Рамазан айында қалай дұрыс тамақтану керек

Соңғы 3 жыл ішінде қасиетті Рамазан айы солтүстік жартышардағы ең қысқа түндер мен ең ұзақ күндерге сәйкес келуде. Осы жылы Рамазан айы 5 мамырда басталып 3 маусымға дейін жалғасады. Бұл уақытта күндіз кез келген тамақ пен су ішуге қатаң тыйым салынады. Тұрғылықты аймаққа қарай, тамаққа тыйым салу тәулігіне 20 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Аузы берік жандардың өмірі тек күн ұясына кіргеннен кейін ғана әдеттегі қалпына түседі.

Тойып тамақтанудың қалай алдын алуға болады

Көпшілікке «Рамазан айында тойып тамақтану» деген тіркестің өзі қызық естілуі мүмкін, алайда бұл мәселе көп ораза ұстайтын адамдарға қатысты. Ауыз бекіту кезінде адамдар тәттілерден бас тарта алмай қалады, мұны олар ұзақ уақыт аш жүргендіктен артық салмақ жинамаймыз деп түсіндіреді. Күні бойы аузыңыз берік болып жүріп, кешкі уақытта шамадан тыс тамақтану асқорыту органдарында ауыр мәселелер тудырып қана қоймай, артық салмақ қосуға да жеткізуі мүмкін. Сол себепті шамадан тыс тамақтанудың алдын алуға көмектесетін ең қарапайым ережелерді ұстану қажет:

  • Судың қажетті мөлшерін ішіңіз;
  • Тамақ үлесіңізді теңдестіріңіз;
  • Тамақты асықпай ішіңіз;
  • Үстелден кішкене қарныңыз аш күйде түрыңыз;
  • Тамақтану кезінде көңіліңізді бөлмеңіз;
  • Салмағыңызды бақылаңыз;
  • Күндізгі уақытта кішкене ұйықтап алуға тырысыңыз;
  • Физикалық жаттығулардың қажеттілігі туралы ұмытпаңыз.

Құрманың пайдасы

Дәрігерлер аузыңыз берік кезде көп мөлшерде көкөніс, жемістер мен астық тұқымдастарды жеуге кеңес береді, ал ет тағамдарын шектеген дұрыс. Ақуыз қажеттілігін саңырауқұлақтардың, сүтқышқылды өнімдердің және құрманың көмегімен толтыруға болады. Құрма ағзаға тигізетін емдік қасиетімен белгілі. Олар қан аздық кезінде ағза жұмысын қалыпта ұстауға көмектеседі, қант мөлшерін азайтады, қан айналымын жақсартады, ағзадан зиянды заттарды шығаарады, жалпы асқорытуға жағымды әсер етеді. Жөтелді емдеу кезінде үккіштен өткізілген құрма үлкен танымалдылыққа ие.

Құрманың құрамына табиғи антиоксиданттар – терінің қартаюына қарсы тұратын заттар кіреді. Құрманың сүйектері көзге арналған сүрме дайындау үшін пайдаланылады: оларды алдын ала пеште қуырып алады, одан соң үгітеді. Дайын ұнтақ көздің көруін нығайтады және кірпіктердің өсуіне жақсы әсер етеді. Егер осы ұнтақты зәйтүн майымен араластырса, шашқа арналған керемет маска жасалады, оны күнделікті қолдану шаштың түбін айтарлықтай нығайтады және жақсы өсуіне септігін тигізеді.

Бас ауыруы туралы

Жиі ауыз бекітетіндер қатты басының ауыруына тап болады. Көп жағдайларда басты себеп ораза ұстайтын адамдардың кофе ішуден бас тартуынан болады; таңды сергектік беретін сусынның бір саптыаяғынан бастайтындардың, бұл ләззәттан бас тартуларына тура келеді. Бас ауыруын болдырмас үшін, ауыз бекітерге бірнеше ай қалғанда құрамында кофеині бар сусындардан бас тарту қажет болады.

Ораза ұстаушыларға арналған кеңестер

Біздің ағзамыздың 80% судан тұрады. Сол себепті қажетті су мөлшерін ішу керектігін есте сақтау қажет. Ағзада су тапшылығы болмас үшін, оны түнгі мезгілде көп ішу қажет. Күндіз шөлді басу үшін ауызды сумен шаюға болады, бірақ бір тамшысын болсада ішуге тыйым салынады.
Түнге қарай тамақты көп мөлшерде жемеу, асқазанның созылуын болдырмайтыны белгілі, демек, қарныңыздың ашу сезімі аз болады. Түскі мезгілге қарай қатты тамақ ішкіңіз келетін уақыт болады. Бұл уақытта қандай да бір жұмысқа бас алмай кірісіп кету керек. Бұл кеңесті ұстану аузы берік адамның күннің батуына дейін оңай шыдауына көмектеседі.

Қызықты деректер

Кейбір мұсылмандар Рамазан айында тек артық салмақ тастау үшін ауыздарын бекітуге шешім қабылдайды. Мұндайлардың көпшілігі тамақтан мүлде бас тарту керемет мүсінге жылдам әрі тиімді түрде қол жеткізетіндеріне сенімді болады. Бұл үлкен қателесушілік, себебі ауыз бекіту соңына қарай тақап қалғанда, адамдар артық салмақ қосып алғандарына, сонымен бірге өздерін жайсыз сезінетіндеріне таңқалады. Бұл оразаға дұрыс ниетпен қарамағанның кесірі.
Ең басты мәселе – тамақты шамадан тыс жеу. Күндізгі уақытта өзіңізді тамақтан шектеп, түнге қарай қолыңызға түскеннің барлығын жей беру – ақымақтық қана емес, қатерлі де. Ағза мұны қатты күйзеліс ретінде қабылдайды, себебі ашығуға үйренген ол, май қорын жылдам жинай бастайды.

Оразаға артық салмақтан құтылу мүмкіндігі ретінде қарамау керектігін есте сақтаңыз. Бұл кезеңде ауыз бекітуші адам діни сенімдеріне қарай тамақтан бас тартуы тиіс.

Қорытынды

Көп уақыт ашығудан кейін кез келген тамақтың дәмді болатынын қашанда есіңізден шығармаңыз, сондықтан кешкі асты бір стақан судан бастаңыз. Осылайша сіз ағза жұмысын қалыпта ұстап, артық тамақтанудың алдын аласыз. Рамазан айында ауыз бекітудің басты артықшылығы – әрбір аузы берік жанның қолында барды одан сайын бағалауды үйренуінде.

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp