Семіру несімен қауіпті? Себептері және оны емдеу

Артық салмақ мәселелеріне әртүрлі жастағы, түрлі жыныстағы және әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы адамдар соқтығысады. Сауықтықтыру шаралары болмаған жағдайда, мұл май қабаттарының одан ары жинала беруіне және ауыр асқынулардың орын алуына әкеледі. Семіру – бұл ағзадағы салмақтың жиналуы 20%, тіпті одан да жоғары болуымен сипатталатын салмақты өте жылдам қосу патологиясы. 

Семіру несімен қауіпті

Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, семіруге бейім адамдардың төмендегідей патологияларға ұшырау қаупі жоғары болады екен:

Көбіне науқастардың бауырының майлануы жиі байқалады, ол қанды зиянды уыттардан тазартатын маңызды орган екені белгілі. Үлкен бездің және басқа органдардың дұрыс қызмет атқаруына ағзадағы көп әрекеттер байланысты болады. Шамадан тыс салмақ жинаған адамдардың осы патологиялық өзгерістерге ие болу салдарынан болған жағымсыз әсерлерінің пайызы өсетінін ғалымдар дәлелдеп берген.

Семіру себептері

Төменде көрсетілген факторлар семіру себептері болып табылады:

  • тамақты шамадан тыс жеу;
  • дұрыс тамақтанбау тәртібі;
  • тұқым қуалаушылық;
  • эндокриндік аурулар;
  • жүйке жүйесінің аурулары;
  • бірнеше препараттар тобымен терапия алу (антидепрессанттармен және гормондармен);
  • аз қозғалатын өмір салты;
  • жүктілік, емшекпен емізу;
  • етеккір үзілісі;
  • Д дәруменінің жетіспеушілігі.

Артық салмақ денсаулықтың тек физикалық жағдайына емес, сонымен бірге психикаға да әсер етеді.

Семіру түрлері

Семіру төмендегідей өлшемдер арқылы топтастырылады:

  1. Дамуына қарай.
  2. Ауырлық дәрежесіне қарай.
  3. Сыртқы келбетіне қарай.

Патология өзара ерекшеленетін екі түрде болады:

  • Симптомдық семіру;
  • Ауқаттық-конституционалдық семіру.

Бірінші түрі (симптомдық) – бұл басқа бір ауыр сырқаттың белгісі. Екіншісі (ауқаттық-конституционалдық майлы семіру) ағзаға түсетін және шығындалатын калориялар теңгерімінің нәтижесі болып табылады.

Бұл мәселе көбіне дұрыс тамақтанбау мен физикалық белсенділіктің төмендігінен болады. Ауқаттық-конституционалдық семіру түрлерінің ішінде тағы мынадай түрлері кездеседі:

  • Әйел тәрізді семіру (бөксе-жамбас және төменгі түр);
  • Еркек тәрізді семіру (абдоминалдық, жоғарғы түр, висцералдық).

Мынадай патологиялар симптомдық семіруді тудырады:

  • Генетикалық жетіспеушілік;
  • Адипозогениталдық дистрофия;
  • Психикалық аурулар;
  • Бабинский-Пехкранц-Фрелих синдромы;
  • Эндокриндік аурулар.

Әйел адамдардың семіруінің көбіне мынадай түрлері болады:

  • абдоминалды;
  • әйел тәрізді семіру;
  • еркек тәрізді семіру;
  • аралас.

Ер адамдардың семіруінің көбіне абдоминалдық, әйел тәрізді немесе аралас түрлері кездеседі. Ал балалардың семіруінің екі түрі болады:

  • Бірінші реттік (дұрыс тамақтанбау және салмақ түспеуі);
  • Екінші реттік (тұқым қуалаушылық).

Семіру деңгейлері

Медицина қызметкерлері адамдар семіруінің 4 деңгейін атап көрсетеді:

  • 1 деңгейдегі семіру дене массасы индексінің 30,0–34,9 дейін өзгеруімен сипатталады;
  • 2 деңгейдегі семіру индекстің 35,0–39,9 белгісіне дейін жоғарылауымен ерекшеленеді, адамның дене массасы  40% көтеріледі;
  • 3 деңгейдегі семіру кезінде көрсеткіш 40,0-тан асады, ал нақты салмақ 50–99% жоғарылайды;
  • 4 деңгей: артық салмақ 2 есеге өседі, мұндай жағдайда адам салмағы 300 кг дейін жетеді.

Семірудің кез келген түрінен жағымсыз әсерлер туындайды және осы мәселені шешудің дұрыс жолын табуды талап етеді. Сол себептен науқасқа дұрыс диагностика жасау қажет.

Диагностика

Мұндай ауыр жағдайдың орын алуы әртүрлі зерттеу жүргізуді талап етеді. Диагностика жасау көмегімен мынадай тапсырмалар орындалады:

  • Семіру деңгейі анықталады;
  • Семіру тудырған себептер көрсетіледі;
  • Органдар мен жүйелер жұмысындағы жағымсыз өзгерістер табылады;
  • Асқыну бар ма, жоқ па сол анықталады;
  • Терапия тактикасы анықталады.

Семіру мәселесінен зардап шегетін науқастарды тексеру былай жасалады:

  • Тамақтануы, өмір салты, тұқым қуалаушылық бейімділігі, патологиялық ауытқуларының ұзақтығы туралы ақпараттар жинақталады;
  • Зертханалық сараптамалары (жалпы қан талдауы мен биохимиялық қан талдауы, коагулограмма, гормондарды молекулярлық-генетикалық зерттеу, жалпы несеп талдауы және Зимницкий  үлгісі);
  • Құралдық диагностика жасау (МРТ, КТ, УДЗ, денситометрия, импедансометрия).

Бұл диагностикалаудың негізгі амалдары. Ары қарай шаралар көлемі ұлғая береді, себебі зерттеудің жаңа тәсілдері пайда болуда.

Науқасты тексеру мен ары қарай терапия жасау кезінде төмендегідей мамандар қатысуы мүмкін:

  • кардиолог;
  • эндокринолог;
  • функционалды диагностика дәрігері;
  • диетолог;
  • терапевт.

Олар семіруді қалай дұрыс емдеу мен жеке терапиялық сызбаны дұрыс тағайындауды анықтайды.

Семіруді емдеу

Семіру – кешенді түрде емделетін ауыр патология. Семірудің кез келген деңгейіндегі науқасқа диета сақтау мен физикалық белсенділік тағайындалады.

Мұндай талаптардың қойылу себебі энергияны сақтай отырып, күші көп тамақтарды шамадан тыс тұтыну кезінде метаболизмнің төмендеуімен байланысты. Тұтынған калория санының төмендеуі жасұнықтар мен ақуыздарды артық қабылдағанда көмірсулар мен майларды тұтынуды шектеудің арқасында орын алады. Көбінесе тамақтардың калориясы тәулік сайын 1800 ккал аспайтын №8 үстел тағайындалады. 

Физикалық күш

Науқастың артық салмағы болса, міндетті түрде физикалық белсенділікті жоғарылату қажет. Сауықтыру жаттығуларының кешенін реабилитолог немесе кинезиолог дәрігер тағайындайды, бұл жаттығуларға жүректің тез соғуы кезінде қызмет атқаратын, тура семіріп кеткен аймақтарға әсер ететін қозғалыстар жасалады.  

Мұндай жағдайларда мынадай әрекеттер пайдалы болады:

  • жай жүру, қарқынын ақырындап өсіре беру керек;
  • жүзу;
  • би;
  • акваэробика;
  • велосипед тебу;
  • хула-хуп пайдалану.

Мұның бәрін мүмкіндік болса белсендірек және жылдамырақ (жағдайға қарай) орындау қажет. Егер денсаулығыңыз бірден қарқынды жаттығуларды жасауды көтермесе, онда жаттығуды орында отырып, қолыңызбен, аяқтарыңызбен, ауырлатқыштармен жасауға болады. 

Өз-өзіне массаж жасау

Артық килограмдармен күресу тәсілдерінің бірі өз-өзіне массаж немесе кәсіби емшара жасау. Мұны тек тамақтанып алғаннан кейін (3-4 сағаттан соң) жасау қажет. Семіруге бейім аймақтарды сағат тілінің бағытымен жаймен сыйпау керек:

  • жаймен сипалау;
  • қатты басу;
  • шымшылау.

Бұдан соң душ қабылдап, массажды су ағынымен қайталау қажет. Емшараны қыздыратын жақпа май жағу арқылы аяқтау керек. Егер семірудің бірінші және екінші деңгейін спорттық күш түсіру мен диета сақтау арқылы емдейтін болса, одан ауыр түрін мұндай тәсілмен емдеу мүмкін емес. Мұндай жағдайда дәрілік терапия қажет болады, ал кей жағдайларда тіпті ота жасауға тура келеді.

Дәрімен емдеу

Семірудің терапиялық емдеу тәсілі бірнеше бағытта болады:

  • гормондар деңгейін реттейтін дәрілік заттарды қабылдау;
  • әсері нақты семіруге бағытталған дәрілік заттарды қабылдау.

ҚР бұл патологияның дәрілік терапиясын мынадай дәрілердің көмегімен жасауға рұқсат етілген:

  • Сибутрамин. Оның әсері бас миындағы норадреналин мен серотиннің кері әсерін жоюға бағытталған.
  • Орлистат. АІЖ-да май қышқылдарының еруіне бөгет болады.
  • Целлюлоза. Ерімей қалған майлардың сыртқа шығуына арналған. Басқа дәрілік заттар кешенімен бірге қолданылады.
  • Лираглутид. Бұл дәрілік зат ағзадағы ерекше рецепторларды белсенді етеді. Соның арқасында тәбет төмендейді, адам азық-түлікті аз тұтынатын болады.

Хирургиялық жолмен емдеу

Науқастың жағдайы ауыр болғанда және дәрілік терапия еш әсер бермеген кезде хирургиялық жолмен емдеу әдісі қолданылады. Салмақ әсер ететін ауыр сырқаттар (қант диабеті, гипертензия, жүрек не тыныс алу жеткіліксіздігі, бронхтық жемсау, несепті ұстай алмау) кездерінде ДСИ 40 кг/м2 немесе 35 кг/м2 көп болса, осындай шара қолданылады.

Мұндай шараның қажеттілігін төменде көрсетілген мамандар консилиумы шешеді:

  • кардиолог;
  • эндокринолог;
  • диетолог;
  • терапевт;
  • психиатр;
  • анестезиолог.

Ота жасау арқылы семіруді емдеу кезінде мынадай құралдар қолданылуы мүмкін: 

  • асқазан көлемін кішірейту үшін асқазан ішілік баллон;
  • асқазан ойығының бір бөлігін тарылту үшін осы органға қойылатын сақина.

Тік гастропластика мен асқазанды тұйықтау тағайындалуы мүмкін. Бұл тәсілдер асқазанға өту жолының тарылуы мен майлардың, сонымен қатар пайдалы заттардың  сіңірілуін төмендетуді қамтамасыз етеді. Семіру кезінде ұйқы безі мен тік ішекті тұйықтау сирек кездеседі. Бұл асқынып кету қаупінің орын алуымен байланысты. Әсер ету тактикасын таңдау семіру деңгейіне, сонымен бірге асқорытудың басқа да ауруларына қарай анықталады.  Жоғарыда айтылған ота түрлерінің әрқайсысы өзінің қарсы көрсетілімдеріне ие. 

 Ламифарэнмен емдеу

Бүгінде артық салмақпен күресуде Ламифарэн препараты кеңінен танылып отыр. Бұл дәрі барлық зерттеулерден өткен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен расталған. Тағамдық өнімді қоңыр теңіз балдырлардан дайындайды, оның құрамында төмендегідей пайдалы заттар кездеседі:

Бұл элементтердің барлығы ағзаны қанықтырады, сонымен қатар органдар мен жүйелер жұмысында патологиялық ауытқулар пайда болатын алмасу әрекеттерін қалыпқа келтіреді.

Семіруді осындай препаратпен емдеу басқа дәрілердің кешенімен бірге, сонымен бірге алдын алу мақсатында да қолданылады. Ламифарэн көмірсулық және май теңгерімінің қалыпты болуын қамтамасыз етеді, семірудің кез келген деңгейінде жасушалық түрде жағымды әсерлер береді. 

Уытты қосылыстарды сіңіріп, зат алмасу әрекетін жақсарта отырып, өнім қан құрамын жақсартады, пайдалы микрофлораны қалпына келтіреді, ішекті құрғатып, қантамырларын тазалайды. Адам май жасушаларынан арылып, бұлшықет массасын өсіре бастайды. 

Ламифарэнді басқа дәрі-дәрмектермен бірге кешенді түрде қабылдау олардың мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді, өмір салтын жақсартады. Бұл қалпына келтіру медицинасы үшін теңдессіз әмбебап өнім.

Қорынды

Денсаулыққа қатысты әртүрлі мәселелердің туындауы адамның дұрыс өмір салтын ұстанбауымен тығыз байланысты. Тек жанына батқан кезде ғана – науқас мәселенің шешімін іздей бастайды. Егер сіз артық салмақтан қалай құтылу керек екендігінің жолын білмесеңіз – сауатты маманға жүгініңіз!