер мен домбығуларға дейін жеткізеді.

      Қызықты дерек! Сүт өндірісімен айналысатын заманауи компаниялар сиырлар жейтін азықтарға тұздың белгілі бір мөлшерін ғана қосады екен. Осының арқасында өз өмірінде бір сиыр малды азықтандырудың стандартты әдістеріне қарағанда, ол мөлшерден көп сүт береді. Бірақ тұздың айтарлықтай көп мөлшері күнделікті біз тұтынып жүрген сүт өнімдеріне қосылады, сондықтан да оларды сатып алу кезінде құрамын мұқият оқып шығу қажет. 

      №8 себеп. Орталық жүйке жүйесі жұмысының бұзылуы

     Тұз, басқа да заттар секілді ағзаға қантамырлар жүйесі арқылы таралады. NaCl ұсақ бөлшектері біздің денемізге терең еніп кетеді де, ерте ме, кеш пе бір күні бас миына дейін жетеді, осы жерде майда қантамырлардың қысылуы басталады. Осылайша біздің бас миымыз ашығып,  үнемі оны толықтырып отыруды қажет етеді, ал жіңішке каналдар бойымен пайдалы микроэлементтер мұнда өз уақытында жете алмайды.  Нәтижесінде, біз ми қызметінің белсенділігінің төмендегенін байқаймыз. Жүйке импульстерінің күші жетпейді, ал жасушалардағы артық сұйықтықтық салдарынан болған ісікті есепке алатын болсақ, жағдай бірден нашарлайды. Сырт жаққа бұл онша білінбеу мүмкін, алайда тез шаршау сияқты басқа да жағдайлар сізге берілетіні сөзсіз.

      №9 себеп. Асқорыту жүйесі жұмысының нашарлауы

     Тұздың айтарлықтай ашты екенін ескеру керек, ал шырышты қабаттармен тікелей байланысқа түскенде оларды қоздырып, тіпті бүлдіруі де мүмкін. Сөз ауыз қуысы жайлы болғанда, біз дәм сезу рецепторларының сезімталдығының жойылғанын байқаймыз, бірақ асқазан қабырғаларына жағымсыз әсер беретіндіктен, жара пайда болуына дейін жеткізуі ықтимал. Бұл сырқатқа шалдығу оңай, ал оны емдеу мүмкін емес десек те болады. Сонымен қатар тұз хелиобактер пилоридың белсенділігінің артуы мен таралуының себебі болуы мүмкін және бұл бактерия әрбір жағдайдың тек 10% қатерлі ауруға ұшыратады, бірақ сіздің осы санаттағы адамдардың қатарына жатпайтындығыңызға ешкім кепілдік бере алмайды. Бұл микроағзаның жоғарғы белсенділігі сондай-ақ  гастрит, дуоденит, сонымен бірге асқазан ісігі секілді аурулардың пайда болуына себеп болуы ықтимал, ал олардың көбеюі үшін тұз мөлшері көп орта қажет.

     №10 себеп. Көру аппараты жұмысының бұзылуы

     Осы кезге дейін тұздың көздің көру өткірлігіне тікелей әсер ететіні туралы көптеген зерттеулер жасалған. Осы қоспаны шамадан тыс пайдаланатын адамдардың көру қабілетінің көрсеткіші айтарлықтай төмен болады. Бұл қантамыр жүйесіндегі қысымның жоғарылауымен және су мөлшерінің шамадан тыс болуымен байланысты. Біздің көзіміз түгелдей сұйықтықтан тұрады және мұндай мәселелері бар көз жүйкелері қысыла бастайды, осылайша көздің көруі нашарлай бастайды.

     Жоғарыда аталған себептерден басқа өлімге әкеліп соқтыратын себептердің болатынын ескертіп кету керек, алайда бұл үшін 1 кг салмаққа 2г тұз жеу керек болады. Мұндай нәтижелерге қол жеткізу үшін дәмдеуіш қорабының жартысын жеу керек болады.

      Тұздың барлығы зиянды ма?

     Тұздың әкелетін зияны туралы айтқан кезде, сөз оны шамдан тыс қолдану жайлы болып отыр. Классикалық ас қоспасы екі құрамдас бөліктен тұрады:

 Na – натрий;

 Cl – хлор.

     Адам ағзасы бастапқыдан-ақ 15г таза натрийден тұрады, бұған қоссымша хлорды қосатын болсақ, бір адамға 200-300 г NaCl аламыз. Бұл элементтерге қажеттілік ересек адамда тәулігіне 4-6 г құрайды, бұл адамның салмағы мен жас мөлшеріне байланысты болады, ал одан көп тұтынған жағдайда жойғыш әрекеттердің мөлшері белсенді болады.

     Сонымен бірге тұтынып жүрген тұздың түрін есепке алу керек, аталған өнімді бірнеше санатқа бөлуге болады:

       теңіз тұзы — натрий мен хлордан басқа оның құрамында біздің сүйегімізді қатайтатын және тері қабатына жағымды әсер беретін  кальций және магний бар;

       йодталған тұз — қалқанша безінің ауруларынан зардап шегетін адамғарға тұтынуға кеңес беріледі, бірақ ағзасында йод мөлшері көп адамдардың пайдалануына тиым салынады;

       қара тұз — құрамында калий, күкірт, темірйод және т.б. осы сияқты көптеген микроэлементтер кездесетін тазартылмаған табиғи тұз, оның танымал болмауының себебі – дәмі жағымсыз және бағасы қымбат;

       емдәм тұзы — натрий мөлшері аз, бірақ магний мен калийдің мөлшері жоғары болып келеді, тірек-қимыл аппараттарының ауруларымен зардап шегетін адамдарға тұтынуға кеңес беріледі;

       ас және тас тұзы — біріншісі сатылымға түсер алдында түрлі қалдықтардан тазаланатын, бірақ сонымен бірге бүкіл пайдалы микроэлементтері де кетіп қалатын тазартылған коммерциялық өнім болып табылады, сондықтан бұл өнімнің пайдалы жақтары мүлде жоқ десек те болады, ал екіншісі тұздың тазартылмаған түрі.

       экстра тұз — құрамында тек пайдалы құрамдас бөліктерден басқа, натрий хлоридінің таза түрі болатындықтан, адам үшін өте қауіпті тұздың түрі болып табылады.

     Осылардың барлығын ескере отырып, соңғы екі санаттағы тұз түрлерін тұтыну жағымсыз әсерлерге әкелетінін сенімді түрде айта аламыз, алайда сол теңіз, йодталған және қара тұздар медициналық және косметикалық мақсаттарда пайдаланылады. Теңіздер  мен мұхит түптерінен жиналатын NaCl, әжімді кетуріге және тері түсін жасартуға көмектеседі, сондықтан да нәзік жандылар арасында өте қатты бағаланады.

     Сонымен қатар тұз көптеген азық-түліктердің құрамында жоғары мөлшерде кездесетінін ескерте кету жөн және бұл мөлшер адамның тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті болып табылады. Қарапайым қуырылған картофель, саңырауқұлақ немесе қайнатылған тауықтың төсі асқазаныңызды тойдырып қана қоймайды, сонымен бірге ағзаңызды пайдалы элементтермен қанықтырады.

     Тұз — бұл онсыз өміріңізді көз алдыңызға елестете алмайтын өнім. Бұл дәмдеуішті біз әр тамаққа қосуды әдетке айналдырғанбыз, алайда оны шамадан тыс тұтыну көптеген түрлі жағымсыз салдарларға әкелетінін естен шығарып аламыз. Көптеген тұссыз емдәм түрлері бар, осылардың көмегімен адам керемет нәтижелерге қол жеткізе алады, бірақ аталған өнімді тамақ үлесімізден толық алып тастай алмаймыз, оның себебі біреу ғана – тұз барлық жерде кездеседі. Еттің, көкөністердің, кейбір жемістер мен кондитерлік өнімдердің құрамында да  NaCl бар және ағза бұл құрамдас бөлікті қажет етеді, қарсы жағдайда ол қалыпты жұмыс істеуін тоқтатады.