Йод- қалқанша бездің жұмысына қажетті элементтердің бірі. Организм йодты бөліп шығаруға қауқарсыз. Сондықтан қалқанша бездің жұмысын жақсарта отырып, гормонның дұрыс бөлінуін қамтамасыз етеді. Йод көптеген өнім құрамында кездеседі. Егер организмде йод тапшылық етсе, оны толтыруға болады.

Осылайша, йод тапшылықтың салдары:

  • қалқанша бездің үлкеюіне;
  • Нәрестелер мен балалардың ақыл-есінің кем болуына әкеледі.

Йод тапшылығы осы уақытқа дейін денсаулық саласында бүкіл әлемдік маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Әлемдегі халықтың  шамамен 40% йод жетіспеушіліктің қауіпінде тұр, осының салдарынан қалқанша безінің аурулары өршіп келеді.

Қалқанша безі ауруларының белгілері:Йод тапшылық

  • Ауа жетпеу (әсіресе жатқан уақытта);
  • Жұтынғанда және тыныс алғандағы туындайтын қиындық;

Гипотиреоз (гормон жетіспеушілік)- йод тапшылықтың бірден-бір ең көп туындаған себептерінің бірі.

Йод жетіспеушілік жүктілік кезіндегі және бала емізетін әйелдерге аса қауіпті. Себебі, организмде йодтың аз болуы түсік тастауға, уақытынан бұрын босануына немесе туа біткен ауытқулардың туындауына әкелуі мүмкін.

Қалқанша бездің қызметі бәсеңдеген жағдайда балалардың өсуі мен дамуы баяулайды, дене бітімі дұрыс қалыптаспайды, бойы аласа, ақыл-ойы кем болады. Мұндай кемістікті кретинизм дейді. Ересек адамда қалқанша бездің жұмысы жеткіліксіз болғанда микседема (ісік) ауруы пайда болады. Мұндай аурумен ауырғанда орталық жүйке жүйесінің қозуы төмендейді, еске сақтауы, қозғалысы, сойлеу қабілеті және көңіл-күйі баяулайды.

Организм йодты өздігінен бөлмеу салдарынан, көп адамдар құрамында йоды бар тағамдарды тұтынады. Йодтың азық-түліктегі мөлшері әртүрлі. Құрамында йоды көп өнімдер:көбіне сүтті тағамдар, теңіз өнімдері, ет, нанның кейбір түрлері, жұмыртқа, сондай-ақ мультидәрумендер.Дегенмен, көп тағам түрлерінде йодтың қаншалықты мөлшерде екені көрсетілмеген.

Организмде йодтың тапшылығы байқалатын болса, онда құрмында йоды көп  тағамдарды қолданған дұрыс. Өйткені жүктілік кезінде йод тапшылығы дамып келе жатқан нәрестеге әсерін тигізуі мүмкін. Барлық жүкті әйелдерге екінші үшайында (12 апта), сондай-ақ бала емізетін әйелдерге Ламифарэн өнімін қабылдау қажет. Себебі, Ламифарэн өнімінде йодтың тәуліктік мөлшері бар.