Сүрме (лат. Stibium), Sb

Сүрме — адам баласына ежелгі заманнан таныс химиялық элемент. Шамамен б.з.д. 3000 жыл бұрын оны ыдыс дайындау және үйдің керек-жарақтарын жасау үшін жиі пайдаланған. Б.з.д. 19 жүзжылдықта мысырлықтар ұнтақ тәрізді сүрмені қастарын бояу үшін және басқа да косметикалық мақсаттарда қолданған. 

     Бүгінгі күні бұл химиялық зат көптеген дәрілік заттардың және тағамдық өнімдердің, соның ішінде Ламифарэннің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқарады. Сүрменің пайдалы қасиеттерін білгісі келетіндерге мақаланы толық оқуға кеңес береміз.

      Адам денсаулығы үшін сүрменің маңыздылығы қандай?

     Бұл элементтің жете зерттелгені туралы айтудың қажеті жоқ. Ал тәулігіне адамға сүрменің шамамен 48 мкг мөлшері қажет екені анық белгілі. Адам ағзасында ол 9-5% мөлшерінде кездеседі. Осыған қарап отырып, аталған элементтің денсаулық үшін қаншалықты маңызды екенін байқауға болады.

     Сүрменің кейбір ферменттермен химиялық реакцияларға түсуінің нәтижесінде, ол ағзада күкірт қосылыстарының пайда болу мүмкіндігін тудыра алады. Ағзадан сүрме өте жай шығады, әрине оның көп бөлігі несеп шығару барысында сыртқа кетеді. Сүрме қосылыстарымен ежелгі заманда гректер кейбір тері ауруларын емдеген, ал Ежелгі ғасыр дәуірінде микроэлемент мерез ауруларына және жүрек патологиясына қарсы дәрілік зат ретінде қолданылған. Улы болғандықтан сүрмені өз бетінше пайдалану тоқтатылды, оны медицинада қолдануға шектеу қойылды. 20 ғасырға дейін ол қақырықты түсіретін және бактерияға қарсы зат ретінде белгілі болған.

     Бүгінде сүрме тек медицинада ғана емес, ветеринарияда да кеңінен қолданылады. Құрамында сүрме кездесетін дәрілік заттардың бірқатары инфекциялық ауруларға қарсы күресте тиімді болып есептеледі. Сонымен қатар, зат  қанның ұюын зерттейтін соңғы ізденістерде қолданылып жүр. Қазіргі уақытта оқымыстылар микроэлементтің басқа да заттармен өзара байланысын зерттеумен айналысуда.

      Сүрме ненің құрамында кездеседі?

     Аталған заттың адам ағзасына түсетін ең дұрыс жолы – тағамдық өнімдер. Микроэлементтің ең маңызды шоғырлары ішкі секреция бездерінде, бүйректе, бауырда, сүйек массасында, эритроциттерде, көкбауырда болады. Сонымен қатар аталған зат жұмсақ ұлпаларда бес валентті қосылыстар ретінде кездеседі.

     Микроэлементті төмендегі тағамдық өнімдерден алуға болады:

теңіз қырыққабаты (теңіз балдырларында сүрменің ең тиімді мөлшері бар);

теңіз өнімдері (асшаян, мидия);

табиғи шырындар (тек концентраттар емес);

сүт өнімдері (сүт, ірімшік, қатты ірімшіктер);

жемістер (банандар, апельсиндер, алмалар);

көкөністер (картоп, ақбас қырыққабаты, сәбіз, қызылша);

балық (албырт).

      Микроэлемент тапшылығы

       Сүрме тапшылығы мен оның салдары туралы айту ерте – себебі заттың жетіспеушілігі бүгінде зерттелмеген. Микроэлемент тапшылығының мүмкін болатын зардаптары туралы нақты ақпаратты болашақта білетін боламыз. Нақты мәліметтерсіз, жоғарыда айтылған өнімдерді шамадан тыс тұтынбаған орынды. Сүрме мөлшері ағзада артып кетпесі үшін, сенімді түрде Ламифарэн тағамдық өнімін пайдаланған дұрыс.