Е дәрумені

Е дәрумені: жалпы мәліметтер


Е дәрумені өнімді антиоксидант болып табылады, майда ериді, алайда суда ерімейді. Қышқыл әсерінен, сонымен қатар сілтілік ортада бұзылмайтындықтан, дәрумен осы қасиеттерімен белгілі.  Жоғары температура әсерін жақсы қабылдайды.

Өлшем бірлігі, жалпыға бірдей (МЕ), тамақ өндірісінде Е307, Е308, Е309 ретінде есепке алынады. Е дәрумені пайдалы қасиеттерінің көптігімен таңқалдырады. Бұл зат болмаса, бірде бір биохимиялық әрекет орын алмайды. Сонымен қатар дәрумен барлық органдар жүйесінің қызметін ұстап тұру үшін қажет, ары қарай толығырақ мәтіннен білесіздер.

Токоферол қандай өнімдерде кездеседі?


vitamin EОл Ламинария қоңыр балдырларында («Ламифарэн» тағамдық өнімінің негізі) көп мөлшерде болады. Сонымен бірге басты тағамдық негіздеріне төменде көрсетілгендерді жатқызуға болады:

Өсірілген бидай майы;

Бадам, грек жаңғағы, орман жаңғағы;

Түрлі майлар (жүгері, жер жаңғақ, күнбағыс, соя майлары);

Қызыл теңіз балығы;

Бауыр;

Тауық жұмыртқасы;

Сәбіз;

Саумалдық;

Сұлы.

Токоферол селен мен мырышпен өзара байланысқанда жақсы сіңіріледі, бұл металдар да «Ламифарэн» гелінің құрамында теңгерімді мөлшерде кездеседі. Осындай қосылыстарының арқасында әрбір құрамдас бөлік ағзаға  98% сіңеді. Такоферол сіңірілуінің қарсыластары тәттілер, майлы тоқаштар, спирттік өнімдер болып табылады.        

«Ламифарэн» өнімін қабылдағаннан Е дәруменінің шамадан тыс артуы мүмкін емес, бұл барлық құрамдас бөліктерінің теңгерімді шоғырына байланысты.

Ағзаға тигізетін әсері


Е дәруменін жемістілік заты деп бекер айтпайды: ол ер және әйелдің репродуктивтік жүйе қызметінің қалыпты болуына жауап береді, эндокринді, жүйке жүйесіне әсер етеді. Сонымен қатар Е дәрумені жүрек пен қантамырларының саулығы үшін пайдалы, демікпе мен қант диабетімен күресте кеңінен пайдаланылады. Е дәрумені қантамырларды қанның ұйып қалуына тазартуға әсер етеді, осылайша тромбофлебит және осы тектес аурулардың алдын алады. 

Сондай-ақ токоферолдың антиоксиданттық қасиеттері де белгілі: ол жасуша мембранасына еркін радикалдардың жағымсыз әсерлерінен қорғайды, жаман холестериннің түзілуін төмендетеді, уақытынан бұрын қартаюдың және онкологиялық аурулардың алдын алады. Е дәрумені иілмелі талшықтар мен коллагеннің түзілуіне қатыса отырып, тері қабатына жағымды әсер қалдырады. Осылайша, токоферол ерте қартаю белгілеріне кедергі болады, терінің қалпына келу мүмкіндіктерін күшейтеді, оған жұмсақтық пен жеңілдік береді.

Ағзадағы рөлі


Антиоксиданттық қасиеттерінің арқасында токоферол көптеген аурулардың дамуына кедергі болады. Е дәрумені ағзаға химикаттардың тигізетін жағымсыз әсерін бейтараптандырады, қауіпті ісік тудыратын қосылыстардың туындауының алдын алады.

Токоферол антиоксиданттармен өзара байланысы кезінде өзінің артықшылығын толықтай ашады: оның әсері аскорбин қышқылымен қосылғанда айтарлықтай күшейеді. Мұндай жағдай онкологиялық аурулардан сенімді қорғаныс қызметін атқарады.

Токоферолдың пайдалы қасиеттері мұнымен бітпейді. Е дәрумені сонымен бірге мынадай бағыттарда әсер етеді:

Қант диабетінің, Альцгеймер ауруының белгілерін төмендетеді;

Ағзаның қорғаныс қызметтерін нығайтуға әсер етеді;

Жаралардың жылдам жазылуы үшін қажет;

Қылтамырлардың нығаюы үшін маңызды;

Қан аздықтың дамуының алдын алады;

Қанның жақсы ұюына жауап береді;

Тромбоздан сенімді қорғаныс қызметін атқарады;

Ұлпалардың уақытылы қалпына келуі үшін қажет;

Жарақаттар мен ота жасалғаннан кейін қалатын тыртықтар немесе басқа да зақымдардың пайда болуын төмендетеді;

МАС жағымсыз әсерлерін төмендетеді;

Бұлшықет тонусына жағымды әсер қалдырады;

Безгекті жоюға көмектеседі;

Ағзаның төзімділігін жоғарылатады;

Қартаю әрекетін бәсеңдетеді;

Мимикалық әжімдердің пайда болуының алдын алады;

Теріні жұмсартады.

Ылғандандырғыш қасиетінің арқасында токоферол косметологияда кеңінен қолданылады және әйел адамдарға климакс кезінде тағайындалады, себебі ол эстрогеннің орнын толтырушы болып табылады. 

Егер менустралдық кідіріс кенеттен орын алса, Е дәрумені дұрыс жыныстық құштарлықты сақтап қалу үшін маңызды. Сонымен қатар токоферол тері жараларын, герпесті, теміреткіні және басқа да тері ауруларын емдеуде өзінің тиімділігін көрсетті.  

Е дәрумені және оның жүктілік кезіндегі рөлі


Жүкті әйелдерге және жалпы репродуктивті жүйеге қатысты токоферолдың қасиеттерін жеке айтуға болады:

Жетілу кезеңінде жағымды әсер етеді және қантамырларын сауықтырады;

Бала жолдасының ажырап кету қаупін төмендетеді;

Ағзаның гормоналды жағдайын тұрақтандырады, бұл жүктіліктің кез келген мерзімінде және кейбір гормоналды ауытқулар мен емшек аурулары кезінде өте маңызды;

Менструация уақытында жатырдың жылдам жетілуіне әсер етеді;

Жұмыртқалар ауруына қарсы емдеу курсының міндетті құрамдас бөлігі болып табылады;

Жыныстық жүйе органдарының қызметін жақсарту үшін әрекет етеді;

Жүктілік кезінде шаршауды басуға арналған;

Жиі жүктілікті сақтау үшін пайдаланылады;

МАС кезеңінде пайдалануға кеңес беріледі;

Безгекті тиімді қойдырады.

«Ламифарэн» тағамдық өнімі – жүктілік кезінде және оны жоспарлау уақытында әйелдер үшін таптырмас құрал. Көптеген дәрумендік кешендерге және арнайы дәрілік заттарға қарағанда «Ламифарэн» гелі ағза үшін осындай қиын кезеңде де қауіпсіз болып табылады.

Гельдің стандартты үлесі  денсаулық үшін қажетті барлық дәрумендердің, макро және микроэлементтердің тәуліктік нормасын құрайды. Өнімнің тікелей қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ, емдеу-алдын алу және емдәм тамақтану тәртібіне де қосыла алады. «Ламифарэннің» бірегей қасиеттері әйел адамға босанғаннан кейін қажет дәрумендер мен бағалы нутриенттердің үлкен мөлшері қажет болғанда ағзада байқалады. Өнім 100% табиғи және емдәмдік болып табылады, сондықтан да калориялылығы туралы ойланудың қажеті жоқ – ол сіздің сымбатыңызға кері әсер етпейді.

Тәуліктік мөлшері


Жас ерекшелігіне, жынысына және адамның дене салмағына қарай, токоферолды тұтынудың төмендегідей  мөлшерлері орнатылады:

Жаңа туған нәрестелер мен 6 айға дейінгі сәбилерге — 3,2 мг;

6 айдан 1 жасқа дейінгі сәбилерге — 4,2 мг;

3 жасқа дейінгі балаларға — 5,8 мг;

4-10 жастағы балаларға — 6,8 мг;

11 жастан асқан ер балаларға — 9,7 мг;

11 жастан асқан қыз балаларға — 7,7 мг;

Жүкті әйелдерге — 10,2 мг;

Емшекпен емізу кезіндегі әйелдерге — 12,3 мг.

Е дәрумені жетіспеушілігінің белгілері


Төмендегідей белгілер пайда болуы мүмкін:

Үйлесімділіктің төмендеуі;

Енжарлық, селқос жағдай;

Жүйкенің тозуы, метаболизмнің ауытқуы;

Қан құрамының бұзылуы;

Бұлшықеттер саулығының нашарлауы;

Бауыр аурулары;

Жыныстық жүйе жұмысының ауытқулары;

Жүрек-қантамыр жүйелерінің патологиялары;

Бас сақинасы.

Қолданылу тәсілдері


Токоферол мынадай жағдайларда және сырқаттар кезінде тағайындалады:

Гормонды сипаттағы ауытқуларда;

Жүктілік және оны жоспарлау кезінде;

Ұйқы безі қызметінің бұзылуында;

Несеп шығару жүйесінің патологияларында;

Бауыр ауруларында;

Алкогольдік тәуелділікте;

Темекі шегу кезінде;

Жоғары физикалық салмақта;

Жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу жағдайларында;

Ұзақ созылмалы ауруларда;

Жүктілікті тоқтату қаупінде;

Менструация циклының бұзылуында;

Химиотерапия өту кезеңінде;

Ота жасалғаннан кейін және ауыр сырқаттардан соң қалпына келу кезеңінде;

Жүйке жүйесі жұмысының ауытқуында.

Басқа заттармен байланысы


Ретинолды, токоферолды, аскорбин қышқылын және селенді бір уақытта қабылдағанда, қартаюдың алғашқы белгілеріне күшті соққы беріледі. Сонымен қатар Е дәрумені ретинолдың ыдырауына кедергі болады және оның ағзадағы қорын толтырады. Токоферолды магнийдің жақсы сіңірілуі үшін қабылдауға кеңес береді.

Жаңа деректер


Эстетикалық медицина саласындағы соңғы зерттеулер нәтижелеріне сәйкес, токоферол терінің су теңгерімін реттеу үшін теңдессіз құрал. Оны алдыңғы қатарлы косметологиялық өндірушілер жасаған  жас ерекшелігіне байланысты заттар мен жақпа майларда қолданылады. Е дәруменін қабылдау олардың қартаюға қарсы қасиеттерін айтарлықтай күшейтеді.

«Ламифарэн» тағамдық өнімін қолдану қауіпті аурулардың, жағдайлардың және ерте қартаюдың дамуынан ағзаны сенімді қорғайды. Қатаң теңдестірілген құрамының және өндірушінің бірегей технологиясының арқасында гельдің құрамдас бөліктері ағзаға қабылдағаннан кейін 20 минуттан соң 98%-ға сіңіріледі.