Жүрек-қан тамырлар аурулары

Сердечно-сосудистая_недостаточностьСоңғы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жүрек-қан тамырлар жүйесі күрделі ауруларынан туындаған өлім-жітім саны күн сайын өсуде. Тіпті, болашақта бұдан да ары өршіп кетуі мүмкін. Жүрек қызметінің бұзылуы барлық жүрек аурулары ның негізгі көрінісі болуы мүмкін. Мұндай көңілге кірбің ұялатар үрдістің қалыптасуы негізінен, жұқпалы аурулардың таралуы сондай-ақ, қазіргі заманғы өмір салтына тікелей байланысты болып отыр.

Осы ретте, шылым шегушілер көбінесе, темекі тарту арқылы ішкі күйзелісін сыртқа шығарып отыратыны белгілі. Осылайша, жүрек және қан тамырларының өлімге әкелетін ауруларын дамытуға сөзсіз себепші факторлар туындайды. Бұл мақалада біз көпшілік назарына жүрек-қан тамырлар аурулары туралы жалпы мәліметтер ұсынып, оның адам ағзасына әсерін зерттей отырып, асқынудың қаншалықты қауіпті екенін түсіндіруге тырысамыз.

Жүрек-қан тамырлар аурулары туралы жалпы ақпарат

Жүрек-қан тамырлар аурулары белгілеріне қарай шартты түрде келесідей санаттарға бөлінеді:

– ревматикалық;

– инфекциялық;

– тұқымқуалаушылық;

– атеросклеротикалық;

– функционалдық сипатты.

Жеке бөлімде жоғарыда көрсетілген санаттарға жатқызуға келмейтін ауруларды ерекше атап өту қажет.

Оларға мыналар жатады:

– Жүрек дилатациясы кезінде әлсіреген жүрек бұлшықетінің қандағы жұмыс жүктемесінің жедел артуына байланысты дамып, қысымның салдарынан жүрек көлемі созылып, қан мөлшері жоғарылайды және шаршаңқылық белгілілері байқалады.

– Жүрекше фибрилляциясы. Бұл жүрекшедегі бұлшықеттің жоғары жылдамдықтағы қысым түрінде көрініс табуы. Мұның қауіптілігі – жүрекшенің толықтай қысқармауында. Ал, бұл жағдай өз кезегінде, жүрек қызметінің бұзылуын қалыптастырады.primery-serdechnoj-nedostatochnosti

– Жүрекшелік қағыс. Жүрекшенің тұрақты әрі жиі жиырылуы қарыншаға кері әсерін тигізеді;

– Ұстамалы (пароксизмалық) тахикардия. Бұл жүрек ырғағының бәсеңдеуіне әкеледі. Ауру жүректің жиі жиырылуына байланысты туындайды;

– Коронарлық тамыр тромбозы, көбінесе, атеросклеротикалық ауытқушылықтарға байланысты туындайды;

– Миокард инфарктісі деп жүректің маңызды бөлігі жүрек бұлшықетіне қанның жеткіліксіз мөлшерде түсуін атаймыз.

Журек қызметінің бұзылуын кез-келген жүрек ауруының соңғы сатысы деп айтуға болады.

Жүрек және қан тамырлары ауруларының бастапқы белгілері

Жоғарыда анықталған факторларға қосымша (күйзеліс, жаман әдеттер) журек аурулары кезіндегі ең маңызды даму себептерін атай кетсек:

– тұқым қуалауға бейімділік. Мысалы, коронарлық ауру тұқым қуалайтын ауру болып есептеледі.

– холестерин мөлшерінің көбеюін адамда ең маңызды жасуша құрайтын май ретінде қарастыруға болады. Адам ағзасындағы ақуыз-май қосылыстары денедегі «зиянды» холестерин мөлшерін жинақтайды. Сонымен қатар, ақуыз-майлы қосылыстарының тығыздығы төмендейді;

– артық салмақ;

– артериалды қысымның артуы, гипертензия;

– қант диабеті – инсулиннің жеткіліксіз бөлуінен туындайтын ауру;

– қозғалыс бәсеңдігі;

– физикалық белсенділіктің жеткіліксіздігі;

– майлы тағамдарды үнемі тұтыну;

– күйзелісті жиі бастан кешіру.

– темпераменттің ерекшелігі (шамадан тыс температура, шыдамсыздық, тітіркену, бәсекелестік талас, агрессивті қатынас);

– жас ерекшелігіне байланысты фактор (45 жастағы адамдар тобында жүрек-қантамыр аурулары жиі кездеседі).

Егер осында аталғандардың қандай да бір тармақшасы (пункт) сіздің жеке басыңызға қатысты болса, онда бірден жүрегіңіздің ахуалына назар аударуыңыз қажет. Мұндай жағдайда, міндетті түрде маман кеңесіне жүгінгеніңіз абзал.

Уақытылы диагностикадан және емдік курстан бас тартудың соңы қиын жағдайға әкелуі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Есіңізде болсын, дер кезінде емделмегеннің салдары өте қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан, біз осы тақырыпқа кеңінен тоқталсақ:

Жүрек-қантамыр аурулары асқынуының нәтижесі қандай болмақ?

Жүрек бұлшықетінде байқалатын өзгерістер ең әуелі, жүрек ауруының туындағанын көрсетеді.

Бұл өз кезегінде жүрек қызметінің бұзылып, өлім қаупін туындатуы әбден мүмкін.

Бұл жағдайдың алғашқы белгісі әлсіздік, тез шаршап қалу, ұйымдастырушылық қабілетінің төмендеуі, көңіл күйдің құбылмалы болуы. Дененің бұл күйі миокардтың жиырылу қабілетінің әлсіреуімен сипатталады, соның нәтижесінде, жүректегі қан ағзаны жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ете алмайды.

Жүрек қызметінің бұзылуы байқалса, дереу дәрігерге хабарласыңыз, не болмаса шұғыл түрде жергілікті емханаға барғаныңыз жөн. Мұндай жағдайда, аурудың деңгейіне қарай түрлі медикаменттер қолданылады. Ал, егер адамның халі мүшкіл болса, онда химиялық операцияның көмегіне жүгінуге тура келеді. Сондықтан, жағдайдың алдын-алу қашан да маңызды.

Жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу

Кез-келген ауруды емдеу жолдары ең алдымен, асқазан жолдарын ретке келтіруден басталатыны белгілі. Денсаулықты сыртқы ортадан келетін түрлі зиянды заттардан, күйзелістен қорғау үшін мыналарды ескеру қажет:

– тамақтану рационы неғұрлым адам ағзасына қажетті, пайдалы элементтерден тұруы тиіс. Ол үшін ең тиімді жол күн сайын жейтін астың құрамы ақуыз, май және көмірсулардан тұрғаны жөн.

– күнделікті өмірде белсенді физикалық жаттығуларға уақыт табудың мәні зор. Өйткені, кез келген физикалық түрдегі қозғалыс көптеген соматикалық аурулардың алдын алады.

– егер деніңіз сау, көңіл күйіңіз көтеріңкі, өзіңіз сергек жүргіңіз келсе, ең әуелі зиянды әдеттерге әуес болмағаныңыз дұрыс. Шылым мен спирттік өнімдер жүрек-қантамыр ауруларының ең үлкен себепшілері.

– дәрумендердің өмірімізде алар орны ерекше. Пайдалы өнім мен құнды микроэлементтер адам ағзасында жүретін маңызды процестерге жауапты.

Жүрек-қан тамырлар ы ауруының алдын алу мақсатында құнарлы өнімдерді пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, “Ламифарэн” өнімі адам бойындағы қанның дұрыс жүруін жақсартатын қасиетке ие. Аталған өнімнің гель компоненттері қабылдағаннан кейін 20 минуттың ішінде қанға толықтай сіңіріледі. Сондықтан, бұл өнімді адам ағзасы үшін өте тиімді әрі пайдалы деуге толықтай негіз бар.

“Ламифарэн” өнімінің негізгі ерекшеліктері:

– адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді;

– қан қысымын реттейді;

– ағзаны қажетті элементтермен қамтамасыз етеді;

– 100 пайыз табиғи өнім;

– жасушаның жұмыс істеу қабілеті мен жүрек бұлшық етінің қызметін қалыпқа келтіреді.

Сонымен қатар, “Ламифарэн” өнімі түрлі жүрек-қантамыры ауруларына мың да бір ем екені бірнеше рет дәлелденген. Ең бастысы, бұл препарат кез келген адамның өмірі үшін қауіпсіз, яғни ешқандай да кері әсері жоқ. Өйткені, оның құрамында ешбір химиялық қоспа жоқ, тек қана табиғи таза өнім пайдаланылған. Тіпті, жүктілік кезінде де қолдануға рұқсат етіледі. Сондықтан, денсаулығыңызға еш алаңдамай тұтына беруге болады. Ешқашан ауырмаңыз! Деніңізге саулық тілейміз!