Анемия (қаназдық): түрлері, пайда болу себептері, симптомдары және емі

Анемия немесе қаназдық термині барлығына белгілі, бірақ патологияның нақты себебін, даму механизмі мен негізгі емдеу ұстанымын барлығы біле бермейді. Гемоглобин концентрациясының төмендеуі ағзадағы белгілі бір бұзылысты көрсетеді және диагностика кезінде оны міндетті түрде тексереді, емдеу схемасын таңдау мен алдағы болжам осыған байланысты болады.

Анемия термині нені білдіреді

Анемия – гемоглобин концентрациясының төмендеуімен және көпшілік жағдайда бір уақытта эритроциттің де төмендеуімен сипатталатын патология.  Анемия өзіндік ауруға жатпайды, бұл адам ағзасында қандайда –бір болып жатқан ақаудың белгісі болып саналады. Анемияның негізгі себебін анықтау – диагностиканың басты тапсырмасы, себебін дұрыс анықтағаннан кейін емдеу тез және сөзсіз нәтижеге жеткізеді. Гемоглобиннің төмендеуін қарапайым қан анализін анықтауға мүмкіндік береді, соған қарап дәрігер қосымша зерттеулер тағайындауы мүмкін.

Жас пен жынысқа байланысты гемоглобиннің қалыпты мөлшері

Науқастар категориясы Гемоглобиннің қалыпты мөлшері
Ерлер 140-160 г/л
Әйелдер 120-140 г/л
Жүктілік кезеңіндегі әйелдер 110 г/л бастап
5 жастан кіші балалар 110 г/л жоғары
5 жастан үлкен балалар 115 г/л жоғары

Анемия газ алмасуды өзгертеді – эритроциттің оттегін тасымалдауы төмендейді және бұл тіннің оттегімен қамтамас кезінде анық көрінеді. Соның нәтижесінде ішкі тепе-теңдіктің және ішкі мүшелер қызметінің ақауы туындайды, бұл сылбырлықпен, күштің болмауымен, ашуланғыштықпен, тұрақты ұйқы келуімен, шаш, тері, тырнақтардың нашарлауымен көрінеді.

МКБ 10 бойынша ауру анемияның түріне байланысты болады. МКБ D64.9 – анемия тұрақты емес, диагностикадан кейін өзгеруі мүмкін.

Классификация

Медицина тәжірибесінде анемияның бірнеше классификациясы қолданылады.

Түстік көрсеткіш бойынша

Түстік көрсеткіш (ТК) – гемоглобиннің қаншалықты эритроцитпен қаныққандығын көрсететін ерекше бірлік. Қалыпты мөлшері 0,86—1,1 құрайды. ТК бойынша ажыратылады:

  • Гипохромды анемия – ТК 0, 8 төмен;
  • Нормохромды анемия. Көрсеткіш қалыптыдан ауытқымайды;
  • Гиперхромды анемия. ТК жоғарылаған жаққа ауытқиды.

Даму механизмі бойынша анемия болуы мүмкін:

  • Қан жоғалту салдарынан;
  • Қан түзілудің бұзылысынан, темір тапшылықты, фолий тапшылықты, апластикалық анемиялар;
  • Тұқым қуалаушылық бұзылыстарынан немесе аутоиммунды процесстерден болатын, эритроциттердің патологиялық бұзылысы салдарынан.

Морфологиялық белгісі бойынша

Қанды зерттеу процессінде эритроциттің тек саны ғана емес, соған қоса олардың өлшемдері де ескеріледі, қалыпты олардың өлшемі 7,2 -ден 8,0 микрометрге(мкм) дейін болады.

Эритроциттердің өлшемінің кішіреюі жиі темір тапшылықты анемия кезінде болады, ал постгеморрагиялық анемия кезінде өлшемі қалыпты болады. Ағзадағы фолий қышқылының немесе В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен туындаған анемия кезінде қызыл денешіктердің диаметрі үлкен болады.

Регенерация(қалпына келу) процессіне сүйек кемігінің деңгейі бойынша

Эритроциттер қызыл сүйек кемігінде  пайда болып, қалыптасады. Эритроциттердің ізашарлары ретикулоциттер болып саналады, қандағы қалыпты мөлшері барлық эритроциттердің 1,2 % – нан артық болмауы керек. Ретикулоциттердің мөлшеріне байланысты анемияның келесі түрлерін ажыратады:

  • Регенераторлық. Ретикулоциттер5-2 % шамасында;
  • Гипорегенераторлық. Ретикулоциттер 0,5 % -ға дейін, регенерациялық қабілетінің төмендегенін көрсетеді;
  • Гиперрегенераторлық. Ретикулоциттер 2 %-дан жоғары болады;
  • Апластикалық. Бұл түрінде ретикулоциттер2 %-дан аспайды, яғни регенерациялық процесстің бірден басылғандығын көрсетеді.
  • Темір тапшылықты анемия. Себебі – көп мөлшерде қан жоғалтудан кейін немесе микроағзаның жеткіліксіз түсуінен туындаған темірдің жеткіліксіздігі болып табылады. Жүкті әйелдерде жиі осы темір тапшылықты анемия болады. Парорексия дамуы мүмкін – ерекше өнімдерді – қағаз, мұз, құмды жеуге деген патологиялық тілегі. Науқастардың тырнақтары сынғыш болатындығы және ерін бұрыштарында жіктердің болуы байқалады;
  • Гемолитикалық анемия. Эритроциттердің гемолизімен сипатталады, яғни кейбір улардың әсерінен, төмен температурадан, аутоиммунды процесстерден, стресстерден болды. Жалпы белгілерден бөлек, іштегі қатты ауырсыну сезімі, қызылиекте көк түсті сызықтардың пайда болуы мүмкін;
  • Пернициозды. В12 дәруменінің жедел жеткіліксіздігі кезінде туындайды. Қаназдықтың бұндай түрі көбінесе паразитарлы ауруларда, АІЖ жүйесінің патологияларында, жасы ұлғайған адамдарда анықталады;
  • Орақ жасушалы. Тұқым қуалау жолымен беріледі. Орақ пішіндегі эритроциттер тамырларда нашар қозғалғандықтан тіннің созылмалы гипоксиясын шақырады. Клиникалық көріністерінде ең алдымен әлсіздік, буындардағы ұстама түріндегі шаншып ауыру сезімі көрінеді;
  • Апластикалық анемия. Сүйек кемігіне жағымсыз әсерлердің салдарынан туындайды, мысалы сәулелену кезінде;
  • Сфероцитарлы. Бұл да тұқым қуалайтын патология болып саналады. Қалыптыда эритроциттердің екі жағы да шығыңқы болады, ал сфероцитарлы анемия кезінде олар дөңгеленіп, тек қозғалуына ғана кедергі жасап қоймай, соған қоса көкбауырда тез бұзылуына алып келеді. Анемияның бұл түрінде жиі өт жолдарында тастардың түзілуімен жүреді.

Жүкті әйелдердегі анемия ұрық пен плацентаның дұрыс қалыптасуы үшін қажет болғандықтан, ағзаның темірге қажеттілігі артуы салдарынан туындайды. Жүктілік кезіндегі гемоглобиннің төмендеуі ұрықтағы гипоксияның (тіндерге оттегінің жеткіліксіз түсуінен туындайтын патологиялық бұзылыс), өзін нашар сезінудің, уақытынан бұрын босанудың себебі болуы мүмкін. Анемия кезінде құрсақ ішілік және босанудан кейінгі инфекциялардың даму қаупі артады.

Себептері

Анемияның жалпы себептері болып саналады:

  • Қан жоғалту. Патологиялық қан жоғалтумен шақырылады;
  • Әйелдерде менструацияның көп мөлшерде болуы және бірнеше ауыр босанулар;
  • Жарақаттар;
  • Көп қан жоғалтумен өтетін операциялар;
  • Жиі АІЖ жүйесінің ойық жаралық зақымданулары, геморрой, ісік;
  • Эритроциттердің жеткіліксіз түзілуі немесе олардың зақымдануы оған ықпал етуі мүмкін;
  • Дұрыс емес тамақтану және тамақтану режимін сақтамау;
  • Қатаң емдәмдер;
  • Гиповитаминоз – дәрумендердің (В12, фолий қышқылы), темірдің жеткіліксіздігі;
  • Аскорбин қышқылының мөлшерден артық болуы. Ағзада С дәруменінің артық жиналуы В12 дәруменінің сіңірілуін бұзады;
  • Құрамында кофеин болатын сусындарды шектен тыс ішу;
  • Тұрақты және ауыр физикалық жүктемелер;
  • Спирттік сусындар мен темекіні шектен тыс тұтыну;
  • Жүктілік;
  • Ас қорыту мүшелерінің аурулары, ревматоидты артрит, қызыл шиқан, бүйректің күрделі аурулары, гипотиреоз, ВИЧ;
  • Ішектің немесе асқазанның бір бөлігін алып тастау;
  • Тұқым қуалаушылық. Орақ жасушалы анемия эритроциттердің орақ пішінді болуына алып келетін генетикалық дефект салдарынан дамиды. Қызыл денешіктердің бұндай пішіні жіңішке қан тамырларынан қалыпты өтуіне және оттегі молекулаларының тасымалдануына кедергі жасайды.  
  • Қан жасушаларының жеткіліксіз мөлшері, олардың төмендеуі химиотерапияда, инфекционды ауруларда, жұлынның жарақаттары кезінде болады.

Эритроциттердің бұзылысы. Себептері:

  • Сірке қышқылынан, қорғасыннан, медикаменттерден, жыланның уынан, өрмекшілерден улану;
  • Паразитарлы аурулар;
  • Созылмалы стресстер;
  • Күйік аурулары;
  • Артериалды гипертензия;
  • Бауырдың дисфункциясы, соның ішінде цирроз;
  • Лимфолейкоз;
  • Онкология.

Ұзақ ағымды және емделмеген анемия иммунитеттің төмендеуінің, миокардиодистрофияның, жүрек жеткіліксіздігінің, көкбауырдың және бауырдың ұлғаюының, неврологиялық бұзылыстардың себебі болып табылады.

Балалардағы қаназдық физикалық және ақыл естің дамуының тежелуіне алып келуі мүмкін, күрделі асқынулармен өтетін суық тию мен инфекционды аурулардың даму қаупін арттырады.       

Симптомдары

Анемияның симптомдары қаназдықтың түрімен анықталады, дегенмен патологияның жалпы белгілері болып саналады:

  • Жұмыс істеу қабілеттілігін бұзатын айқын әлсіздік пен шаршағыштық;
  • Ашушаңдық;
  • Күндізгі уақыттардағы ұйқышылдық;
  • Бастың ауруы, әлсін-әлсін бас айналулар, көздің қарауытуы;
  • Сәл ғана физикалық жүктемеден кейін туындайтын ентігу;
  • Сарғыштанумен терінің бозаруы;
  • Геофагия – борға деген патологиялық дәмдік құштарлық;
  • Құлақтағы бөгде шулар;
  • Тері қатпары құрылымының өзгеруі – денедегі құрғақ қабыршықты аймақтардың пайда болуы, шаштың сынғыштығы мен түсуі, тырнақ бетінің қатпарлануы;
  • Бұлшық еттердегі әлсіздік.

Балалардағы анемияны жылаңқы болуы, физикалық жүктемеден кейінгі тез шаршағыштық, ерін бұрыштарындағы ауыздықтар, жиі ЖРВИ-ің дамуы, ішек инфекциялары, энурез, терең емес, сергек ұйқы көрсетуі мүмкін. Бір жасқа дейінгі балалар артық метеоризмнен, жиі құсудан зардап шегуі мүмкін.

Анемияның үш деңгейін ажыратады:

  • Бірінші деңгейінде гемоглобин 100 г/л-ге дейін төмендейді. Бұзылыстың айқын белгілері болмайды және патология жиі қан анализінде анықталады;
  • Орташа ауырлық деңгейі –гемоглобиннің 80 г/л-ге дейін төмендеуі болады. Жалпы шаршағыштық, жиі бас айналулар және қаназдықты, басқа да симптомдары көрінеді;
  • Үшінші ауыр деңгейінде қандағы гемоглобин мөлшері 70 г/л-ден төмен болады. Жалпы симптомдардан бөлек, ауырсынулармен, шалыс соғулармен көрінетін жүрек қызметінің бұзылысы анықталады.

Эритроциттердің әлсін төмендеуі кезінде қан денешіктерінің деңгейін қалпына келтіруге жиі құрамы темірге бай тағамдардан тұратын диетатерапия көмектеседі. Басқа жағдайларда сәйкес  емдік терапия қажет болады.

Диагностикасы

Анемияның диагностикасы қан анализіне негізделеді. Жалпы анализде гемоглобин мен эритроциттердің мөлшерін, ретикулоциттердің пайыздық құрамын, ал биохимиялық қан анализінде — темірдің деңгейі анықталады. Зертханалық диагностика нәтижерінен бөлек, анемияның негізгі себебін анықтау үшін, науқасқа тағы да зерттеулер тізімі тағайындайды.

Емі

Егер бұзылыстың себебі анықталмаса, гемоглобинді тұрақты көтеру мүмкін емес. Сондықтан да ем анемияның бірінші себебіне байланысты тағайындалады. Жалпы қаназдықтың кешенді емі төрт бөлімнен тұрады:

  • Түріне және даму механизміне байланысты анемияның емі;
  • Диетотерапия;
  • Витаминді-минералды кешендерді ішу;
  • Анемияны туындатқан біріншілік ауруларды емдеу.

Темір тапшылықты анемия кезінде темір препараттарын курстық қабылдау тағайындалады. Фолий қышқылының және В12 дәруменінің жеткіліксіздігінен туындаған анемия кезінде, оларды арнайы дәрілермен толтыруды қажет етеді. Апластикалық анемия кезінде гормондармен, иммуномодуляторлармен емдеу қажет болады, ал ауыр жағдайларда сүйек кемігінің трансплантациясы жүргізіледі.

Ағзадағы темір деңгейін арттыруға етті жеткілікті тұтыну, еттен дайындалған сорпа, малдың бауыры, анар, алма, жаңғақ, жасыл көкеністер, теңіз орамжапырағы, бал болатын диета көмектеседі. Тәттілерді, пеште пісірілген өнімдерді, кофеині болатын сусындарды, майларды, сүтті шектеу қажет.

Анемияның кешенді еміне қасиеттері бойынша теңдесіз емдік –профилактикалық өнім Ламифарэнді қосу қажет. Оның құрамында тек қанның көрсеткішін жақсартатын ғана емес, соған қоса анемияның алғашқы себебін жоюды қамтамасыз ететін тек табиғи өнімдер болады.

Ламифарэн

Ламифарэн – дайындау негізінде қиыршығыстық ангустат ламинариясын пайдаланатын, құрамында альгинат болатын, гель құрылымды дәрумендер кешені. Ламифарэн көптеген ауруларда көмектеседі, анемия кезінде кешенді пайдалану мүмкіндік береді  :

  • Қан түзуге қатысатын В12, фолий қышқылының, йодтың, темірдің және басқа да микроэлементтердің құрамын арттырады;
  • Ағзадан шлактарды, токсикалық байланыстарды, ауыр металл тұздарын шығарады;
  • АІЖ шырышты қабығының регенрация процессін күшейтеді, анемияның жиі себебі болатын ауруларда- ойық жаралы ауруларда, гастриттерде, геморройда, бауыр дисфункцияларында ас қорыту жүйесінің қызметін қалпына келтіреді;
  • Зат алмасу процессін реттейді;
  • Ағзаның жалпы қарсы тұру күшін арттырады;
  • Жалпы жағдайды тез жақсартады;
  • Зәр шығару жүйесінің қызметін реттейді. Анемия пиелонефриттің және басқа да бүйрек ауруларының салдары болуы мүмкін. Ламифарэнді курс бойынша ішу зәр шығару мүшелерінің қызметін реттейді;
  • Анемияны жоюға бағытталған емдік препараттардың әсерін күшейтеді.

Ламифарэннің тәжірибе жүзінде ешбір қарсы көрсетілімі жоқ, жақсы тасымалданады, тәбетті арттырады және негізгі қоректік заттардың сіңірілуін жақсартады.  Емдік-профилактикалық өнімді анемия кезінде ішу қысқа мерзімде қанның қалыпты жағдайын қалпына келтіруге көмектеседі.  

Ұсынымдар

Ламифарэнді анемияны емдеу процессі кезінде профилактикалық өнім ретінде ішуге болады. Кешенді ішу әсіресе, анемияның негізгі себебі болуы мүмкін жағдайлары немесе аурулары бар адамдарға қажет болып табылады.  Бұл яғни, АІЖ мүшелерінің аурулары, глисттік инвазиялар, иммунтапшылықты жағдайлар, гиповитаминоз, гипертензия жағдайлары. Темекі шегетін, спирттік сусындар ішетін, ауыр физикалық еңбекпен айналысатын адамдарға, Ламифарэнді курс бойынша ішуді ұсынады. Әйелдерге дәрумендер кешені көп мөлшердегі менструация және климакстық кезеңдерде қажет болады. Өнімнің табиғи құрамы операциядан, жарақаттардан, күюлерден, ауыр инфекциондық аурулардан кейінгі қайта қалпына келу уақытында пайдалы болып табылады.

Ламифарэн өнімін ішу ағзаның сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді, көптеген аурулардың дамуының алдын алады және кез-келген жаста өзін керемет сезінуге мүмкіндік береді.