Созылмалы простатит

Созылмалы простатит – өте ұзақ уақыт жүретін және мүлде білінбейтін қуықалды безінің қабынуы. Көп жағдайларда айқын белгілері біліне бермейді, сол себепті ер адам өзінің осындай қауіпті аурумен ауыраты жөнінде білмеуі де мүмкін. Созылмалы түрдегі простатит жіті формада өте сирек дамыйды. Айқын белгілерсіз және науқаста қатты ауыру көріністерінсіз біртіндеп күшіне ене береді. Көптеген еркектер простатит жайлы медициналық тексерістен өткенде немесе УДЗ-диагностика жасағанда аяқ астынан біліп жатады. Созылмалы простатит кез келген жастағы ер адамдар үшін қауіпті болып келеді. Қауіп тобына гиподинамия жақтастары мен жыныстық қатынастан тартынатын ер адамдар жатады. Жамбас аймағына шамадан тыс түскен физикалық салмақ та аса қауіпті болып саналады. 

 

Созылмалы простатит ер адамдардың жыныс жүйесінің қабыну ауруларының барлық түрлерінде жиі кездеседі. Ауру 50 жастан асқан еркектерде жиі орын алады. Көбінесе бұл бактериялық сипаттағы простатит кезінде ем қабылдамау немесе соңына дейін емделмегеннен болады. Егер белгілері білінетін болса, ол жыныс органдары және жамбас аймағындағы ауырсыну ретінде байқалады. Кейбіреулер несеп шығару кезінде қиналады. Зәр шығару және ұрық шығару кезінде де ауырсыну байқалуы мүмкін.

Алғашқы белгілері

Ер адам ағзасында дамыйтын созылмалы простатит ешқандай себепсіз пайда болмайды. Аурудың дамуына ықпал ететін бірнеше фактор бар. ЖЖБА түрлі формалары үлкен қауіп төндіреді. Олар несеп жолдарына зақым келтіреді және біртіндеп қуықалды безінің тініне енеді.

Жыныс мүшелерінің бұзылуы тоқырауға және простата кезінде оның қабынуына әкеледі. Ұзақ отыратын және қозғалыссыз өмір салты автоматты түрде қауіп тобына кіргізеді. Көбінесе жүргізушілер, мемлекеттік қызметкерлер мен кеңседе жұмыс істейтіндер осы топтың қатарына жатады.

Тұрақты жыныстық өмірдің болмауы үлкен қауіп тудырады. Сексуалдық қарым-қатынасты оқыс үзу және жыныстық қатынастың жасанды ұзаруы үшін химиялық заттарды қолдануда өте абай болу қажет.

Жиі суықтап қалатын ер адамдар қауіп тобына жатады. Бұл сондай-ақ, экстремалды демалыс түрлерін жақтайтындарға қатысты, олар: тау шаңғысымен айналысатындар, тау шаңғысы курорттарының келушілері, дайвинг жақтаушылары және т.б.

Жиі күйзеліс жағдайлары да созылмалы простатиттің пайда болуына алып келеді.

Аурудың дамуы кезінде, жамбас мүшелерінің күйі және олардың қан айналымы процестеріндегі бұзылулардың болуы аса маңызды болып табылады. Аурудың даму қаупі соматикалық аурулардың болуымен және еркек ағзасының қорғаныс механизмдерінің әлсіреуінен артады. Бұл дегеніміз соңғы орын патогендік флораны анықтауға беріледі дегенді білдіреді.

Созылмалы простатит белгілері

Ерлердің көбінде простатиттің созылмалы көрінісін анық көрсете алатын белгілер жоқ. Тек кей кездері ғана жіті простатит белгілерін сезіну мүмкін, бірақ бұл тек төтенше жағдайларда болады.

Мынадай жағдайлар байқалса, аурудың дамуы туралы ойлану керек:

жамбас аймағында жайсыздық немесе әртүрлі ауырлық сезімі пайда болады;

нәжіс шығару немесе зәр шығару әрекеттері жайсыздық тудырады;

несеп шығару жолдарынан патологиялық бөлінулер пайда болады;

науқас жыныс безінің, жамбасының және артқы тесігінің үлкейгенін байқайды.

Кез келген жағдайда науқас аурудың белгілерін өздігінен байқай бермейді. Көптеген ер адамдар бұл құбылыстарды қалыпты деп есептейді, сондықтан оларға мән бермейді.

Созылмалы простатиттің асқынуы

Кейде ауру асқынып кетуі мүмкін. Мұндай кезде несеп шығару жолында күйдіру сезімі мен қатты ауыру сезімдері пайда болады, адам жиі несеп шығарғысы келеді. Кейбір науқастар тік ішектің, жамбас аймағының және іштің төменгі жағының ауруынан зардап шегеді. Ер адамдарда жыныстық белсенділіктің азаюы, сондай-ақ нәжіс шығару кезінде ауырсынудың пайда болуы анықталуы мүмкін.

Кейбір дәрігерлер созылмалы простатиттің психологиялық белгілерінің болатынына сенеді. Олардың арасында шамадан тыс ашушаңдық, алаңдаушылық, бір сәтте шаршау, күйзеліске ұшырау, беймазалық және ұйқының бұзылуын атап көрсетеді.

Көптеген ерлер үштен артық белгілерді айтып бере алмайды. Көбінесе эрекцияның бұзылуы және ерте ұрық шашу туралы айтады.

Созылмалы  простатиттің қаупі

Неліктен бұл ауру ер адамдар үшін өте қауіпті деп есептеледі? Себебі ол белсіздікке әкеліп соқтыруы мүмкін. Қуықалды безінің негізгі қызметі ұрықтың өміршеңдігін сақтау үшін қажетті арнайы секреция бөлу болып табылады. Қуықалды безіне әсер ететін қабыну оның секрециялық қызметін бұзады.

Емдеу ерекшеліктері

Егер ер адамда созылмалы простатит болса, жылдам әрі қарапайым емдеу туралы ойланбаңыз да. Себебі созылмалы простатитті емдеу қашанда оңай және қарапайым болуы мүмкін емес. Шаралар қолданудың тиімділігі мен ұзақтығы көбіне аурудың даму сатысына қарай , науқастың медициналық көмекке жүгінуі кезінде анықталады.

Терапия ұзақ, кешенді әдісті қажет етеді. Оның негізгі компоненті — дәрі-дәрмектер қабылдау болып табылады. Қазіргі заманғы науқастарға арналған табиғи терапевтік өнімдердің арасында ең танымал болып жүргені «Ламифарэн». Оның формуласын ұзақ және күрделі зерттеулердің нәтижесінде бірнеше жыл бұрын ғалымдар ойлап тапты.

«Ламифарэн» жасанды ингредиенттерді қоспай, табиғи қоңыр балдырлар негізінде жасалған. Құрамының толықтай табиғилығы ер адам ағзасына кешенді сауықтыру әсерін беретіндей және созылмалы простатиттің түрлі көріністерімен күресетіндей етіп таңдалған. Аурудан толық жазылу, иммундық жүйені нығайту, ішкі органдар мен жүйелердің жұмысын жақсарту үшін өнімді үнемі пайдаланып отыру жеткілікті.

«Ламифарэннің» қарсы көрсетілімдері мен жанама әсерлері жоқ. Оны кез-келген жаста еш қорқынышсыз қолдана беруге болады. Өнімнің бұл ерекшелігі – зерттеушілердің көптеген зерттеулерінің нәтижелерімен расталған.

 

 

 

Біздің мамандардың мақалалары

Ламифарэн в рационе питания кормящей мамы

Главными исследованиями перинатальной медицины сегодня считаются те, которые направлены на сохранение здоровья женщины и жизни новорожденного. И последние эксперименты показывают, ...
«Далее»

Молоко: польза и вред для организма

Материнское молоко- первый продукт, который мы пробуем. И здесь есть все, что нужно младенцу. А что касается других видов…Археологи считают, ...
«Далее»

Топ-8 полезных свойств Ламинария Ангустата

Бурые водоросли Ламинария относятся к съедобным растениям, обладающим большим количеством витаминов и минеральных веществ. После переработки их используют в качестве ...
«Далее»

Топ лучших источников калия: чем восполнить потребности организма

Калий – биологически значимый для нашего организма элемент. Для нормальной жизнедеятельности в организме нужно около 150 г этого вещества. Чтобы ...
«Далее»
Loading...

Консультация в WhatsApp