«Темірдей мықты» денсаулыққа арналған өнімдер

Теміртапшылықты қаназдық барлық қан ауруларының арасындағы көп таралуы бойынша бірінші орында. Органикалық темір гемоглобиннің – қанға қызыл түс беретін және тіндерге оттекті тасымалдайтын ақуыз кіреді. Темір жетіспеушілігі адамның ішкі ауруларымен байланысты қантүзілімі процессінің бұзылуы салдарынан болуы мүмкін. Алайда, бұл көбінесе дені сау адамның тамақтанудағы қателіктері.

Қаназдықтың белгілері өте сипатты. Халық оны қанның азаюы ретінде анықтайды. Расында да, темірдің жетіспеушілігі қанды эритроциттермен аздап қанықтырады. Солғындық, қуқылдық күшейе түседі, тері құрғақ, бұлшықеттер әлсіз бола бастайды. Адамның тек қана физикалық күшінің азайғанын сезініп қана қоймай, жалпы ауырсыну пайда болып, енжар, селсоқ, дел-сал болады. Тіндердегі оттектің жетіспеушілігі функционалды демікпедегідей, тыныс алуда көп күш қажет етеді.

Қантүзілімі процесін жақсартуға, гемоглобиннің деңгейін көтеруге тамақтану көмектеседі. Келіп түсу мөлшері күніне ер адамдарға 8 мг, әйел адамдарға 18 мг және жүкті әйелдерге 27 мг-ға дейін құрайды. Төменде қаназдықпен күресуге арналған таңдаулы азық-түлік өнімдері келтірілген.

Сиыр еті

100 г қызыл ет 3 мг темір береді. Сиырдың бауырында ол екі есе көп. Рационға аптасына екі рет майлы емес етті қоссаңыз, темірге бонус ретінде B12 дәруменін, селен және мырышты аласыз.

Назар аударыңыз! Сүт ет өнімдеріндегі темірді сіңіруге мүмкін бермейді. Сүт және ет өнімдерін қабылдаудың арасында 4-5 сағат үзіліс жасау керек.

Үрмебұршақ

Үрмебұршақтың дәндері сиыр етінен қалыс қалмайды. Оның құрамында 2-ден 4 г-ға дейін темір бар. Ең дұрысы үрмебұршақтың қызыл түрін таңдау керек. Үрмебұршақ әсіресе ет жемейтін, егде жастағы адамдар үшін ақуыз бен темірдің қайнар көзі ретінде өте бағалы. Жасұнық пен фолий қышқылы иммунитетті жақсартады, ал ол өз кезегінде қантүзілім процесіне жақсы әсер етеді..

Жасымық

Жасымық – тағы бір құрамы темірге бай рекордшы. Оның құрамында сиыр еті мен үрмебұршақтағында шамамен 3 мг темір бар. Жасымықты біз үшін ұлттық өнім болып саналмайды, бірақ одан көптеген дәмді әрі пайдалы тағам жасауға болады. Микроэлементтер, жасұнық, омега-3 және омега-6 қышқылдары теріңізге, шаштарыңыз бен көңіл-күйіңізге жақсы әсер етеді.

Кешью жаңғағы

Қанның құрамын қалпында ұстау үшін рационда жаңғақтар лайықты орынға ие болуы керек. Кешью жаңғақтарының жарты стақаны шамамен 4 мг темір береді. Үйреншікті тіскебасарларды жаңғақтармен, кептірілген жемістермен алмастырыңыз. Сонда қанның құрамын жақсартып қана қоймай, май алмасуды да қалпына келтіресіз.

Асқабақтың дәндері

Асқабақтың дәндері – ер адамның денсаулығы үшін ерекше өнім. Балаларды ішек құрттарын жұқтырудан сақтайды, әйелдердің иммунитетін жақсартып, сұлулығын арттырады, ер адамдарда көбею жүйесін жақсартып, ісіп қызару процестерінің пайда болуына жол бермейді. Асқабақ дәндерінің құрамындағы темірдің мөлшері 100 г-ға 4,5 мг-ға дейін жетеді. Назар аударыңыз, олардың  құнарлылығы шамамен 450 г.

Тауықтың сан еті

Тауықтың қызыл етін темірге бай қайнаркөз деп айтуға келмейді, 100 г-да шамамен 1,3 г болады. Алайда тауық еті тамақтануда диеталық шектеулері бар адамдарға гемоглобинінің арттыру үшін өте пайдалы өнім. Тауықтың сан етінде темірдің сіңуі үшін айтарлықтай қолжетімді. Егер сіз ауыр сиыр етін, өкпе-бауырды, бұршақтарды жей алмасаңыз, онда тауық еті сіздің таңдауыңыз.

Чиа дәндері 

Сәлбен дәндері, дәмдеуіш пен тағамдық қоспа. Өмірлік маңызы бар микроэлементтердің өте көп мөлшерімен бағалы. Құрамында пайдалы майлы қышқылдар бар. Зат алмасуды жақсартады, иммунитетті көтереді. Күніне бір қасық дән жеткілікті.

Кептірілген өрік

Кептірілген өріктер – жүрек бұлшықеттері, тамырлары, қантүзілімі процестері үшін теңдесі жоқ өнім. 100 г кептірілген өрік шамамен 2 г темір береді. Кептірілген жемістердің құнарлылығын естен шығармаңыз, кептірілген өрікте 160 ккал.

Шоколад

Табиғи какао-майының негізінде дайындалған табиғи қара шоколадтың 100 граммы 12 мг-нан аса темір береді. Қоспасы жоқ, тәтті емес сұрыпты таңдаңыз. Бір плитка қара шоколадтың жартысын аптасына бір рет жесеңіз, мидың қан айналымы жақсарады, онкологиялық патологиялардың пайда болу қауіпін азайтады.   

Біздің мамандардың мақалалары

Ламифарэн в рационе питания кормящей мамы

Главными исследованиями перинатальной медицины сегодня считаются те, которые направлены на сохранение здоровья женщины и жизни новорожденного. И последние эксперименты показывают, ...
«Далее»

Молоко: польза и вред для организма

Материнское молоко- первый продукт, который мы пробуем. И здесь есть все, что нужно младенцу. А что касается других видов…Археологи считают, ...
«Далее»

Топ-8 полезных свойств Ламинария Ангустата

Бурые водоросли Ламинария относятся к съедобным растениям, обладающим большим количеством витаминов и минеральных веществ. После переработки их используют в качестве ...
«Далее»

Топ лучших источников калия: чем восполнить потребности организма

Калий – биологически значимый для нашего организма элемент. Для нормальной жизнедеятельности в организме нужно около 150 г этого вещества. Чтобы ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp