Ағзадағы магнийдің рөлі

Жұмыс кезіндегі күйзеліс, көліктегі немесе үйдегі қақтығыстар бола ма, ұйқыңыз нашар ма? Сізді бәрі ашуландырады және ештеңе қуаныш әкелмейді деп ойлайсыз ба? Сіз тез шаршап, уақыт таба алмайсыз және түнде ұйықтай алмайсыз ба? Басыңыз «шыр көбелек» айналып, өмір тоқтап қалғандай көріне ме? Сіз бұл минералды заттар жетіспеушілігінің белгісі деп ойламайсыз ба?

Магний тапшылығының төмендегідей себептері бар:

алаңдаушылық, ашушаңдық;

үнемі шаршау сезімі, күштің жоқтығы;

тамақта бір нәрсе тұрғандай сезім;

ентігу және жүрек қағысының жиілеуі.

Кез-келген күйзелістік жағдай жанға қатты батады, мұны жеңу мүмкін емес сияқты көрінеді. Сіз әр оқиғаға алаңдап отырсыз және ұзақ уақыт бойы өз-өзіңізге келе алмайсыз.

Сонымен қатар, аяқтарыңыз бен қолдарыңыздың саусақтары тартылады. Мезгіл-мезгіл бас ауруы, бұлшықет келеңсіздіктері, саусақтардың ұйып қалуы мазасыздандырады.

Алысқа теңізге кетіп қалып, демалсаңыз, валериан немесе Корвалол ішіп алсаңыз, барлығы орнына келеді деп ойлайсыз. Бұл қате пікір. Мұның барлығына магний тапшылығы  кінәлі.

Бізге неге магний жетіспейді

Ғасырлар бойы қандағы магний құрамын бақылауды ешкім ойламады. Ағзаның өзі оны өндірмейді, магний тек тамақ пен судан келеді. Тамақ өнеркәсібінің дамуы, өнімді қайта өңдеудің жаңа технологиялары элемент тапшылығына әкелді. Статистикаға сүйенсек, соңғы жарты ғасырда магнийдің мөлшері мынаншаға төмендеген:

ет өнімдерінде 26% -ға дейін;

көкөніс, тамыр жемістерінде- 24%;

жеміс-жидектерде – 17% дейін.


Фаст-фуд жеу, дәмдеуіштерді қолдану, тәбетті ашу үшін тағамдық қоспалар қосу табиғи магнийдің деңгейін төмендетіп, ағзаға теріс әсер етеді.

Статистика және тарих

Магний (Magnesium) макроэлементтер қатарына жатады. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінде 12-ші орында тұр.  Массалық үлесі 24,305 мөлшеріне тең. Адам денесінде тек 0,05% құрайды. Қалыпты шоғыры 0,8-1, моль/л болып есептелінеді. Дәрігерлердің тәжірибесінде заттың шамадан тыс артуы кездеспеген. Бұл оның «әмбебаптығын» көрсетеді. Дәрумендік қоспалармен қатты улану немесе туа біткен ауытқулармен жіті ауыру жағдайлары ескерілмейді. Емдік дәрі ретінде ол алғаш рет 1695 жылы Ұлыбританиядағы Эпсом қайнар көзінен «ағылшын тұзы» атауымен ашылған.

Медицинада металл оксиді — түйілуді басатын препараттардың, антиагреганттық (қанның ұюына қарсы), кардиология, неврология, гастроэнтерологияны емдеуге арналған дәрі-дәрмектер қатарына кіреді.

Минерал туралы бірнеше дерек

XX ғасырдың ортасы Өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдары өркениеттің көптеген аурулары табиғи қоректік заттардың жетіспеушілігінен орын алды деген шешімге келді. Тізімге «магнийде» кірген.
XX ғасырдың 90 жылдары 1995 жылы денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымының қаулысына сәйкес, магний тапшылығы патология болып есептелді.
XXI ғасырдың басы 2007 жылы минералдық затты тұтыну 2 еседен аса қысқарған. Ересек адамның тәуліктік мөлшері 500 мг құрайды. Нәтижесінде 220-дан кішкене асқан.

Магний тапшылығы: денсаулыққа әсері

Зат алмасудың арқасында  адам ағзасында 30 грамм минерал болады. Олар өз бетінше өндіріле алмайды, сондықтан тек тамақпен келеді. Оның қатысуынсыз ақуыз зат алмасуы қысқарады, ағзаның өмірлік маңызды жүйелерінде ауытқулар болады. Магний жетіспеушілігі жүйке-бұлшықет аппараттарының тұрақсыздығына, қанмен қамтамасыз етуге, табиғи инсулиннің өндірілуіне кері әсер етеді.

Нәтижесінде өмірге қауіп төндіретін аурулар пайда болады:

Жүрек-қантамыр жүйесі жағынан: жүректің ишемиялық ауруы, ентігу, стенокардия, тахикардия, жоғары қан қысымы, атеросклероз;

жүйке жүйесінде: жамбас жүйкесінің талаурауы немесе құяң (радикулит), түбіршекті белгілер (қолдардағы ауырсыну), ұю, қызу сезімдері; мидың қан айналымының бұзылуы (микро және макроинсульттер), сал ауруы;

Эндокриндік бездердегі, зат алмасудағы ауытқулар: етеккірдің, репродуктивті қызметтің бұзылуы, белсіздік, қант диабетінің қаупі, семіздік; остеопороз (сүйектерден кальцийдің шайылып кетуі).

Балалар арасында дәрігерлер ерте балалық аутизмнің, қатты белсенділікті, көңіл-күйдің нашарлауын, есте сақтаудың және ойлаудың бұзылуын, мінез-құлқының өзгеруін байқаған.

Мұның себебі қарапайым — ағзаға тамақ немесе су арқылы магнийдің келмеуі.


Жүктілік кезіндегі магний

Табиғатына қарай әйел адамдар магний жетіспеушілігіне өте сезімтал келеді, өйткені ол ұрпақ сүю әрекетіне қатысады, баланы уақытына дейін көтеру, бала жолдасының тығыздығы мен қанмен қамтамасыз етілуіне көмектеседі.

Әйелдер «гормоналды көтеріліс» аясында, жыныстық даму жасында, эстрогендер жұмысы (әйелдердің жыныстық гормондары) өше бастаған уақыттағы етеккір кідірісінде магний мөлшеріне аса көңіл бөлуі керек. Бұл элементсіз, менструалдық белгілер қиын өтеді.

Жүкті әйелге немесе емізетін анаға тәулігіне 700-800 мг магний қажет.

Басқа минералдар мен дәрумендердің магниймен алмасуының арқасында бала жолдасы шымыр болып, ал ұлпалары – бірнеше себептерге байланысты қаныққан қоректік заттарға толығады:

жатыр, бала жолдасы – минералдың шоғыры жоғары органдар;

ұлпаларда зат алмасуды, жасуша өсуін және репродуктивті қызметтерді қамтамасыз ететін затқа тәуелді жүзден астам ақуыз бар;

баланың сүйек құрылымдарын,жүйке жүйесін қалыптастыруға әсер етеді.

Mg жатырдың тонусын қалыпқа келтіреді, баланы уақытына дейін көтеруге ықпал етеді, күйзеліске қарсы тұруға көмектеседі. Құрамында магний бар дәрілер түсік тастау қаупі кезінде жатырдың қабынған қабаттарын берік қылу мен қанмен қамтамасыз ету үшін тағайындалады.

Магний жетіспеушілігі – жүктіліктің әртүрлі сатыларында түсік тастау себептерінің бірі, бұл болашақ ана мен баланың өмірі үшін қауіпті және алдын-ала  эклампсияға әкеліп соқтырады. Бұл артериялық және бас ішілік қысымның кенет жоғарылауымен, тартылу және мидың ісінуімен сипатталады, комаға түсуге немесе өлімге дейін жеткізеді.


Магний күйзеліспен қалай байланысады

Магний күйзеліске қарсы тұруды қалыптастыруға көмектеседі.

Магний тапшылығын жойсаңыз, бірте-бірте:

жабығу көңіл-күйдің нашарлығы;

құлазу сезімі;

ұйқысыздық;

көңіл бөлудің төмендеуі ақырындап кете бастайды.

Ұйқыңыз айтарлықтай тынышталып, ми жақсы демалады. Нәтижесінде сізді түрлі мәселелер толғандыруын тоқтатып, өмір жаңа қырынан көріне бастайды. Мұның барлығы магнийдің арқасында, ол байқалмайтын көмекші ретінде уақытында «ағзаны» қорғауға келеді


Магний жетіспеушілігін қалай анықтауға және орнын толтыруға болады

Қандағы магний шоғырының мөлшерін есептеу үшін мынадай әдістер қолданылады: «ионограмма», спектрометрия, колориметрия. Кешенді қосылыстарды бояуы арқылы плазмадағы магний мөлшері анықталды. Мұндай зерттеулер қымбат, олар туа біткен патологияны егжей-тегжейлі зерделеуді талап ететін жағдайларда белгіленеді.

Мынадай жағдайларда дәрігер магнийді тағайындайды:

теңгерімсіз тамақтану, макроэлементтің тәуліктік мөлшері есепке алынбаған кезде;

қатерлі ісіктер жаңа пайда болғанда және асқазан-ішек жолдарының мәселелерінен кейін (ұзақ уақыт құсу, 3 күннен артық іштің өтуі);

науқас заттың сіңірілуін бұзатын кофе немесе шай, алкогольді көп ішсе;

тамақ үлесіндегі артықтық (майлар, фосфор, кальций), бұл жасушалардың сіңіре алмауына әкеледі, мысалы, сабындалу реакциясы, нәжістің бұзылуы;

зиянды тұздармен (барий, қорғасын, марганец, алюминий, сынап) улану;

    2-3 айдан астам уақыт бойы несеп жүргізгіш, антибиотиктермен немесе гормондармен емделу.

Бұл тізімді физикалық еңбекпен, кәсіби спортпен шұғылданатын адамдар толтырады. Макроэлемент қалқанша безінде, қалқанша жанындағы безде ауытқулары бар, ұйқы безінің секрециясы бұзылған адамдарға міндетті түрде тағайындалады. Бұл майлы гепатоздағы, бауыр циррозы кезінде ағза қызметін жақсартуға арналған жақсы құрал.

Магний жетіспеушілігін өтеу үшін дәрілік заттар мен тамақ өнімдері қажет. Оларға мыналар жатады: теңіз өнімдері (ламинария балдырлары, теңіз балықтарының түрлері), кешенді қоспалар, нығайтылған тамақтың құрамдас бөліктері.

Теңіз субтропикалық климат жағдайында өсірілген көкөністер, жемістер, жидектер пайдалы: банандар, киви, алмұрт, құлпынай, тәтті болгар бұрышы, мушмула. Жаңғақтар мен күнбағыс тұқымын, күнжітті, асқабақты көп пайдаланбаңыз. Иондарды сіңіру ішектің жұмысына толықтай тәуелді, сондықтан оның жұмысын қадағалау керек.

Магний – органдар мен жүйелердің жұмысына жағымды әсер ететін қажетті элемент.Қорытынды

  1. Сүйектердің өсуіне ықпал етеді, тіс эмалін берік қылады.
  2. Қандағы қант құрамын реттеуге қатысады.
  3. Бұлшықеттің түйілуінің, аурулардың, бас сақинасының, жүрек соғысының ауытқуының, артериялық қысымның жоғарылауының, демікпе кезіндегі тыныс алудың бұзылуының, несеп шығару жолдарында және бүйректе кальцийдің жиналып қалуының алдын алады.
  4. Әйелдердің етеккір келген кездегі жағдайын қалыпқа келтіреді, түйілуді басады, көңіл-күйді көтереді.
  5. Репродуктивтік қызметтерді жақсартады, қан айналымын жоғарылатады.
  6. Күйзеліс кезінде профилактикалық әсер береді.

Магнийді ағза өз бетімен өндірмейді. Ол құрамында Mg++ жоғары БҚҚ, дәрумендік қоспалар, дәрілік заттар, тамақ немесе су арқылы түседі.

Магний тұздары жүрек, гастроэнтерологиялық, эндокринологиялық және гинекологиялық ауруларды емдеуге арналған препараттардың бір бөлігіне кіреді.

Жүкті кезінде әйелдерге магний бар препараттарды ішу ұсынылады. Бұл баланың сау қалыптасуына, баланы уақытына жеткізіп босану үшін қажет.

Минералдың тапшылығы физикалық, психикалық деңгейде сезіледі. Уақытылы емдеу – ағзаны қалпына келтірудегі табыстың кепілі.

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp