Гастрит деген не?

Гастрит — асқазанның қорғаныс қабатының қабынуы. Жедел гастритке кенеттен болатын, ауыр қабыну түрі тән, ал созылмалы гастритке, егер емдемесе, көптеген жылдарға дейін созылатын, ұзақ уақыттық қабыну түрі тән болады. Жедел гастриттің сирек түрі, әдетте күшті қабыну шақырмайды, бірақ қан кетуге және асқазан жабындысының ойық жарасына әкелуі мүмкін. Гастритті дұрыс әрі уақытылы емдеу осы жағымсыз аурудан арылтады.

Гастритті не шақырады?

Себептері

Асқазан жабындысының әлсіздігі ас қорыту сөлінің оны зақымдап, күйдіріп, гастрит шақыруына мүмкіндік береді. Асқазанның жұқа немесе зақымдалған жабындысы гастрит қаупін арттырады. Бұдан бөлек, белгілі бір шарттар мен әрекеттер гастрит ауруы қаупін ұлғайтады.

Асқазан – ішектік бактериалды инфекция  гастрит шақыруы мүмкін. Ең кең тарағаны асқазан жабындысын зақымдайтын хеликобактер пилори бактериясымен зақымдануы. Әдетте бұл адамнан адамға беріледі, бірақ зақымданған тамақ немесе су арқылы да берілуі мүмкін.

 Басқа да қауіп факторлары кіреді:

  • Ішімдікті шектен тыс пайдалану
  • Стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды жиі қолдану (NSAIDs) ибупрофен және аспирин сияқты
  • Кокаинды тұтыну
  • Жасқа байланысты, себебі жас ұлғайған сайын асқазанның жабындысы жұқарады

Басқа да кең таралмаған қауіп факторлары:

  • ауыр жарақатпен, аурумен немесе хирургиямен шақырылған стресс
  • аутоиммундық бұзылыстар
  • ас қорытудың бұзылысы, Крон ауруы сияқты
  • вирустық  инфекциялар

Гастриттің белгілері қандай?

  • Тамақ ішкеннен кейін сағаттар бойы сақталатын асқазандағы ауырлық сезімі;
  • Нәжістің өзгерісі, астың нашар қорытылуы (диспепсия);
  • Тәбеттің нашар болуы;
  • Қыжыл;
  • Жағымсыз иіспен кекіру;
  • Әртүрлі сипаттағы ауыру сезімдері.

Жедел гастритте келесідей белгілер пайда болады:

  • Құсу
  • Қанмен немесе кофе сұйықтығына  ұқсас іш өту
  • Ауырлықты және құрсақ аймағындағы толықтықты сезіну.
  • Жүрек айну.
  • Әлсіздік.
  • Бас айналу.
  • Көзге көрінетін терінің және шырышты қабықтың бозаруы.
  • Тілдің ақ-сұр болып өңезденуі.
  • Ауыз қуысынан сілекейдің көп бөлінуі немесе керісінше, құрғауы.
  • Асқазан аймағына пальпация жасағандағы ауыру сезімі.

Гастритті қалай анықтайды?

Диагноз

Дәрігер физикалық тексеру өткізеді, сіздегі белгілерді және өмір тарихын сұрайды. Дәрігер сондай-ақ Helicobacter pylori бактериясын анықтауға қан немесе нәжіс талданымын тапсыруды ұсынады.

Қабынуды тексеру үшін, не болып жатқанын көру үшін, сіздің  дәрігеріңіз эндоскопия өткізуі мүмкін. Эндоскопияда,  ұшында фотокамераның объективі болатын ұзын түтік қолданылады. Дәрігер түтікті тамағына кіргізіп, өңеш арқылы ары қарай асқазанға енгізеді. Егер дәрігер , сараптама кезінде ерекше бір нәрсе көретін болса, онда асқазан жабындысынан кішірек таңдама немесе биопсия да алуы мүмкін.

Дәрігер сонымен қатар мәселелі аймақтарын ажыратуға көмектесін барий ерітіндісін ішкеннен кейін, ас қорыту жолының рентгенін жасайды.

Гастриттің емі қалай жүргізіледі?

Емі

Гастриттің  емі оның жағдайы мен себебіне байланысты болады. Helicobacter pylori нәтижесінде пайда болған гастрит әдетте бактерияларды жоятын антибиотиктермен емделеді. Гастритті емдеудің антибиотиктерге қосымша басқа да бірнеше емдеу түрлері бар.

Протондық қосылыс ингибиторлары

Протондық қосылыс ингибиторлары деп аталатын дәрілер, асқазан сөлінің қышқылдығын түзетін жасушаларды тежейді. Протондық қосылыс ингибиторларының құрамына кіреді:

  • омепразол (Prilosec)
  • превацид  (lansoprazole)
  • эзомепразол (Nexium)

Дегенмен, бұл дәрілерді ұзақ уақыт қолдану, әсіресе үлкен дозада қолдану омыртқаның, жамбастың және білектің ауруларының қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Қышқылдықты төмендететін дәрілер

Асқазанның қышқылдығының мөлшерін төмендететін дәрілерге ranitidine (Zantac) және famotidine (Pepcid) кіреді. Ас қорыту жолындағы қышқылдың мөлшерін төмендету арқылы, бұл дәрілер гастриттегі ауыруды жеңілдетеді және асқазан жабындысының жазылуына мүмкіндік туғызады.

Антацидтер

Дәрігер гастрит кезіндегі ауыру сезімін тез жеңілдету үшін, сізге антацидтерді қолдануды ұсынуы мүмкін. Бұл дәрілер сіздің асқазаныңыздағы қышқылдарды бейтараптайды. Дегенмен кейбір антацидтер диарея немесе іш қатуын шақыруы мүмкін.

Гастриттен кейін қандай асқынулар болуы мүмкін?

Асқынулар

Егер гастритті емдемей қалдырып қойса, ол асқазаннан қан кетуді, сонымен бірге ойық жараларды шақыруы мүмкін. Гастриттің белгілі бір түрлері, әсіресе, асқазан жабындысы әлсіз адамдарда, асқазан ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Егер гастриттің белгілерін сезсеңіз, әсіресе олар созылмалы болса, онда мүмкін болатын асқынуларына байланысты  Сіздің дәрігеріңізбен кеңескеніңіз маңызды болып табылады. Көмек тез арада көрсетілетін болса, гастрит қауіпті емес.

Гастритті Ламифарэнмен емдеу

Біздің орталыққа асқазанының аурулары бар адамдар жиі қаралады. Яғни, эрозиялық гастрит, жедел гастрит, ең кеңінен таралғаны бұл – асқазанның ойық жарасы болып табылады. Бұл аурулардың негізгі себептері: инфицирленген хеликобактер пилори бактериясы болып табылады, жиі уақытылы емес тамақтану, қосымша тамақтар т.б. Бауырдан бөлінетін өт қышқылы кезекті асты қорытуды күтеді, бірақ ол уақытылы түспейді. Осының әсерінен гастрит дамиды.

Гастрит – бұл асқазанның шырышты қабығының қабынуы. Гастриттің екі түрі бар: жедел және созылмалы.

Көпшілігі: алмагель, маалокс, денол, омез, ренни және т.б. таблеткаларды қабылдаған болар. Себебі адамдар гастриттің қай түрінде болмасын дәл осы емдік препараттарға жүгіреді. Егер гастриттің алдын алып немесе емдемесе, ол біртіндеп эрозивті гастритке, одан кейін ойық жараға айналады. Осы немесе басқа да емдік препараттарды қабылдағаннан кейін, ауыру кезінде болатын ыңғайсыздық сезімі басылады, бірақ біршама уақытқа ғана болады. Тек уақытылы әсер көрсетеді.

Қазіргі күндері жанама әсері, дағдылану болмайтын, ең бастысы тиімді нәтиже беретін өнімдерді қабылдау маңызды болып отыр.

Ламифарэн  гелі — теңдесіз өнім. Кезеңмен жұмыс істей отырып, адамның барлық жүйелері мен мүшелеріне әсер етеді.

Оған қоса қышқылдықты қалыпқа келтіріп, шырышты қабықтағы қабынуды басып, ағзаны қажетті дәрумендермен толтырып отыру керек және иммунитетті нығайту қажет. Осының барлығын Ламифарэн өнімі береді. Оның құрамында ешқандай синтетиктер, хош иістендіргіштер, бояғыштар болмайды. Өнім қауіпсіз, оны 4 айлық мерзімнен бастап, жүкті, сонымен бірге емізетін әйелдерге де қабылдауға болады. Ол кез-келген емдік препараттармен үйлесімін табады. Оны ішу барысында дәрі қабылдап жүрген болса, жағдайы жақсарғанын байқағаннан кейін біртіндеп дәрінің дозасын азайтуға болады. Мүлде ішпесе де болады. Осыған қоса қайталама УДЗ-ге түсіп немесе ФГДС-қа баруына болады.

Гастритпен ауырған кезде Альгинат қабынуды басады, ағзаны тазартады, Маннит бауырдың және бүйректің қызметін қалыпқа келтіреді.Ары қарай ағзаны нығайтады, емді тиімдірек етеді.

Ойық жара пайда болғанда Фукоидан оны тежейді  және біртіндеп өлшемін кішірейтеді. Гастриттің келесі стадиясына өтуіне мүмкіндік бермейді.

 

Sidebar



X

Кеңес алу