Ағзаны қалдықтардан тазарту

Адам ағзасы үшін өзінің ішкі жүйесін үнемі тазартып отыру маңызды. Ластанған экология, қарбалас өмір салты, үнемі күйзелісте жүру, дұрыс тамақтанбау денсаулыққа кері әсерін тигізеді, ағза қалдықтарға толады, оны улы заттар қоршап алады. Мұндай жағдайда арнайы тазарту әрекеттерін жасау керек, олар улайтын жағымсыз заттарды сыртқа шығарып, жағдайыңызды жақсартады. Ағзаны қалдықтардан тазалау міндетті түрде стационарда жасалады, ал үй жағдайында сауықтыруға болады.

Ағзаны тазалағанға дейін және одан кейін ішкі жүйелерде қандай өзгерістер болады.

Шара қолдану керектігін білдіретін алғашқы белгілер төмендегілер болып табылады:

жалпы әлсіздік немесе енжарлық күй;

күштің болмауы;

 өңнің бозаруы;

 бастың тұманданып тұруы, ауырлап кеткендей сезім, есте сақтаудың әлсіреуі;

 ауыз қуысында жағымсыз дәмнің орын алуы;

 асқорыту органдары, бауыр ауырады;

 май бездері қабынады;

 тері қартая бастайды, оның тығыздығы күрт төмендейді;

 шаш түктері сирей бастайды, түсе беретін болады;

 тырнақ қабаттарының құрылымы нашарлайды, тез зақымданады және сынады;

егер туа біткен аллергия болмаса, бұл қалдықтардың толып қалуының себебінен ересек адамның өзінде пайда болуы мүмкін, ол кейбір азық-түліктер мен иістерге төзе алмаушылықты тудырады;

иммундық жүйе қатты әлсірегендіктен, тіпті қарапайым суық тию сияқты аурулармен ағза күресе алмай қалады;

шырышты қабаттар зақымдалған кезде, тәбет төмендеп, үнемі шөлдей берсеңіз бұған жақсылап көңіл бөлу керек.

Адамдар іш-құрылысты тазарту әрекеттерінің не үшін қажет екенін түсіне бермейді. Дәрілік заттар мен диеталар курсын, шамамен күнделікті күн тәртібін қоса алғанда, әр түрлі әдістер мен бағдарламалар бар. Олар сыртқы келбетіңіздің әдемі болуына және адамдарға өмірлік қуат сыйлауға, аурулар қаупін азайтуға, соның ішінде қатерлі ісік сияқты күрделі аурулар санын төмендетуге, жалпы денсаулықты жақсартуға көмектеседі.

Детоксикация және тазарту ішімдік пен нашақорлықтан зардап шеккен адамдардың өміріне қауіп төндіретін сырқаттардың алдын алу үшін қажет.

Ішкі жүйе қалдықтардан тазарады. Тазарту үш негізгі сатыдан тұрады:

А) дұрыс тамақтану,

Б) таза су мөлшерін көп ішу,

В) Ламифарэн, табиғи емдік-профилактикалық өнімін қабылдау. Оның негізінде Ангустат Ламинариясы қоңыр теңіз балдырлары жатыр.

Неден бастау керек 

Тиімді болу үшін тазарту әрекеттерін нақты бірізділікпен жүзеге асыру керек. Тоқ ішекте зиянды заттар көп жиналады. Бірінші кезең адамның ішіндегі осы аймақтан басталады. Тоқ ішек толық тазаланған кезде, қанайналым жүйесі улы заттармен ластанбайды.

Табиғи тазарту бауырдың көмегімен жүзеге асады. Ішектен шыққан қан, бүкіл ағзаға таралмас бұрын, осы орган арқылы ағып кетеді, бауыр арқылы тазартылмайынша ол өте алмайды. Бүйректердің де атқаратын қызметі маңызды. Қанда еріген зиянды заттардың ағзаның жұмысын тоқтату қасиеті бар, нефрологиялық аурулар осыдан пайда болады.

Тазарту кешені жасушаларды тазартумен аяқталды. Мұндай әрекетті бастар алдында ағзаны кішкене дайындайды, яғни ағза дайын болуы үшін  оны жеңілдетеді. Мұны істеу үшін жылы суды көп ішу керек, барлық ұлпалар арқылы сұйықтық айналымын жақсартуға бағытталған физикалық жаттығулар кешені жасалады.

Ағзаны тазартуға арналған азық-түліктер

Ағзаны жиі тазалай бермеу үшін, зиянды заттармен күресуге, оларды ыдыратуға және оларды несеп жолдары мен терлеу арқылы сыртқа шығаруға көмектесетін дұрыс өнімдерді пайдалану ұсынылады.

Қанды тазалауға көптеген табиғи өнімдердің құрамында болатын жасұнық көмектеседі. Егер жасұныққа бай тағамдарды үнемі қолданатын болсаңыз, асқазан-ішек жолының жұмысы жақсарады, іш қату жоғалады, бауыр қалыпты жұмыс істейді, ұлпаларқалпына келеді.

Ангустат Ламинариясы

Йод және басқа пайдалы құрамдас бөліктерге бай Ангустат Ламинариясы негізгі антиоксиданттардың бірі болып табылады, олар ішке сорбенттер ретінде өтеді.  Нәтижесінде ауыр қосылыстар мен улы құрамдас бөліктерді сіңіру алмасу әрекеттерін жақсартады.

Балдыркөктің тамыры мен үстіңгі бөлігі

Өсімдік құнарлы, бірақ калориясы аз болып саналады. Балдыркөк мәдениеті тағамдық талшықтар көлемінің көп мөлшерінен тұрады, осының арқасында асқорыту жолы тазарады. Өсімдік дәрумендер мен минералдарға бай.

Қырыққабат бастары мен гүлшоғырлар

Брюссель, түсті және ақ қырыққабаттарды шикі, пісірілген, қайнатылған және ашытылған күйінде бекерден-бекер жемейді. Ол асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істеуі үшін пайдалы. Оның канцерогендік қасиеттері сульфорафанның арқасында өндіріледі. Бұл онкологияның алдын алуда да таптырмас өнім.

Грейпфрут жемісі

Грейпфрут барлық органдарды қалдықтардан тазартуға қабілетті, инсулин аз мөлшерде өндіріледі.

Көк шайдың артықшылықтары

Көк шайды тек жалпы тазарту үшін ғана емес, салмақ жоғалту үшін де қолданылады. Сусынның арқасында алмасу әрекеттері жылдамдатылып, майлар ыдырайды, ауыр тұздар мен металдар жойылады. Жасуша жүйесі дәрумендік-минералдық құрамдармен қанығады, иммунитет күшейіп және сүйектер мықты болады. Қатерлі ісіктердің алдын алады.

Судың пайдасы

Су ішкен сайын алмасу әрекеттері жылдамдайды, барлық ішкі органдар біркелкі қызмет атқарады. Ағза жақсы жуылып, улы қосылыстар сыртқа шығуы үшін, орта есеппен, бір адам тәулігіне 2,5 литрден аз су ішпеуі керек, таңертеңгілік – аш қарынға 3 стақан жылу ішкен дұрыс.

Ағзаны өсімдік майымен тазалау 

Суда немесе лимон шырынында ерітілген зәйтүн майының ас қасығын аш қарынға күніне екі рет ішу, қарынның ашуын болдырмайды, аз уақыттың ішінде қалдықтардан тазартады, семіруге кедергі болады.

Кебекті нан өнімдері

Кебекті нанды үнемі жесеңіз, ол асқорыту жүйелерінің нашарлауы, іш қатуы, артық салмақ және қантамырлар ауруларын болдырмайды. Аллерген және кез келген улы затты кебекті өнімдер сіңіріп алады. 

Ағзаны тазартуға арлаған зімбір

Зімбір зиянды химикаттар мен аллергендерді жояды, қалдықтардан тазартады, тағамды тез сіңіруге көмектеседі. Зімбір тамырын тамаққа дәмдеуіш ретінде қосады, ұнтақталған күйде шайға және басқа да сусындарға қосуға болады.

Жапырақты салат

Жапырақты салат қанайналу жүйесін тазартады, асқорыту процесін жылдамдатады. Сонымен қатар жүйке жүйесін тыныштандырады, адамды күйзелістен құтқарады.  Жасыл жапырақты салат – барлық ұлпаларды және қанды тазартатын, тұздың жиналып қалуының алдын алатын несеп айдағыш өсімдік.

Ағзаны қызылшамен тазарту

Тамырлы өсімдік – бұл табиғи сорбент, соның арқасында тағам жақсы сіңіріледі. Бірнеше апта бойы күнделікті қызылшаны қолдансаңыз, ағзаңыз улардан тазарады. Кейбіреулер қызылша шырынын ішуді қалайды. Шикідей жей алмайтындар, көкөністі қайнатып, одан салат, борщ жасап немесе буланған күйінде жейді.

Саңырауқұлақтан жасалған тағамдар

Ішекті тазарту үшін ормандарда жиналған саңырауқұлақтар көмектеседі. Термо өңдеу, тұздау өсімдік тағамдарын дәмді және тәбет ашарлықтай етеді. Жасұнық, өсімдік ақуызы, дәрумендік-минералдық кешені шағын бөліктермен қаныққан.

Ағзаны сарымсақпен тазалау

Сарымсақтың пайдасы көп. Оның көмегімен қантамыр жүйесі тазаланады, тағам тез сіңіріледі, тәбет жақсарады, жүрек бұлшық еті күшейеді.

Лимон

Сары цитрустар – С дәруменінің негізі ғана емес. Егер сіз суға немесе шайға лимон тілімдерін немесе домалақтарын қоссаңыз, шөл тез басылады. Табиғи лимон қышқылы уытты заттарды ерітуге көмектеседі, артық ластанған сұйықтықты шығаруға ықпал етеді. Ағзадағы тепе-теңдікті сақтау үшін күнделікті таңертең және кешке бір шай қасық балдың ерітіндісі мен лимон қосылған бір стақан суды ішу қажет.

Тазалануға арналған диета

Тиімді тазалану үшін дұрыс тамақтануды қажет, кейде ашығып, өзіңізді тамақтан шектеуіңіз керек. Әрбір науқасқа өз диетасы керек, ол  қауіпсіз, тиімді және пайдалы болса болды.

Барлық диатеның жеңіл және қолайлысы қарақұмық түрі болып саналады. Қарақұмық жармасы арқылы қосымша қалдықтардан құтылуға болады, сондай-ақ ішкі органдардың  қалдықтары мен улы заттарынан құтқарады. 14 күндік курс шамамен 8 килограмм жоғалтуға көмектеседі.

Дайындау үшін сізге бірнеше стақан қарақұмық пен бір литр су керек. Жарма ұсақталғанға дейін қайнатылады. Қарақұмық ботқасы кез-келген қалыпты мөлшерде желінеді, бірақ оған тұз салудың қажеті жоқ.

Жарманы айранмен немесе кептірілген жеміспен аз мөлшерде араластыра аласыз. Курс артық майдың ыдырауына көмектеседі және ішті тазартады.

Ламифарэнмен ағзаны қалай тез тазартуға болады

Егер ашығу мен таңдалған диетаны денсаулығыңыз көтермейтін болса, не жақсы тамақтанудан өз еркіңізбен бас тартқыңыз келмесе, аз уақыттың ішінде күшіңізді қалпына келтіруге және ішкі органдарыңызды тазалауға  Ламифарэн емдік-профилактикалық өнімі арқылы қол жеткізе аласыз. Оның негізінде  Ангустат Ламинариясы жатыр. Өнім биоқосылыс болып табылмайды.

Ангустат Ламинариясы негізіндегі Ламифарэннің жағымды тиімділігі:

  1. Қанды қанықтыратын қанттың артық мөлшері осы өнімнің көмегімен төмен түседі, қантамырлары кеңейеді. Қан құрамы мен Ламифарэн екеуі ұқсас. Қан қысымын, холестерин мен қант мөлшерін қалыпқа келтіру үшін өнімді қабылдағаннан кейін 20 минут күту жеткілікті.
  2. Липидтер мен жыныстық гормондар қалыпқа келеді.
  3. Аз уақыттың ішінде зақымдалған ұлпалар орнына келеді.
  4. Өнім қатерлі ісікке қарсы жақсы көмектеседі.
  5. Ламифарэннің әсер етуімен асқазанның шырышты қабаты қапталып, қан мен ұлпалар антиоксиданттардан қорғалып тұрады.
  6. Қантамырлар жүйесі мығым және иілмелі болады, ағза йодпен қанығады, қабынулар жойылып, тері қабаты жақсарады.
  7. Тазаланудан басқа науқас өз ағзасын пайдалы органикалық элементтермен қанықтырады, иммунитетін жоғарылатады.

Ангустат Ламинариясының негізінде дайындалған өнімнің тиімді әсері 7 не 8 жылға дейін көмектеседі, осы уақыт ішінде өмірден ләззат алып, үнемі тонуста боласыз.

 Ресей зертханаларында жасалған Ламифарэн өнімінің құрамына қоңыр теңіз балдырлары енген, олар қосалқы заттардың көмегімен барлық органдардың ауруларын емдейді. Өнім 2003 жылы патенттелді. Егер айтарлықтай қарсы көрсетілімдері болмаса, әрбір адам профилактика үшін Ламифарэнді қабылдай алады.

Ламифарэн қандай артықшылықтарға ие:

1) Ангустат Ламинариясының негізіндегі өнім тек ауру белгілерін ғана жойып қоймайды, оны түп негізінен жояды. Егер Ламифарэннің толық курсын қабылдасаңыз, ол жасушалардың толық қалпына келуіне, асқазан-ішек жолдары жұмысының жақсаруына, несеп шығару және жүрек-қантамыр жүйелері қызметін дұрыс атқаратын болады.

2) Өнім жүз пайыз табиғи болып табылады.

3) Субстанцияны ұлпалар мен қанға 98 пайызға сіңеді.  Бұл өндіру кезіндегі ерекше технологияның арқасында жасалған. Ол пайдалы бір заттың екінші біреуімен молекулалық деңгейде ыдырауына жол бермейді. Теңіз балдырларының өсімдікті талшықтарынан ажыратылған құрамдас бөліктері тез ериді және оңай сіңіріле алады.

4) Ламифарэнді қабылдағаннан кейін бір де бір қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ. Көптеген клиникалық зерттеулер мен сынақтар өткізілді.

5) Өнімнің жасушалық деңгейде қалпына келтіру қасиеті бар.

Ламифарэннің құрамы

Өнім өз тиімділіге қарай  4 мықты  полисахаридтерге бай, олар дәрумендер, микроэлементтер, Ангустат балдырлары және басқа да құрамдас бөліктер.

 Ангустат Ламинариясын төрт жыл бойы өсіреді, осы жылдар ішінде ол ең көп пайда жинайды.

Өнімнің дәрумендік кешеніне: А, В1, В2, В3, В6, Д, Е, С, К және РР тобының дәрумендері кіреді.

Сонымен қатар өнім: Ламинаран, Фукоидан, Маннит жәнеАльгин полисахаридтерінен, табиғи анальгетиктерден тұрады.

Альгинат ауыр металдардың, радиоактивті және улы заттардың, холестерин түйіндері қалдықтарының және қатерлі ісік жасушаларының сыртқа шығуына әсер етеді, қалдықтармен күреседі, қабынуды жояды, жараны жазады.  Дисбактериоз, жара, асқазан мен ішек жарасы, геморрой, емшектің созылмалы ауруы кезінде керек.

Ламинаран әсері қанды сұйылтуға, қанның ұюы мен түйіндерін ыдыратуға, қантамырлар қабырғасының нығаюы мен қалпына келуіне ықпал етеді. Күшті құрамдас бөлік инфаркт пен инсульттің алдын алуға, жүрек ауруынан кейінгі сауықтыру жағдайына көмектеседі, гипертониктер мен гипотониктер үшін қажет, тамыр варикозы мен тамырлардың кеңеюінде, тромбофлебитте жақсы көмектеседі.

Фукоиданның  қызметі қатерлі ісік жасушаларын жою және олардың өз бетінше құруына көмектесу, аллергияны болдырмау және ұлпалардың құрып кетуінің алдын алу болып табылады. Онкология профилактикасына, вирустар мен инфекциялардан арылуға, миома, цистит, простатит, простата аденомасы, жатыр мойны мен өсінділердегі жаралар, асқазан жарасы, зат алмасудың бұзылуында, остеопороз, сыну мен жарақаттарда, ревматимз кезінде жақсы көмектеседі.

Маннит көмегі бауыр циррозы, диабет, панкретатит және асқынған холецистит, май гепатозы кезінде тиеді. Құрамдас бөлік бауырда жиналып, оны тазартумен және семіп қалған жасушаларды қалпына келтірумен айналысады.

Ламифарэн құрамы макро және микроэлементтерге өте бай, олар: цирконий  және сынап, хром және фосфор, бор және барий, алюминий және бериллий және т.б.

Ламифарэн тек ішкі ағзаларды толықтай сауықтырып қоймайды, сонымен бірге ілеспе сырқаттарды да жояды. Өнім  созылмалы шаршау сезімдерінен және ұйқыбастықтан қорғайды, депрессия мен күйзеліс, жүйкенің жұқаруы кезінде, иммунитет төмендегенде, аллергияның маусымдық және тағамнан болатын түрі кезінде, қан аздық және йод тапшылығында, дәрумен жетіспеушілігі кезінде пайдалы.

Біздің мамандардың мақалалары

Ламифарэн в рационе питания кормящей мамы

Главными исследованиями перинатальной медицины сегодня считаются те, которые направлены на сохранение здоровья женщины и жизни новорожденного. И последние эксперименты показывают, ...
«Далее»

Молоко: польза и вред для организма

Материнское молоко- первый продукт, который мы пробуем. И здесь есть все, что нужно младенцу. А что касается других видов…Археологи считают, ...
«Далее»

Топ-8 полезных свойств Ламинария Ангустата

Бурые водоросли Ламинария относятся к съедобным растениям, обладающим большим количеством витаминов и минеральных веществ. После переработки их используют в качестве ...
«Далее»

Топ лучших источников калия: чем восполнить потребности организма

Калий – биологически значимый для нашего организма элемент. Для нормальной жизнедеятельности в организме нужно около 150 г этого вещества. Чтобы ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp