Мырыш (лат. Zincum), Zn

Мырыш адам ағзасы үшін үлкен маңызы бар химиялық элементтер қатарына жатады. Орташа есеппен алғанда адам ағзасында бұл заттың 2г болады. Көбіне мырыш жасуша ішіне жиналады, сонымен бірге бұлшықет ұлпаларында, ер адамдардың жұмыртқаларында, тері қабаттарында, шашта, сүйектерде де кездеседі. Мырыштың қарсыластары да бар – олар қалайы, кадмий, марганец, сондай-ақ кальций.

     Осы мақалада біз сіздерге «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын мырыш туралы ақпараттар ұсынамыз. Сіздер мырыш туралы көп нәрсе білетін боласыздар және  бұл затты не үшін қабылдау керек деген ең басты сұраққа жауап аласыздар.

     Химия саласындағы соңғы зерттеулер нәтижесі бойынша фосфаттардың шамадан тыс шоғырлануы, анаболиктер, стероидтар пайдалану,  спирттік сусындар тұтыну секілді зиянды құбылыстар мырыш тапшылығына әкелуі мүмкін екен. Сондай-ақ ішке қабылдайтын контрацепция заттарының да мырыш мөлшеріне тікелей әсер ететіні анықталған.

     Басқа зерттеулер көрсеткендей А және В6 дәрумендері мырыштың сіңірілуіне көп көмектеседі. Мұны қашанда есте ұстау керек, себебі мырыш адам ағзасындағы күрделі тапсырмаларды атқарады. Аталған зат көптеген бағыттар бойынша қызмет атқарады:

жүйке жүйесінің қызметін қалыпта ұстайды. Мырыш басқа дәрумендермен өзара байланысқа түсе отырып, қарақұс миының жұмысын реттейді, есте сақтауды жақсартады және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі;

ағзаның қорғаныс қызметтеріне айтарлықтай әсер етеді. Мырыш тапшылығы кезінде мықты иммунитет ешқашан қалыптаспайды;

жыныс бездерінің қалыпты қызметі үшін тиімді. Сонымен қатар мырыштың жыныс гормондарын жоғарылатуда да маңызы зор. Аталған зат сперматозоидтарға жағымды әсер етеді және простата ауруына қарсы керемет профилактикалық элемент болып табылады;

мырыштың жүктілік кезінде де маңызы зор: оның арқасында эстрогенді тәуелділік қалыпты болады, босанудағы кідіру қаупі төмендейді. Сонымен қатар мырыш шоғыры жоғары болса, ол баланың өлі туылу қаупін төмендетеді;  

мырыш сондай-ақ метаболизмдік әрекеттерді реттеуші рөл атқарады: зат майлардың жылдам еруі мен қышқылдануына әсер етеді, инсулин құрамына ене отырып, қандағы қант құрамының тұрақтылығын сақтап тұрады;

А дәрумені секілді аталған зат көздің саулығына, иіс және дәм сезу рецепторларына жауапты;

тері қабатының, тырнақ бетінің, шаштың дұрыс қалыптасуы мен қалпына келуіне жауапты;

мырыш — жаралардың жылдам жазылуына көмектеседі;

асқорыту әрекеттерін реттеу қызметін атқарады (ферменттік реакциялардың бірқатарын бақылайды);

нуклеин қышқылдарының түзілу әрекетіне қатыса алады;

мықты антиоксидант қызметін атқарады;

қан түзіліміне қатысады.

     Ағзаға орта тәуліктік мырыш қажеттілігі 11-ден 22 мг дейін ауытқып тұрады. Сондай-ақ жүктілік кезінде, емшекпен емізу уақытында бұл мөлшер айтарлықтай жоғарылауы мүмкін. Спортшылар мен салауатты өмір салтын жақтайтындарға 25 мг жоғары тұтынуға кеңес беріледі.

     Мырыш тапшылығы кезінде де, оның мөлшері шамадан тыс кезде де жағымсыз әсерлер орын алатындығын айта кетейік. Мұндай жағдай болмас үшін, сәйкес тағамдық өнімдерді қабылдау керек, оның ішінде «Ламифарэн» де бар. Гель құрамында мырыш құрамы қажетті мөлшерде кездеседі, ол шамадан тыс артық та болмайды, оның тапшылығын да сезінбейсіз.

     Мырыш тапшылығы болғанда мынадай белгілер байқалады:

тәбет болмайды;

дене салмағы күрт төмендейді;

есте сақтау төмендейді;

жылдам шаршау;

ұйқысыздық;

тері аурулары (дерматиттер, бөртпелер);

иіс сезудің бұзылуы;

тырнақтың сына беруі;

асқорытудың бұзылуы;

 онкологиялық аурулар туындауының мүмкіндігі жоғары болады;

зақымдалған терінің ұзақ жазылуы;

көздің көруінің төмендеуі;

психикалық ауытқушылық;

простата ауруларының туындау мүмкіндігі жоғары болады.

 

     Мырыш төмендегі тағамдық өнімдерде кездеседі:

теңіз балдыры және басқа да су асты өсімдіктері;

ет;

қызыл балық;

теңіз өнімдері (ас шаяндары, мидия, ұсақ балықтар, жеуге болатын ұлулар, сегізаяқ);

қарақұмық,  арпа, сұлы жармасының, арпа жармасының ботқалары;

жаңғақтар (грек, орман жаңғағы);

құс еті;

тауық жұмыртқасы;

алма;

сәбіз.