Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған орган болғанда – бұл урология мәселесі болады, бірақ ауытқудың алғашқы себебі гинекология саласымен тығыз байланысты. Аурудың 90%-ы бактериялық сипатта болады.

Ер адамдар мен әйелдердің несеп-жыныс жүйесінің айтарлықтай айырмашылығы бар. Сол себепті патологияның пайда болу механизмдерінің өз ерекшеліктері болады. Сонымен бірге әйел адамдардағыдай несеп қуысының қабыну клиникасы ер адамдарда да байқалады, екі жағдайда да емдеу белгілері сәйкес келеді.

Циститтің белгілері мен нышандары

Несеп қуысының құрылымы оның функционалдығымен – несеп жиналуы мен шығарылуы арқылы анықталады. Бос кезінде ол үлкен емес иілмелі бұлшықеттері бар алмұрт тәрізді дорбаға ұқсайды. Несеп қуысы кіші жамбастағы шат сүйегінің үстінде орналасқан. Бүйректен шыққан несеп, несеп жолдары арқылы несеп қуысына түседі. Несеп қуысының орташа сыйымдылығы – жарты литр сұйықтық. Толғаннан кейін несеп шығарып, босату сезімі пайда болады. Сұйықтықты шығаруды үрпі қамтамасыз етеді. Сау несеп қуысының жұмысы осылай болады.

Цистит кезінде несеп қуысы шырышының қатты қабынуы орын алады. Ол органды зақымдап, ауытқу тудырады.

Аурудың ең қатты көрінісі несеп шығару кезінде пайда болады: үрдіс жиі-жиі және ауыру сезімдерімен қоса жүреді.

Бітпейтін несеп шығара беру белгісі.

Дәретханадан кейін несеп қуысын босату сезімі болмайды.

Іштің астыңғы жағының түйіліп ауыруы, ол көбіне тік ішекке немесе ішке беріледі.

Дені сау адамда несеп түссіз ашық-сары түстес болса, бұл кезде несептің сипаты өзгеріп кетеді. Цистит кезіндегі несеп түссіздігін жоғалтады, лейкоциттердің, бактериялардың, ақуыздың салдарынан лайлана бастайды. Циститпен бірге жүретін үрдіс – құмның шығуымен байланысты орын алатын жиі тұнбалардың пайда болуы да мүмкін. Несептің түсі қоңырлау болып кетеді. Бұл несепке қызыл денелердің түскенін білдіретін эритроцитурия белгісі.

Қатты қан белгілері болатын  – гематурия, жиі кездеспейді, егер орын алса ол ауыр аурулар дегенді білдіреді. Қанды цистит несеп шығарғанда қанның араласуы.

Әйел адамдардағы несеп қуысының қабынуы

Цистит диагнозы қойылатын негізгі науқастар әйел адамдар болып табылады. Әрбір екінші әйелде түрлі сатыдағы цистит белгілері білінеді. Көп әйелдерде жыл бойы аурудың қайталанатын және жіті түрлері байқалады.

Бұл әйел адамның анатомиялық ерекшеліктерімен – несеп шығару каналы ұзындығының қысқа болуына байланысты. 3-4 см бөлік – микроағзалардың кіруі үшін өте қысқа жол.

Әйелдерде циститтің орын алуының екінші морфологиялық негізі – бұл қынаптың жақындығы. Бұл орган табиғатынан зарарсыздандырылмаған. Ол жерде гликоген бөлетін көптеген бездер бар. Бұл глюкоза ыдыраған кезде – бактериялардың дамуына тиімді орта жасайтын полисахарид болып табылады.

Жыныстық жетілу сатысынан бастап, болашақ әйел несеп қуысының қабыну қатері тобына жатады. Қынаптың микрофлорасы өзгереді. Жеке гигиенада тәжірибе жетіспеушілігі үрпіге патогенді микрофлораның түсуіне әкеледі.

Қыздық перде алынғаннан кейін бал айы кезінде циститтің орын алуы жиі кездеседі. Қынаптық бактериялар сонымен бірге несеп шығаратын каналға өтеді, осылайша қабынудың пайда болу қаупін жоғарылатады. Гинекологиялық органдарға күш түсу кезінде сырқат қатты ауыр және ауыру сезімдерімен бірге өтеді.

Ерекше биологиясының арқасында әйел адамдардағы цистит асқынуларға жол ашады.

Әйел адамдардағы циститтің асқынуы

Әйел адамдардағы цистит қайта қайталануымен ерекшеленеді. Анатомиялық бейімділіктен басқа аурудың хронизациясына гормондық өзгерістер де ықпал етеді. Кей кездері етеккір сырқаттың қайта қайталануына кезекші әсер болуы мүмкін.

Гигиеналық төсемелердің қыруы шырышты қабықтың микрожарылуларын тудырады. Жылы әсер қоздырғыштар үшін жайлы температура тудырады. Төсеменің сіңіретін құрылымы қызған қаннан тұрады, ол микробтар үшін қоректік орта болып табылады. Синтетикалық іш киім,  стрингилер және гигиенаның дұрыс сақталмауы етеккір алдында циститтің қайталану мүмкіндігін күшейтеді.

Жүкті әйелдердегі цистит – ол жеке мәселе. Жүктілік кезінде әйел адамдардың несеп қуысының қабынуы – баланы көтеріп жүру мен босану кезіндегі патологиялар қаупінің факторы. Жүктілік кезінде антибиотиктер қабылдауға болмайды. Емдеу қиынға соғады. Ауру дендеп кетуі мүмкін. Сонымен қатар кіру жолдары арқылы инфекция бүйрекке өтеді.  Пиелонефрит немесе басқа да бүйрек аурулары пайда болады.

Ер адамдардың несеп қуысының қабынуы

Ер адамдарың несеп шығару каналдары айтарлықтай ұзын. Үрпі жолында қуық асты безі орналасқан, ол инфекцияларды сіңіріп алады. Осы себептен несеп қуысына бактериялардың енуі қиынға соғады.

Ер адамдардағы цистит оқшауланған түрде сирек кездеседі. Бұл жерде көбіне екінші түрдегі цистит ұғымы қолданылады. Ауру көбіне 45 жастан кейін пайда болады, ережеге сәйкес, жеке урологиялық мәселелердің себебі болып табылады.

Циститтің негізгі жас ерекшелігіне байланысты себебі несеп тас ауруы болып табылады. Несеп қуысынан шығатын тастар, сұйықтықтың шығуына бөгет болып, несептің тұрып қалуына әкеледі.

Ер адамдарда цистит тудыратын қосымша факторларға төмендегілер жатады:

созылмалы инфекциялар, соның ішінде бойға сіңген: хламидиоз, трихомониаз, гонорея инфекциялары;

үрпі құрылымының механикалық әсерлері;

несептің өтуін қиындататын жаңа пайда болған сырқаттар мен қатерлі ісіктер: аденома, аденокарцинома;

әлсіреген иммунитет, химиотерапия алу.

Егер әйел адамдарда көбіне инфекцияның кіріп кетуінен цистит пайда болса (үрпіден несеп қуысына), ал ер адамдарда инфекция қуық алды безінен, жұмыртқадан және шәует қуықшасынан келеді. Бұл кездің де белгілері бірдей: жиі-жиі дәретке бару және қатты ауыру сезімдері.

Циститтің түрлері

Инфекция – аурудың басты себебі. Шығу тегіне байланысты ол вирустық немесе бактериялық болуы мүмкін. Бактериялық цистит – аурудың ең көп таралған түрі. Басты қауіпті үрпінің қасында орналасқан тік ішекте тіршілік ететін ішек таяқшалары тудырады. 

Инфекциялық емес қабынуларға интерстициальды цистит жатады. Оның пайда болу себебі бір негізді емес және аяғына дейін әлі анықталмаған. Медицинаның соңғы деректеріне сүйенсек, несеп қуысының ішкі қорғаныс қабатының ақауы болуы мүмкін дегенді айтады: яғни, гликозаминогликандардың тапшылығы. Бұл несеп қуысының патологиялық қоздырғышы қарапайым несеп болып тұрғанын білдіреді.

Орган мойнының циститі – аурудың бұл түрінде органның мойны қабынады – яғни, үрпінің ішкі саңылауы қабынады. Патология бұлшықет ұлпасын зақымдайды. Ішкі қысқыш жұмыс істемейді және циститтің жалпы клиникасына еріксіз дәрет жіберіп қою белгісі қосылады – ол дәретті ұстай алмау дегенді білдіреді.

Барлық циститтер бастапқы және екінші реттік болып бөлінеді.

Бастапқы цистит (жті) зақымдалмаған шырышты қабатта пайда болады, шырышта ешбір өзгерістер болмайды.

Екінші реттік цистит (созылмалы) алғашқы сырқаттың немесе басқа аурулардың асқынуы болып табылады.

Жіті

Жіті цистит өзін ауруға тән айқын белгілері арқылы көрсетеді. Зәр шығару жолының қатты ауыруы, бүру, дәретке жиі бару, оның еш нәтиже бермеуі аяқ астынан пайда болып, диагноз қоюда еш күмән тудырмайды.

Қалыпты жағдайда несеп қуысының шырышты қабаты инфекцияға қарсы тұра алады. Сол себепті циститтің пайда болуы үшін, патогенді микрофлораның болуынан басқа, төменде көрсетілген қосымша факторлар болуы керек:

 иммундық бөгетті төмендететін суық тию әсері;

несеп қуысының қабырғасы мен кіші жамбастағы қан айналымының бұзылуы;

зәр шығару кезіндегі қиындықтар;

зәрмен бірге бөлінетін химиялық заттар мен улардың несеп қуысының қабырғаарына жағымсыз әсер етуі.

Аурудың жіті түрі жақсы емделеді, бірақ қайталану қаупі бар. Жіті циститтің үштен бірінен көбі дұрыс ем алмаса асқынып кетеді.

Созылмалы

Созылмалы цистит толқынды түрде өтеді: ауру бетінің бері қарауы асқыну кезеңдеріне ауысады. Емдеу тек ауру бетін бері қарату аралығын созуға ғана мүмкіндік береді. Аурудан аяғына дейін емделу мүмкін емес.

Сырқаттың созылмалы формасы пайда болуы үшін қашанда белгілі бір себептер болады, олар:

аурудың жіті формасын дұрыс емдемеу;

анатомиялық құрылымның туа біткен ерекшеліктері – кей кездері әйел адамдар үрпісінің сыртқы саңылауы тура қынаптың ішінде орналасады;

екінші реттік аурулар (несеп тас аурулары, пиелонефрит, зәр шығару жүйелерінің ауытқулары);

ағза қорғанысының төмендеуі, түрлі аурулардың иммунтапшылығы аясында білінеді.

Цистит себептері

Цистит неден пайда болады деген сұрақты кең ауқымды екі топқа бөліуге болады: табиғи факторлар және уақыт өте келе пайда болғандары. Біріншісіне анатомия мен физиология жатады:

несеп жыныс жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктері;

климакс аясында болатын гормондық өзгерістер;

физиологиялық күйзелістер.

Екінші топ көбіне өз денсаулығымызға дұрыс қарамаудан пайда болады:

суық тию;

дұрыс гигиена сақтамау;

дұрыс тамақтанбау;

жыныстық қатынасқа түсетін серіктерін жиі ауыстыру (цистит жыныс жолдары арқылы да беріле алады);

бұрыннан келе жатқан инфекциялар;

анатомиялық сауатсыздық.

Несеп қуысы қабынуын диагностикалау

Циститті анықтар алдында зерттеулер сериясын жасау қажет. Диагностика үш тәсілдің стандартты кестесі арқылы ұсынылады:

  1. анамнез (шағымдар туралы мәліметтер);
  2. гинекологиялық тексеріс;
  3. жалпы зерттеу.

Зертханалық диагностика – қан мен несептің клиникалық талдаулары. Лейкоциттердің мөлшеріне қарай қабыну сатысы анықталады. Егер цистит кезінде қан кетсе (қанды циститте) гемоглобин деңгейі анықталады.

Гинекологиялық зерттеулер созылмалы циститтің дамуына әсер ететін сыртқы жыныс ағзаларының ауруларын зерттейді.

Жас ер адамдарда цистит көбіне жыныстық инфекцияның салдары болып табылады. Сондықтан, ер адамдардың циститін емдеу алдында, міндетті түрде алдымен жағынды өткізу керек, одан да дұрысы қоздырғышты анықтау үшін жыныс жолдарынан себінді өткізген жөн.

Кез келген қайталанатын цистит жақсылап, жекелей зерттеуді талап етеді. Мұндай кезде несеп қуысы мен бүйректерге ультра дыбыстық зерттеу (УДЗ) жасату қажет болады. УДЗ дайындалудың барлық ерекшеліктері туралы дәрігер ақпарат береді.

Зерттеудің тиімді кешені маманның дұрыс қорытынды жасап, циститтен құтылу жолдарын анықтауға көмектеседі.

Дәрі-дәрмекпен емдеу

Ағза көбіне инфекциямен өз бетімен күреседі. Жиі су ішу арқылы оған көмектесуге болады. Цистит белгілері пайда болған алғашқы күні көп су ішуге тырысу қажет. Бұл зәр мөлшерін көбейтеді. Оның мөлшері көп болған сайын, зәр шығару кезінде несеп қуысын микроағзалардан табиғи жолмен жуу тиімдірек болады. Әйел адамдар 2 литрден кем су ішпеулері керек. Ер адамдардың несеп қуысының орташа көлемі үлкенірек. Сол себепті олар үшін 2,5-3 литр су ішу қалыпты болып есептеледі.

Аурудың алғашқы белгілері басталасымен тамақтану тәртібін өзгерту керек. Цистит кезіінде цитрус, алма, ананас және т.б. тұратын жеміс қышқылдарының жоғары шоғырынан тұратын қышқыл өнімдерден бас тартқан дұрыс. Жеміс қышқылдары ағзадан зәр арқылы шығады. Олар несеп қуысының өзі де қабынып тұрған қабырғаларын одан ары қоздырып, зәр шығару кезінде ауыру сезімін одан сайын күшейтеді.

Алкогольге келетін болсақ, оны мүлде тұтынбаған абзал. Ол ағзаны сусыздандырады. Сонымен бірге шай мен кофе және тәтті тағамдарға да тиым салынады. Сондай-ақ, цистит кезінде мүлде тәтті жеуге болмайды. Тәтті тағамдар зәрдің құрамындағы бактериялар тіршілік ететін глюкозаны жоғарылатып жібереді. Микроағзалар қатты көбейеді, шырышты қабатты қоздыратын у бөлінеді.

Егер ауру белгілері тәуліктен аса өзгеріссіз тұрса, ағза көмекке зәру деген сөз. Ережеге сай, бұл сатыда антибиотиктер тағайындалады. Заманауи препараттар бір тәулік ішінде циститтен құтылуға көмектеседі. Егер олай болмаса, қосымша жан-жақты тексерілу қажет болады.

Цистит қайта қайталаған кезде, инфекция көзін анықтау керек, қозыдрығышты тауып, антибиотикке сезімталдығын анықтаған дұрыс.  Алынған деректер негізінде кешенді емдеу тағайындалады.

Маңызды: өз бетіңізбен дәрі-дәрмек қабылдауға тиым салынады. Циститке қарсы ұнтақтар дәрігердің тағайындаусыз зиянды қатерлерге әкелуі мүмкін. Бұл өз денсаулығыңызға қауіп төндіру деген сөз. Циститті қалай емдеу керектігін дәрігер шешеді.  

Бұлай ауруға үстірт қарау цститті несеп қуысының гипербелсенділігімен шатастырып алуы әбден мүмкін. Бұл сырқат күйзеліспен байланысты. Депрессияға түскенде жиі кездеседі. Ең бастысы: антибиотиктер бұл кезде тиімсіз, оларға үйреніп қаласыз және ол төзімділік тудырады.

Жіті ұстама жағдайында ауыруды басатын алғашқы кезектегі дәрілер қолданылады. Бұл кезде ішті қыздыруға бола ма? Қыздырғыш пайдалануға дәрігерлер кеңес бермейді. Бактериялық цистит кезінде патогенді микробтардың дамуын жылдамдату қаупі туындайды. Жылы ванна қабылдауға болады, бірақ ыстық суға түсуге тиым салынады. Ең дұрысы ауыруды басатын дәрілерге қосыша несеп айдайтын қабынуға қарсы өсімдік тектес препараттар ішу.

Көп жағдайларда циститті емдеу дәрі-дәрмекті терапиямен оңай шектеледі. Бірақ уролитиаз аясында өтетін ауыр түрлері де болады. Несеп тас аурулары кеңінен таралған. Зәр ағынының қатты бұзылуы несеп қуысының зақымдалуына немесе тіпті жарылып кетуіне дейін жеткізеді. Кей кездері зәрді құрғатып жіберу үшін ерекше бейімдеу жолын (цистосома) қолдану арқылы цистосомия пайдаланылады.

 Ламифарэнмен емдеу

Несеп-жыныс жүйелерін кешенді емдеуде қоңыр балдырлар негізіндегі табиғи препарат –  Ламифарэн тиімді негіз бола алады. Құрамындағы микроэлементтер мен белсенді антиоксиданттардың тиімді теңгерімі препараттың биологиялық процестерді қажетті деңгейде ұстап тұруына көмектеседі. Ламифарэн сауықтырудың жағымды динамикасы үшін таптырмас құрал.

Антибиотиктермен дәстүрлі емдеу трапияның екінші сатысының қажет екенін білдіреді, ал ол туралы клиницистер көбіне ұмытып кетеді. Бұл жыныс жүйесінің қалыпты микрофлорасын қалпына келтіру. Ламифарэн бұл тапсырманы өте мұқият орындайды.

Циститтің, несеп тас ауруларының және несеп қуысының басқа да ауруларының профилактикасы тікелей иммунитет жағдайына байланысты. Ламифарэн жасуша ішілік процестер аясында  иммунтапшылығын  жойып жібреді.

Ламифарэн тек созылмалы аурулар бетінің бері қарауын қамтамасыз етіп қана қоймайды, жалпы өмір сапасын жақсартады. Оны пайдалану Денсаулық сақтау министрлігімен мақұлданған.

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp