B2 дәрумені

B2 дәрумені: жалпы мәліметтер


B2 däruwmeni

В2 дәрумені —  флавиндер класына жататын зат. Аталған дәрумен сары түстес, жоғары температураға шыдамды болып келеді, алайда ультракүлгін сәуле түскенде ыдырайды. Рибофлавин деген атпен белгілі В2 дәрумені сұлулық пен саулықтың серігі деп бекер айтпаған – оның ағзадағы деңгейінің мөлшеріне тырнақтардың, шаштың және тері қабатының саулығы байланысты.

     Рибофлавин суда еритін басты дәрумендердің бірі болып табылады. Тамақ өндірісінде Е101 деп белгіленеді. Өлшем бірлігі – жалпыға бірдей (МЕ).

      Қандай өнімдерде болады?


     Қоспалар және арнайы дәрумендік кешендер қабылдағыңыз келмей ме? Мұндай жағдайда, В2 дәруменін тағам өнімдерінен қабылдауды үйреніңіз. Рибофлавиннің көп мөлшері төмендегі өнімдерде кездеседі:

Ламинария қоңыр балдырларында — «Ламифарэн» тағамдық өнімінің құрамында;

ашытқыда;

бадамда;

майлы түрдегі шикізаттарда;

какао бұршақта;

шалқанда;

саумалдықта;

саңырауқұлақтарда (әсіресе түлкішекте және қозықұйрықта);

қызыл балықта (арқан балықта, алабалықта, ақсеркеде);

асбұршақта;

майсыз ірімшікте;

тауық жұмыртқасында.

     Рибофлавин әр адам үшін күнделікті тұтынатын өнімдердің көбінде болады. Егер қандай да бір себептермен тамақ теңгерімін осы дәруменмен байыта алмасаңыз, В2 дәруменін қосымша қабылдау қажет екенін ескеріңіз. Бұл үшін қандай да бір күдікті дәрілер ішіп, ине салдырудың қажеті жоқ.

     Рибофлавиннің дұрыс шоғырын ұстап тұрудың тиімді амалы – «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау болып табылады. Гельдің стандартты мөлшерінде рибофлавиннің тәуліктік көлемі және басқа да көптеген пайдалы заттар бар. Өнімді қабылдау В2 дәрумені мөлшерінің шамадан тыс артуын болдырмайды, ағза тек өзіне қажетті мөлшерді ғана қабылдайды, бұл адам денсаулығы үшін еш қауіп төндірмейді.

      Рибофлавин әсері 


     Тиамин секілді, В2 дәрумені майдың ыдырауына, кейбір энергетикалық механизмдер әрекетінің жақсаруына әсер етеді. Ақуыздар мен фосфордың өзара әрекеттесуі арқасында рибофлавин сахаридтердің қалыпты метаболизмі үшін қажетті ферменттерін жасау, оттегімен қамтамасыз ету және тұрақты тыныс алу қызметін қамтамасыз ету мүмкіндігі туады.

     Егер сіз әжімдердің пайда болғанын, ерніңіздің жарылғанын, көзіңіздің ашығанын және мұрныңыздағы тері қабаттарының қабыршақтанғанын байқасаңыз, ағзаңыздағы рибофлавин деңгейін тексеріңіз. Аталған белгілердің барлығы В2 дәруменсіздігінің нақты дәлелі бола алады.

В2 дәрумені ағзаның әрбір зат алмасу әрекеттеріне қатысады – ақуыздық, көмірсулық, энергетикалық. Сонымен қатар рибофлавин гликогенді синтезге қатысады, темірдің сіңірілуіне әсер етеді, тұрақты қантүзілім үшін қажет.

Ағзаның қорғаныс қызметі үшін қажет, жүйке жүйесінің тоқтаусыз жұмысы үшін маңызды.

Рибофлавин Альцгеймер, қояншық ауруларының алдын алу үшін де маңызды.

Ауыз қуысының шырышты қабатының саулығы үшін қажет, ішек микрофлорасының дұрыс жұмысы үшін керек.

Қалқанша безінің қызметін реттеуге жауап береді.

Түстерді дұрыс ажырату және жарықты дұрыс қабылдау, ультракүлгін сәуленің шамадан тыс  түскен кезінен  көздің торлы қабығының қорғалуы үшін қажет. — Көздің шаршауын басады, оның қараңғы уақытқа бейімделуіне көмектеседі, көздің көру қырағылығын жақсартады, көзді су қараңғылықтан сақтайды.

Сонымен қатар рибофлавин — безеуден, дерматиттерден және басқа да инфекциялық және инфекциялық емес сипаттағы тері ауруларынан сенімді қорғайды.

Зақымдалған ұлпалардың қалпына келу қарқынын кәдімгідей жылдамдатады.

Уыттардың ағзаға тигізетін жағымсыз әсерлерін азайтады.

     Рибофлавиннің тәуліктік мөлшері


    Шын мәнісінде, ағза бұл заттың мөлшерін аса қажет етпейді. Рибофлин шоғырының болуын көбіне жүкті әйелдер бақылауы керек: мамандардың айтуынша, осы дәруменге темір мен фолий қышқылының болуы әсер етеді екен. Соңғысы ұрықтың қалыпты дамуы үшін өте маңызды, сондықтан жүктілік кезеңінде тамақ теңгерімін қайта қарап, рибофлинді қосымша қабылдау қажет.

     Заттың мынадай мөлшері белгіленген:

Ер адамдарға — 1,7 мг;

Әйел адамдарға — 1,3 мг;

Балаларға — 1,1 мг.

    Егер тамақ теңгерімінде ет тағамдарының болуы маңызды болса, мөлшерді 3 мг дейін жоғарылату керек, бұл жүкті әйелдерге де қатысты.  

     Медицина рибофлавиннің шамадан тыс мөлшері артып кеткені туралы ешбір дәйекті жағдайды көрсетпейді. Сонда да, қауіпсіздік мақсатында, оның қорын «Ламифарэн» гелін қабылдай отырып толтыруды ұсынамыз. Қоспалар мен дәрумендер кешеніне қарағанда, бұл өнім ағзаға 97% сіңеді және ешқандай жанама әсерлері жоқ. 

     В2 дәруменсіздігінің белгілері


     Рибофлавин жетіспеушілігі кезінде басында ағза ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Тек біраз уақыт өткен соң метаболизмнің тежелуі, жасушаларға оттегінің жеткіліксіздігі секілді белгілерді байқауға болады. Өкінішке орай, бұл заттың жетіспеушілігі өмір ұзақтығын қысқарту мүмкіндігіне ие екенін айта кету керек.

     В2 дәруменсіздігінің негізгі белгілеріне төмендегілерді жатқызамыз:

еріннің, құлақтың, мұрынның, көз қабағынының қабыршақтануы;

көздің қызаруы, жасаурауы;

еріннің жарылуы;

жаралардың ұзақ уақыт жазылуы;

енжарлық;

жарыққа көздің күрт әсері.

     Егер дәруменсіздік ұзаққа созылып, бірақ айтарлықтай көрінбесе, әсіресе жасы ұлғайған кісілерде білінетін ерін көлемінің кішіреюі мүмкін. Заттың жетіспеушілігі қоректік заттардың сіңірілуінің бұзылуына әкелетін АІЖ ауруларының дамуына әкелуі мүмкін.

     Безгек, онкологиялық аурулар, қалқанша безі қызметінің бұзылуы кездерінде рибофлавинді қосымша қабылдау қажет. Бұл аталған аурулардың В2 дәруменінің жоғары шығынын қажет ететіндігімен байланысты.

     В2 дәруменсіздігінің ұзақ уақыт орын алуы бірінші кезекте балаларға әсерін тигізетін ми қызметінің бәсеңдеуіне (үлгерімнің төмендеуі, үнемі шаршап жүру, физикалық дамудың ақырындауы) әкелуі ықтимал. Жетіспеушілік көпке созылып кеткенде ми ұлпалары кері дамып, бұл көптеген психикалық аурулардың алғышарты болып табылады.

     Қабылдау көрсетілімдері


     В2 дәруменінің ешуақытта артық болмайтыны дәлелденген – ал кей жағдайларда ол тіпті қажет.  Рибофлавин метаболизмдік әрекеттерде (көмірсулы, энергетикалық, липидтік, майлы), маңызды рөл атқарады, ақуыздар, липидтер, көмірсулар түзеді. Сонымен бірге В2 дәруменінің маңызды қызметтерінің бірі – қан аздыққа қарсылық таныту. 

     Төменде көрсетілген мақсаттарда рибофлавинді қосымша қабылдауға кеңес беріледі:


су қараңғылықтың дамуының алдын алу үшін;

бас сақинасының ауруын жеңілдету үшін;

 тері жарақаттарыың жазылуы мен безеулермен күресу үшін.

     Рибофлавин мынадай ауру түрлерінде тағайындалады:


ақшам соқырлық;

көздің қарығуы;

хронизация сатысындағы гепатитте;

ішек аурулары кезінде;

теңгерімсіз тамақтануда;

сәулелік ауруларда;

бронхты жемсау ауруы кезінде;

Боткин ауруында;

әлсіздікте;

бұлшықеттердің сырқырауында;

қан айналымының бұзылуында;

улы заттар мен ауыр металдармен улану кезінде.lamifaren

    Гель түріндегі «Ламифарэн» тағамдық өнімін қабылдау дәрілік заттарды қабылдауға кедергі болмайды. Құрамының табиғилығына қарай бұл өнім дәрілік заттармен еш қайшылыққа түспейді, жанама әсерлері болмайды. Өнімді тамақтанудың емдеу-алдын алу теңгерімінің құрамына қосуға, балаларға беруге, емшекпен емізу мен жүктілік кезінде де қабылдауға кеңес беріледі.

     Басқа заттармен байланысы


     В2 дәруменінің әсері қысымды төмендететін заттарды бірге қабылдаған кезде көп рет күшейеді.

     Рибофлавин темірге қатысты сіңіруші қасиетке ие, оны мобилизациялайды және сақтайды. Сонымен бірге бұл зат пиридоксиннің (В6) жылдам сіңуіне әсер етеді.

     Жаңа деректер


     Рибофлавинге қатысты оқымыстылар өте танымал шылым жасады: жуырда ғана заттың қатерлі ісік ауруларына қатысты қасиеттері белгілі болды. Рибофлавиннің қатысуымен терапияның заманауи әдісі қолданылған клиникалық зерттеулердің қорытындысы бойынша, қатерлі ісіктің азаюы 90 % жағдайда көрінген екен. Жақын арада оқымыстылар ісікпен күресу үшін заманауи дәрумендік әдіс зерттемелерін жасауды жоспарлап отыр.

       Рибофлавиннің қатерлі ісікке қарсы әсері «Ламифарэн» тағамдық өнімін клиникалық зерттеу әрекеті кезінде де анықталған. Заттың құрамдас бөліктері метастаздалу әрекетінің бәсеңдеуіне әсер ететіндіктен, кез келген онкологиялық аурулардың сатыларында гельді қабылдауға кеңес беріледі. Клиникалық зерттеулер нәтижелері туралы біздің сайтымыздың әлеуметтік бөліміне кіріп, толығырақ біле аласыздар.

 

Sidebar



X

Кеңес алу