Қалқанша безі ауруларының профилактикасы

Қалқанша безі – бұл көбелек немесе қалқан тәріздес орган, аты да осы тұріне қарай түсіндіріледі. Бұл ағзада болып жатқан барлық қызметтерге әсер етеді және адам өміріне қажетті кейбір гормондарды өндіріп шығарады.

Қалқанша безі адамның қай жерінде орналасқан

Қалқанша безі мойынның алдыңғы бөлігінде орналасады, ол құрамында арасында қылтасы бар 2 аралықпен ерекшеленеді. Белгіленген нормаға сәйкес,  органның салмағы шамамен 20-30 грамм. Өмір бойы бездің көлемі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл жас ерекшіліне, тұтынылатын тағамның сипатына, дәрі-дәрмектерді алу және басқа да көптеген факторларға байланысты. Орган қозғалыссыз бір орында тұрмайды, ол жұтынғанда немесе басты бұрған кезде сәл қозғала алады.

Қалқанша безі не үшін жауап береді

Қалқанша безі – бұл йод қорларын сақтауға қызмет ететін эндокриндік жүйе органы және қалқанша безінің гормондарын өндіруге қатысады (йодтирониндер). Оларға трийодиотронин (Т3) және тироксин (Т4) жатады. Сонымен қатар, ол кальцитонинді шығарады, ағзадағы фосфор-кальций алмасуына жауапты гормон болып табылады.

Қалқанша безінің арқасында:

Зат алмасу реттеледі (майлардың ыдырауын, ақуыздың және қанттың өндірілуін жылдамдатады);

ағзадағы энергия алмасуы жүзеге асады;

қан айналымы, эритроциттер деңгейі мен гемоглобин деңгейі қалыпта болады;

жүрек-қантамыр, жүйке, тыныс алу және бүйрек жүйесі, сонымен қатар мидың қалыпты жұмысы қалыптасады;

адамның өсуі реттеледі (гипофизде өндірілетін соматотропин түзілуіне әсер етеді (өсу гормоны));

эмбрионның қаңқасы мен бұлшықет жүйесінің дұрыс дамуы, өсіп келе жатқан нәрестедегі сүйек пен тіс ұлпаларының қалыптасуы, ересектерде остеопороз және тіс жегі сияқты аурулардан қорғайтын қызмет қамтамасыз етіледі;

қалқанша безінің жыныстық гормондары өндіріледі.

Нәзік жандылар үшін орган репродуктивті жүйе қызметін реттеуге жауапты, оның арқасында жүктілік қалыпты өтеді және бала дұрыс дамиды.

Қалқанша безінің гормондары

Қалқанша безі — арнайы субстанциялар – гормондардың өндірілуіне арналған «зауыт» болып табылады. Бұл заттар ағзамен байланысы бар қантамырлары арқылы тура қанға енеді. Бұл бездің өлшемі өте кішкентай болса да, ол бүкіл ағзаның қызметтерін бақылайды. Қалқанша безі өндірген гормондарының негізгі мақсаты – ағзадағы алмасу әрекеттерінің қалыпты болуын сақтау болып табылады.

Қалқанша безінде, трийодиотронин мен тироксин өндіріледі. Әрбір гормонның құрамында ақуыз қалдықтары мен йод болады. Йодтың арқасында бұл заттар ағзадағы жасушалар мен ұлпалардың жұмысына әсер етеді. Йод болмаса – гормондар да өндірілмейді!

Қалқанша безінің жемсауы: белгілері

Жемсау – қатерлі ісік сипатындағы аурулармен немесе қабынумен еш байланы жоқ қалқанша безі ұлпаларының көбеюі. Көбіне йод жеткіліксіз болған жерлерде жиі кездеседі, бірақ кейде аталған элементтің мөлшері шамадан тыс болуы да себеп болуы мүмкін. Осы патологияға көбіне ер адамдарға қарағанда нәзік жандылар жасы үлкейген кезде шалдығады екен.  

Ауру ерте кезеңде еш белгілерсіз жүреді. Уақыт өте келе, адам жұтқыншақ жанындағы мойынның ісінуін байқайды. Аурудың түйіндік этиологиясы туралы айтатын болсақ, қалқанша безі әдетте бір жақты және бірнеше рет өседі. Жемсау мынадай белгілердің дамуымен сипатталады:

трахеяны басып тұратындай тыныс алудың қиындауы;

дауыстың қырылдауы;

үнемі жөтелу;

асқорыту жолы қызметтерінің бұзылуы;

шаштың түсуі, тері қабаттарының құрғауы, тырнақ қабаттарының сынуы.

Қалқанша безінің қандай арулары болады

Қалқанша безінің аурулары мынадай санаттар бойынша бөлінеді:

қалқанша безінде гормондардың (гипотиреоз) жеткілікті өндірілмеуі салдарынан дамитын аурулар;

қан айналымында гормондар (гипертиреоз) мөлшерінің көбеюімен байланысты орын алатын сырқаттар;

туа біткен патологиялар (орган дұрыс дамымаған немесе ол мүлде жоқ, дұрыс орналаспаған);

қабыну этиологиясының (тиреоидит) түрлері;

түрлі формалардағы көп түйіндердің жемсау ауруы;

жаңа пайда болған ісіктер.

Эутиреоз

Осы патологияның аясында гормоналды заттардың өндірілуіне әсер етпейтін орган ұлпаларында өзгерістер байқалады. Қалқанша безінің қызметі қалыпты, онда пайда болған ақаулар басқа органдар мен жүйелердегі жұмысқа әсер етпейді.

Эутиреоздың белгілері тікелей ауру белгілерімен тікелей байланысты. Бастапқыда науқас жүйкесінің ауруына шағымданады. Содан кейін қатты шаршау пайда болады. Кейіннен науқас төмендегі белгілерге шағымданады:

мойын айналысындағы ыңғайсыздық;

тамақта «тас тұрғандай» сезім;

орган көлемінің ұлғаюы (бұл эутиреозге де, қалқанша безінің басқа мәселелеріне де тән);

кәдімгі тамақтану кезінде дене салмағының жылдам төмендеуі;

дауыстың өзгеруі, уақыт өте келе құрғақ жөтел пайда болуы мүмкін.

Гипотиреоз

Ер адамдарда гипотериоз гормондар жетіспеушілігінен болады. Балаларда осы аурудың кесірінен меңіреулік, ал ересектерде – шырышты ісік ауруы пайда болуы мүмкін. Сырқат жаңадан басталып келе жатқанда еш белгілері білінбейді. Мынадай белгілер байқалса, дәрігерге көрінуге кеңес беріледі:

жалпы әлсіздік, қалжырау, буындардың ауыруы мен тартылулар, аяқ-қолдардың ұйып қалуы, қозғалыстың қиындауы мен баяулауы;

қан қысымының төмендеуі, жүрек қағысының әлсіреуі;

иммундық жүйенің әлсіреуі аутоиммунды гипотиреоз тудырады;

асқорыту органдарының бұзылуы: жиі іш қату, асқазан ойық жарасы, құсу.

Гипертиреоз

Гипертиреоз кезінде қалқанша безі гормондарды шамадан тыс бөледі. Органның қатты жұмыс істеуінің арқасында зат алмасу жылдам жүріп, бұл жалпы ағзаның жақсы қызмет атқаруына әсер етеді. Аталған патология кезіндегі белгілер әртүрлі болады және сырқаттың сатылары мен асқынуына байланысты анықталады:

жүрек пен қантамырларына қатысты жүрек қағысының жиілеуі, аритмияның дамуы, жүрек жеткіліксіздігі, АҚ жоғарылауы байқалады;

ОЖЖ жағынан ашушаңдық, себепсіз абыржу, агрессия мен қорқыныш, қолдың дірілдеуі, ұйқысыздық орын алады;

әйел адамдардың репродуктивті жағдайлары жағынан етеккір циклының өзгеруі, жыныстық қатынасқа түсу әсерінің төмендеуі, бедеулік дамуы, ер адамдарда еркектік күшінің жойылу ықтималдығы мүмкін;

сонымен бірге, көптеген науқастар қатты терлейтінін айтып (тіпті салқын ауа температурасында да), күнделікті тамақтану аясында дене салмағының төмендеуіне, қатты шөл қысатынына шағымданады.

Қалқанша безі ауруларының себептері

Қалқанша безі дамуының  бір себебі – ағзада йод, селен және фтордың тапшылығы, олар гормондардың өндірілуіне қажет болады. Тапшылықтың орын алуы тамақ пен суда осы микроэлементтердің жетіспеуінен болады. Мұндай патологияларға ұшырайтындар көбіне су мен топырақ құрамында йод мөлшері аз болатын облыстарда тұратын адамдар.  

Сондай-ақ қалқанша безінің мәселелерінің тағы бірі – жағымсыз экологиялық жағдайлар болуы мүмкін. Өнеркәсіптік улы заттардың ауада, топырақта және су құрамында болуының нәтижесінде  ДНҚ жасушалары жойылады, ақуыз өндірісі баяулайды, бұл гормондардың өндірілуіне бөгет болады.

Қалқанша безі мәселелерінің қалай алдын алуға болады

Алдын алудың басты шарасы – йодты жеткілікті мөлшерде қолдану болып табылады. Күні бойы ересек адам осы заттың 150 мкг дейін тұтынуы қажет, ал жүкті әйелдерге 200-250 мкг қажет. Осы мақсатта йодпен байытылған тағамдарды жеп, белгілі бір диетаны ұстану қажет. Сонымен қатар, арнайы дәрі-дәрмектерді (мысалы, Йодомарин) қабылдауға болады, себебі ағзаға түсетін йод мөлшерін бақылау оңайырақ. Препаратты қолданбас бұрын, эндокринологқа бару керек, себебі бұлай емделу кейбір науқастарға зиян тигізуі мүмкін.

Қалқанша безі ауруларын диагностикалау

Қалқанша безіне байланысты мәселелерді анықтау бойынша зерттеулердің толық кешенінен өтуді талап етеді. Ең алдымен саусақпен сипап тексеруден өту керек. Содан кейін науқасқа ультрадыбыстық тексеру тағайындалады. Егер сырқат жаңадан дамып келе жатса, пункция және сцинтография қажет болады. Сонымен қатар, науқас рганда өндіріліп жатқан гормондардың деңгейін анықтау үшін зертханалық тексеруден өтуі керек. Бұл аурудың түпкі себебін түсінуге көмектеседі.

Сипап тексеру

Сипап тексеру кезінде дәрігер бездің қаншалықты қозғалмалы екенін және оның көлемін анықтай алады. Сондай-ақ осы тексеру кезінде эндемиялық жемсау ауруы бар ма, оның сипаты мен оны жою жолдары анықталады.

УДЗ

Қалқанша безінің УДЗ көмегімен дәрігер органның шекарасын, ұлпалары мен құрылымдарының қаншалықты бірқалыпты екенін көре алады. Сондай-ақ аталған диагностика органда ісіктің бар не жоғын анықтауға көмектеседі. Ауруды нақты диагностикалау үшін бұл мәліметтер дәрігерге қажет болады. Аталған әдіс безде қандай сипаттағы (ошақты немесе диффузионды) өзгерістер болып жатқанын анықтауға көмектеседі. Диффузды ауытқу кезінде органның барлық құрылымы әрекетке қосылады, бұл ауруды маман тексеру кезінде де таба алады.

Рентген

Рентген сәулелерінің көмегімен ісіктердің және кальцинаттардың белгілі түрлерінің бар-жоғын анықтауға болады. Алдыңғы зерттеулер секілді, рентген көмегімен қалқанша безінің орналасуын және көлемін анықтай алады. Бұл техниканың артықшылығы – нәтижесінде алынған таспа –  құжат және ол тұрақты болып табылады. Бұл диагноздың бір зияны – процедура кезінде науқас кішкене радиацияның мөлшерін алады. Сондықтан мұндай зерттеуді жиі жасау ұсынылмайды.

Компьютерлік томография

КТ – бұл заманауи диагностика. Бірақ бұл әдіс ағзаны жасушалы деңгейде зерттеу үшін қолданылады. Үлкейіп кеткен қалқанша безінің жанындағы жүйелерді қысқан кезде немесе ота жасау мен әдісті бағалау қажеттілігі туындаған кезде ғана тиімді болып саналады. Бұл жағдайда КТ ауырған аймақты жоюға көмектеседі.

МРТ

Зерттеу қымбат болса да, адам үшін мүлдем зиянсыз диагностика. Зерттеу кезінде дәрігер кесілген кескінге ие болады, мұнда кішігірім түзілімнің мөлшерін және оқшаулануын, органның пішіні мен құрылымын және өзгеруін көре аласыз.

Цитологиялық зерттеу

Бұл зерттеуде қалқанша безінен пункция алынады. Осы ота жасау алдында қолданылатын  әдіс көмегімен ұлпаларда орын алатын әрекеттердің морфологиялық тексерісі жүргізіледі. Бұл әдіс гистологиямен бір мезетте көп орындала бермейді. Алғашқы зерттеу ісігі жоқ науқастарға хирургиялық араласудың санын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ, бұл әдіс қатерлі ісіктердің дамуына жол бермеу үшін жиі қолданылады.

Зертханалық зерттеулер

Гипофиз қызметінде ауытқулар мен оның жұмысының бұзылуын анықтау үшін тиреотропты гормонның, сонымен қатар  Т4 және Т3 гормондарының деңгейін анықтау мақсатында қан сараптамасын өткізу керек болады.

Осы мақсатта мынадай сараптамалар өткізіледі:

 Радиоиммунды сараптама – ең көп таралған және нақты әдіс. Тамырдан қан алынады, ары қарай гормонды заттармен байланыса алатын арнайы реагентпен араластырылады. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін еркін және байланысқан субстанциялар ажыратылып, нәтиже анықталады.

 Ферменттік сараптама – қалқанша безі бөліп шығаратын гормондардың шоғырын анықтау үшін қажет. Мұндай жағдайда тамырдан қан алады, кейін ол арнайы реагенттермен араластырылады.

Емделмеудің салдары қандай болады

Қалқанша безінде қандай да бір мәселе туындай салысымен, емдеуді дереу бастау керек. Әйтпесе, айтарлықтай ауыр зардаптар туындау қаупі бар. Ағза органдарының қызметінің бұзылуы ұрықтандыру кезінде қиындықтар әкелуі мүмкін. Науқастың жыныстық белсенділігі төмендейді. Сонымен қатар, зат алмасу әрекеттерінің баяулауы байқалады, соның салдарынан енжарлық пайда болады.

Ламифарэнмен емдеу

Бұл зат ағзадан уыттарды, инфекцияларды, аллергендерді және қалдықтарды тез жоюға көмектеседі. Сонымен бірге, бұл өнім қан тамырларының икемділігі мен мығымдылық деңгейін қалпына келтіруге көмектеседі, бұл ағзаның жалпы күйі үшін де, адам өмірінің ұзақтығы үшін де маңызды. Ламифарэн ағзадағы йод жетіспеушілігін өтейтіндіктен, қалқанша безінің мәселелерін дамытуға жол бермейді, сондай-ақ асқынуларды жояды.

Препаратты үнемі қолданып жүрсе,  адам ағзасы барлық қажетті микро және макро элементтерді қажетті көлемде және өзгертілмеген түрде алады. Осылайша, пайдалы заттар бірден сіңіріледі. Сонымен қатар, құрал ағзаның қалыпты жұмыс істеуімен тығыз байланысты болатын иммундық жүйені нығайтуға көмектеседі. Ламифарэн ағза үшін пайдалы микро және макроэлеенттерге бай. Ламифарэн теңізден алыс тұратын адамдардың пайдалануына ұсынылады. Препарат құрамында көп мөлшерде йод бар.

Қорытынды

Қалқанша безі жалпы ағзаның жұмысына әсер ететін бірегей орган болып табылады, сондықтан оның дабыл қағуына бей-жай қарауға болмайды. Жоғарыда аталған белгілердің біреуі байқала салысымен немесе туыстарыңыздың біреуінде осы органға қатысты мәселелер болса, маманнан кеңес алу керек. Егер уақытында диагноз қойып, емдеуге кіріссе, тіпті қалқанша безінің қатерлі ісігінен де толық жазылуға болады. 

Біздің мамандардың мақалалары

Как реагировать на боли в правом боку: аппендицит или нет

Когда воспаляется придаток толстой кишки, аппендикс, человеку диагностируют аппендицит. Часто встречающееся заболевание лечится единственным путем — хирургическим. Если вовремя не ...
«Далее»

Ламифарэн при мастопатии

Мастопатия представляет собой доброкачественную болезнь молочных желёз, которая вызывается нарушением гормонального баланса. Согласно информации ВОЗ, к 40 годам 60% женщин ...
«Далее»

Жаз мезгіліндегі ішек инфекцияларының профилактикасы

Жаз — бұл ең керемет жыл мезгілі. Оны ересектер де, балалар да жақсы көреді. Тек жаз ғана тура ағаштан жұлып ...
«Далее»

Барлығы цистит туралы: белгілері, себептері, мүмкін болатын асқынулары және емдеу

Цистит – несеп қуысы шырышының қабынуы. Патология клиникалық медицинаның бірнеше саласын жалпы қамтиды: ол урология және гинекология. Несеп қуысы зақымдалған ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp