Отыру өлімге алып келуі мүмкін: отырып істейтін жұмыс несімен қауіпті?

Отырып істейтін жұмыс — адамдардың көпшілігіне тән өмір ағымының бір түрі. Физикалық емес еңбек созылмалы шаршағыштықтың пайда болуының және денсаулықтың нашарлауының басты себептерінің бірі. Жеткіліксіз дәрежедегі белсенділік немесе үнемі аз қозғалысты өмір салты үлкен қауіп алып келеді. Олар ағзаның тозу төзімділігін төмендете отырып, созылмалы аурулардың дамуын өршітеді.

Қауіп-қатер тобында кімдер болады?  

Кеңсе жұмысшылары мен мемлекеттік қызметкерлер салауатты өмір салтын дұрыс ұстана бермейді. Ондай адамдар ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында отырады, көп уақыт құжаттар мен қағаздарды реттейді. Көлік жүргізушілері, емханалардың дәрігерлері мен әртүрлі мекемелер мен кәсіпорындардың директорлары аз қозғалатын адамдардың санатына жатады. Өзге де отырып жұмыс істейтін мамандықтар — операторлар, машинистер, бағдарламашылар. Олардың кейбіреулері бір орында 9-15 сағаттан отырады, ал бұл ағза үшін өте ауыр күйзеліс болып табылады.

Аз қозғалатын өмір салты неге алып келуі мүмкін?

Бірнеше сағат бойы қозғалыссыз жұмыс істеген кезде тіндердегі зат алмасу баяулайды, ал ол өз кезегінде іркілу процестеріне алып келеді. Егер күні бойы арнайы жаттығуларды жамаса немесе денені шынықтырмаса, онда ол зат алмасу процестерінің бұзылуына және қан ағысының нашарлауына алып келеді.

Бастапқы кезде денсаулықта ешқандай мәселелер туындамайды. Белгілер болмашы ғана байқалады. Омыртқа жотасы үнемі ширығып тұрса, жұмыс күнунің соңында ауырсына бастайды. Олар әлсін-әлсін көрініс таба бастайды және демалып, тынығып алғаннан кейін басылады.  Ақырында жайсыздық күшейе түседі, ал ол өз кезегінде ауырсынуды басатын дәрілерді бақылаусыз қабылдауға алып келеді. Қыздыратын жақпамайлармен ысқылау түріндегі жергілікті емдеу тек белгілерін ғана жояды.

Миға қанның әлсіз келуі бас ауруларына, көп ұйықтауға және зейінсіздікке алып келеді. Жұмыс істеу және өмір сүру сапасы төмендейді. Бұл белгілердің басым көпшілігі елеусіз қалып жатады, соңында асқынуларға алып келеді. Емделмеген жағдайда аурулар жылдам күшейе береді.

  1. Арқа, мойын бұлшықеттері, сондай-ақ омыртқа жотасы жансызданады (сколиоз, лордоз, кифоз).
  2. Калорияның жеткіліксіз дәрежеде жойылу (артық салмақ, семіздік).
  3. Омыртқааралық дисктердің әлсіреуі және тозуы (остеохондроз).
  4. Шеміршек және сүйек тіндері қоректенуінің жеткіліксіздігі (артрит, артроз).
  5. Инсулин гормондарының өндірімі төмендейді (қант диабеті).
  6. Қуықалды безіндегі тоқырау процесстері (простатит, қозу әрекеттерінің нашарлауы).
  7. Ішектің толқи жиырылуының нашарлауы (іштің ішінара жүрмеуі үздіксізге орын ала бастайды).
  8. Тік ішек тамырларының кеңеюі (геморрой).
Статистика көп қозғалмайтын өмір салтын ұстанатын адамдардың басым көпшілігінде жүйке жүйесінің бұзылуы кездесетінін және неврологиялық бұзылыстардың дамитынын көрсетеді.

Емдеу және алдын алу

Асқынудың түріне байланысты науқасты белгілі бір маман қарайды. Емдеу көбінесе себебін емес, салдарын жоюға бағытталады. Сондықтан аз қозғалатын жұмыскерлерге өз өмір салтына түзету енгізу өте маңызды. 

Қозғалыстың жетіспеушілігі негізінен қимыл-тірек жүйелеріне зиян келтіреді. Бұлшықеттер мен омыртқаға үнемі күш түсуі жағымсыз әсер тудырып, сымбаттың жоғалуына алып келеді. Күні бойы ойды басқа арнаға бұрып, тынығып, демалып алу керек. Арнайы жаттығулар қанның ұюы мен жүйкенің қысылуын болдырмау үшін жақсы көмектеседі. Оларды отырып жұмыс істеген кезде әр 45 минут сайын орындауға кеңес беріледі.

Мойынның созылуы. Арқаны түзу ұстап, еденді табанымызды түзу ұстап басамыз, қолды үстелге қоямыз. Желкені жоғары көтере отырып, мойынды тік ұстаймыз. Иегімізді кішкене төмен түсіреміз, бірақ кеудемізді қатты қыспаймыз. Иықтарымызды босаңсытып, төмен түсіреміз. Мойын айналасы созылуы керек. Жаттығуды жұмыс күні бойы бірнеше рет жасау керек. Қан айналымының күшеюінің арқасында мойын остеохондрозының даму қауіпі азаяды, ойды жинақтау және есте сақтау жақсарады. Созумен бірге басты айналдырып, екі жаққа еңкейіп жаттығу жасауға кеңес беріледі.

Арқа бөліктерін созу. Егер арқаңыз ауырса, жайсыздықты жұмыс орныңызда жоюға болады. Иықты көтерудің тиімділігі өте жоғары. Ол үшін адам арқасын тіктеп, қолдарын кеудесін бойлай түсіреді және иықтарын жоғары көтеруге тырысады. Жоғарғы нүктеде бірнеше секунд кідіреді, содан соң бастапқы күйге қайтып келеді.

Жауырынды құрыстыру иық белдеуін созуға көмектеседі және кеуде остеохондрозының дамуын алдын алады. Ол үшін қолдарды босаңсытады және кеудені бойлай түсіреді. Алдымен иықтарды артқа тартады, содан соң ақырындар алға қарай созып тұрады. Сонымен бірге мойынның төменгі бөлігіне де күш салынуы керек.

Иықтарды айналдыру. Бұл жаттығу мектепте денешынықтыру сабағының міндетті бір бөлігі болып табылады. Қолымыздарымызды иықтарымызға қойып, жүзетіндей етіп қозғалтамыз. Бұл буындарға қан айналымын жақсартуға және көкірек қуысының алдыңғы бөлігін созуға көмектеседі.

Бұру. Ұзақ уақыт компьютердің алдында отыру және көлік жүргізу белдің құрысуына алып келеді. Бұру тырысуды төмендетіп қана қоймай, ауырсынуды жоюға көмектеседі. Қолдарымызды басымызға қойып, кеудемізді тік ұстаймыз. Денемізді жоғары бөлігін екі жаққа кезектестіріп бұрамыз. Беліміздің майысуынан да жақсы әсер болады. Ол үшін үстелден тұрудың өзі міндетті емес.

Аз қозғалысты өмір салты біртіндеп артық салмаққа алып келеді. Ағзада шамадан тыс май жиналуының негізгі белгілері — тым шаршағыштық, жүрек соғысының жиіленуі, ентігу, шамадан тыс тершеңдік. Онымен күрес ұзақ жылдарға созылады, ал іс жүзінде нәтижесі байқалмайды. Жұмыстан кейінгі белсенді қозғалыстарға ақырындап өту керек.

Алдымен күнделікті жаяу немесе велосипедпен серуендеуді қосады. Күніне кем дегенде 300 қадам жүруге кеңес беріледі. Содан сок қарапайым жүріске интервалдарымен спорттық қадамдарға көшеді. Қадамды алма-кезек жылдамдатып, баяулатып отырады. Денені қалжырағанға дейін артық күш салуға болмайды. Небәрі бірнеше аптадан кейін дағдылы жүктеме жеңіл және оны күшейтуге, үдетуге болатындай көрінеді. Бір айдан кейін жүгіру мен секіргішпен секіруді бастауға да болады.  

Көлік жүргізетіндер жұмыстарынан жаяу қайтуларына болады. Таза ауада небары 1,5 сағат жүру өкпенің түзуленуіне, тіндерде қан ағысының жақсаруына көмектеседі. Ағзада жеткілікті дәрежеде энергетикалық алмасу орын алады, қан тамырларының тонусы артады.

Созылмалы аурулардың дамуын қалай алдын алуға болады?

Геморрой, қант диабеті немесе өзге де созылмалы бұзылыстардың дамуы кезінде отырып жасайтын жаттығулар жеткіліксіз. Науқастарға табиғатта демалуға, суда жүзуге немесе жеке емделуге кеңес беріледі. Ауыр көтеру және спортпен қарқынды түрде шұғылдану патология барысын нашарлатады. Мамандар кейбір жағдайларда науқастарға жұмысының сипатын айтарлықтай белсендіге ауыстыруын ұсынады.  

Отырып жұмыс істеу кезіндегі ағза үшін үлкен пайда — тұрақты түрде дұрыс тамақтанумен қатар гимнастиканы үйлестіру. Калорияны бірқалыпты, орынды тұтыну мен тамақты бөліп-бөліп ішу оның жақсы қорытылуына, қан тамырларының жақсы жұмыс істеуіне және салмақты реттеуге көмектеседі.

Қосымша денеге түсетін ауырлықты қосқан дұрыс, мысалы, жедел сатының қызметінен бас тартып, өз бетінше баспалдақпен көтеріліп, түсу. Егер жұмыс орны жақын жерде орналасса, онда жұмысқа велосипедпен баруға болады. Бұл өте керемет таңғы жаттығу болар еді. Телефонмен ұзақ уақыт сөйлескен кезде бір орында ұзақ уақыт отырмаған дұрыс.

Отырып жұмыс істегеннен пайда болған алғашқы белгілерден кейін өмір сүру салтын түзете бастайды. Денені шынықтыру үшін, серуендеу немесе жұмыс кезінде және жұмыстан кейін жаттығу жасау үшін мүмкіндікті қалт жібермеу керек.

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp