Фосфор (лат. Phosphorus), P

     Ағза үшін фосфордың қаншалықты пайда әкелетінін көп адамдар біледі. Фосфор ұлпалардың барлығында болады, бірақ оның ең көп шоғырланатын жері бас миы. Бұл элементсіз метаболизм  тұрақты, жүрек-қантамы және жүйке жүйелерінің жұмысы дұрыс болмайды.

     «Ламифарэн» тағамдық өнімінің басты құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын фосфор – тұрақты даму мен тіс эмалінің және сүйектердің мықтылығы, сонымен қатар интеллектуалды қызмет үшін таптырмас элемент. Тіпті бұл қызметтер заттың пайдалы жағын толық ашып көрсетпейді.

      Адам ағзасындағы рөлі

     Микроэлемент жүйке-бұлшықет жүйелерінің тұрақты қызметі үшін өте маңызды. Ол биохимиялық ми реакцияларына қатысады, ұлпаларда, қанда және бұлшықеттерде кездеседі. Олардың құрамдас бөліктерінің бірі бола отырып, фосфор қышқылды-сілтілік теңгерімді ұстап тұруға көмектеседі. Микроэлемент сонымен бірге белсенді дәрумендердің қалыптасуына қатысады, бұл түзілімдер әрекеті үшін өте маңызды болып табылады.

     Бұл элемент бізге таныс азық-түліктердің көбінде кездесетіндіктен, фосфор тапшылығы – жиі кездеспейтін құбылыс. Көбіне дұрыс тамақтанбаған жағдайда жетіспеушілік орын алуы мүмкін. Мысалы, егер адам кальциі көп азық-түліктердің көп мөлшерін тұтынып, ақуызға қаныққан тағамдарды аз жесе, фосфор тапшылығы болуы ықтимал.

     Кей кездері бұл элементтің тапшылығы метаболизм қатты ауытқығанда, газдалған сусындар мен лимонадты шамадан тыс ішкенде, наркотикалық заттармен және спирттік өнімдермен уланғанда, созылмалы сырқаттар салдарынан болады.

     Фосфор тапшылығы мынадай белгілер арқылы көрінеді:

жиі шаршау;

жайсыздық;

кенеттен физикалық белсенділік туып, артынан шаршау мен селқостық орын алады;

тәбеттің болмауы;

зейін төмендейді;

бұлшықеттердің, сүйектердің ауыруы;

метаболизмнің бұзылуы;

бауыр қызметінің бұзылуы;

инфекциялық сырқаттарға шалдығу;

мешел;

остеопороз;

ауыз қуысының аурулары.

     Ауыр жағдайларда әлсіздік одан ары артып, адам комаға түсіп, кейін өліп кетуі мүмкін.

     Заттың тәуліктік мөлшерін қанағаттандыру үшін, дұрыс тамақтанып жүру керек. Тәулігіне микроэлементтің 1450-1720 мг қабылдау қажет, бұл асқабақ дәнінің 6 ас қасығын жегенмен немесе теңіз балдырларының бір өлшемін қабылдағанмен бірдей.  Жүкті әйелдер мөлшерді еке есейткендері дұрыс, ал балалардың тәуліктік мөлшері 1250-2450 мг құрайды.

     Тағамдық өнімдерде кездесуі

     Фосфор көпшілікке танымал тағамдарда болады. Аталған элемент төменде көрсетілген азық-түліктерде кездеседі:

теңіз балдырларында;

теңіз өнімдерінде;

тауық жұмыртқасында;

сүтте;

ірімшікте;

ірімшікте;

бауырда;

асжапырақта;

жаңғақтарда (орман жаңғағы, жержаңғақ, грек жаңғағы);

асқабақ дәндері;

бұршақ тұқымдастарда (үрмебұршақ, бұршақ, жасымық);

сарымсақта;

көкөністерде (ең бірінші кезекте ақжелкенде);

арпада;

арпа жармасында;

қарабидай нанында және тұтас дәнді өнімдерде;

сұлыда.

      Фосфор тапшылығы секілді мәселемен соқтығыспас үшін, арнайы дәрілер ішу немесе жоғарыда көрсетілген азық-түліктерді шамадан тыс тұтынудың  қажеттілігі жоқ. Әйтпесе одан да ауыр жағдайларға тап болуыңыз мүмкін. «Ламифарэн» гелін үнемі қабылдап отыратын болсаңыз, фосфор тапшылығынан еш уақытта  зардап шекпейсіз. Тағамдық өнім жеке құрамдас бөліктерін көтере алмаушылық болмаса, аллергиялық реакция тудырмайды.