Көтеу — белгілері, себептері, емдеу тәсілдері мен профилактикасы

Көтеу  –  бұл тамырлардағы қан айналымының жеткіліксіздігінің әсерінен туындайтын және тік ішек веналарының варикозына алып келетін, қан кетумен асқынатын тік ішектің күрделі ауруы. Көтеу ең кең тараған ауру болып саналады.

Көтеудің себептері

Көтеуге алып келеді:

— белсенді емес, қозғалыссыз өмір өалпы;

— өсімдік жасұнығы аз мөлшерде болатын тағамдар, майлы, тұзды, ысталған тағамдарды, дәмдеуіштерді шамадан тыс қолдану;

— жиі нәжістік мәселелер, іш қатулар;

— физикалық жұмыс немесе ауыр жаттығулар;

— ішімдікті шектен тыс қолдану, темекі шегу;

— артық салмақ;

— жүктілік.

Көтеудің түрлері

Көтеудің ағымы әртүрлі түрде болуы мүмкін.

Сыртқы көтеу аналь тесігігінің айналасында және сыртында орналасқан тамырлардағы түйіндердің пайда болуымен ерекшеленеді. Ауру кенеттен болатын ауыру сезімімен сипатталады, дегенмен қан кетудің туындауы сирек болады. Дефекация кезінде сәл қан кетумен жүретін анальды сызаттар пайда болады.

Ішкі көтеу өзінің орналасуына байланысты осылай аталған. Ол дефекация кезінде қанталап, ауыру сезімімен жүретін қан түйіндерімен сипатталады. Аурудың асқыну сатысында түйіндердің сыртқа қарай шығуы болуы мүмкін.

Жедел көтеу. Асқыну кезінде қанға толы төмпешіктер сыртқа шығады, науқасты аурыру сезімі, қан кету мазалайды. Қан айналымы бұзылысының әсерінен түйіндерде қабыну пайда болады. Зақымдалған тіндер инфицирленіп, түйіндердің тромбозына алып келеді.

Көтеудің асқыну сатылары

  1. Қабынусыз тромбтардың түзілуі. Бұл сатысында сыртқы түйіндер үлкен емес, әлсіз ауырсыну сезіміне ие болады. Дефекация кезінде науқасты қышу, күйдіру сезімдері мазалайды. Қысқыштың айналасында қызарулар болады.
  2. Көтеулік тромбтар қабынумен асқынады. Қатты ауырсыну сезімімен, ісінулермен, қызарулармен сипатталады. Егер науқас отырып немесе жүретін болса, ауырсыну күшейеді.
  3. Тері асты аймағындағы тромбоз бен қабыну. Тығыз көтеулік түйіндер сыртқа шығады, олардың түсі қошқыл көк түсті болады. Шұғыл шараларды қолдануды қажет ететін өте қауіпті сатысы болып табылады.

Көтеудің асқынуы науқастың өмір қалпын бұзады және оны еңбекке қабілеттілігінен айырады. Науқастар көтеу кезінде еңбекке жарамсыздық қағазының берілуі туралы жиі сұрайды. Әрине, көтеудің асқынуы кезінде науқасқа еңбекке жарамсыздық қағазын жазып береді. Оның ұзақтығы – 10 күнге дейін болады. Еңбекке жарамсыздықтан кейін науқасқа жеңіл жұмыс ұсынылады.

Көтеуді емдеу

Осы мәселеден зардап шегетін науқастар, аурудың алғашқы белгілері кезінде дәрігерге қаралуға асықпайды. Оларды, көтеуді ауруханада қалай емдейтіндігі мазалайды.

 Консервативті тәсілдер

Кез-келген көтеуді емдеу консервативті тәсілдерден басталады.  Құрамында биофлавоноидтар болатын препараттар – гесперидин мен диосмин қолданылады. Бұндай дәрілер тамырлардың тонусын жоғарылатады, қан айналымын жақсартады, тамырлардың эластикалығын арттырады. Таблетка түрінде шығарылады.  

Оған қоса, ауырсыну мен қабынуды басатын өнімдер жазып береді.

Емдеудің жергілікті тәсілдері көтеуге қарсы әртүрлі жақпамайларды, май шамдарды, гельдерді қолданумен байланысты болып табылады. Яғни, бұл препараттар көп компонентті, құрамында анальгетиктер мен спазмолитиктер болады.

Науқасқа осымен қатар ішектің қызметін жақсарту үшін препараттар тағайындайды. Мысалы, жолжелкен тұқымының қабығын тағайындайды.

 Оперативті тәсілдер

Қабынуды жойғаннан кейін, дәрігер оперативті емді тағайындауы мүмкін. Көтеуді жоятын хирургиялық жолдар ретінде геморроидэктомия немесе Лонго отасын қолданады.

Кез-келген проктологиялық ота алдында ішекті клизмамен тазалау жүргізіледі, дегенмен, ауру белгісінің қатты байқалуына байланысты, клизманы әрдайым қолдану мүмкін бола бермейді. Ішекті тазарту үшін іш жүргізетін өнімдер қолданылуы мүмкін.

Геморроидэктомия

Геморроидэктомия көтеуді емдеудің керемет тәсілі болып саналады. Ауру дамуының 3-4 сатыларында, аурулардың тұрақты рецидивтерінде, көтеулік түйіндар түсіп, анемия туындағанда қолданылады.

Ашық геморроидэктомия – бұл әртүрлі құралдардың көмегімен барлық түйіндерді алып тастау болып табылады, дегенмен жаралар ашық қалпында қалады. Отаның ұзақтығы түйіндердің мөлшеріне байланысты, орташа 40 минут болады. Одан кейін ұзақ қалпына келу деңгейі болады.

Жабық геморроидэктомия дәл солай жүреді, бірақ жаралар тігіледі, сондықтан да операциядан кейін қалпына келуі аз уақытты алады.

Шырыш астылық геморроидэктомия. Бұл жағдайда тек түйіндер ғана алып тасталынады, шырышты қабық қалады. Шырышты қабықсыз түйіндерді алып тастағаннан кейін, іш жүргізілу уақытында науқас ауырсыну сезімін сезінбейді, қайта қалпына келу процессі жеңілірек өтеді, сондықтан да науқастар операцияның бұл түріне жағымды пікір білдіруде.

 Лонго отасы

Лонго отасы проктолог Антонио Лонгоның атымен аталған. Процедура ауырсынусыз болып табылады. Отаның бұл түрі науқастарға жиірек ұсынылады, себебі оның геморроидэктомияға қарағанда жағымды тұстары көбірек. Бұл операция жасалған жағдайда науқас ауруханада тек бір күн ғана болады. Ота ұзақтығы 15 минутқа шамалас. Отадан кейін эстетикалык кемшіліктер қалмайды. Жергілікті  жансыздандыру қолданылады. Науқас шамаман 5 күнде босатылады.  

Аз инвазивті оталар

Ота жасау арқылы емдеуден басқа, бүгінгі таңда көтеуді емдеудің көптеген аз инвазивтік заманауи әдістері бар.

 Түйіндерге латекті орналастыру. Түйінге латекс жүзігі кигізіледі, қан бармағандықтан түйін өліп, түсіп қалады. Процедура амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.

Склеротерапия. Бұл тамырларға препараттарды енгізу арқылы жүргізілетін және тамырлардағы склероз процессін шақыратын арнайы әдіс. Шамамен бір аптадан кейін склерозға ұшыраған түйін үзіліп, дефекация кезінде шығады. Склеротерапиядан кейін бір жыл ішінде асқынулар болмайды.Бұл процедура да амбулаториялық жағдайда жүргізіледі.

Лазерлік коагуляция.Лазердің көмегімен операция кезінде түйіндегі қан куйдіріледі. Қан айналым тоқтап,біраз уақыт өткен соң ісік түсіп, нәжіс жолдары арқылы шығады. Лазерлік коагуляция ең ауырсынусыз, ең тиімді әдістемелердің бірі. Операция тез жасалады.Операцияның бұл түрін жасатқан науқастарға стационарға жатуға қажеттілік тумайды.

Инфрақызыл фотокоагуляция. Коагулятордың көмегімен инфрақызыл сәуле  түйіндердің шырышты қабығына жеткізіледі, сәуленің әсерінен тіндер коагуляцияланып, кейіннен түсіп қалады. Операцияның бұл түрін жасатқан науқастарға стационарға жатуға қажеттілік тумайды.  

Монополярлық және биополярлық коагуляция. Бұл екі әдіс де электр тоғымен әсер ету арқылы жүргізіледі. Бұл әдіс асқыну факторларының көптігіне байланысты сирек қолданылады.

Криодеструкция дегеніміз суықпен емдеу. Паталогиялық тіндерге төменгі температура арқылы әсер ету, түйіндердің өліміне әкеледі. Бұл процедура жасалған науқасқа ауруханаға жатудың қажеті жоқ, асқынулар қаупі де шамалы. Алайда дәрігердің жоғары біліктілігін қажет етеді.

Аурудың алдын алу

профилактика геморрояКөтеуді емдегеннен кейін науқасқка өмір сүру салтын өзгертіп, асқынуға әкелетін барлық факторларды жою керек.

Көп отыруға болмайды, егер жұмысы ұзақ уақыт отыруды талап ететін болса, жиірек үзіліс жасап тұруы қажет. Орындықтың қаттысын таңдағаны жөн. Жүзу, жаяу жүру, серуендеу пайдалы.

Көтеуге бейімділік кезінде де емдәм қадағаланады. Тамақтануда құрамында іш қатуын шақыратын өнімдерсіз, қатты жасұнықтың жеткілікті мөлшері болуы қажет. Бөлшектік тамақтану мен көп мөлшерде сұйықтық ішкен пайдалы болып табылады.

Іш өткізетін өнімдерді қабылдау, іш қату мәселесін шешпейді. Ішекті препараттарсыз, тұрақты қызмет атқаруға үйрету қажет.

Көтеуге шағымданатын науқастардың интимді гигиенасы үшін, дәретхана қағазын қолданбауды ұсынады, оның орнына ылғалды майлықтарды немесе бидені пайдаланған қауіпсіздеу болып табылады.

Ауыр физикалық жұмыс аурудың ағымын асқындырады, сондықтан оны тоқтатқан жөн.

Аурудың бұл түрінде дене шынықтырумен айналысқан өте пайдалы. Жамбастың төменгі бөліміндегі қан айналымын жақсартатын жаттығулар таңдап аынады.

Бұл аурудың дамуындағы өмір қалпы бірінші орынға сәл жетпей тұр. Ауылдық жерлерде өнімдер табиғи болғандықтан, ал тұрғындардың физикалық белсенділігі жоғары болу себебінен, көтеумен ауыру қаладағыларға қарағанда төменірек болады. .