Жаралану және созылу кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Жаралану және созылу өте кең таралған жарақаттар болып саналады, мұндай жағдайларда мүмкіндігінше тез арада алғашқы көмек көрсетілуі керек. Әдетте, буын аралығының, бұлшықеттердің созылуынан кейін қатты ауырсыну белгілері пайда болып, қимыл белсенділігі шектеліп, жағдай медициналық араласуды қажет етеді.

Буындардың созылуы, жарақаттану дегеніміз не?

Медицинада жаралану, бұлшықеттердің, буындардың созылуы ең көп таралған жарақаттардың санатына жатады. Мұндай жағдайларға спортшылар және өзге де салауатты өмір салтын ұстанатын адамдар тап болады, жас ерекшелігі көбінесе қатты маңызды емес.

Жарақаттану механикалық әсердің салдарынан туындайтын жабық жарақатты білдіреді. Зақымдану жұмсақ тіндерге, ағзаларға, буын, сүйек тіндерінде таралады. Жарақаттану көбісінде емделуді қажет етпейтін болмашы жарақаттармен байланысты. Кейбір жағдайларда жарақаттану денсаулық пен өмірге қауіп төндіреді, кейде оларды сыну, буынның шығуымен шатастырып алуға болады.  

Көп жағдайда тобық, тізе, иық, кәрі жілік-білезік буындары зардап шегеді, сондай-ақ кейде бұлшықеттердің созылуы, тегіршік зақымдануы кездеседі, ауыр жағдайларда жарақаттану тобық, дененің өзге де бөліктерінің сынуын өршітеді. Айта кету керек, буындардың тұрақтылығы сіңірге байланысты болады. Жарақаттар сіңірдің толық немесе ішінара үзілуіне алып келеді.

Себептері

Жарақаттану көбінесе аздаған биіктіктен құлаудың нәтижесінде туындайды, сонымен бірге соқтығысу, көлік апатының салдарынан пайда болуы мүмкін. Тіндердің қатты анатомиялық зақымдануы жиі орын алады. Жарақаттанудың мұндай түрі көбінесе тікелей соққыдан алынған жабық сынуға алып келеді. 

Бұлшықеттердің, сіңірлердің қарапайым созылуы сүріну, аяқ-қолды қайырып алу, құлау салдарынан пайда болады. Тайғанақ жерде (мұз, қар, тегіс еден) биік өкшесі бар аяқкиіммен жүрген кезде осындай жарақаттарды алу қаупі артады. Кәрі жілік-білезік аймағының созылуы қолға құлаған кезде пайда болады.

Сіңірлердің спорттық зақымданулардың спорттың кейбір түрлерімен байланысты белгілі бір ерекшелігі болады. Тежелу процесі кезінде табанның іштен күрт айналымы жағдайында туындайтын табан буынының жарақаттанулары шаңғышылар мен конькишілердің арасында ең көп кездеседі.  Баскетболда, волейболда, ядро лақтыру, теннисте иық буындарының созылуы жиі туындайды, бұл күрт лақтыру мен сермеуге байланысты орын алады. Пауэрлифтерлер, бодибилдерлер көбіне қол буындарын зақымдап алудан зардап шегеді, ол ауыр жүк тасымалдауға байланысты, иықтан немесе жатып сығымдап көтеру.

Қауіп-қатер факторларына сондай-ақ дененің артық массасы, ыңғайсыз аяқ-киімдер, киімдер, арнайы жабдықталған спорттық киімдерді кию жатады. Сондай-ақ пайда болған жарақаттар, инфекциялар, артроз салдарынан буындардың зақымдану триггер болуы мүмкін.

Белгілері

Сіңір созылуының белгілері байқалса, тез арада дәрігерге қаралу керек. Жарақаттаған орын қатты ауырады. Ауырсыну бірден пайда болады. Кейде науқас қозғалысын жасауды жалғастыра береді, ал ол сіңірдің одан ары қарай зақымдалуына алып келеді. Әлдебір уақыт өткеннен кейін зақымданған орында ісік, қан құйылуы пайда болады. Ауру күшейе береді, буындардың қозғалғыштығы шектеле береді. Буындар толық ажыраған кезде оның қозғалғыштығы барынша артады.

Жарақаттанудың кеңінен таралған белгілері:

зақымданған жердің ауырсынуы;

ісіну, кейде көгерген жерлер, қанды ісіктер, іріңді жара;

аяқ-қолдардың ішкі мүшелері жұмыс істеуінің бұзылуы;

терінің сыртқы зақымдануы, сызаттар, терісі сыдырылған жерлер.

Қабырғаның зақымданған белгілері: 

терісі сыдырылған жерлер, қанды ісіктер, жергілікті ісіну – 15 минуттан кейін байқала бастайды;

тыныс алған кезде ауырсынулар күшейе түседі;  

қатты ауырсыну;

жарақаттанған жердің қанталауы;  

жөтелген кезде ауырсыну;

тіндердің жергілікті ісінуі; 

 жоғары температура.

Тізе буындарының стандартты жарақаттануы, белгілері:

тізенің ауруы, жүрудің қиындауы; 

алдыңғы/алдыңғы бүйір жақтың қанталауы, қимыл белсенділігінің байқаусыз немесе білінер-білінбес шектелуі.

Тіндердің ішкі құрылымдарының қатты зақымдалмағанына қарамастан, жарақатқа реакция пайда болып, нәтижесінде гемартроз, синовитке ұласады.

Көбісі сыну мен жарақаттануды қалай ажыратуға болатынын білмейді, кейде мұндай жағдай жағымсыз салдарға алып келуі мүмкін.
Сыну мен жарақаттанудың айырмашылығы:

созылған жердің үнемі күшейе түсетіндей ауырсынуы (жарақаттанған кезде ол басылады);

қанды ісік – оның орнында тамырдың соғуы зақымдалған жердің тіндерінде қарқынды түрде қан ағып жатқанын білдіреді;

аяқ-қолдың пішіндерінің өзгеруі, оның функционалдығын жоғалтуы, қозғалыстың шектелуі, артық күшті көтере алмауы;

зақымдалған жердің ісінуі – жарақаттанған кезде бірден пайда болады, ал сынған кезде – 2-3 тәулікке;

сүйектің сынуы – мұндай белгі көбінесе ашық сынықты білдіреді;

өзгеше сықырлауы;

аяқты баса алмау немесе қолға сүйене алмау – жарақаттанған кезде белгі болмайды;

аяқ-қолдардың қалпы өзгеше болуы, оның ұзындығының өзгеруі.

Сынудың аталып өткен белгілері тез арада дәрігерге қаралу керек екенін білдіреді. 

Ашық сынудың стандартты белгілері:

аяқ-қолдың сіңірі жоқ жерінде өзіне тән емес қозғалғыштығы;

зақымдалған орынды сипап немесе саусақпен басып тексергенде сықырлау;

кіші немесе үлкен көлемдегі жара;

көктамырдан қан ағу;

науқастың жағдайы бірден нашарлайды;

зақымданудан немесе геморрагиялық есеңгіреу.

Зақымдану дәрежелері

Жарақаттануды келесідей дәрежелерге ажыратады:

  • бірінші – терінің білінер-білінбес зақымдалуы, терінің болар-болмас сыдырылуы, тырналып кетуі, емдеуді қажет етпейді;
  • екінші – қатты ауырады, бұлшықеттің жыртылуы, ал ол өз кезегінде ісіктің, қанды ісіктің пайда болуына алып келіп, науқастың хал-жағдайына кері әсер етеді;
  • үшінші – бұлшықет тіндерінің, сіңірдің зақымдалуымен, буынның шығуымен, асқынулармен, қосалқы өзгерістермен сипатталады;
  • төртінші – көптеген мүшелер мен жүйелердің қызметінің толықтай бұзылуына алып келетін өзгерістер тән болады.

Созылудың дәрежелері:

  • бірінші – аталмыш жағдайды сіңір ішінара жыртылған болады, әлсіз ауырсыну сезімдері буындардың қозғалғыштығының шектелуіне алып келмейді, ісіну әлсіз ғана білінеді;
  • екінші – қатты ауырады, ісік, қан құйылуы, бірқалыпты созылу, талшықтардың бүтіндігінің жоғалуы орын алады, кейде капсула зақымдалуы мүмкін, қозғалған кезде ауырады, буынның патологиялық қозғалғыштығы байқалады;
  • үшінші – сіңірдің толық үзілуімен сипатталады, ісік, зақымдалған жерде қан кернеуі, ауқымды түрде қан құйылуы, тұрақсыздық пайда болады, шұғыл араласуды қажет етеді.

Диагностика

Жарақаттанудың, сіңірдің созылуы мен сынудың белгілері өте ұқсас, өз бетінше диагноз қоюға болмайды. Тізе буындары мен жарақаттану кезінде пайда болатын өзге де патологияларға тәжірибелі травматолог қана диагностика жасай алады. Диагностикалық әдіс аясында рентген, МРТ қолданылады. Соңғы зерттеу хирургиялық әрекетті жүзеге асыру қажеттілігін анықтауға көмектеседі.

Диагноз қойылғаннан кейін жалпы ережелерге сәйкес терапия белгіленеді. Жарақаттанғаннан, соққы алғаннан кейін кешенді емдеу аясында дәрі-дәрмектерді қабылдау, физиотерапиялық емделуді қолдану, халықтық рецепттерді пайдалану көрсетілген.

Жарақаттану, сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Аяқ сіңірінің созылуы, тізенің жарақаттануы үй жағдайында жасауға болатын тез арада көрсетілетін көмекті қажет етеді.

Сіңірдің созылуы кезінде көрсетілетін алғашқы көмек мынадай айла-амалдардың жүргізілуін қамтиды:

суық компресс – ауырсынумен, ісінумен күресуге көмектеседі, зақымдалған жерге мұз немесе суық сумен толтырылған шөлмекті қою керек;

зақымдалған жерге салмақ түспеуі, дәрігер келіп қарағанға дейін аяқты немесе қолды қозғалтпай, тыныш қалыпта ұстау керек;

аяқ-қолды дененің жоғарғы бөлігінде ұстау, ол үшін валикті қолдануға болады;

ауыруды басатын, сездірмейтін дәрі-дәрмекті қабылдау.

Жарақаттанған және сынған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің айырмашылығы көп емес.

Емдеу

Тобық жарақаттанған, сіңірі созылған кезде көрсетілетін дәрігерлік көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмектер, физиотерапия қолданылады. Терапияның ұзақтығы, жараны емдеу, жараның жазылуы жарақаттың алынған деңгейіне байланысты. Көбінесе ауыруды басатын дәрілер белгіленеді. Кейде шендеуіштер, таңғыштар қолданылады, ауыр жағдайларда хирургиялық әрекеттер жүргізіледі.

Жарақаттану мен созылудан кейін емделуді жылдамдатуға жергілікті ауыруды басатын қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер көмектеседі. Аталмыш санатқа фастум гуль және өзге де препараттар жатады. Дәрі-дәрмектерді зақымдалған жерге күніне 2-3 реттен 10 күн бойы жағуға кеңес беріледі. 

Физиотерапияның әдістерді сондай-ақ жазылу процесін жылдамдатады, дәрігер электрофорез, массаж, инфрақызыл сәулелендіру, магнитотерапия белгілейді. Сондай-ақ емдік денешынықтырудың тиімділігі өте жоғары, жаттығулар кешенін таңдаумен дәрігер айналысады.

Емделудің ұзақтығы жарақаттың ауырлық деңгейіне, науқастың жағдайына, оның ағзасының жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты. Орташа есеппен терапиялар 2-3-тен 5-8 аптаға дейін уақыт алады. Осы кезеңде дәрігердің барлық кеңесін орындап, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әрекеттерден бас тарту керек. 

Халықтық рецепттер

Халықтық емдеуге тек қана емделіп жүрген дәрігер келіскеннен кейін рұқсат етіледі. Созылу кезінде тізе буындарының және өзге де буындардың жарақаттанғанда жара жазылу үшін келесі халықтық дәрі-дәрмектерді қолдануға кеңес беріледі:

Ұсақталған ақжелкек пен шалғамды зақымдалған жерге 10 минутқа қою керек. Процедураны 3 күн қатарынан жасауға кеңес беріледі.

Алоэнің жапырағын екіге бөліп мәйегімен бірге теріге қойып, оны ақ дәкемен орап тастап, мәйегі сіңгенше ұстау керек. Процедураны 7 күн қатарынан жасауға кеңес беріледі. 

Бал мен қызылша шырынын араластырып, массаны зақымдалған орынға жағып, үлдірмен жауып, екі сағат ұстау керек. Процедураны бір апта бойы күн сайын жасау керек.

Қорытынды

Созылу және жаралану ең көп таралған жарақаттың болып есептеледі, алғашқы көмек мүмкіндігінше тез арада көрсетілуі керек. Жарақатты, созылған жерді емдемес бұрын, диагностикадан өту керек. Дәрігер қарап, сұрақтар қойып, емдеуді белгілейді. Созылған жердің, жарақаттың жазылу жылдамдығы зақымдалу деңгейіне, дәрігердің берген кеңестерін орындағанға байланысты болады.

 

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp